Лизингті халықаралық несие қатынастары ретінде ұйымдастырудың теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Марта 2012 в 05:51, курсовая работа

Описание работы

Бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің тауарлар мен қызметтер өндіру саласындағы негізгі капиталдарының әбден тозығы жетуі, техникалық, технологиялық қасиеттері бойынша шетел аналогтарынан артта қалуы, өнімділігінің төмендігі, ресурстарды үнемдемеушілігі көпшілікті алаңдатар жәй болып келе жатыр. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.

Работа содержит 1 файл

Қаржылық лизинг.doc

— 517.50 Кб (Скачать)


Кіріспе

 

 

Бүгінгі таңда көптеген кәсіпорындардың, жеке кәсіпкерлердің  тауарлар мен қызметтер өндіру саласындағы негізгі капиталдарының  әбден тозығы жетуі, техникалық, технологиялық қасиеттері бойынша шетел аналогтарынан артта қалуы, өнімділігінің төмендігі, ресурстарды үнемдемеушілігі көпшілікті алаңдатар жәй болып келе жатыр. Бәрімізге белгілі, Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыру кезеңі сауда-экономикалық байланыстардың жаппай үзілісі, өндірістің құрылуы және инфляция мен баға деңгейінің өсуі нәтижесінде, инвестициялық белсенділіктің төмендеуі жағдайында бастады.

Міне, осы жағдайларда Қазақстан экономикасындағы негізгі құрал-жабдықтардың табиғи және моральдық жағынан тозуы өзекті мәселелердің бірі блоып табылады. Себебі, көптеген кәсіпорындардың ақша қаражаттарының жетіспеушілігі, сонымен бірге техникалық құрал-жабдықтардың толық құнын төлеу үшін несие алудағы қиыншылықтар әсер етеді.

Осы жағдайларда негізгі құрал жабдықтарды жаңартудың тиімді әдістерінің бірі күрделі құрылысты қаржыландырудың және негізгі капиталға инвестициялау көзінің  ерекше нысаны лизинг болып табылады

Физикалық және моральды тозығы жеткен құралдарды ауыстыру мәселесі отандық кәсіпкерлердің инвестициялар жасауға өзіндік қаражаттарының жетіспеушілігімен ұштасады. Мұндай жағдайда лизинг қатынастарының дамуы осындай өндірістік  қажеттіліктер пен қаржылық  мүмкіндіктер арасындағы қайшылықтарды шешуге көмектеседі, экономиканың бүкіл салаларындағы техникалық және технологиялық жаңарту жүргізуге мүмкіндік береді. Лизингтің инвестицияның басқа тәсілдерімен салыстырғанда артықшылығы бар. Ол кәсіпкердің ғимарат және жабдық сатып алуға бүкіл қаражатын жұмсамай, оның бір ғана бөлігін ғана пайдалана отырып, өз бизнесін дамытуға мүмкіндік береді. Осының нәтижесінде лизингке әсіресе  қаражаттары шектеулі шағын және орта бизнес өкілдері айрықша қызығушылық танытады.

Лизинг қомақты қаражат болмаса да өндірісте озық технологияларды пайдалануға жол ашылады. Осы жағынан лизинг шағын кәсіпкерлікті дамытудың маңызды құралына айналады.

Қазіргі кезеңде Қазақстан Республикасындағы лизинг институттары даму жолында, бірте-бірте банктер және басқа да қаржылық ұйымдар  тәжірибесінде қаржылық лизинг нысаны өзіндік орнын табуда. Халықтың да көпшілігі лизинг жетістіктері туралы мәлім болуда, және оған мұқтаждық білдіріп, тұрақты өсіп отыратын сұраным қалыптастыруда.

Қазақстанда лизингтің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуекелді және бұл тәуекелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлем 3 млрд.. АҚШ долларынан асатын ұлттық қор қалыптастырылды.

Біздің еліміздегі несиелеудің лизингтік нысанының дамуында екі кезеңді атауға болады. Бастапқы кезеңде материалдық құндылықтарды жалға берумен мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар айналысты. Мұндай операциялардың барлығы да өндірістік кәсіпорынның мүлкін жалға беру қызметін атқарумен байланысты болып келеді.

Еліміздің арнайы маманданған лизингтік ұйымдардың пайда болуы – немесе жалға берудің екінші кезеңі. Лизингтік фирмалар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде, Жапонияда, Австралияда, Жаңа Зеландияда кеңінен тараған. Лизингтік компаниялардың қызметтері ұлттық деңгейде шектеліп қоймай, халықаралық сипатқа ие болуда.

Лизинг – бұл машина,құрал-жабдық, автакөлік құралдарын, құрылыс және ауыл шаруашылық техникаларын, түрлі өндірістік ғимараттарды және интелектуалдық меншік құқықтарын (компъютерлік бағдарлама, ноу-хау т.б.) орта және ұзақ мерзімге жалға беру болып табылады. Лизинг өндірістік процеске қатысушыларға несиелік – қаржылық қызмет көрсету құралдарының бірі. Лизингтік қызмет көрсетудің басты ерекшелігінің өзі сонда, жалға алу үшін жабдықтарды табу және қаржыландыру мәселесі қолданылатын құралдардың есебінен бір мезгілде шешіліп отырады.

Әлемдік тәжірибеде “лизинг” өндіріске қатысушылардың қаржылық – несиелік қызмет көрсету құралдарының бірі болып келеді.

Ғылыми-техникалық прогрестің әсерімен өндірістің қайта ұйымдастырылуы, шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының түбірімен өзгеруі еліміз үшін материалдық-техникалық базаны жаңартудың және әртүрлі меншік нысанындағы субъектілердің негізгі құрал-жабдықтарын жетілдіру үшін дәстүрлі емес әдістерді іздестіру және ендіру қажет болып отыр. Осындай әдістердің бірі лизинг. Кәсіпкерлік саласындағы лизингтік бизнестің орны ең алдымен лизингтің объектісіне орай айқындалады.

Мемлекеттің қаржы жүйесінің негізгі буыны халық шаруашылығы салалары кәсіпорындарының қаржылары болып табылады. Міне, осы буында нақты түрлі экономикалық қатынастар жүргізіледі.

Қазақстан нарықтық қатынастарға еселеніп отырған дағдарыс кезеңінде өткен. Бұл дағдарыс өндірістің құлдырауы мен сауда-экономикалық қатынастардың жаппай бұзылуының, бағалардың қарқынды өсуі мен инфляцияның өрши түсуінің салдарынан инвестициялық белсенділік күрт төмендеді.

Қазақстан экономикасы дамуының өзекті мәселелерінің бірі экономиканың базалық және басым салаларындағы негізгі құралдардың физикалық және моральді тозуы болды. Бұл мәселені шешуде біздің ойымызша лизингтің, инвестициялаудың ерекше түрі ретінде, маңызы өте жоғары.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Ұлттық экономиканы көтерудің басым шараларының бірі ретінде инвестицияларды пайдалануды атады. Бұл орайда экономиканы құрылымды өзгертуде және көп жылдық дағдарыстан шығуда лизинг алдыңғы қатарлы және тиімді қаржыландыру түріне айналады. Сондықтан да лизингтің табиғатын, пайда болу тарихын, шет елдік және отандық тәжірибелерді, елімізде даму келешегін талдаудың маңызы зор. Осыған орай дипломдық тақырыпты таңдауға біріншіден, Қазақстан Республикасында лизинг нарығы әлі де толығымен қалыптасып, игерілмеуі; екіншіден, лизинг арқылы экономиканы инвестициялау бірден-бір дұрыс жол деп есептейтінім негіз болды. Зерттеудің негізгі мақсаты лизингтің теориялық негіздерін зерттеу және оның шетел тәжірибесін ескере отырып, Қазақстандағы даму деңгейін, жетілу жолдарын іздеу және келешегіне болжам жасау.

Лизингтік бизнес кәсіпкерлік қызметтің ерекше саласын ұсынады. Лизингті белсенді енгізетін болса, мүмкіншілігіне қарай өндірісті техникалық қайта жарақтандырудың, Қазақстан экономикасын құрылымдық қайта құрудың, нарықты жоғары сапалы тауармен қамтудың мықты тынысы болуы мүмкін.

Бүкіл әлемде көптеген кәсіпкерлер бизнес үшін қажетті мүліктерді меншікке емес, жалға алғанды жөн көреді. Жалгерлік, бірінші кезекте кепіл есебімен (кепілдік, тапсырыс) несиелеу элементтері, дамыған нарық қатынасына тән әр түрлі қаржылық механизмдер және қарыз міндеттемелері бойынша есеп айырысулар кездесетін келешекті қаржыландырудың арнайы қосымша көзі ретінде енгізіледі [1].

Дипломдық жұмыстың мақсаты – лизингтін Қазақстан Республикасындағы даму  үрдісін және жетілдіру жолдарын зерттеу.

Осы мақсатқа жету барысында келесі міндеттерді орындау қажет:

-          лизинг ұғымын, қалыптарын және түрлерін қарастыру;

-          лизингтің негізгі капиталды жаңарту құралы ретіндегі ролін, маңыздылығын анықтау;

-          лизингтің объектісін, субъектісін, жүргізу тәртібін сипаттау;

-          қаржылық лизингтің Қазақстан Республикасындағы даму тәжірбиесімен танысу;

-          лизингтік қатынастарды басқарудағы тәуекел мәселесін қарастыру;

-          Қазақстандағы лизингтік механизмдерді жетілдіру жолдарын белгілеу.

Зерттеудің теориялық – методологиялық негіздемелеріне тұжырым жасайтын материалдар мен құжаттарға президенттіміздің жолдаулары, Қазақстан Республикасының Конституциясы және өзге кәсіпкерлік қызмет саласындағы заңнамалық негіздер, қазақстандық және ресейлік авторлардың еңбектері, статистика агенттігінің мәліметтері жатады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1        Лизингті халықаралық несие қатынастары ретінде ұйымдастырудың теориялық негіздері

 

1.1  Лизинг ұғымы, қалыптары, түрлері

 

 

Қазіргі кезде коммерциялық банктер қызметтері саласында лизингтік операциялар пайда бола бастады.

Лизингтік операциялар ежелден белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың дамуы б.д.д. 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда лизинг XX ғасырдың 60 - жылдыры АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және т.б. дамыған индустриалды елдерде пайда болып, кейін Шығыс Еуропаның көптеген елдерінде өз дамуын жалғастырды.

Басында АҚШ-та лизингтің кең тараған объектісі қоршаған ортаны қорғауға арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік қатынастардың ерекшклігі құрал-жабдықты жалға алу және мерзімі ұзартылып сатып алу арасында нақты шектеудің жоқтығы, оны пайдаланудағы төмен проценттік төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен сатып алу мүмкіндігі (көп жағдайларда лизинг мерзімі аяқталысымен) болып табылады. Қазіргі уақытта АҚШ-та лизинг жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың техникалық қайта жарақтануының және құрылып жатқандардың жабдықталуының нақты құралдарының біріне айналды (құрал-жабдыққа жұмсалатын қаражаттардың 20 пайызы лизинг есебінен өтеледі).

ХХ ғасырдың 60 - жылдары ұзақ мерзімді жалдың лизингтік мәмілелері әлемнің көптеген индустриалды дамыған, ең алдымен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен дами бастады. Алғашында бұл елдерде өнеркәсіптік кәсіпорындардың лизинг көмегімен құрал – жабдықты сатып алудағы қаржыландыру үлесі АҚШ-пен салыстырғанда төмен болды. Бірақ қазіргі кезде Ұлыбританияда өндірістік құрал – жабдықтарды жалға беру салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қамтамасыз етудің негізгі формасы болып табылады (өнеркәсіпте қолданылатын құрал-жабдықтың жалпы көлеміндегі жалға алатын құрал-жабдықтың үлесі 60%-ға жетті). Францияда соңғы жылдары лизингтің экспанциясы байқалуда. Батыс Еуропа елдеріндегі лизингтік операциялардың өсуі оның өндіріс пен өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыру, салықтарды төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен байланысты. Сонымен қатар лизинг құрал-жабдықты жалға беруші фирмалар үшін де, жалға алушы фирмалар үшін де, әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының жалғыз мүмкіндігі болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса тиімді болып табылады. Лизинг уақыты қолданылатын еңбек құралдарының қызмет атқару мерзімінің 40-90 пайызын құрайды және иемдену сипатында болмайды. Жапонияда жыл сайынғы лизингтік операциялардың өсу көлемі 30 пайызды құрайды.

Лизинг ағылшын тілінен аударғанда “жалға беру”деген мағынаға ие. Экономикалық категория ретінде лизинг машиналарды, құрал-жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік сипаттағы құрылғылардың ұзақ мерзімге жалға берілу негізіндегі қатынастарды білдіреді. Лизинг қажетті құрал ықты көп ақшалай қаражат шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге жаға алуға мүмкіндік береді. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға алу өндіріс құралдарының моральдық тозуымен байланысты жоғалтуларды болдырмайды.

Лизингтік компания құрал-жабдықты сатып алып, жалға алушы фирмаға 5-8 жыл мерзімге жалға береді. Ал ол өз кезегінде мүлікті қолдана отырып біртіндеп қарызын өтейді [2].

Лизингтік қызметтер стратегиялық маңызды салалардың тез дамуына жағдай жасай отырып, экономиканың өндірістік секторын нығайтады. Сонымен қатар, лизинг несиелендірудің баламалы формуласы ретінде банктер мен лизингтік компаниялар арасындағы бәсекені күшейтеді, несие процентінің төмендеуіне әсер етеді, ал бұлардың өзі өндірістік салаға капитал ағымын ынталандырады.

Дәстүрлі жалға алумен салыстырғанда лизингтік операциялардың ерекшекліктері қандай? Біріншіден, мәміле нысанын лизинг беруші емес, өз есебінен құрал-жабдықты иеленетін лизинг алушы таңдайды. Екіншіден, лизнг мерзімі құрал-жабдықтың физикалық тозу мерзімінен (1-20 жылға ) аз және салықтық амортизация мерзіміне (3-7 жыл) жақын. Үшіншіден, келісім- шарттың мерзімі аяқталғаннан кейін клиент жеңілдетілген ставкамен жал мерзімін ұзарта немесе қалдық құнымен сатып ала алады. Төртіншіден, әдетте лизинг беруші қаржылық мекеме – лизингтік компания болып табылады.

Жалдық төлемдер ай сайын, әр тоқсан немесе жарты жыл сайын жүзеге асырылады. Жал төлемінің ставкасы әдеттегі коммерциялық қызметтер жағдайындағы сатып алу бағасының жоғары және жабдықтың сипаты мен келісім – шарт мерзіміне байланысты белгіленеді.

Қазақстанда лизингтің дамуының өзектілігі сол, еліміз әзірше шикізат ресурстарының әлемдік бағаларына тәуекелді және бұл тәуекелділік көмірсутекті шикізат экспортының көлемінің ұлғаюына байланысты алдағы орта мерзімді болашақта сақталып әрі өсе түсуде. Ұзақ мерзімде ел экономикасын мұнай бағасының тұрақсыздығынан қорғау мақсатында Қазақстанда мұнай экспортынан түскен табыстың ауқымды мөлшерінен көлем 3 млрд.. АҚШ долларынан асатын ұлттық қор қалыптастырылды.

“Біздің іс жүзінде барынша тиімділік беретін үздік халықаралық тәжірибелерді енгізуіміз қажет ”, - деп атап көрсетілген Президенттің 2005 жылғы Қазақстан халқына жолдауында.

Қазақстан экономикасын шикізат ресурстарының бағалары тұрақсыздығынан қорғаудың тағы да бір тетігі отандық өндірістің дамуы болып табылады. Бұл жағдайда елдегі құрал – жабдықтардың 80 пайызы тозғанын, алдағы бірнеше жылда оларды алмастыру қажеттігін ескерген жөн. Осы мәселені шешудің бір жолы жалға алудың басқа түрлерімен салыстырғанда кешенді сипаты бар сыртқы – экономикалық, несиелік және инвестициялық операциялар элементтерін біріктіретін лизинг болмақ.

Жалпы, лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз қызметтерін жетілдіруге мүмкіндік береді және орта бизнестің дамуына көмектеседі.

Біздің еліміздегі несиелеудің лизингтік нысанының дамуында екі кезеңді атауға болады. Бастапқы кезеңде материалдық құндылықтарды жалға берумен мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар айналысты. Мұндай операциялардың барлығы да өндірістік кәсіпорынның мүлкін жалға беру қызметін атқарумен байланысты болып келеді.

Еліміздің арнайы маманданған лизингтік ұйымдардың пайда болуы – немесе жалға берудің екінші кезеңі. Лизингтік фирмалар АҚШ-та, Батыс Еуропа елдерінде, Жапонияда, Австралияда, Жаңа Зеландияда кеңінен тараған. Лизингтік компаниялардың қызметтері ұлттық деңгейде шектеліп қоймай, халықаралық сипатқа ие болуда.

Информация о работе Лизингті халықаралық несие қатынастары ретінде ұйымдастырудың теориялық негіздері