Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:51, курсовая работа
Бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер өндіру саласындағы негізгі капиталдарының әбден тозығы жетуі, техникалық, технологиялық қасиеттері бойынша шетел аналогтарынан артта қалуы, өнімділігінің төмендігі, ресурстарды үнемдемеушілігі көпшілікті алаңдатар жәй болып келе жатыр. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
Жанама қатысушылары:
- Коммерциялық банктер және инвестициялық банктер , олар лизинг келісімінің кепілшілері ретінде қатысады.
- Сақтандыру компаниялары.
- Брокерлік және басқа делдал фирмалар
Лизингтік фирмаларға – аренда түрінен байланыссыз жалгерлік қатынастарды жүзеге асыратын барлық фирмаларды жатқызады. өз қызметі бойынша оларды: мамандандырылған және әмбебап деп бөледі.
- Тар мамандандырылған компаниялар әдетте тауардың бір ғана түрімен
айналысады (жеңіл автокөлік, контейнерлер) немесе бір топ тауарларымен айналысады (құрылыс жабдықтары, тоқыма бұйымдар кәсіпорындар). Лизингтік компанияларда әдетте машиналар мен жабдықтардың паркі болып, қалыпты жағдайын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасайды.
- Әмбебап лизингтік фирмалар жалға машиналар мен жабдықтардың
сан алуан түрлерін беруімен айналысады. Олр жалгерге қажетті жабдықтарды өздері таңдауға құқық береді.
Лизингтік фирмалар көп жағдайларда өнеркәсіптік және сауда фирмаларының, банктер мен сақтандыру қоғамдарының филиалдар мен еншілер компаниялары ретінде құрылады. АҚШ Коммерциялық банктері лизингтік операцияларға ХХ ғ. 60 ж.басында қатыса бастады [12].
Лизингтік қызмет нарығына банктердің енуі екі жағдаймен байланысты:
Біріншіден, лизинг бизнестің капиталды көп қажет ететін түрі, ал банктерде ақша ресурстарының басым бөлігі шоғырланған.
Екіншіден, лизингтік келісімдер өзінің экономикалық табиғатына сай банктік несиелеумен тығыз байланысты.
Қаржы нарығындағы бәсеке банктерді лизингтік операцияларды белсенді түрде жүргізуіне мәжбүр етеді. Лизингтік операцияларды жүзеге асыратын фирмалардың екінші категориясына өнеркәсіптік және құрылыс фирмалары жатады.
Үшінші категорияға – делдалдық және сауда фирмалары жатады.
в) Лизингтік келісім мерзімі – лизинг кезеңі деп лизингтік келісімнің мерзімін айтады. Лизинг ұзақ мерзімді аренданың ерекше формасы болғандықтан, объектілердің жоғары құны мен қызмет ету мерзімі лизинг кезеңінің уақыт шегін анықтайды.
Лизингтік келісім мерзімін анықтау кезінде лизинг беруші мен алушы келесі жағдайларды ескереді:
Жабдықтың қызмет ету мерзімі, ол жабдықтың техникалық – экономикалық жағдайымен анықталады. Лизингтік келісім шарт мерзімі жабдықтың пайдалану мерзімінен аспауы тиіс.
Жабдықтың амортизация кезеңін – үкімет органдары орнатады. Қаржы лизингіне әдетте келісім шарт мерзімі амортизация кезеңімен сай келеді.
Инфляциялық процесс динамикасы. Лизинг беруші үшін инфляция қарқыны тез өсіп отырған жағдайда ұзақ мерзімге тіркелген аренда төлемдері бар аренда тиімзіз және керісінше, бағаның төмендеуі жағдайында лизинг беруші ұзақ мерзімге беруге тырысады.
г) Лизингтік төлемдері – лизингтік операциялар жобасындағы күрделі сәттің бірі лизинг берушіге тиесілі лизингтік (арендалық) төлемдердің сомасын анықтау болып табылады. Қысқа және ұзақ мерзімді арендада арендалық төлемдердің сомасы белгілі бір деңгейде арендаға берілетін тауарлардың нарықтық конъюктурасымен анықталады.
Ұзақ мерзімді арендада (лизингте) лизингтік төлемдерді есептеудің негізінде әдістемелік жағынан негізделген есептеулер алынады, ол есептеу объектісінің құны мен лизингтік келісім шарттың ұзақтығына байланысты болады.
Кез келген лизингтік төлем құрамына келесі негізгі элементтер кіреді:
- амортизация
- келісімді жүзеге асыру үшін, лизинг беруші алатын ресурстардың төлемі
- лизингтік маржа, лизинг берушінің табысы
- тәуекелділік сыйақы, оның деңгейі әртүрлілік тәүекелділік деңгейіне
байланысты.
Ресурстарға төлем, лизингтік маржа және тәуекел премиясы – лизингтік процесті құрайды.
Аренда төлем сомасына қаржы лизингі бойынша есептеу үшін аннуитет формуласы қолданылады (нақты заем бойынша жыл сайынғы төлемдері:
P=A x
мұндағы,
Р-ар, төлемдерінің сомасы
А-амортизация сомасы
П-контракт мерзімі
U-лизингтік процент
Т-арендалық төлемдерінің кезеңдері
Бұл формуланы қолдану кезінде келісім жасалған бүкіл кезеңінде әрбір арендалық төлемдердің сомасы өзгеріссіз қалады.
Мысалы, арендаға алған жабдық құны 1500, келісім мерзімі 5жыл, проценттік ставка 97, төлемдер тоқсан сайын жасалынады.
P=15000 x
Аренда төлемдерінің ең соңғы төленетін сомасын анықтау үшін, аннуитет формуласына екі түзету коэффицентін енгіземіз. 1-ші түзету коэффиценті. Клиент таңдаған қалдық құнға түзетілген төлем сомасын анықтау үшін келесі формуланы қолданамыз:
(3)
ҚҚ-қалдық құны. Егер,біздің мысалымызда, ҚҚ мөлшерін 55 % (0,05) деп алсақ, онда дисконттық көбейткіш тең болады:
(4)
2-ші түзету коэффициенті. Егер де, алғашқы аренда төлемін аванспен жүргізсе ( күн ілгері, алдын ала), онда төлем сомасын есептеуде тағы бір түзету
енгіземіз:
(6)
Ақырғы түрде, арендалық төлем сомасы 906,0 тең болады.
(15000*0,06375*0,9689*0,9779)=
Лизингтік төлемдерді басқа да әдістермен есептеуге болады: Мұнда амортизацияны белгілеудің әртүрлі әдістері қолданылады. Жабдық амортизациясы баланстық әдіспен және норма бойынша жеңілдетілген амортизация әдісімен белгіленеді.
Лизингтік төлемдердің жалпы сомасы келесі формула бойынша есептеледі:
(7)
мұндағы,
А – амортизация сомасы
П - несие ресурстарына төлем
П - комиссиондық төлем мөлшер
П - қосымша қызметке төлемдер
Мұндағы формуланың жеке құрамдас бөліктері келесі формула бойынша анықталады:
Амортизациялық аударымдар сомасы
(8)
мұндағы,
С – жабдықтың баланстық құны
- амортизациялық аударым
Т – келісім мерзімі
Несие ресурстарына төлем
К – несие ресурстарының мөлшері
С – несиені пайдаланғаны үшін орнатылған ставка
Несие ресурстарының мөлшері анықталады:
(9)
және - жабдықтың жыл басындағы және соңындағы құны
Коммссиондық төлемдердің мөлшері:
(10)
Банктің қосымша қызметтеріне төлемдерді есептеу
(11)
мұндағы,
- банк қызметкерлерінің жол сапарға шығуымен байланысты шығындары
- қызмет көрсетумен байланысты шығындары
- банк жарнамасына кететін шығындар
- басқа да шығындар
Лизингті басқару ұйымында екінші еекінші кезең басты рөльді атқарады. Бұл кезеңде лизингтік мәмілені заңды түрде бекітеді және келесідей құжаттарды дайындайды [13].
- лизингтік обьектіні сату және сатып алу келісім шарты;
- лизингтік обьектіні эксплуатациялаудағы қабылдау актісі;
- лизингтік келісім;
- лизингтік мүлікке берілетін техникалық қызмет көрсету туралы келісім шарт.
- Лизингтік обьектіні сақтандыру туралы кеілісімшарт.
Лизингтік процестің үшінші кезеңі – обьектіні өз меншігіндегі қолдану туралы кезең болып табылады. Сонымен бірге, лизингтік операцияларды
бухгалтерлік есеп және есеп берумен бірге қатар жүреді.
Бұл кезеңде лизинг берушіге лизингтік төлемдер жүргізіледі және
лизингтік мерзім біткен кезде, әрі қарай лизингтік обьектіні қолдану туралы қатынастар жүргізіледі.
Жалпы ұзақтығы 180-күннен 360 күнге дейін. Бұл жоғарыда көрсетілген лизингтік процессті ұйымдастыратын ұйым тек қана ірі компанияларға тән, яғни лизингтік нарықта инфрақұрылымы кең көлемде болатын және бәсекелестікті жеңіп алуды көздейді.
.
2 Лизинг операциясының банк тәжірбиесінде жүргізу механизмі
2.1 Қаржылық лизингті ұйымдастыру тәртібі
Ірі кәсіпорындардың инвестициялық тұтыныстарының түрлілігі жобалар мен бағдарламалардың қаржыландыру нысандарын, сонымен қатар құрылымдық және жобалық қаржыландыруды дамытуға алып келеді. Жобалық қаржыландыру физикалық және моральды тұрғыда тозған негізгі қорларды жаңартыдың есебінен шығарылатын өнімге белсенді әрі төлемге қабілетті сұраныс жағдайындағы өндіріс көлемін ұлғайту үшін де, сонымен қатар негізгі капиталды кеңейту үшін де қажет болып отыр. Банк өзінің клиенттеріне идея немесе бастапқы бизнес-жоспар сатысынан бастап жобаны іс жүзінде іске асыруға дейінгі жобалық қаржыландыру қызметтерін ұсынады ( экономикалық тұрғыда пайдалығының бастапқы анықтамасы, жобаның салалық талдауы, маркетинг стратегиясын өндеу, қаржы үлгісін өңдеу).
Оның алдынғы қатарлы қазақстандық және шетелдік кредит мекемелерімен жасалған кең іскерлік байланыстары және кредиттік ресустары мен инвестицияларды тартудағы жинақталған ауқымды тәжірбиесі жобалық идеяны, табысты іске асыруды да, жобаны барлық сатыда жүзеге асыруды да қамтамасыз етеді [14].
Қаржы лизингі - банк клиент көрсеткен сатышудан меншігіне алған және лизинг шартымен ескертілген лизинг затын белгіленген талаптармен кем дегенде 37 ай мерзімге кәсіпкерлік мақсатқа уақытша иеленуге немесе пайдалануға беруге міндеттенетін инвестициялық қызметтің түрі. Бұл жағдайда лизинг затын лизинг шарты бойынша беру төмендегі талаптардың қайсыбіреуіне жауап беруге тиіс
1. лизинг затын клиенттің меншігіне беру және клиентке лизинг затын лизинг шартымен келісілген бағаға иелену құқығын беру лизинг шартымен белгіленген:
2. лизингтің мерзімі лизингтің пайдалы қызмет ету мерзімінің 75% аспайды:
3. лизингтің бүкіл мерзіміне лизинг төлемінің ағымдағы ( дисконттағы) құны берілетін лизинг заты құнының 90% асады.
Қызметтер ұсыну шарттары:
1) Лизинг заты: ғимараттар, құрылыстар, жер телімдері, машиналар, жаб-дықтар, құрал-саймандар, көлік және кәсіпкерлік мақсатта пайдаланылатын басқа да негізгі қаражаттар. Құнды қағаздар мен табиғат байлақтары лизинг бола алмайды.
2) Сомасы: ең төменгі -10мың АҚШ доллары
3) Мерзімі: 3 жылдан жоғары
4) Мәмле валютасы:
- егер лизингалушы ҚР резидеті болып табылса,- теңге
- егер лизингалушы ҚР резиденті емес болса, шетелдік валюта немесе теңге.
Кәсіпкерліктің лизингтік нысаны принциптер немесе тәжирибелік қызметте ескерілуі қажет оның жалпы, жеке және ерекше қасиеттерінің бірлігі мен байланыстығын анықтайтын бастапқы ережелер, тәртіптер жүйесіне негізделеді. Кейбір принциптерді білу, көптеген факторларды, оның ішінде лизингтік қатынастарды да, білмеудің орнын толтырады.
Төменде лизингтік қатынастырдың негізгі принциптері мен ерекшеліктері көрсетілген:
- ақылығы;
- шаруашылық жүргізуші субъектінің ауысуы;
- мақсаттылығы мен нақтылығы;
- мүліктік жауапкершілігі;
- Үнемділігі;
- тараптардың бірдей құқылығы;
- мүлік иесі ауысқан кездегі келісім шарттың бұзылмауы;
- Мүліктің қайтарымдылығы;
- Келісім шарттық қатынастар;
- Инновациялығы;
- Қатынастардың еріктілігі;
- Мерзімділігі.
Кесте 2
Өндірістік құрал лизингі
Өндірістік құралдар лизингі | |
Лизинг белгілері | Лизинг функциялары |
|
|
Өндіріс құралдарына инвестициялар | Қаржылық |
Мүліктің жалға алынуы | Өндірістік |
Сатып алу-сату | Өткізу |
Мүлікті иелену мен пайдалану | Салықтық жеіңлдңктерді алу |
Кәсіпкерлікті жүзеге асыру | Кәсіпкерлік аясын кеңейту |
Лизинг алушының мүлікті кері сатып алу құқысы | Бәсекелестік қатынастарды дамыту |
Кәсіпкерлік қызметтің нысаны | Мұлікті мемлекет қолынан алу және жекешелендіру |
Меншік қатынастарды жүзеге асыру тәсілдері | Сыртқы экономикалық қызметті дамыту |
Мүліктік-құқықтық қатынастардың кешені | Мүлік құнын қайтару |
Инвестициялық қызметтің түрі | Мүліктің иесі мен пайдаланушыны бөліп қарастыру |
| Жекеменшік иесінің қайта өндірісі |
| Жалпы меншігінің екі мәнділігінен асу |