Лизингті халықаралық несие қатынастары ретінде ұйымдастырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:51, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер өндіру саласындағы негізгі капиталдарының әбден тозығы жетуі, техникалық, технологиялық қасиеттері бойынша шетел аналогтарынан артта қалуы, өнімділігінің төмендігі, ресурстарды үнемдемеушілігі көпшілікті алаңдатар жәй болып келе жатыр. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.

Работа содержит 1 файл

Қаржылық лизинг.doc

— 517.50 Кб (Скачать)

Жабдықтаушы жабдықты лизинг алушыға жеткізіп береді және қызмет объектісін жүргізеді. Жұмыс аяқталуымен жабдықты нақты жеткізгенін дәлелдейтін қабылдау жөніндегі хаттама толтырылады. Қабылдау жөніндегі хаттамаға лизингтік қызметке қатысушылардың қолы қойылады және лизинг алушы қызмет объектісінің құнын төлейді [9].

Лизинг беруші келесі жағдайларда лизинг келісімін бұзуды және лизинг алушы есебінен лизинг затын қайтаруды талап ете алады:

-          егер лизинг алушы лизинг затын айтарлықтай нашар ұстаса;

-          егер лизинг алушы лизинг затын лизинг келісімшарттарын бұзып пайдаланса немесе лизинг берушінің жазбаша ескертулерін тыңдамай, лизинг затын басқаша пайдаланса;

-          егер лизинг алушы екі немесе одан да көп рет қатарынан, келісіммен белгіленген мерзімде лизинг келісімі бойынша төлемді енгізбесе.

Лизинг алушы лизинг келісімін бұзуды немесе лизинг беруші есебінен лизинг затын қайтарып алуын келесі жағдайларда талап ете алады:

-          лизинг беруші лизинг затын жеткізбесе немесе лизинг затын келісімшартқа сәйкес қолдануға кедергі жасаса;

-          егер жолданған лизинг затында лизинг келісімінде көрсетілмеген кедергілер болса;

-          егер лизинг беруші лизинг затын жеткізу мерзімдерін бұзса.

Егер лизинг алушымен жасалған лизинг келісімінің шарттары бұзылса, лизинг беруші «Лизинг туралы» заңының 11-бабына сәйкес, лизинг алушыдан келісілген өлшемде айыпақы (өсімақы, тұрақсыздықтар) төлеуін қарастыра алады.

 

 

1.2 Лизинг – негізгі капиталды жаңарту құралы ретінде

 

 

Қазіргі кезде әрбір шаруашылық субъект, ол құрылыс мекемесі болса да, өздерінің негізгі қорларын қайта қалпына келтіру мен жаңарту мүмкіндіктерін өз беттерінше анықтайды, амортизацияны аудару сипаты да үлкен мән алуда. Бұл кезде амортизация нормасы негізгі өндіріс қорларының нақты тууымен бейнеленеді.

Экономикалық және қаржылық тұрақсыздық жағдайындағы ең негізгі есеп амортизация қорларын инфляциядан қорғау. Бұл есепті табысты шешу үшін келесі бағыттар ұсынылады;

-      НӨҚ ( негізгі өндіріс қорлары) дамуын ассоциациялы жоспарлайтын кәсіпорындар мен мекемелео топтары жалпы амортизациялық қорды құрып және бір немесе бірнеше өндірісті техникалық қайта жарақтауға инвестиция салу үшін келісім-шартты кезегімен қолданады. Ассоцияланған кәсіпорындар бір-біріне пайызсыз несие бергендей болады;

-      Амортизациялық қорды банктің арнайы депозиттерінде мүмкіндігінше үлкен пайыздың ставкамен сақтау;

Сонымен қатар қазіргі жағдайда отандық құрылыс индустриясын дамутыға ерекше көңіл бөліп, НӨҚ дамыту үшін тиімді құрал лизингті жүзеге асыруда.

Құрылыс кәсіпорын салаларына бұл күнде лизинг компанияларының қызметін белсенді қолдануды ұсынды, ол бір мезгілде минимал шығындармен техникалық қайта жарақтануды белсенді қолдануға және алынған жабдыққа төлем өте ұзақ уақытта төленеді.

Лизинг – барлық әлемде мойындалған инвестиция механизмі. Оны экономиканың әртүрлі салаларындағы кәсіпорындар қолданады. Лизингтік компаниялардың жобаларының негізгі критерийі – қарыз берушінің экономикалық жағдайының тұрақтылығы, оның қаржылық мөлдірлігі, берілген бизнес – жоспарларының саласы. Инвестицияны салу объектілерінің салалық таңдалуы көбінесе сәйкес салалардың инвестициялық мүмкіндіктерімен байланысты.

Қазіргі таңда көптеген лизингтік компаниялар инвестицияны нақыты құрал – жабдықтар үшін тартылмайды, олар сондай – ақ жаңа бизнес – процестерді қаржыландыру қызметін де атқаруға дайын (жаңа кәсіпорындары «ашып», венчур жобаларын құруға және жүргізуге дейін), инвестициялық жобаларға экспертиза жүргізу және өңдеу, қайтару лизингтерінің қарыз міндеттемелерінің құрлымын жою бойынша келісімдерге әрекет ету және тағы басқа.

Лизинг дегеніміз кәсіпкерлік түрі және ол ғылыми – техникалық прогресс талаптарына ең жоғарғы деңгейде жауап бере отырып, жеке адам мен қоғам мүдделерін есептей отырып, өндірістің ескірген материалды – техникалық базаларын жылдам қайта қалпына келтіріп, еліміздің экономикасын қайта құруда ерекше мән алады.

Лизинг, жоғары тиімділікті және өте икемді инвестициялық құрал, өндірісте ғылыми – техникалық прогрестің жетістііктерін оперативті түрде қолдануға мүмкіндік береді. Қ Р « Қаржылық лизинг туралы 2000 ж 6 маусымдағы заңына сәйкес лизинг беруші келісім – шарт бойынша берілген мерзімде негізгі қорға лизинг алушыларға белгілі төлем бойынша несиеге тән мерзімділік, қайтарымдылық және төлемдік принциптерін жүзеге асырады. Екінші жағынан лизинг беруші мен лизинг алушы капиталды тек ақша түрінде емес, зат түрінде де жүзеге асыратындықтан, лизинг инвестицияға жақындай отырып, оның халық шаруашылығындағы мәнін арттырады.

Лизинг инвестициялық саясаттың тиімді құралы ретінде өндірістің құлдырау кезінде оны дамыту үшін үлкен рөл атқарады. Қызметтің бұл түрі экономикалық табиғатының ерешелігімен ұлт зкономикасын дамыту мен сауықтыруға үлкен үлес қосуға қабілетті, ал халықаралық деңгейде – шетел партнерларымен жаңа байланыстарды құрып және нығайтады.

Қазақстан Республикасының өнеркәсіп кәсіпорындарында инвестициялық қызметтің тоқырауы өте терең. Ірі капиталдар салу үшін мемлекетте және кәсіпорындарда қаржы көзі жеткіліксіз. Осыған байланысты лизингті қолдану шаруашылық субъектілеріне олардың негізгі қорларын еш қиындықсыз жаңартуға мүмкіндік береді. Бұл кезде лизинг алушылардың негізгі пайдаларын атап өтуге болады:

-      ереже бойынша, лизинг заты лизинг берушілер балансында тұрады және лизинг алушыға жазылмайды, яғни оның активін арттырмайды және ол қосымша мүлік салығынан босатылады:

-      лизинг алушының лизинг затын таңдауда көптеген мүмкіндіктері бар, мысалы техникалық – экономикалық көрсеткіштер, бағасы, қою мерзімі, бәсекелестік деңгейі және т.б.:

-      лизинг алу кезінде барлық құралдардың 1/3 не дейін жаңартуға мүмкіндік береді:

-      лизинг өндірістің технологиялық деңгейін жетілдіруге қабілетті және өнім деңгейін жоғарылатып, бәсекелестігін арттырады:

-      лизингтік төлемдер құрал-жабдықты орнатып, жүргізіп, іске қосқаннан кейін басталады, яғни лизинг алушы сол құралдан өндірілген өнімді сатудан түскен пайдадан төлей бастайды:

-      лизингтік келісім-шарттар лизинг беруші жағынан қосымша қызмет көрсетуді қарастырады ( монтаж, іске қосу, жөндеу, үйрету):

-      лизинг салық аударымдарын оңтайландыру арқылы, салық қорын кемітуге болады:

-      лизинг алушыға құрал-жабдықты қаржылық лизингпен алу оңай, себебі ол кепілдік заты ретінде қабылданады:

-      лизинг алушы кей жағдайларда кедендік жеңілдіктерге ие болады, яғни заттың нақты бағасын кемітіп, пайданы арттырады:

-      лизингтік төлемдер келісім-шарт бойынша тауар немесе қызмет түрінде жүзеге асыуы мүмкін:

Лизингтік операциялардың кеңінен таралуы мен дамуы өндірушілер үшін де тиімді. Олардың тиімділігі:

- құрал-жабдықты сату артады:

- лизинг затын сату жанама өндірістің артуына әсер етеді және жинақтаушы заттары мен жартылай фабрикаттары немесе басқа өнімдерді өндіру арттады:

-өткізетін жаңа нарықтар табылып, тұтынушылар көбейеді:

-дайын өнім қоры кемиді және оны сақтауға байланысты шығындар азаяды:

-капитал айналымдылығы артады:

Несие беретін банкілер лизинг операциясын жүзеге асыра отырып, тәуекелділік дәрежесін кемітеді, себебі лизингке берілген зат кепілдік ретінде тұрады және қайтарымдылық пен төлемділік принципі жұмыс істейді. Лизинг операциялары банк үшін өте тиімділігі жоғары және несие қорларын орналастырылудың жаңа мүмкіндіктері ашылады.

Сақтандыру компанияларының лизинг операцияларына қатысу, олардың қызмет көлемін арттырып, пайдасын көбейтеді.

Сонымен лизингтік келісімдеер басқаруда өте икемді, ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін белсенді қолданады, ескірген құрал-жабдықты дер кезінде жаңартады. Сонымен қатар сатылып алынған заттың төлемі де уақыттан қыспайды.

Қазақстандағы лизингтік дамыту стратегиясы теориялық зерттеулер мен практикалық тәжірибелерге сүйеніп қоймай, әсіресе дамыған шет елдік нәтижелерге де сүйенуі қажет.

Профессор, академик С.Н. Николаевтің ойынша қазіргі таңда АҚШ, Жапон және Батыс Еуропа елдерінде жоғары сапалы лизингті интенсивті дамыту – құрылыс техникаларын жалға беру байқалады.

Шет елдерде жоғары сапалы жалға беруді арнайы әдістер мен тәсілдерді жүзеге асыратын ( жалға беру центрі ) кәсіпорындар қамтамасыз етеді.

Жалға берудің жылдам дамуы өте тиімді екендігі көрініп отыр. Бұл кездегі дара тиімділіктер біріншіден машина сатып алуға қаржы жоқтығы, екіншіден озық технологияға қол жетуі, өздеріне жөндеу базасының қажет еместігі және жөндеуге уақыт пен ақшаның жұмсалмауы. Ортақ пайдаға қолданылатын машина санын кеміту, жұмыс үдеуін арттыру, өндірістік прцестердің сенімділігін жоғарылату, жұмыс сапасын арттыру, пайданы көбейту т.б [10].

«Рентакран» ЖАҚ бас директоры Жан Клод Дусеннің ойынша, жалға беру – құрылыс кәсіпорындарында инвестиция қорлары жетіспеген кезде озық технологияларды қолданудың тиімді тәсілі немесе құрылыс объектілері бұл құрылыс фирмасының жұмыс диапазонына енбеген кезде тиімді. Сонымен қатар ерекше құрылыс құралдарын сатып алу қажетсіз, мысалы «Рентакран» компаниясының жүк көтеретін құрылыс техникаларын құрылысшылар ғана емес, жарнама берушілер де сұраныспен қолданады. Архитектуралық ескерткіштер, церковтар,храмдар және кинолар түсіру сәтімен, гала концерттер ұйымдастырғанда қолданады. Құрылыс техникаларын жалға беруде өзінің оң тәжірбиелерін жинақтай келе «Рентек» ААҚ директоры С. Туманян жалға берген техникаларды операторсыз дұрыс қолдана ма деген қауіпін ескертті. Бірақ бұл қауіп ақталған жоқ, себебі жалға алушылар келісім шартты дұрыстап толтыруға тырысады, жаман атқа қалғылары келмейді, әрине жалға алушылар да әртүрлі болады. «Рентек» ААҚ техниканы жал арқылы сатуы да дамыған жоқ. Фирманы жалға алушы немесе сатып алушы клиенттерінң аттары қиылысқан емес. Бірвқ қоймада әркезде сатылу техникалары бар фирма икемді жұмыс істеуге дайын.

Лизингті қолдану туралы Ресей тәжірбиесін талдай келе құрылыс саласындағы кәсіпорындарда төрт ірі компания жаңа құрылыс техникаларымен жұмыс істейтінін көрсетті. Оларға Райтарфазен – Лизинг, Дойче – Лизинг Восток, РГ – Лизинг және Лльва – Лизинг жатады. Олардан техникаға төлем 20% және мерзімі 3 жылға дейін. Мұнда құрылыс және жол құрылыс клиенттеріне 3 жылда лизинг 22 – 30 % пайызға ғана қымбатқа түседі. Басқа лизингтік компанияларда ірі келісім – шарттарымен ғана жұмыс істейді (0,5 млн доллор)

Құрылыс техникаларынын жоғары сапалы жалға беруді жүзеге асыру ерекшкліктері төмендегілерді қамтиды:

1)  Нақты машиналарды (құралдары) әр түрлі жұмысшы органдарымен белгілі мерзімге жалға беру кәсіпорындарының негізгі қызметі;

2)  Жанама қызметтері: машинаны басқару, техникалық сервис; машинаны тасмалдау; монтаждау және демонтаждау; машиналарға жанар – жағар май құю;

3)  Көмекші қызметтер; машина маделін таңдау және жұмысшы құралдарын ауыстыру; машинаны тиімді және қауіпсіз қолдану үшін ұсыныстар өңдеу; арендаға алушылар машинистеріне инструктаж жазу; арендаға алушылар машинестерін оқыту.

Жанама және көмекші қызметтердің кейбірі жалға берушілер тауарының құрамына енбейді, ал кейбіреулері – міндетті. Құрлыс кәсіпорындары үшін машинаны өз иелігіне сатып алып және оған сервистік қызмет көрсетумен жоғары сапалы жалға алған техниканың пайдасын келесілерден көруге болады;

-      өз жөндеу базасының қажет еместігі және техникалық сервис туралы есеп жүргізудің қажетсіздігі;

-      машиналарды сақтауға алаң немесе ғимараттардың қажет еместігі ;

-      мүлік салығын төлемейді;

-      несиені пайдаланып пайыз төлемдері және техниканы сатып алумен байланысты қарыз ақша міндеттемелерінің жоқтығы;

-      өте қымбат құрал – жабдық сатып алмай, капиталды тиімді жұмсау;

-      кәсіпорын сатып алуға мүмкіндігі жоқ құрал – жабдықты пайдалану мүмкіндігі;

-      сатып алу туралы шешім қабылдағанша машиналар моделдерін пайдаланып көруі;

-      қосымша капитал салымынсыз кәсіпорынның материалды – техникалық базасын арттыру;

-      кәсіпорынның өндірістік қуатын арттыру;

-      қажет техника санын кеміту;

-      кәсіпорынның жұмысының өзіндік құнын кеміту және пайдасы мен бәсекелестігін арттыру;

-      өндірістегі еңбек өнімділігін арттыру;

Техникалық комплекс құрамындағы сапасыз машиналарды ұстағанша, жоғарғы сапалы жалға алу келесілерді қамтамасыз етеді:

-      машиналар мүмкіндіктерін арттыруға байланысты техникалық өнімділік 50% өседі:

-      уақытпен басқа да барлық қор түрлерін жоғалту 100 % - кемиді, ол машиналардың сенімділігінің арту мен сервис тиімділігінің жоғарылауына байланысты;

-      уақыт пен басқа да қор түрлерін табиғи – климат жағдайына сәйкес машиналар конструкциясы мен ауыстырмалы құралдардың жақсартылуына сәйкес 50 % - ға кемиді;

-      машинистердің кәсіптік аурулары кемиді, себебі машиналардың эргономикалық көрсеткіштері жақсарады;

-      теріс эмоциялар мен психикалық қысымның кемуіне сәйкес қызметкерлердің денсаулығы жақсарып, жарақат алу деңгейі кемиді.

Информация о работе Лизингті халықаралық несие қатынастары ретінде ұйымдастырудың теориялық негіздері