АҚШ. ЖҰӨ-нің 50 %-нан астамы, инновациялардың
жартысынан астамы, ұлттық жұмыс
күшінің 2/3 астамы шағын кәсіпкерлікке
тартылған. АҚШ-та шағын кәсіпкерлік
ел экономикасын оңалтуда шешуші
рөл атқарды. Бұл үшін АҚШ-та
аталған сектордың дамуына көмек
беретін құрылым – АҚШ шағын
бизнес әкімшілігі (1953 жылы құрылған)
бар. Сапалы, клиентке бағытталған
кең ауқымды бағдарламалар қалыптастыру
және кәсіпкерлер қоғамдастығын
барлық жаңалықтар туралы уақтылы
хабардар ету – қызметтің мәні.
Осы әкімшілік арқылы шағын
кәсіпорындарға кепілдендірілген
қарыздар беру арқылы үлкен
қаржылық қолдау көрсетіп келеді.
Атап айтсақ, бұл ұйым 155000 АҚШ
долларынан аспайтын қарыз соммасына
90% ал, 750000АҚШ долларына дейінгі
үлкен көлемдегі қарыз соммасына
75% кепілдік бере алады. Ол
дегеніміз, егер қарыз алушы
берілген қарызды қайтара алмаған
жағдайда шағын бизнес істері
жөніндегі әкімшілік қарыз соммасын
қайтаруға міндеттенеді.
Жапония. Шағын және орта кәсіпкерліктің
барлық компаниялар санының 99,6
%-ын, ЖІӨ-нің 55 %-ын және өнеркәсіпке
жұмыспен қамтылғандардың 80 %-ын
құрайды. Шағын кәсіпорындарға
қатысты мемлекеттік саясатты
іске асыру үшін шағын және
орта кәсіпкерлікке қатысты мемлекеттік
саясатты іске асыратын мамандандырылған
органдар желісі құрылды. Жапония
тәжірибесіне сүйенсек, жаңа жұмыс
орындарын құру мен жаңа технологияларды
дамытуда маңызды рол атқаратын
жаңа кәсіпорындарды ынталандыруға
ерекше мән беріледі. Осы мақсатта
бекітілген шаралардың ішінен 10
млн. иенге дейін арнайы төмен
пайыздық кредиттер мемлекет
кепілдігімен беріледі.
Жапонияда
зертеулерді дамыту деңгейі бойынша жетекші
рөлді технопарктер алады. 70 % шамасында
жапондық технопарктер өңірлердегі шағын
кәсіпкерлік кәсіпорындарын қолдау үшін
құрылды, бұл ретте, 58 %-ы жоғары технологиялы
өнімдер өндіруге бағытталған.
Германия. Германдық кластерлік-желілік
ұстанымды қолдаудың негізгі
қағидаттары – бұл мынандай
нарықтық тетіктерге:
- мемлекеттік қолдауға емес, шағын және орта кәсіпкерліктің дербестігіне басымдыққа;
- тиімсіз кәсіпорындар нарықтан кетуі керек;
- шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің қаржылай көмек беруі үшін негізгі талап – несиеге қабілеттілікке тірек болады;
Корея. Барлық компаниялардың 99,5
% - ын құрайтын 3 млн. шағын және
орта кәсіпкерлік субъектілері
бар. Соның ішінде шағын компаниялардың
үлесі 97 % құрйды. Оңтүстік Кореяда
шағын компаниялар хұмысқа орналастырудың
маңызды көзі болып табылады,
өйткені онда елдің экономикалық
белсенді халықтың 87 %-ы жұмыспен
қамтылған (10 млн.-нан астам). Шағын
және орта кәсіпорындардың үлесіне
елдің ЖІӨ-нің жартысы және
оңтүстіккореялық экспорттың 43 % тиесілі.
Израиль. Қолдау
нфрақұрылымының объектілері құрылған,
олардың көпшілігі мемлекеттік.
Кәсіпорындарды қаржыландыруға
көмек беретін мемлекеттік және
бірнеше жеке қорлар бар, ал
мемлекеттік субсидия бизнесті
жүргізу үшін қажетті қаражаттың
¾-ін құрайды, ¼-кәсіпкердің салған
қаражаты.
Бизнес-инкубаторларды
қолдайтын венчурлық қорлар бар,
оларда алдымен жаңа инновациялық
жобалар жасалады.
Осылайша,
технопарктер мен бизнес-инкубаторлар
мемлекет ғылыми-техникалық салалардың
дамуын қолдайтын және мұндай
саясаттың алдына шаруашылық
жүйені оңтайландыру мен ғылыми-техникалық
прогресс жетістіктеріне бейімдеу
міндеті қойылған елдерде жақсы
дамыған.
Ғылыми-өнеркәсіптік
парктер болашақтағы технополистердің
– озық технологиялар, ғылыми
зерттеулер мен жобалау – құрастыру
әзірлемелері қазіргі үлгілері
болып табылады. Өтпелі экономикалы
көптеген дамушы мемлекеттер
мен елдер үшін ғылыми-өнеркәсіптік
парктерді дамыту басымдығының
стратегиясы – бұл жоғары технологиялық
деңгейдің өңірлік орталықтар
желісін дамыту, барлық ұлттық
шаруашылықты зияткерлендіру негізінде
қызметтің жаңа салаларында ілгерілеу.
Технополистерде
ғылым, жоғары технологиялар,
дәстүрлі ұлттық мәдениет үйлесім
тапқан және шығармашыл, жан-жақты
дамыған адамдардың жаңа қоғамы
құрылады.
Дамыған
елдердің көпшілігінде экономикалық
өсудің шешуші бір факторы
шағын бизнесті жан-жақты дамыту
болып табылады. Олардағы кәсіпорындардың
жалпы санының ішінде шағын
және орта фирмалардың үлесі
80-нен 90 %-ға дейінгі мөлшерді қамтып,
елдің жалпы ұлттық өнімінің 50%-ға жуығын
өндіруді қамтамасыз етіп отыр. Шағын
кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуге
икемділігі – ғылыми-техникалық прогресстің
негізгі бір қозғаушы күшіне айналған.
Мысалы, жапондық мамандардың есептеуінше
екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі
кезеңде бұл елдің әлемдегі ең бай елдер
қатарына қосылуына бірден-бір себепші
болған нәрсе – шағын кәсіпорындарды
дамыту. 1980 жылдардың 2-жартысында Жапонияның
тек өңдеуші өнеркәсібінде ғана 6,5 млн.
шағын және орта кәсіпорын қызмет еткен
немесе бұл олардың жалпы санының 99 %-ға
дейінгі бөлігін қамтиды деген сөз. Оларда
40 млн. адам жұмыс істейді, яғни бұл осы
салада жұмыскерлердің 81%-ы болып табылады.
Концерндер
мен басқа да ірі кәсіпорындар
Жапония экономикасы «аисбергінің
шыңы» ғана деп айтуға болады.
Бұл жерде ірі және шағын
бизнес өзара бәсекеге түсіп қана қоймай,
сонымен қатар қызмет ету саласын бөлісу
негізінде бірін-бірі толықтырып отырады.
Жапонияда бірқатар салаларда, атап айтқанда,
аяқ киім, тігін және гелантерия өндірісінде,
дәрі-дәрмек, құрастырушы бұйымдар мен
конструкциялар өндіруде, бөлшек саудада,
қызмет көрсету саласында өндірістік
және тұрмыстық техникаларды жинап, жөндеп,
қалпына келтіруде шағын бизнес басым
орын алды.
Әсіресе соңғы кезеңдерде
АҚШ-та да шағын бизнес кеңінен дамып
отыр. Ол жұмыскерлер саны 50 адамға
дейінгі шағын және орта фирмалардың
жиынтығы болып табылады. Бұл фирмалар
американдық барлық фирмалардың 99%-ын
құрайды. Бұлардың негізгі бөлігі ұсақ,
көбінесе жанұялық немесе жеке кәсіпорындар.
Мұндай фирмалардың 84%-ы саны жиырмадан
аспайтын, ал 80 %-да оннан аспайтын адам
жұмыс істеді. АҚШ-та шағын фирмалардың
өсуі сандық және сапалық жағынан
да ерекше байқалады. Мысалы, тек 1998 жылдың
өзінде ғана 1 млн. шағын кәсіпорын
пайда болса, ал 1999 жылы 1,3 млн. шағын
фирмалар құрылды. Мұның алдындағы
жылдары жыл сайын 600 мыңға жаңа
кәсіпорын өмірге келіп отырған.
АҚШ-та шағын және
орта фирмалар ЖҰӨ-нің 40%-ын
өндіреді, өның ішінде өңдеуші
өнеркәсіпте - 21%, құрылыста 80%, көтерме
саудада - 86 %, қызмет көрсету -
81%.
АҚШ экономикасында
олар ғылыми-техникалық прогресс
саласына жататын барлық жаңалықтарды
жасаудың, игерудің және өндіріске
енгізудің тең жатысына жуығын
қамтамасыз етеді.
Германияда шағын
және орта кәсіпкерліктің басты
сипаттамасы – ең алдымен меншік
құқы мен кәсіпорынды тікелей
басқарудың бірлігі болып табылады.
Екінші сипаттама – кәсіпорын
қызметінің айшықтылығы, оның
көлемінің шектеулілігі, қожайын
мен жұмыскер арасындағы өзіндік
ерекше қатынас сипатын білдіріп,
өндірістің түпкі нәтижесі үшін
екі жақтың да бірдей мүдделілігін,
ынталығын тудырады. Үшіншіден, кәсіпорын
өмірінде басқарушы рөлдің ерекше
маңыздылығы: ол шарушылықтың
нәтижелігіне тек қана мүлік
иесі болғандықтан ғана емес,
сонымен бірге оның озінің
де өндіріспен тікелей айналысып,
оны ұйымдастыруға барлық жағынан
қатысуынан көрінеді. Төртіншіден,
істі жанұялық негізде жүргізу,
яғни кәсіпорын қызметін нәтижелі
ұйымдастыруға, жүргізуге атадан
балаға мұра ретінде машықтану.
Бесіншіден, шағын кәсіпкерліктің
тағы бір сипатты белгісі ретінде
кәсіпорынды қаржыландыру мәселесін
айтуға болады. Егер алыптар қажетті
ресурстарды негізінен капитал
нарығы (қор биржалары) арқылы
алатын болса, ал шағын және
орта кәсіпорындар банктердің
аздаған несиелеріне арқа сүйейді,
сондықтан да олар үшін қаржыландыру
мәселесі басты проблема болып
табылады.
Шағын кәсіпкерліктің
жоғарыда аталғандай сапалық
жақтарымен бірге сандық жағынан
да сипаттамалары бар. Олар
екі көсеткішке негізделеді: жылдық
айналым соммасы мен еңбекпен
қамтылғандар саны. Германияда қабылданған
есептеу әдістемесіне сәйкес халық шаруашылығының
бұл секторына мыналар жатқызылады:
- белгілі бір жағдайда өзіндік фирма түріндегі барлық жеке еркін мамандық иелері (дәрәгерлер, нотариустар, салық пен жарнама бойынша консультанттар, аудиторлар, өз бетінше дербес әрекет ететін инженерлер, педогогтар, баспасөз, өнер қызметкерлері және т.б.);
- жұмыс істейтіндер саны 1ден 49 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн. маркаға дейінгі ұсақ кәсіпорындар;
- жұмыс істейтіндер саны 50 ден 499 адамға дейінгі және жылдық айналымы 1 млн.-нан 100 млн.-ға дейінгі марка болатын орта кәсіпорындар;
Германияда
жоғарыда көрсетілген статистикалық
есептеу тәртібіне байланысты 1,9
млн. шағын және орта кәсіпорын
жұмыс істеп, олар халық шаруашылығының
салалары бойынша мынандай негізде
бөлінеді: қол өнерінде -537 мың, саудада
-255 мың, өнеркәсіпте-108 мың, қызмет
көрсету саласында – 665000 мың,
еркін мамандық секторы – 360
мың .
Елдегі
шағын және орта бизнестің
экономикалық маңызы – біріншіден,
барлық еңбекке жарамды адамның
2/3 – бөлігін қамтып отырған;
екіншіден, елдің ЖІӨ-нің жартысына
жуығын берген; үшіншіден, барлық
инвестициялар мен тіркелген
патенттердің жартысынан артығын
өндіріске енгізуге септігін
тигізген; төртіншіден, Германиядағы
барлық өндірісті оқу орындарының
85 % -ын қамтитын кадрларды даярлау
көзі ретіндегі рөлмен анықталады.
Шағын
кәсіпкерліктің барлық кешенді
ішкі және сыртқы проблемалары
олардың өз күшімен шешілуі
мүмкін емес. Қазіргі кезде Германияда
бірқатар жағдайлар шағын және
орта бизнеске мемлекеттік қолдау
жүйесінің қажеттігін көрсетіп
отыр. Олардың ішінде:
- Еуропалық қауымдастық шеңберінде 1993 жылдың басынан бастап бәсеке жағдайын шегіне жеткізе шиеленістіретін тауарлар, қызметтер, жұмысшы күші және капитал қозғалысы жолындағы барлық кедергілерді алып тастау;
- технология мен табиғатты қорғау шараларына байланысты заңдық нормалардың қатаңдатылуы, оларға жұмсалатын күрделе қаржыны одан әрі қысқарту және оны пайдаланудың тиімділігін арттыру;
Германияда
шағын бизнесті мемлекеттік қолдау
жүйесінің негізінде жатқан басты
қағида - өздігінен, мүмкіндігінше өз бетінше
дамуды барынша ынталандыратын көмек
беру болып табылады. Бағдарламаның мақсты
– шағын және орта бизнестің тиімділігі
мен бәсеке қабілеттілігін арттыру. Осыған
байланысты мынандай шараларды атап өтуге
болды:
Германияның федералды үкіметі
құрылымдық-саяси шараларды іс жүзіне
асырып отыр. Олар шағын фирмалар үшін
қалыпты бәсеке жағдайын қамтамасыз етуге
бағытталған. Бұл жердегі басты бағыт
– 1957 жылы заңды түрде бекітілген, шағын
және орта фирмалардың ұстанымдарын нығайтуға
бірнеше рет қайта қаралған – картельді
құқық. Картель қызметін қадағалаушы ведомство,
біріншіден, ірі фирманың бір –біріне
қосылып кетуін қатаң бақылап отырады;
екіншіден, орынсыз тыйым салуларды алып
тастап, шағын және орта кәсіпорындардың
кооперациялануына жеңілдік жасайды.
Салық салудағы жеңілдіктер.
Германияның
жаңа аймақтарында қазіргі кезде
кеңінен пайдаланып жүрген жұмыстың
үш түрі бар:
- амортизациалық аударымдардың арнайы нормалары;
- пайданың салық салынбайтын резервтерін жасау;
- салық ведомстволары төлейтін инвестициялық үстемелер;
«KPMG Tax and Advisory»
ЖШС (ары қарай – КПМГ) «Қазпочта» АҚ корпоративтік
басқаруын диагностикалау шеңберінде
«Самұрық-Қазына» АҚ үшін диагностика
нәтижелері бойынша есеп берілді, соның
нәтижесінде «Қазпочта» АҚ-дағы корпоративтік
басқаруды жетілдіру жөніндегі жоспар
жасалды. Аталған Жоспарды жүзеге асыру
шеңберінде бірқатар шаралар орындалды,
оның ішінде:
Іскерлік әдеп кодексін бекіту;
Жекелеген қауіп-қатерлерді
басқару жөніндегі құжаттарды бекіту
(Қауіп-қатерлерді басқару саясаты,
Қауіп-қатерлерді сәйкестендіру және
бағалау ережелері, Пайыздық қауіп-қатерлерді
басқару жөніндегі ереже-қағидалар,
Валюталық қауіп-қатерлерді басқару
жөніндегі ереже-қағидалар, Елдер
лимитін белгілеу жөніндегі ереже-қағидалар,
Өтімділік қауіп-қатерін басқару
жөніндегі ереже-қағидалар, Операциялық
қауіп-қатерді басқару жөніндегі
ереже-қағидалар);
Директорлар кеңесі мен компания
басшылығына қауіп-қатерлер жөніндегі
есептілікті тұрақты ұсынып отыру
(2 тоқсандық есеп ұсынылды);
Қауіп-қатерді басқару
жөніндегі бөлімше басшысының аудит
жөніндегі комитетпен кездесулерін
өткізу; «Қазпочта» АҚ даму стратегиясын
жасау жөніндегі жұмыс тобын
құру; КПМГ ұсыныстарына сәйкес интернет-сайтта
ақпарат ашу;
Директорлар кеңесі мен Ішкі
аудит қызметі жасақталды.
Қоғамның Директорлар
кеңесі алдына корпоративтік басқару
рейтингін алу міндеті қойылған.
Осыған байланысты корпоративтік
басқаруды енгізу мәселесі бойынша
«үлкен төрттікпен» кездесулер өткізілді: