Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:51, курсовая работа
Бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер өндіру саласындағы негізгі капиталдарының әбден тозығы жетуі, техникалық, технологиялық қасиеттері бойынша шетел аналогтарынан артта қалуы, өнімділігінің төмендігі, ресурстарды үнемдемеушілігі көпшілікті алаңдатар жәй болып келе жатыр. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.
Лизинг – бұл машина,құрал-жабдық, автакөлік құралдарын, құрылыс және ауыл шаруашылық техникаларын, түрлі өндірістік ғимараттарды және интелектуалдық меншік құқықтарын (компъютерлік бағдарлама, ноу-хау т.б.) орта және ұзақ мерзімге жалға беру болып табылады. Лизинг өндірістік процеске қатысушыларға несиелік – қаржылық қызмет көрсету құралдарының бірі. Лизингтік қызмет көрсетудің басты ерекшелігінің өзі сонда, жалға алу үшін жабдықтарды табу және қаржыландыру мәселесі қолданылатын құралдардың есебінен бір мезгілде шешіліп отырады.
Әлемдік тәжірибеде “лизинг” өндіріске қатысушылардың қаржылық – несиелік қызмет көрсету құралдарының бірі болып келеді.
Аренда келісімі жасалатын мерзімге байланысты арендалық операциялардың үш түрін ажыратады:
-қысқа мерзімді аренда (рентинг)-1күннен 1жылға дейін
-орта мерзімді аренда (хайринг)-1 жылдан 3 жылға дейін
-ұзақ мерзімді аренда (лизинг)-3 жылдан 20 жылға дейін
Лизинг - әдетте ұзақ уақыт пайдалануға болатын тұтыну тауарларымен және жылжымайтын мүлікті жабдықтау үшін бөлінетін қаржының түрі. Мүлікке иелік ету құқымен қатар, келісілген шарт бойынша белгілі бір уақытта үшінші біреуге жалға береді. Лизингтік қызмет көрсетудің басты ерекшелігінің өзі, арендатор үшін жабдықтарды табу және қаржыландыру мәселесі қолдану құралдарының есебінен бір мезгілде шешіліп отырады. Сонымен қатар, жабдықтардың бір мезгілде өткізілетін бұл түрі жабдықтаушы үшін де өте тиімді.
Сатып алу – сату келісімінен ерекше, лизингте аренда мүлкін иелену құқына аренда беруші ие болады, ал лизингте алушы тек уақытша пайдалану құқына ие болады.Лизингтік келісім мерзімі аяқталған соң лизинг алушы келісілген баға бойынша келісім объектісін сатып алуына болады, лизингтік келісімді ұзартуына болады немесе келісім шарт мерзімі біткен соң қайтарып беруіне болады.
Өзінің заңды нысаны бойынша лизингтік келісім инвестициялық құндылықтарын ұзақ мерзімді арендасының түрі болып табылады.
80-жылдардың басында лизинг түсінігі жай ғана ұзақ мерзімді жалдау ретінде ғана емес, жалгерлік қатынас, кепілдік есебінен, несиелік қаржыландыру элементтері бойынша есеп айырусылар және басқа да қаржылық механизмдер қатыстырылған дәстүрлі емес, келешекті қаржыландырудың қосымша жүйесі ретінде қарастырылды . Лизингтік операция бүгінгі күні Қазақстандық экономикаға өте қажеттік банктік құрылымның өндірісті қаржыландыру бойынша іскерлік ортамен бірлесе қызмет етуіне әсер ететін операция.
Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсынады. Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тынысы болуы мүмкін.
Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі.
1998 жылы Оттавада қабылданған халықаралық қаржылық лизинг конвенциясында былай деп айтылған: ”Халықаралық тәжірибеде лизинг үш жақты қатынастар кешенін білдіреді, мұнда лизинг компаниясы (лизинг беруші) пайдаланушы өтініші мен нұсқауы бойынша оған өндірістік жабдықты уақытша пайдалануға береді, ал келісім мерзімі аяқталған соң алынған жабдықтың сатып алушы меншігінде қалдырылуы мүмкін.”
Әр түрлі белгілеріне қарай лизингтік операцияларды келесі тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып бөлінеді:
- тура лизинг – бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім);
-жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг – бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.
Бүгінде елімізде құқықтық реформалар барысында көптеген өзгерістер болып жатыр. Әр түрлі заңдар қабылданып, құқықтық мемлекетімізді нығайта түсер түбейгелі шаралар жүргізілуде. Сондай өзгерістердің бірі, еліміздің нарықтық эканомикаға көшуімен ілесіп келген күрделі құбылыстардың бірі - “лизинг” терминінің кең орын алуы [3].
Қазіргі кездегі нарықтық экономиканың заңына байланысты еніп отырған бұл ұғымның маңызы зор. Нарықтық экономикалық қатынастың заңы қатаң: икемің және ақшаң болса ғана өмір сүре аласың. Ал мемлекет мойнындағы дотацияға сүйеніп келген шаруашылықтар, зауыт, фабрикалар мұндай қатаң талап тезіне төзе алмай , өмір сүруден қалып, тоз-тоз болып кетті. Яғни, белшесінен борышқа батып, банкротқа ұшырады. Олар жаңа экономикалық қатынасқа орай бұрынғы шаруашылықтар орнына қайта құрылған өндірістік кооперативтер. Алайда , олардың құрал-саймандары, яғни техникасы бүгінгі күннің талабына сай емес, сапалы өнім беруге жарамсыз. Міне, еліміздің экономикасының өркендеуіне әсер ететін осындай мәселелерді шешуде инвестициялық құрал ретінде мүлікті жалдау шартының бір түрі лизингті қолдану оң нәтиже беретіні сөзсіз.
Өз қызметін қалыпты жүзеге асырғысы келетін кәсіпорындар өздерін қандай да болсын мүлікпен қамтамасыз ету үшін оларға екі мүмкіндік беріледі:
1.Сатып алу (өз қаражаттары есбінен);
2.Жалға алу.
Қазіргі кезде кәсіпорындардың көпшілігі сатып алуға қаражаты жетіспеушілігінен жалға алуға келіп жүгінері сөзсіз. Мұндай жағдайда туындайтын бір мәселе, осы қажетті мүлкі бар және оны ұзақ мерзімге жалға беруге дайын кәсіпорынды табу. Әрине, бұл мәселені шешу қиынға түседі, себебі мүлікпен иемденетін кәсіпорындар оны жалға беруге емес, көбінесе сатуға тырысады. Мұндай қиындықтан шығу жолдарының бірі – мүлікті үшінші тұлғаның мүддесі үшін сатып алатын және оны жалға беретін адамды табу.
Осыған сәйкес, лизингтік қатынастардың міндеті өзінің клиентіне қажетті мүлікті сатып алып, келісілген мерзімге тиісті ақыға жалға беру болып табылады.
Қазігі кезде лизинг дегеніміз кәсіпкерлік қызмет деген әр түрлі ойлар бар. Мысалы, Ресей ғалымы В.А. Горемыкин лизингті банкілік немесе коммерциялық қызметтерге қарағанда кәсіпкерлік қызметтің жоғарғы деңгейіне жатқызады, өйткені ол қаржылық бизнесте, өндірісте және құрал-жабдықпен мүлік нарқында кең көлемді білімді қажет ететінін айтады.
Лизинг - әлем экономикасында шапшаң дамып келе жатқан қызметтер шеңберіндегі коммерциялық, кәсіпкерлік қызметтің салыстырмалы жүйеде жаңа түрі деп атауға болады.
Көптеген ғалымдардың ойы бойынша қазіргі мағынадағы лизинг 1952 жылы АҚШ-тың Сан-Франциско қаласында ең бірінші Лизинг компаниясының ашылуымен тұспа-тұс келеді.
Босх мырза Калифорния штатындағы азық-түлік өндірісімен айналысатын кішігірім фирманың басшысы-тұғын. Әскери ведомстваның үлкен тапсырмасын орындау үшін оған автокөлік паркін ұлғайту кепек болады. Бұл фирманың капиталы шағын болғандықтан бұл мақсатта қолдану үшін қаржы көздері жоқ еді. Сонда Босх кепекті машиналарды арендалауды жөн көрді, сонымен оларды алу процесін қаржыландырады. Мұндай операцияның өте тиімді екенін байқап және кейбір фирмалар оның жасаған операциясын қайталағысы келетінін естіп, Босх 20 мың доллар капиталы бар лизинг фирмасын құрды. Екі жылдан кейін бұл фирма құны үш миллион доллардан асатын машиналар мен құрал-жабдықтарды жалға беріп отырды. Осыдан кейін Босх мырза 400 мың доллары бар екінші бір лизинг фирмасын ашады.
Қазақстан мен Ресейде, сонымен қатар ТМД елдерінде лизинг өзініңдамуын 1989 жылдан бастады деп айтуға болады. Шетел елдегі лизингтік ұйымдық нысандарының ішінен мұнда әзірше тек қана қаржылық лизинг компаниялары және лизинг операцияларымен айналысатын коммерциялық банктер дамып отыр.
Алғаш рет Қазақстан заңдарында “лизинг ” термині ҚазССР-дегі кәсіпкерліктің дамуы және шаруашылық қызмет еркіндігі туралы заңның 21-бабында қолданылды. Кейін “лизинг ” термині келесі нормативтік құқықтық актілерде: 1994 жылғы 18 наурыздағы “Қазақстандық фрахталық компаниялар және транспорттық лизингтік компаниялар құру туралы ” , 1994 жылғы 10 қазандағы “Азия лизинг мемлекеттерінің қатысуымен лизингтік компаниялар құру туралы ”, 1998 жылғы 15 сәуірдегі “Ауыл шаруашылығындағы лизингті ұйымдастыру шарттары мен тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы ”, сондай-ақ басқа да нормативтік актілерде көрініс тапты.
Лизинг жалдаудың бір түрі болғанымен оны бір-бірінен айыра білу керек. Лизинг алушы жалға алушы сияқты мүлікті тек ұзақ пайдалануға ғана алмайды. Оған сонымен қатар меншік құқығымен байланысты сатып алушының міндеттері жүктеледі: мүлікті төлеу, мүліктің кездейсоқ жойылуынан болған зиянды өтеу, мүлікті сақтандыру және техникалық қызмет көрсету, сондай-ақ жөндеу. Бірақ, мүліктің меншік иесі лизинг берушінің өзі болады. Лизинг мәмілесінің объектісінің жойылуы немесе оны пайдаланудың мүмкінсіздігі қарызды толық өтеу міндетінен босатпайды. Лизинг алушы жалға алушы сияқты мүлік пайдалану құны үшін ай сайын ақысын жалға берушіге төлеп тұрмайды. Ол мүлікті пайдалану үшін лизинг берушіге мүліктің толық құнын өтейді. Кемшілігі болған жағдайда лизинг беруші кепілдік міндеттерден түгелдей босатылады. Бұл жағдайда негізделген, өйткені лизинг беруші мүлікті лизинг алушының сұрауымен және оның мүддесіне сатып алады. Сондай-ақ, міндеттердің бұлай бөлінуі мүлік алушының мүлікті күтіп ұстауының кепілі болып табылады [4].
Жалға алу шарты мен лизинг шарты тараптарының арасында тәжірибеде қалыптасқан басқа да айырмашылықтар бар. Лизинг бойынша төлемдерді есептегенде мүліктің сатып алу бағасы, лизинг шарты жасалған мерзім, қалдық құны және үстеме бағалары есептелінеді. Жалға беру кезінде төлем мөлшері көбінесе нарықтық конъюктураға (сұраныс және ұсыныс ) байланысты есептеледі. Жалға алу шартына қарағанда лизингте тәжірибе көрсеткендей шарттың әрекет ету мерзімі аяқталғаннан кейін алдын ала келісілген баға бойынша мүлік лизинг алушының жеке меншігінде қалады. Мұндай жағдайда бөлек шарт жасау қажеттігі туындайды.
Лизинг әлемнің көптеген елдерінде өз дамуын тауып, кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың пайдалы әдістерінің бірі болып саналғанымен, Қазақстанда әлі де болса оның даму нысандары мен жолдары анықталуда. Қазіргі экономиканың дағдарыстық жағдайында көптеген кәсіпорындар өндірістің техникалық жаңаруына ірі мөлшердегі қаражаттарды салуды жүзеге асыра алмай отыр. Осыған байланысты барлық меншік нысанындағы отандық өндірісті қолдауға, соның ішінде шағын және орта кәсіпкерлікті және өндіріс аясын дамыту үшін қосымша жеке инвестициялар тартуға мүмкіндік беретін лизингтік бизнесті дамыту қажеттілігі туындауда. Шағын кәсіпкерліктің инвестициялық лизингтік жоспарына қолдау көрсету осы процеске қатысатын негізгі субъектілерін анықтауға негізделуі керек – олар ретінде лизингтік компаниялар түсуі керек.
Лизингтік қызметтің қазіргі кездегі нарығы лизингтің көптеген нысандарымен, лизингтік келісім үлгілерімен және лизингтік операцияларды реттейтін нормаларымен сипатталады.
Әр түрлі белгілерге қарай лизингтік операцияларды төмендегідей етіп топтастыруға болады:
І. Қатысушылар құрамы бойынша:
- тікелей лизинг, мұнда мүлік иесі өз бетінше объектіні лизингке өткізеді (екі жақты лизинг )
- жанама лизинг, мұнда мүлікті делдал арқылы лизингке береді (үш жақты немесе көп жақты лизинг )
II. Мүлік түрі бойынша:
- қозғалмайтын мүлік лизингі
- қозғалатын мүлік лизингі
- бұрын пайдалануға болғаны жабдықтың лизингі
III. Өзін - өзі ақтау деңгейі бойынша:
- толық өзін - өзі ақтайтын лизинг, мұнда бір келісім шарт шегінде мүліктің құны толығымен төленеді
- толық емес өзін - өзі өтеу, мұнда лизинг барысында арендаға берілген мүліктің құны жартылай өтеледі
ІҮ.Амортизация шарты бойынша:
- толық амортизацияланған лизинг
- толық емес амортизацияланған лизинг
Ү.Өзін-өзі ақтау деңгейі мен амортизация жағдайына байланысты:
- қаржы лизингі, яғни лизинг туралы келісім мерзімінде арендатор аренда берушіге арендаға алынған мүліктің бүкіл құнын төлейді (толық амортизациясын).Қаржы лизингі үлкен көлемді күрделі салымдарды талап етеді және банктермен бірлесе жүзеге асырылады
- жедел лизинг. Келісім 2 жылдан 5жылға дейін жасалады.Мұндай лизинг объектісіне әдетте моральдық тозуының қарқыны жоғары жабдықтар жатады.
VI.Қызмет көрсету көлемі бойынша:
- таза лизинг. Егер бұл жағдайда берілетін жабдықтың қызметінің барлығын лизинг алушы өзіне жүктейді
- қызметтердің толық жиынтығы бар лизинг – объектіге қызметті лизинг беруші көрсетеді
- жартылай қызмет жиынтығы – аренда беруші жартылай қызмет көрсетеді.
VII.Операциялар өтетін нарық секторына байланысты:
- ішкі лизинг – келісімге қатысушылар бір елден болады
Xалықаралық лизинг – келісімге қатысушылардың бірі бір елден, қалғандары басқа елден. Әр түрлі белгілеріне қарай лизингтік операцияларды келесі тәртіппен топтастыруға болады. Қатысушылар құрамына қарай мынадай болып бөлінеді:
- тура лизинг, бұл кезде мүлік иесі өз еркімен объектіні лизингке өткізеді (екі жақты келісім);
- жанама лизинг (үш жақты немесе көпжақты лизинг ), бұл кезде мүлікті беру делдал арқылы жүзеге асырылады.
Тура лизингтің жиі кездесетін түрі – қайтымды лизинг, лизинг фирмасы иесінен мүлікті сатып алып, оны оған қайта жалға беретін лизинг.
Мүлікті типіне қарай былай бөлуге болады:
- жылжымалы мүлік лизингі;
- жылжымайтын мүлік лизингі;
- бұрын пайдаланылған мүлік лизингі.
Өтеу деңгейіне қарай былай бөлуге болады:
- бір келісімнің әрекет ету мерзімінде мүлік құны толық өтелетін лизинг;
- толық өтелмейтін лизинг.
Қызмет объектісіне қарай былай бөледі:
- егер жалданатын затқа көрсетілетін барлық қызметті лизинг алушы өз мойнына алса, таза лизинг;
- толық қызмет жиынтығы бар лизинг – объектіге толық қызмет көрсету лизинг берушіге жүктеледі;
- жартылай қызмет жиынтығы бар лизинг.
Операция өткізілетін нарық секторында ішкі және сыртқы(халықаралық)
лизингті қарастырады.
Сыртқы лизинг экспорттық және импорттық болып бөлінеді. Экспорттық лизинг кезінде шетел лизинг алушы, ал импорттық лизинг кезінде – лизинг беруші болып табылады.