Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:51, курсовая работа
Бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер өндіру саласындағы негізгі капиталдарының әбден тозығы жетуі, техникалық, технологиялық қасиеттері бойынша шетел аналогтарынан артта қалуы, өнімділігінің төмендігі, ресурстарды үнемдемеушілігі көпшілікті алаңдатар жәй болып келе жатыр. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
І – кезең дайындық жұмыстарын жүргізу, яғни шағын кәсіпорындар үшін перслективті құрылғыларды таңдау және талдау кезеңі. Осы дайындық кезеңінде лизингтік компаниялар өте көп жұмыстар атқаруы қажет. Ол үшін ең алдымен кұрылғыларды өндірушілерден немесе т.б. көздерден шағын кәсіпорындар мен әртурлі құрылғылар үшін перспективті нарықтар туралы ақпараттар жинақтау керек. Осы жинақталған ақлараттардың ішінен белгілі бір белгілерге суйене отырып құрылғылар таңдалады. Содан кейін таңдалған құрылғыларды лизингке беру бойынша схемалар құрастырылады. Бұл жағдайда тәуекелділіктерді басқару, қаржыландыру көздерін оптимизациялау сияқты факторлар да ескерілу қажет. Осы кезеңнің негізгі мақсаты лизингке алынған құрылғылар есебінен өндірілетін өнімдер немесе керсетілетін қызметтерге деген төлем қабілеттідігі бар сұраныс мөлшерін бағалау. Міне осындай болжам жасау кезіндегі жіберілген қателер қаржылық шығындар әкелуі мүмкін [30].
Егер осындай бағалау білікті түрде жүргізілсе, онда нарықтан өз орнын тапқан лизингке берілген құрылғылар есебінен отандық нарық өндірілген тауарлар мен көрсетілген қызметгерге тола бастайды, яғни тауарларды немесе қызметтерді сату және өткізу процестері жылдамдатылады.
Әрине, бұндай қызмет (қосымша қызметтер керсету) лизингтік компа-нияның міндетіне жатпайтындығы белгілі. Сондықтан осындай сұрактарды шешу үшін басқа ұйымдардың қызметтеріне сүйену қажет болады. Бұл жерде көптеген жұмыстарды жеткізушілердің өздері орындауы да мүмкін. Себебі, олар өз құрылғыларының нарығымен, оның болашағымен, өздерінің потенциалды клиенттерімен неғүрлым жақсы таныс.
Сондықтан олар лизингтік компаниялар үшін мейлінше толық ақпараттар бере алады. Осы механизмге лизингтік компаниялар мен құрылғы сатушылар немесе өндірушілердің бір-біріне жақындасуы да үлкен қозғау салуы мүмкін. Осындай схеманың негізінде лизингтік компанияның құрылғыларды сатушылармен (өндірушілермен) қарым-қатынастарын дұрыс ұйымдастыру идеясы жатыр. Құрылғыларды сатушылар немесе өндірушілер үшін лизингтік компаниямен бірлесіп жұмыс істеу өз құрылғыларын өз атынан болмаса да жарнамалау, ұсыну мүмкіндіктерін тудырады.
Осындай механизмді пайдалану кезінде лизингтік компанияға темендегідей сипаттамаларға жауап беретін құрылғылармен жұмыс істеу неғурлым тиімді деп ойлаймыз:
- құрылғының стандарттылығы;
- құрылғыны өндіріс процесінде бірнеше рет қайталап пайдалану
мүмкіндігі, яғни құрылғының құны ол пайдалануға енгізілгенмен кейін тез төмендемеуі қажет;
- құрылғының өтімділігі
Осындай сипаттамалардын. барлығы мүліктік тәуекелділіктерді төмендетуге және құрылғының белгілі бір түрін бағалау процедурасын арзандатуға 2мүмкіндіктер береді. Сонымен бірге, белгілі бір сұранысқа ие құрылғылар түріне нарықтық бағалардың, яғни, транспорттык., техникалық қызмет көрсету бағаларының тарифтерінің өзгеруі сияқты факторлардың да әсер ететіндіп ескерілуі керек. Сонымен, осы кезеңде жүргізілетін жұмыстарды жүйелеу үшін лизингтік компанияларда лизингке берілуі мүмкін әртүрлі құрылғылардың турлері бойынша мәліметтер жүйесі болуы қажет. Сонымен бірге құрылғыларды сатып алу-сату туралы бекітілетін келісімдерде көрсетілген шарттарды дұрыс бағалау, құрылғылардың номенклатурасы туралы тиімді шешімдер қабылдау және лизингтік компания үшін оның шарттарын жақсарту мүмкіндіктерін қарастыру қажет. Осындай жұмыстар толық орындалғаннан кейін лизингтік қатынастарды жузеге асырудың екінші кезеңі басталады.
ІІ – кезеңді лизингке алушыларды таңдау кезеңі деп те атауға болады. Осы кезеңде лизингтік компанияның алдында лизингке алушылар үшін осы жобаның мүмкіндіктері туралы ақпараттарды тарату, жарнамалау міндеттері түрады. Себебі, лизинг біздің отандык, нарық үшін қаржыландыру құралы ретінде әліде болса кең турде мәлім емес. Сондықтан лизингтік компания жарнамалау жұмыстарын жургізу кезінде осы құралдың экономикалық мәніне ерекше көңіл аудармай, керісінше өзіндік бизнесті жургізу үшін құрылғыларды пайдалану мүмкіндіктеріне мән беруі керек. Яғни, біздің айтайтын дегеніміз, жарнамалау кезінде лизингтің барлық заңдылыктарын егжей-тегжейіне дейін керсетудің қажеттілігі жоқ.
Содан кейін лизингке алушылардан өтініштер жинақталынады. Өтініштер жинақталынып болғаннан кейін лизингтік компания клиенттің экономикалык, қызметіне төлем кабілеттілігі тұрғысынан талдау және бағалау жүргізеді. Бірак, осы кезеңнің өзіндік ерекшеліктерінің бірі, егер лизингке берілетін құрылғының өтімділігі шын мәнінде өте жоғары болса және жобаның инвестициялык тартымдылығы нақты дәлелденсе, онда потенциалды клиенттер санын көбейтуге және осы сегментте лизингтік қызметтерге деген сұранысты кеңейтуге мүмкіндіктер туғызады. Осы кезеңдегі соңғы қадам неғүрлым перспективті клиенттерді таңдау. Таңдау әртүрлі белгілер негізінде жүргізілуі мүмкін. Мысалы, ондай белгілерге маңыздылығының біртіндеп төмендеп отыруына байланысты мыналарды жатқызуға болады;
1) ұсынылатын лизингтік төлемдер саны (лизингтік маржа);
2) кәсіпорынның ағымдық экономикалық жағдайы;
3) кепіл немесе кепілдемелердің т.б. түрлерінің пайдаланылуы;
4) персоналдың тәжірибесі мен біліктілігі және т.б.
Перспективті клиенттер аныкталғаннан кейін лизингтің құны бекітіледі және сәйкесінше лизингтік келісім-шарт толтырылады да лизинг обьектісі лизинг алушыға пайдалануға беріледі. Міне осындай жұмыстар нақты атқарылғаннан кейін III – кезең басталады. Бұл кезең міндеттемелердің орындалу кезеңі немесе лизингтік процестің соңғы кезеңі деп те аталады. Негізінен лизингтік процесті ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыстар алғашқы екі кезеңде жасалады және егер олар дұрыс жасалынса, онда үшінші кезеңде кездейсоқ қиыншылықтар пайда болмайды. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайдың өзінде де алғашқы екі кезеңде жасалынған жұмыстарды қайта қарау түралы қажеттіліктер туады. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындалмаған жағдайда лизмнгтік компания лизингке берілген құрылғыларды конфискациялауға кіріседі. Әдетте, бұл кезеңде лизингтік операциялар бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте көрсетіледі, лизингктік компанияға лизингтік төлемдерді төлеу іске асы-рылады және лизинг мерзімі аякталғаннан кейін мүлікті одан әрі қарай пайдалану бойынша қатынастар анықталады.Қорыта айтқанда, лизингтік компаниялардың қосымша қызметтер атқаруын дамыту механизмі арқылы біз лизингтік қатынастарды жетілдіруге ешқандай ерекше жаңалық еңгізген жоқпыз. Бірақ біз лизингті өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары қаржыландыру құралы ретінде қарастыруға мумкіндік беретін ерекшеліктердің бірі ретінде лизинггік келісімді бекіту лизингтік компаниядан басталу керектігін қуптаймыз. Себебі, бұл жағдай лизингтік қызметтің осы сегментін дамытуға кедергі жасайтын негізгі мәселені шешуге көмектеседі.
Әсіресе, шағын кәсіпорындар біліктіліктерінің жеткіліксіздіктерінен
жобаның инвестициялық мүмкіндіктерін тиімді бағалай алмайды. Бұл жағдай олар үшін жоғары тәуекелділікті тудырады. Сондықтан да біз лизингтік компания инвестициялық жобаларды таңдау және бағалау процестеріне неғұрлым белсенді түрде қатысу қажет деп ойлаймыз. Яғни, олар шағын кәсіпорындардың тәуекелділіктерінің біраз бөлігін өздеріне алуы немесе мүмкіндіктері болған жағдайларда басқаларға беруі қәжет. Бұл жерде біздің көзқарасымыз бойынша, тәуекелділікті құрылғыны жеткізушіге берген неғұрлым тиімді, себебі ол өз құрылғыларының нарығымен неғұрлым толық таныс және сонымен қатар, «тәуекелділікті, оны неғұрлым тиімді басқаратын тұлғаларға беру керек деген қағиданы ескерсек, онда жеткізушілер тәуекелділікті басқаруды лизингтік келісімге қатысушы басқа тұлғаларға қарағанда неғұрлым тиімді атқара алады. Ал, осындай қосымша қызметтерді лизингтік компаниялар тұрғысынан лизингтік қызметтерге деген сұранысты жоғарлату арқылы орны жабылады.
Бұл сызба белгілі-бір түрдегі шағын кәсіпорындарды қаржыландырудың базалық моделі болып табылады. Сондықтан жоғарыда керсетілген сызбаға оған әсер ететін әртүрлі себептерге, факторларға байланысты өзгерістер енгізуге болады. Мысалы, жеткізушілерді таңдау кезеңінде келісімді қаржыландыруға қатысатын банктер немесе тәуекелділіктердің белгілі-бір бөліктерін өздеріне алатын сақтандыру компаниялар сияқты басқа қатысушылар да тартылуы мүмкін. Сонымен лизингтің көмегімен жасалатын қаржыландыру схемасы нақты жағдайларға және келісімге қатысушы тұлғаларға тікелей байланысты болады.
Лизингке алушылардың келесі бір орта және ірі кәсіпорындар болып табылады. Осы екі топты бір сегментке біріктіру себебіміз, олардың лизингтік қызметтерге деген сұраныстарының ұқсастықтары әсер етті.
Айырмашылықтары тек қана қаржыландыру мөлшерінде болуы мүмкін.
Нарықтың осы секторында жұмыс істеу лизингтік компаниялардан өте
көп мөлшердегі қаржылық ресурстарды және арнайы қаржылық схемаларды құруға қабілеттіліктері бар біліктіктері жоғары мамандарды талап етеді. Осы сегменттерде лизингтік қатынастарды орнатудың неғұрлым перспективті механизмдерінің бірі біздің ойымызша лизингтік холдингті дамыту болып табылады.
Сонымен, лизингтік қызметтер нарығын жоғарыда көрсеткендей белгілі бір белгілері бойынша сегменттерге бөліп қарастыру, лизингтік қатынастар механизмін жетілдіруге мүмкіндіктер береді. Осы лизингтік келісімдерді қандай сегментте болсын жүзеге асыру кезінде міндетті түрде тәуекелділіктерді ескеру қажет деп ойлаймыз.
Қорытынды
Лизинг еліміз экономикасының маңызды тетігі ретінде қалыптасып келе жатыр. Инвестиция тартуда, ел экономикасын көтеруде, ел экономикасының өмірге қажетті салаларына капитал әкелуде, шағын бизнеске нақты қолдау көрсетуде, коммерциялық банктер мен лизингтік фирмаларға ұзақ және орта мерзімдік табыс әкелуде көптеген рөл атқарды деген болжаулар бар. Сонымен жоғарыдағыларға қарап лизингтiң Қазақстанда дамуына көптеген мүмкіндіктер бар.
Лизингтің дамуының әлемдік тәжірибесін зерттеу, оның теориялық негіздерін, сондай-ақ Қазақстандағы лизингтік бизнестің даму жай-күйін, проблемалары мен перспективаларын қарастыру мынадай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
1. Экономикалық және заң әдебиеттерінде лизинг ұғымына бірдей түсінік берілмейді. Қазіргі кезде оның жүзден астам анықтамасы бар. Оның мәні мен пайда болуы туралы да болжамдар көп. Сол сияқты лизинг ұғымын түсіндіру тұжырымдамалары әрбір елде әр түрлі. Сондықтан да Қазақстанда да осы құбылыстыфң өзіндік түсінігі ұсынылғаны жөн. Бұл ел экономикасы алдында тұрған ерекшеліктер мен міндеттерді ескергені абзал.
2. Лизингтің жекелеген түрлеріне қойылатын талаптарға келгенде батыстық стандартты талғамай көшіріп ала салуға болмайды. Оны ел ерекшелігіне орайластырған жөн.
3. Жалпы Қазақстандағы лизинг бизнесінің дамуын шартты түрде төрт кезеңге бөлуге болады:
І кезең (1989-1992 жж.) – республикада лизингтің пайда болуы. Осы кезеңде алғашқы лизингтік компаниялар пайда бола бастады. Лизингтік фирмалар және бірқатар коммерциялық банктер біржолғы шағын лизингтік операциялар жасады;
ІІ кезең (192-1994 жж.) – ішкі нарықта қалыптасқан экономикалық қолайсыз ахуалдың салдарынан лизингтік бизнестің бәсең тарту кезеңі.
ІІІ кезең (1995-1997 жж.) – елде лизингтік бизнестің қайта бас көтеріп, қалыптасуға бет алу, мемлекеттің лизингтік бизнеске қолдау көрсету кезеңі.
ІV кезең (1998 – 2005 жж.) – лизингтік бизнестің дамып, қалыптасу, өрлеу кезеңі. Осы кезеңде көптеген лизингтік компаниялар жұмыс істеп, нормативтік құқықтық база жасалды.
Осының негізінде Қазақстанда лизингті ұйымдастырудың төрт негізгі бағыты шығады:
– мемлекеттік лизинг немесе толықтай мемлекеттік бюджет есебінен жүзеге асырылатын лизинг;
– коммуналдық (муниципалдық) лизинг, немесе жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын лизинг;
– коммерциялық лизинг, мұны толықтай коммерциялық банктер мен лизингтік компаниялар өз қаражаты және заем қаражаты есебінен жүзеге асырады;
– аралас лизинг немесе мемлекет пен коммерциялық құрылымдардың үлестік қатысуы арқылы жүзеге асырылатын лизинг. Мұндайда мемлекеттік және жергілікті органдар – Үкімет, министрліктер мен федомостволар, әкімшіліктер кепіл ретінде әрекет етеді немесе лизингтік мәміленің белгілі бір бөлігін бюджеттен қаржыландырады.
Сонымен лизингтік қатынастарға қатысты тәуекелділіктерді басқарудың жалпы теорияларын қарастыра отырып, лизингтік келісімдердегі тәуекелділіктерді ескеру арқылы лизингтік қатынасты бақару жүйесін қалыптастыру кезінде келесідей факторларды қажет деп ойлаймыз:
4. бір лизингтік қатысушы тұлғалар санының неғұрлым көп болуы (лизингтік компания, лизингке алушы, жеткізуші, сақтандыру компаниясы, кредитор және лизингтік келісімге жанама қатысушылар);
5. лизингтік операцияны іске асыру мерзімінің ұзақтылығы (3 жылдан жоғары);
6. лизинг сипатының көп түрлілігі, яғни, лизинг ғылымы техникалық,
коммерциялық және қаржылық қызметтерімен өте тығыз байланысты.
Сондықтан да, лизингтік қатынастарды іске асыру кезінде тәуекелділіктерді басқару лизингтік келісімге қатысушы әрбір тұлғаны негізгі қызметі болып табылу керек.
Перспективті клиенттер аныкталғаннан кейін лизингтің құны бекітіледі және сәйкесінше лизингтік келісім-шарт толтырылады да лизинг обьектісі лизинг алушыға пайдалануға беріледі. Міне осындай жұмыстар нақты атқарылғаннан кейін III – кезең басталады. Бұл кезең міндеттемелердің орындалу кезеңі немесе лизингтік процестің соңғы кезеңі деп те аталады. Негізінен лизингтік процесті ұйымдастыру бойынша негізгі жұмыстар алғашқы екі кезеңде жасалады және егер олар дұрыс жасалынса, онда үшінші кезеңде кездейсоқ қиыншылықтар пайда болмайды. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындамаған жағдайдың өзінде де алғашқы екі кезеңде жасалынған жұмыстарды қайта қарау түралы қажеттіліктер туады. Лизингке алушы өз міндеттемелерін орындалмаған жағдайда лизмнгтік компания лизингке берілген құрылғыларды конфискациялауға кіріседі. Әдетте, бұл кезеңде лизингтік операциялар бухгалтерлік есеп пен қорытынды есепте көрсетіледі, лизингктік компанияға лизингтік төлемдерді төлеу іске асы-рылады және лизинг мерзімі аякталғаннан кейін мүлікті одан әрі қарай пайдалану бойынша қатынастар анықталады.Қорыта айтқанда, лизингтік компаниялардың қосымша қызметтер атқаруын дамыту механизмі арқылы біз лизингтік қатынастарды жетілдіруге ешқандай ерекше жаңалық еңгізген жоқпыз. Бірақ біз лизингті өмірлік қабілеттілігі неғұрлым жоғары қаржыландыру құралы ретінде қарастыруға мумкіндік беретін ерекшеліктердің бірі ретінде лизинггік келісімді бекіту лизингтік компаниядан басталу керектігін қуптаймыз. Себебі, бұл жағдай лизингтік қызметтің осы сегментін дамытуға кедергі жасайтын негізгі мәселені шешуге көмектеседі.