Лизингті халықаралық несие қатынастары ретінде ұйымдастырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:51, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер өндіру саласындағы негізгі капиталдарының әбден тозығы жетуі, техникалық, технологиялық қасиеттері бойынша шетел аналогтарынан артта қалуы, өнімділігінің төмендігі, ресурстарды үнемдемеушілігі көпшілікті алаңдатар жәй болып келе жатыр. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.

Работа содержит 1 файл

Қаржылық лизинг.doc

— 517.50 Кб (Скачать)

Салық және амортизациялық жеңілдіктерге қатысты лизинг мынадай болып бөлінеді:

-      жалған лизинг – қызмет алыпсатарлық сипатта болады және жеңілдіктер есебіненпайда табу мақсатында жүргізіледі;

-      нағыз лизинг - жалға берушінің инвестициялық жеңілдік және жедел амортизация сияқты салық жеңілдіктеріне құқы бар, ал жалға алушы салық төлеу үшін жарияланған кірістер есебінен жалдық төламдерді алып тастай алады [5].

Лизингтік төлемдерін сипатына қарай былай бөледі:

-      ақша төлемімен жүргізілетін лизинг – барлық төлемдер ақша нысанында жүргізіледі;

-      компенсациялық төлемімен жүргізілетін лизинг – төлем аталған жабдықта өндірілген тауарларды жеткізу немесе қарсы қызмет көрсету нысанында жүзеге асырылады;

-      аралас төлемді лизинг.

Лизингтің осы нысандарын негізгі екі түрге біріктіруге болады – жедел және қаржылық лизинг.

Жедел лизинг – көліктік құрал-жабдықтарды, аппаратуралар мен басқа да

техникаларды қысқа мерзімді жалға беру. Оның ерекшелігі құрал – жабдықты пайдаланған соң иесіне қайтару болып табылады. Лизинг берушінің жалға ұсынылатын затты алу мен ұстауға байланысты шығындары бір лизингтік келісімшарт ағымында жалдық төлемдермен өтелмейді.

Қаржылық лизинг – қолдану үрдісінде мүліктің толық немесе үлкен бөлігінің амортизациясы өтелетін ерте және ұзақ мерзімді сипаттағы келісімдермен сипатталатын лизингтің неғұрлым кең қолданылатын типтік нысаны.

Қаржылық лизингтің маңызды белгісі – лизингтік жалдау шығындарын қалпына келтіруге қажетті жалдаудың негізгі мерзімі деп аталатын ағымда келісімді бұзудың мүмкін болмайтындығында.

Қаржылық лизинг – бұл ұзақ мерзімді жал болып табылады, оның шартының құрамында келесі критерийлердің ең болмаса біреуі көрсетілуі қажет:

- меншік құқығының жал мерзімі аяқталуына қарай көшу:

- келісімшартты бәсекелес саудадан мүлікті сатып алу құқын ұсынады:

- жал бойынша жалға берушіге ең аз төленетін келтірілген құн жабдықтың нарықтыққұнының 90%-на тең немесе одан жоғары болу керек.

Келтірілген құнды есептеу кезінде қабылданатын дисконттау мөлшерлемесі ұсынылатын несие бойынша (жалға берушіде) пайыздық мөлшерлеме және алынатын несиелер бойынша (жалға алушыда) пайыздық мөлшерлеменің ең азына тең болуы керек, онда:

- жалға алушының ең аз төлемі – жал бойынша жылдық төлем:

- ең жоғары төлем-жалға алынған мүлікті сатып алу кезіндегі төлем:

- келтірілген құн-ағымдағы жылға келтірілген болашақ жылдың ақша ағымының құны.

Егер жал келісімшарты жоғарыда аталған қағидалардың ең болмаса біреуіне сәйкес келмесе, онда бұндай жал қарапайым болып саналады.

Мысалы: мүліктің жал мерзімі – 5 жыл, мүліктің құны – 10 000 бірлік, күтілетін пайдалану мерзімі – 10 жыл. Жал мерзімі аяқталған бойдан мүлік жалға берушіде қалады, жалға берушіде де, жалға алушыда да пайыздық мөлшерлеме сәйкесінше 8 және 10%.

Жылдық төлемде-2300 бірлік

Дисконттау мөлшерлемесі-8%

Дисконттау коэффициенті=1/(1+0.08)*n

Мұндағы ,n-жалды төлеу жылы

1-жылдың коэффициенті=1(1+0.08) =0,93

2-жылдың коэффиценті =1(1+0.08)=0.85

3-жылдың козффиценті=0,79

4-жылдың коэффиценті=0,73

5-жылдың коэффиценті=0,68

Келтірілген құн=2300*(0.93+0.85+0.79+0.73+0.68=9154 немесе 91,5%, жал қаржылық болып саналады).

“Қаржылық лизинг”туралы Қазақстан Республикасының заңында қаржылық лизинг түсінігі инвестициялық қызмет түрі ретінде анықталады, бұл кезде:

- лизинг беруші – лизинг шартымен лизинг затын сатушыдан алуға және оны лизинг алушыға белгілі төлеммен, белгіленген мерзімге және анықталған шартпен уақытша пайдалануға және кәсіпкерлік мақсаттар үшін қолдануға міндеттенеді. Лизинг заты лизинг алушыға берілетін мерзім ұзақтығы жағынан лизиг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем емес) амортизациясымен өлшенеді [6].

- Лизинг алушы – лизинг келісімене сәйкес, келісім жасау кезіндегі баға бойынша лизинг заты құнының түгелдей немесе белгілі бөлігінің (80 пайыздан кем емес) көлемде қалпына келтіруімен (амортизация) есептелетін қалыпты кезеңдік төлемдері төлеуге міндеттенеді. Бұл кезде әрекет ету мерзімі өткеннен кейін лизинг заты толықтай лизинг алушының меншігіне көшеді немесе ол аяқталғанға дейін лизинг келісімінде қарастырылған төлем толықтай төленеді, әрине, егер мұндай аалмасу келісімде көрсетілген жағдайда ғана.

Лизинг затына үйлер, ғимараттар, машиналар, жабдықтар, құрал-саймандар, көліктік құралдар, жер учаскілері және басқа да тұтынылатын заттар жатады. Бағалы қағаздар және табиғи ресурстар лизинг заты бола алмайды. Лизинг келісімінің барлық әрекет ету мерзімінде лизинг затына меншік құқы лизинг берушіде сақталады. Лизинг келісімін мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен бастап, лизинг алушыға лизингтік затты уақытша иемденуге және қолдануға құқы беріледі.

Экономикалық қатынастарда лизинг қаржылық операциялардың жаңа нысаны ретінде күрделі салымдарды жүзеге асыру тәсілі негізінде қарастырылады. Егер лизингті мерзімділік, қайтымдылық және төлемділік шартымен мүліктерді уақытша пайдалануға жалдау ретінде түсінсек, онда оны негізгі қорға салынған тауарлық несие ретінде қарастыруға болады. Сондықтан, кейде лизингті “несие-жал” (фр.”credit-pail”) деп атайды.

Тауарға деген меншік құқығының сатушыдан сатып алушыға ауысу шартынан айырмашылығы, лизинг кезінде жалға деген меншік құқығы жалға берушіде сақталады да, ал лизинг алушы оны уақытша қолдануға ғана құқық ала алады.

Лизингтік мәміле негізін келесілер құрайды:

-          мәміле объектісі;

-          мәміле субъектілері (лизингтік келісім тараптары );

-          лизингтік келісім мерзімі (лизинг кезеңі);

-          лизингтік төлемдер;

-          лизинг бойынша ұсынылатын қызметтер.

Өндірістік циклде жойылмайтын материялдық құндылықтардың кез келген түрі лизингтік қызмет объектісі болып табылады. Жалға берілетін объект табиғаты бойынша жылжымалы және жылжымайтын мүлік лизингі қарастырылады.

Мәміле объектісіне тікелей қатысы бар тараптар лизинг субъектісі болып

саналады. Банктерді лизингтік қызмет нарығына енгізу, біріншіден лизинг – бизнестің капитал сыйымды түрі болуымен, ал банктер – ақша ресурстарының негізгі ұстаушысы болуымен байланысты. Екіншіден, лизингтік қызмет өзінің экономикалық табиғаты бойынша банктік несиелеумен тығыз байланысты және соңғысына өзіндік балама ретінде шығуы жатады.

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» заңына сәйкес банктер және банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы, соның ішінде Ұлттық банк лицензиясы болған жағдайда, келісімнің әрекет ету мерзімі (лизинг ) ішінде жалға берушінің берілетін мүлікке меншік құқығын сақтай тырып, мүліктерді жалға беру бойынша опырацияларды жүзеге асырылады. Банктік мекемелер лизингтік қызметке қатысу үшін жоғары деңгейде неғұрлым бірлікті ұйымдар болып саналады, себебі олар қаржылық тәуекелділікпен жиі кездесіп отырады. «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» жарғысының 42-бабына сәйкес белгіленетін пруденциялдық нормативтер және басқа да мөлшерлер мен лимиттер, сондай-ақ кейбір деңгейде макроэкономикалық себептер (қарыз көлемінде бақылау, сондай-ақ ақшамен қамту) бойынша банктер лизингтік қызметті жүзеге асыруға ыңғайлы ұйымдар болып саналады, себебі олар ұлттық банктің қатаң бақылауында болады [7].

Лизинг кезеңі лизингтік келісімнің әрекет ету мерзімімен түсіндіріледі. Себебі лизинг – ұзақ мерзімді жалдаудың негізгі нысаны, жоғары құн және қызмет обектілерінің әрекет ету мерзімінің ұзақтығы лизинг кезеңінің уақытша шектерін анықтайды. Лизингтік келісім мерзімін анықтау кезінде лизинг алушы мен лизинг беруші келесі мезеттерді ескереді: құрал-жабдықтың қызмет ету мерзімін, оның амортизациялық кезеңдерін, неғұрлым өндірістік немесе ұқсас арзан қызметтердің пайда болу циклдерін, инфляциялық үрдіс динамикасын, қарыз капиталы нарығының жағдаятын (конъюктурасын ) және оны дамыту беталысын (тенденцияларын).

Лизинг берушіге тиесілі лизингтік төлемдер сомасын анықтау, лизинг операцияларының неғұрлым күрделі тәртібі болып табылады. Лизингтік төлемдер лизинг алушы өндіретін өнім (жұмыс, қызмет) құнына заңмен белгіленген тәртіпте енгізіледі.

Төлемдерді кезеңдеріне қарай былай бөледі:

-      кезеңдік төлемдер – лизингтік келісімге қатысушы, тараптар келісімімен жасалған кесте бойынша төленетін жылдық, тоқсандық, айлық төлемдер;

-      бір мерзімдік төлемдер – егер келісімде лизинг берушіге аванс төлеу қарастырылса, кезеңдік төлемдермен қатар қолданылады.

-      Лизинг алушының қаржылық жағдайы мен төлем мүмкіндіктерін ескере отырып,

-      мәміледе лизингтік төлемдерді төлеудің төмендегідей әр түрлі тәсілдерде белгіленуі мүмкін:

-      бірдей үлестермен – бір қалыпты түзу сызықты төлемдер;

-      өспелі өлшемдермен (прогресивтік төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде лизингті пайдаланушыға лизингтің төлемді аз жарналармен енгізген ыңғайлы, ал содан соң жабықты меңгеру және онда өндірілетін өнім қарқынын арттыруға байланысты төлемді ұлғайтатын, негізінен қаржылық жағдайы тұрақсыз лизинг алушыларға қолданылатын төлем;

-      азаймалы өлшемдермен (жеделдетілген, регрессивті төлемдер), лизингтің бастапқы кезеңінде пайдаланушы лизинг берушіге өз берешегінің көп бөлігін өтеуді көздейтін, қаржылық жағдайы тұрақты лизинг алушылар қолданатын төлемдер.

Жалпы жал төлемдерінің көлемінде амортизациялық аударулар көлемі, қалдық құн, несие үшін пайыз, лизинг компаниясы көрсететін қызмет шығындары (тасымалдауды, лизинг объектісіне техникалық қызмет көрсетуді, құрастыруды, салық салу, қызметті рәсімдеу бойынша кеңестірді ұйымдастыру) әсер етеді. Кез келген лизингтік төлем құрамына келесі негізі элементтер енеді:

-          амортизация;

-          мәмілені жүзеге асыру үшін лизинг берушінің тартылатын ресурстар үшін төлемі;

-          көрсетілетін қызметтер үшін лизинг берушінің кірісіне енетін лизингтік маржа;

-          лизинг берушіге тиесілі кейбір тәуекелділік деңгейіне қатысты тәуекелділік сыйақысының көлемі.

Ресурстар үшін төлем, лизингтік маржа және тәуекелділік сыйақысы лизингтік пайызды құрайды. Қаржылық лизинг бойынша жалдау төлем сомасын есептеу үшін 8-тарауда қаралған лизингтік мәміле шарттармен өзара байланысты жалдау төлем көлеміне белгілейтін аннуитеттер (нақты қарыз бойынша жылдық төлемдер) формуласы қолданылады [8].

Лизинг – лизинг берушіге ұсынылатын қызметтердің көп түрлілігімен сипатталады. Бұл қызметтердің барлық түрін екі топқа бөлуге болады:

- техникалық қызмет - клиент пайдаланатын объектіні тасымалдауды, құрастырудыжәне орналастыруды ұйымдастыруға, жабдыққа техникалық қызмет етуге және ағымды жөндеуге байланысты (көбіне жабдық жаңа болған жағдайда);

- кеңес беру қызметі – салық салу, рәсімдеу және т.б. мәселелер бойынша қызметтер.

Жалға лизинг компаниясынан қажетті жабдықты алу үшін өтініш жазады,

өтініште жабдық аты, жабдықтаушы, жабдық типі, маркасы, бағасы және оны қолдану мерзімі көрсетіледі. Өтініште, сондай-ақ жалгердің өндірістік және оны қолдану мерзімі көрсетіледі. Ұсынылған мәліметтер толық талданған соң лизингтік компания соңғы шешімге келеді және оны лизинг алушыға лизинг келісімінің жалпы шарттарын (1-қосымша) қоса хатпен жібереді, ал жабдықтаушы жақ лизинг компаниясының жабдық алу жөніндегі ақпараттармен хабардар етіледі. Бұл жағдайда лизинг беруші жабдықтаушымен жабдық құнын келіседі, қажет болса қызмет объектісінің сенімділігі, өнімділігі және тиімділігімен танысады.

Хатқа қосымша лизинг келісімінде лизингтің келесі маңызды шарттары көрсетіледі:

-      келісім заты;

-      лизинг затын салушының аты, сатушы таңдауы кіммен белгіленгені;

-      лизинг алушының лизинг затын жалдау шарттары және мерзімдері;

-      лизинг затының құны;

-      келісімде әрекет ету мерзімдері;

-      лизинг алушының меншігіне лизинг затының біржола берілу шарттары, егер мұндай берілу келісімде қаралса;

-      лизинг затының сипаты;

-      лизинг затын құрастыру және жөндеу тәртібі;

-      лизинг затын сақтандыру;

-      тараптардың біріне лизинг затын лизинг беруші атына мемлекеттік тіркеуден өткізу туралы міндеттемені белгілеу;

-      лизинг шарты бойынша лизинг алушының міндеттемелерін орындауына лизинг берушінің бақылау жасау тәртібі;

-      тараптар жауапкершілігі.

Осы шарттардың бірі көрсетілмесе лизинг келісімі жасалмаған болып саналады.

Бұл кезде лизинг келісімінің мерзімі лизинг затының толық немесе жарты құнының амортизация мерзімінен кем болмауы тиіс.

Лизинг беруші лизинг келісімінің жалпы шартымен танысып, лизинг алушыға бекітім – міндеттемесі бар хаты, қол қойылған келісімінің жалпы шартының көшірмесін, оған жабдыққа тапсырыс жасау бланкісін қосып жібереді. Бұл құжатты фирма – жабдықтаушы дайындайды және лизинг алушымен келісіледі. Аталған құжаттарды алған соң лизинг беруші тапсырысқа қол қояды және оны жабдықтаушыға жолдайды. Тапсырыс бланкінің орнына сату – сатып алу туралы келісім (3-қосымша) және жабдыққа жіктелім құрастыруды (2-қосымша) қолдану мүмкін.

Информация о работе Лизингті халықаралық несие қатынастары ретінде ұйымдастырудың теориялық негіздері