Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:51, курсовая работа
Бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер өндіру саласындағы негізгі капиталдарының әбден тозығы жетуі, техникалық, технологиялық қасиеттері бойынша шетел аналогтарынан артта қалуы, өнімділігінің төмендігі, ресурстарды үнемдемеушілігі көпшілікті алаңдатар жәй болып келе жатыр. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
- лизингте лизингалушыға міндетті түрде құрал- жабдықтарға техникалық қызмет көрсету, сақтандыру, ремонт шығындары да тиесілі болады;
- лизингалушы өзі құралжабдықтаушыны және құрал- жабдықтын түрін таңдауға құқықылы;
Лизингке алушы құрал-жабдықты қалдық құны бойынша сатып алуға құқылы.
Қазіргі кезде инвестицияларды қаржыландырудың келесі әдістерін белгілейді.
- өзін- өзі қаржыландыру;
- акциялар эмиссиясы;
- банк несиелері;
- лизинг;
- аралас қаржыландыру;
- жобалық қаржыландыру;
Сонымен бірге лизинг- бұл инвестицияларды тартудың әдісі болып табылады.
Сурет 1 ҚР 2009 ж. инвестицияларды қаржыландыру көздері
Сурет 1 қарағанда ҚР 2009 ж. инвестицияларды қаржыландыруда ең көр үлесті корпорацилардың табысы алуда (34,5 %), екініші орында банктік несиелер (19,5 %), ал лизинг тек 5 % құрайды.
3 Лизингті халықаралық несие қатынасы ретінде Қазақстан Республикасында жетілдіру жолдары
3.1. Лизингтік қатынастарды басқарудағы тәуекел мәселесі
Кез-келген экономикалық келісімдер сияқты лизингтік келісімдерді де жүзеге асыру кезінде міндетті түрде тәуекелділікті ескеру қажет деп ойлаймыз. Себебі, жалпы экономиканы басқарудың барлық деңгейінде белгілі бір шешімдерді қабылдау процесі соңғы нәтижелердің белгісіздік жағдайында іске асырылады. Яғни кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрін жүзеге асыру тәуекелділікпен тығыз байланысты екендігі белгілі. Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда тәуекелділік – бұл «жоғалту қаупінің жоғалту ықтималдылығы» деп түсіндіріледі. Сонымен бірге тәуекелділік – бұл қаржылық операциялардың қолайсыз іске асырылу ықтималдылығы деп те қарастырылады [25].
Лизингтік қызмет кәсіпкерлік және инвестициялық қызметтердің бір түрі болып табылғандықтан, лизингтік қызметті жүргізу кезінде лизингтік қатынастарға қатысушылар көптеген объективті және субъективті себептерге байланысты әртүрлі тәуекелділіктерге барады.
Тәуекелділіктерді басқару мәселесі экономиканың кез-келген саласы үшін тән процестердің бірі болып табылады. Сондықтан да осы мәселенің лизингтік қатынастар орнату кезінде де өзектілік мәні өте жоғары деп ойлаймыз.
Тәуекелділікті талдау – бұл тәуекелділікті басқару процесіндегі маңызды кезеңдердің бірі болып табылады. Оның мақсаты жасалынатын экономикалық келісімдердің ерекшеліктері және оларды жүзеге асыру барысында кездесетін тәуекелділіктер туралы қажетті ақпараттарды жинақтау. Осы жинақталған ақпараттар тәуекелділікті басқарудың келесі кезеңдеріне белгілі – бір шешімдер қабылдануы үшін жеткілікті болуы керек.
Тәуекелділікті талдау, олардың түрлерін анықтау және бағалаудан тұрады. Тәекелділік түрлерін анықтау кезінде лизингтік қатынастарға әсер ететін барлық тәуекелділіктер (жалпы және типтік) нақты анықталуы қажет. Лизингтік қатынастарға әсер ететін тәуекелділіктерді келесідей белгілері бойынша жіктеуге болады:
Тәуекелділікті басқару – бұл көп сатылы процесс, оның негізгі мақсаты белгілі – бір қолайсыз жағдайлар туған кезде пайда болатын шығындарды азайту немесе оның орнын толтыру. Лизингтік қатынастардағы тәуекелділікті басқару процесі бір – бірімен байланысты бірнеше кезеңдерден тұрады. Оны келесідей блок – схема түрінде көрсетуге болады:
Лизингтік қатынастарды жүзеге асыру кезінде пайда болатын тәуекелділіктерді басқарусол лизингтік қатынастарға әсер ететін негізгі факторларды оқып- білуден басталады. Бұл жағдайда ең алдымен мынандай факторлар ескерілуі қажет деп ойлаймыз:
1. Лизингтік қатынастарға қатысушы тұлғалардың таңдаған стратегияларының ерекшеліктері. Яғни, оның тәуекелділіктерідің белгілі - бір түрлеріне немесе өз қызметтеріндегі тәуекелділіктердің жиынтығына және серіктестерінің қызметтеріндегітәуекелділіутер
2. Тәуекелділіктің белгілі – бір түрлерінің немесе тәуекелділіктер жиынтығының лизингтік қатынастарға қатысушы тұлғалардыңқаржылық жағдайына әсер ету аясы және оның салдарлары. Лизингтік келісімге қатысушы субъектілердің қызметтерінің нәтижелері осы келісімге тән тәуекелділіктердің біреуіне немесе тәуекелділіктердің топтарына тәуекелділігі пайда болуы мүмкін. Сондықтан да тәуекелділіктің әрбір түрін лизинг субъектілерінің қызметтерімен салыстыра отырып, оның әсер етуіне аясына талдау, оларды болашақта пайда болатын шығындар мен зияндардан сақтандыруы мүмкін.
3. Лизингтік қатынастарға қатысушы тұлғалар қолданылатын математикалық есептеу әдістерін талдау. Дұрыс емес немесе қате жасалынған математикалық есептеулер және сонымен қатар лизингтік төлемдерді есептеудің әртүрлі түрлерін пайдалану лизингтік келісімге қатысушы тұлғалар үшін өтн қымбатқа түсуі мүмкін. Сондықтан да лизингтік келісімдерді іске асыру кезінде математикалық есептеулерді пайдаланатын лизингтік компаниялар немесе оларды қаржыландыратын коммерциялық банктер математикалық есептеулердің неғұрлым тиімді және қарапайым әдістерін қолдануға ұмтылулары қажет. Осы мәселені шешу үшін қазіргі уақытта көптеген мамандандырылған фирмалардың математикалық есептеулерді толық автоматтандыруға мүмкіндіктер беретін стандартталынған бағдарламалық өнімдерімен техникалық құралдарын пайдалану қажет [26].
Осы кезеңдегі басты қағида – тәекелділіктің барлық түрлеріне лизингтік қатынастардың ерекшеліктерін ескере отырып, толық сипаттама беру.
Жалпы тәуекелділікке кәсіпкерліктің барлық түрлеріне тән тәуекелділіктерді жатқызамыз. Яғни, табиғи, экономикалық, саяси және т. б. тәуекелділіктер. Осы аталған тәуеклділіктердің барлығы теріс немесе нөлдік қаржылық нәтижелер береді. Тәуекелділік деңгейіне әсер ететін бұндай факторларды объективті факторлар деп атаймыз. Сондықтан жалпы тәуекелділікті азайтуға лизингтік келісімге қатысушылардың ешқандай мүмкінідіктері жоқ, яғни бұндай тәуекелділіктер олардың қызметіне байланыссыз болғандықтан, тәуекелділік деңгейін төмендету бойынша ешқандай іс-әрекеттер жасай алмайды.
Лизинг сферасына тән типтік тәуекелділітер – бұл оң және теріс экономикалық нәтижелер алуды көрсететін тәуекелділіктер. Бұндай тәуекелділіктер көбінесе, лизингтік келісімдердің әр түрлі кезеңдерінде қабылданған тиімсіз басқару шешімдерінің әсерінен пайда болады.
Сурет 1 Лизингтік қатынастардағы тәуекелділіктерді басқарудың блок-схемасы
Енді осы аталған типтік тәуекелділіктердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық:
1. Лизинг объектісімен байланысты тәуекелділіктер-бұл лизингке берілген
мүліктердің қайтарылмай қалуымен, жоғалуымен, бұзылуымен және моральдық жағынан тозуымен байланысты тәуекелділіктер. Лизинг объектілерінің осындай себептерге байланысты тәуекелділіктерін азайту үшін тәуекелділіктерді бөлу әдісін пайдалану қажет деп ойлаймыз. Ол үшін ең алдымен лизингтік компания ақпараттық- аналитикалық жұмыстар жүргізуі керек, яғни лизинг объектісінің түріне және олардың пайдаланылатын салаларына байланысты тәуекелділіктің осы түрінің лайда болу және оның жиілігі туралй ақпараттарды жинақтау жүйесіне талдаулар жасау керек. Содан кейін лизинг объектілерін жеткізу, іске қосу және жөндеу жұмыстарымен байланысты сақтандыру шараларын іске асыру талап етіледі. Ол үшін лизингтік компания немесе лизинг алушы сақтандыру компаниясымен келісім шарттар бекіту қажет. Міне осындай жұмыстар іске асырылған жағдайда тәуеклділік деңгейін төмендетуге қол жеткізуге болады.
2. Лизингтік операцияларды жүзеге асыру кезінде пайда болатынтәуекелділіктерді лизингтік келісімге қатысатын негізгі субъектілер тұрғысынан да қарастыруға болады. Тәжірбиеде лизинг субъектілерімен байланысты тәуекелділіктердің мынандай түрлері кездеседі:
- өндірістік тәуекелділіктер;
- маркетингтік тәуекелділіктер;
- төлем тәуекелділігі.
Лизинг субъектілерімен байланысты тәекелділіктердің пайда болуының негізгі себептеріне лизингтік келісім процесіне қатысушы субъектілердің мүдделерінің әртүрлілігін және олардың өз міндеттемелерін уақытында орындамауын жатқызуға болады.
3. Қаржылық тәуекелділіктер активтерді қаржыландырумен байланысты лизингтік келісімдердің әртүрлі кезеңдерінде қабылданған басқару шешімдерінің салдарынан пайда болады. Жалпы қаржылық тәуекелділіктерді ақша айналысы және «қарыз алушы-кредитордың қатынастарының пайда болуымен бірге пайда болатыны белгілі». Сондықтан қаржылық тәуекелділіктерді мынандай түрлерге бөлуге болады:
- нарықтық тәуекелділік (валюталық, пайыздық, инфляциялық және т.б);
- несиелік тәуекелділік.
Нарықтық тәуекелділік бұл өсімақы ставкаларының валюта бағымдарының,
инфляция дейгейінің өзгеруі нәтижесінде лизинг объектілерінің құндарының төмендеу мүмкін.
Несиелік тәуекелділіктер – бұл банктер белгілі бір лизингтік компанияға лизинг объектісін сатып алу үшін несие берген жағдайда пайда болтын тәуекелділік. Тәуекелділіктің бұл түрінің пайда болу себебі, лизингтік компанияның негізгі қарызды және ол бойынша есептелінген өсімақыны өз уақытында төлемеуі. Несиелік тәуекелділікті төмендету үшін коммерциялық банктер өздерінің еншілес лизингтік компанияларына лизингтік жобаның тиімділігіне жан-жақты талдау жасағаннан кейін ғана несие беру туралы шешім қабылдау қажет. Ал басқа лизингтік компанияларға қарыз алушы заңды тұлға ретінде қарап, олардың несиелік қабілеттіліктеріне талдау жасап және жасалған талдау қорытындалары банкті толық қанағаттандырған жағдайда ғана несие берілуі керек [27].
Сонымен қаржылық тәуекелділіктер елдегі экономикалық жағдайларға тікелей байланысты. Елде болып жатқан экономикалық өзгерістерді ескере отырып лизингтік компаниялар жоғарыда аталған әдістер арқылы қаржылық тәуекелділіктерді басқара алады.
4. Коммерциялық тәуекелділік – бұл жалпы халық шаруашылығының барлық салаларына тән табыстық тұрақсыздығын көрсету тәуекелділігі. Оның төмендегідей түрлері өте жиі кездеседі:
- сұраныстың азаюы;
- тауарлар бағасының өзгеруі.
Лизингтік нарықта бәсекелестіктің күшеюі (шетелдік лизингтік компаниялардың нарыққа келуі) отандық лизингтік компаниялардың қызметіне деген сұранысты азайтуы мүмкін. Сұраныстың әсерінен пайда болатын тәуекелділікті төмендету үшін клиенттерге ғылыми-техникалық прогрестің соңғы сапалы жетістіктерін ұсына білу қажет.
Баға тәуекелділігі – бұл лизингтік келісім шарт бекітілген мерзім аралығында лизинг объектісінің бағасының өзгеруімен байланысты табысты жоғалту тәуекелділігі. Лизинг беруші өз табысын ескі баға бойынша бекітілген лизингтік келісім объектілерінің бағаларының жоғарлауы кезінде жоғалтады. Ал лизингке алушы ескі баға бойынша лизингке алынған құрылғылардың бағасы төмендеген жағдайда зиян шегеді. Тәуекелділіктің осы түрін лизингтік келісім шарт бекітілген кезең аралығында лизингтік төлемдердің тұрақты сомасын белгілеу арқылы төмендетуге болады.
5. Лизингтік қатынастарға тән типтік тәуекелділіктерді жіктеу кезінде, оның бір түрі ретінде серіктестік тәуекелділігін енгізу қажет деп ойлаймыз. Себебі, біз лизингтік қатынастарды ең алдымен серіктестік қатынас ретінде қарастырамыз. Серіктестік тәуекелділігі лизингтік қатынастарға қатысушы тұлғалар арасындағы келісім қатынастарына негізделеді. Серіктестік тәуекелділігі, әдетте лизингтік қатынасқа қатысушы бір тұлғамен келісім- шарт бекіткен оның серіктесі белгілі-бір себептермен өз міндеттемелерін орындауда бас тартуы мүмкін жағдайларда пайда болады.
Серіктестік тәуекелділігі лизингтік қатынастарға қатысушы барлық тұлғалардың жүргізетін операцияларымен (активті және пассивті ) өте тығыз байланысты. Тәуекелділіктің осы түрін басқару мынандай екі факторға тәуелді: лизингтік операциялардың түрлерінің ерекшеліктеріне және бекітілген келісім-шарттардың өмірлік кезеңдеріне. Лизингтік операциялардың түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты лизинг субъектілерінің арасындағы серіктестік қатынастар әр түрлі болады.
Бекітілген лизингтік келісім – шарттардың өмірлік кезеңдерін үшке бөліп қарастыруға болады: келісімді бекіту (тәуекелділікті таңдау), келісімді іске асыру (міндеттемелердің орындалуын үнемі қадағалау), келісімнің жабылуы (міндеттемелердің толық орындалуы).
Келісімдерді дайындау және бекіту кезеңінде серіктестерінің сенімділігіне, сапасына және сонымен бірге олардың келісімдерді іске асыру кезінде өзгеру ықтималдылықтарына талдау жүргізіледі. Серіктесінің сапасы ең алдымен, оның қаржылық жағдайымен, айналысатын қызмет түрінің болашағымен және елдегі немесе белгілі-бір саладағыжалпы макроэкономикалық жағдайлардың өзгеруімен анықталады. Ал, серіктесінің сенімділігін талдау және бағалау кезінде, оның қай елде орналасқаны, қандай салада жұмыс сітейтіндігі, беделі, несиелік тарихы, төлем қабілеттілігінің болашағы және т.б. көптеген факторлар ескерілуі қажет.
Лизингтік қатынастарға тән тәуекелділік түрлері анықталғаннан кейін тәуекелділікті бағалау процесі басталады. Бағалау бұл лизингтік қатынастарды іске асыру барысында пайда болатын тәуекелділіктерді сан жағынан көрсету. Соның нәтижесінде болашақта мүмкін болатын шығындардың ықтималдылығы мен мөлшері сияқты мәліметтер анықталады.