Кәсіпорын қызметінің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 13:44, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен инновациялық серпілістің жаңа кезеңіне аяқ басты. Сонымен қатар еліміз экономикалық үрдістерге сай дамып келе жатқан озық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, өндірісті, соның ішінде экономиканың нақты секторын таңдап алды.

Содержание

кіріспе 3
1
Кәсіпорын қызметінің теориялық негіздері
1.1
Кәсіпкерліктің қызметтің мәні және маңызы
5
1.2
Кәсіпкерліктің жіктелуі, түрлері және ұйымдастыру нысандары
7
1.3
Кәсіпорындар қызметінің экономикадағы рөлі
13

2
«Қазпочта» АҚ-ның Кәсіпорын ҚЫЗМЕТІНің экономикалық ТИІМДІЛІГІ
2.1
«Қазпочта» акционерлік қоғамының қызметінің жалпы сипаттамасы
19
2.2
«Қазпочта» акционерлік қоғамының экономикалық тиімділігін талдау
23
2.3
«Қазпошта» АҚ-ның қаржылық-шаруашылық қызметіне бағалау
27

3
Кәсіпорындардың қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары
3.1
Кәсіпорындардың тиімділігін арттырудың шетелдік озық
тәжірибелерін пайдалану
41
3.2
Кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары
49
ҚОРЫТЫНДЫ
60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
62

Работа содержит 1 файл

Айка диплом.docx

— 479.43 Кб (Скачать)

 

    1. Кәсіпорындар қызметінің экономикадағы рөлі

 

      Қазақстанның  нарықтық экономикаға өте отырып  экономиканы жедел дамытуда, жоғары  экономикалық өсімге қол жеткізуде   кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру  мен кәсіпкерлікті қолдау экономиканы  құрылымдық қайта құруды жандандыруға, таңдау еркіндігі мен қосымша  жұмыс орындарын ұсынуға, шығындардың  тез қайтымдылығын қамтамасыз  етуге, тұтынушылық сұраныстың  өзгерістеріне жедел бейімделуге   мүмкіндік беретін шағын кәсіпорындар  торабын құруды тездетуді талап  етеді. Ел экономикасын дамытуда  шағын кәсіпорындардың маңыздылығы  өте жоғары. Ал, осы шағын кәсіпорындар  іс бастау үшін ірі көлемде  инвестицияларды талап етпейді   және ресурстар айналымының жоғары  жылдамдығына кепілдік береді. Сол  арқылы экономиканы қайта құрылымдау  проблемаларын ұтымды шешуді, нарықты  тұтыну тауарларымен толықтыруды,  бәсекелік ортаны күшейту арқылы  өндірілетін өнімдер мен көрсетілетін  қызметтер сапасын жақсартуға, жаңа  жұмыс орындарын құра отырып  жұмыссыздық мәселесін шешуге  қол жеткізуге болады.

Шағын кәсіпорындардың экономикадағы  ролі, өзіндік ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері жөнінде көптеген ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған. А.А. Шулустың пікірінше, шағын кәсіпорынның келесідей ерекшеліктерін бөліп  көрсетуге болады: 

  • кәсіпорынды тікелей басқару және меншік құқығының бірлігі;
  • кәсіпорынның көз жетерлік болуы: оның масштабының шектеулілігі кәсіпорын иесі мен жұмыскердің арасындағы қарым-қатынастың ерекше, жеке сипатын көрсетеді. Ол қызметкер жұмысын мотивациялау мен оның еңбекке қанағаттануының жоғары дәрежесіне жетуге мүмкіндік береді.
  • ресурстар мен өткізу нарықтарының салыстырмалы түрде үлкен еместігі;
  • кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен даму перспективасында кәсіпорын басшысының ролі. Яғни, ол шаруашылық қызмет нәтижелеріне толық жауапкершілікте болады.

          Шағын кәсіпорындар тиімділігінің  басты факторы – олардың өнім  өндіру облысында, сондай-ақ, қолданылатын  еңбек құралдары бойынша тар  мамандануы. Шағын кәсіпорындар  шектеулі номенклатурада (1-2 ден  5-7 дейін)  өнімдер өндіреді және  бірмезгілде жоғары өнімділікпен  ерекшеленетін тармамандандырылған құрал-жабдықтарды қолданады. Ол қысқа мерзімде өндіріс технологиясын және өндірістік үрдісті интенсификациялауға ғана емес, сондай-ақ, негізгі құралдардың ұдайы өндіріс үрдісін өзгертуге мүмкіндік береді. Шағын кәсіпорындар инфрақұрылымдық бөлімшелер құруға көп шығын жұмсауды қажет етпейді, яғни, көлік шаруашылығын, арнайы коммуникациялар, жөндеу шаруашылығын және үлкен қоймалар ұстаудың қажеттілігі жоқ. Өндіріс көлемінің шағын болуы материалды-техникалық жабдықтауды, сондай-ақ, өнімнің дайындығына байланысты өткізуді жүзеге асыруды жылдамдатуға мүмкіндік береді. Шағын кәсіпорындар еңбек ресурстарын тиімді пайдалануда да ерекше мәнге ие болады. әсіресе, олар қосымша жұмыс орындарын құруға, адамдарға маман ретінде өздерінің шығармашылық қабілеттіліктерін жүзеге асыруға жағдай туғызады.

          Сонымен жалпы экономикалық көзқарас  тұрғысынан шағын кәсіпорындардың  дамуы өндірісті мамандандыру  өсімін, ғылыми-техникалық прогрессті  жеделдетуді, өнім өндіру мерзімін  қысқартуды, шикізаттар мен дайын  өнімдерді жеткізудің көлік шығындарын, жоғалтуларды азайту, еңбек және  материал ресурстарын едәуір  толық пайдалануды қамтамасыз  етеді. 

            Нарықтық экономикаға өту және  өзгерістерге бейімделу кезеңінде  шағын кәсіпорындар ғылыми-техникалық  прогрестің бірқатар маңызды  бағыттары бойынша тың серпілісті  жүзеге асырады. Мұның барлығы  шағын кәсіпорындарды елдегі  және аймақтағы экономикалық  реформалардың құрамдас бөлігі  және елеулі факторы ретінде  көрсетеді. 

             Нарықтық қатынастар жағдайында  шағын кәсіпорындардың теория-әдістемелік  аспектілерін және ел экономикасындағы  ролін қарастырған кезде жаңашылдық  немесе жаңашылдықты енгізу мәселесін  назардан тыс қалдыруға болмайды. Нарық өзіндік өзгешеліктері  мен ерекшеліктеріне байланысты  тұтынушыларға бәсекеге қабілетті  және жоғары сапалы өнімдер  жеткізу мақсатында өндірісті  жаңартуды талап етеді. Сондықтан  кәсіпкерлер немесе кәсіпорын  басшылары оларды шешу жолдарын  іздеуі қажет. Оның үстіне нарықтық  экономикасы дамыған елдер тәжірибесі  көрсеткендей шағын кәсіпорындар  жаңашылдық облысында ірі кәсіпорындармен  салыстырғанда бірқатар артықшылықтарға  ие болады. Ол шағын кәсіпорындардың  нарыққа тез бейімделу, басқару  икемділігі және ішкі коммуникациялар  тиімділігі және басқа да осындай  сапалы қасиеттерімен байланысты.

       Шағын  кәсіпорындардың тиімді қызмет  ету мүмкіндігі ірі өндіріспен  салыстырғанда келесідей бірқатар  артықшылықтарымен түсіндіріледі. 

  1. Артықшылықтардың алғашқысы өнім өткізудің жергілікті нарықтарына жақындығы және тұтынушылар сұраныстарына тез бейімделумен, ірі кәсіпорындар үшін тиімсіз болған жағдайда аз партиямен өнімдер өндіру, кәсіпорынды басқарудың тиімділігі мен қарапайымдылығы және басқаларымен сипатталады.
  2. Шағын кәсіпорындардың дамуы мен тиімді қызмет етуі бүкіл экономиканы жақсарту үшін қолайлы жағдай туғызады. Демек,  бәсекелік орта күшейеді, көптеген қосымша жұмыс орындары құрылады, тұтынушылық сектор кеңейеді, өндірістегі, саладағы және ел экономикасындағы құрылымдық қайта құру белсенді және тиімді түрде жүргізіледі, жергілікті ресурстар жақсы қолданылады, нарықты тауарлар мен қызмет көрсетулермен толықтыру тезірек болады, ел экономикасының экспорттық әлеуеті артады.
  3. Шағын кәсіпорын құра отырып қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлер немесе шағын кәсіпкерлік кәсіпкерлікті ұйымдастырудың әдістері мен нысандарын, білімдерін меңгерудің өзіндік мектебі болып табылады. Сонымен қатар, кәсіпкерлердің шығармашылық қабілеттерін дамыту, еркін өндірістік қорларды пайдаланудың тиімді тәсілі ретінде қарастырылады. Шағын кәсіпорындар тұтыну сферасында ғана емес, сондай-ақ, соңғы өнімді шығару үшін қажетті жекелеген түйіндер, бөлшектер, жартылай фабрикаттар, шағын механизмдер мен басқа да еңбек заттарын өндірушілер ретінде де тиімді. Ал, оларды ірі кәсіпорындардың өздері өндіруі тиімсіз болып табылады. Сондықтан оларды өндіруді келісім-шарт бойынша шағын кәсіпорындарға тапсырады.
  4. Шағын кәсіпорындар қоғамдық өндіріс үрдісінде  қосымша еңбекті енгізеді, ал ол жаңа құндылықтар құрады, ұлттық байлық пен ұлттық табысты көбейтеді.

Нарықтағы бәсекелік ортаға әсер ету көзқарасы тұрғысынан оны  қалыптастыруға мүмкіндік беретін  немесе кедергі келтіретін факторлардың негізгі үш тобын бөліп көрсетуге  болады. Оларға келесілер жатқызылады:

    • өнеркәсіптік құлдырау немесе онымен қатар жүретін өндірістегі дағдарыстық құбылыс;
    • инфляция және қаржылық тұрақсыздық;
    • халық шаруашылық салаларындағы институционалдық қайта құру.

         Шағын кәсіпкерлік субектілерін  зерттеу нәтижесінде нарықтық  қатынастар жағдайында олардың  дамуын шектейтін келесі факторлар  анықталды:

  • қаржылық (бюджеттік шектеу, коммерциялық несие пайызы, салық саясаты);
  • инфрақұрылымдық (көліктік тарифтер, қойма шаруашылығының болуы, шикізат сатып алу үшін айналым қаражаттары);
  • технологиялық (ассортимент құрылымы, жұмыс күшінің біліктілігі, құрал-жабдықтарды жиі жөндеу);
  • сатып алушылық (төлемсіздік, сату шарттары және тағы басқалары).

      Сонымен,  нарықтық экономика жағдайында  шағын кәсіпорындардың тиімділігін  қамтамасыз ететін негізгі артықшылықтарын  қарастыра келіп, олардың ең  маңызды дегендерін келесі түрде  бөліп көрсете аламыз:

    • икемділігі және нарық конъюнктурасындағы өзгерістерге тез әсер ету қабілеті, өндірілетін өнімдердің тұтынушылар талғамына сай тез бейімделу мүмкіндігі;
    • ірі кәсіпорындармен салыстырғанда олардың ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін тиімді және жедел енгізе отырып жоғары нәтиже алуға ұмтылуы;
    • жергілікті ресурстарды пайдалану мен жергілікті нарықта қызмет етуі;
    • кәсіпорынды басқарудың қарапайымдылығы, ірі бюрократиялық құрылымның болмауы;
    • жұмыскерлердің және кәсіпорын басшысының жоғары нәтижеге жетуге деген ортақ мүдденің болуы; мотивацияның жоғарылығы;
    • ірі өндіріспен тиімді өзара әрекетте болу мүмкіндігі, яғни, ірі кәсіпорындармен қосалқы бұйымдар мен бөлшектерді өндірушілер және жеткізушілер ретінде әріптестік қатынаста болу;
    • кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қажетті бастапқы капиталдың және жұмсалатын шығындардың салыстырмалы түрде аз болуы;
    • өндірісті жаңарту, жаңашылдықты енгізу, жаңа идеяларды жүзеге асыруға икемділігі.

          Мұның барлығы шағын кәсіпорындардың   басымдылығы мен артықшылығын  көрсетсе, оның бірқатар кемшіліктері  де бар екендігін айта кету  қажет. Олардың ішінен ең негізгілері  ретінде келесілерді атауға болады:

  • тәуекел деңгейінің жоғары болуы;
  • техникалық артта қалушылық, жоғары ресурс және энергия сиымдылықтылық;
  • ресурстық, қаржылық және материалдық-техникалық базаның жеткіліксіздігі;
  • өткізу нарықтарының тарлығы және әлемдік стандарттарға сай өнім өндіру мүмкіндігінің төмендігі;
  • қызметкерлер біліктілігінің айтарлықтай жоғары деңгейде болмауы және бір адамның бірнеше қызметті қатар атқару мүмкіндігі;
  • қосымша қаражаттар тарту және несие алу мүмкіндігінің төмендігі.

       Шағын  кәсіпорындардың ел экономикасындағы  ролінің жоғары болуы оның  өзіндік ерекшеліктерімен де  байланысты. Ең алдымен шағын  және ірі кәсіпорындардың қызмет  сферасы әр түрлі болады. Ірі  кәсіпорындар бұйымдардың тұрақты  номенклатурасы және жаппай өндіріс  жағдайында қызмет ете отырып, көтерме сатып алушылармен жұмыс  жасайды. Ал, шағын кәсіпорындар  аз партияда өнімдер шығаруға, нарықтың белгілі бір сегментінде  сатып алушылар қажеттіліктерін  қанағаттандыруға, екінші ретті  шикізаттарды, өндіріс қалдықтарынпайдалануға, жеке клиенттермен жұмыс жасауға  бағытталады. Өзіндік өзгеше функцияларды  орындай отырып шағын және  орта кәсіпорындар бір-бірін толықтырып  отырады.Сондықтан шағын және  ірі кәсіпорындар арасында тікелей  бәсеке бар деп айту дұрыс  емес. Шағын бизнес ірі бизнеске  қарағанда нарықтың айтарлықтай  тиімді қызмет ететіндей сфераларында  өз орнын табады. Мұндай сфераларға  бірінші кезекте сауда, сервистік  қызмет көрсету, материалмен жабдықтау  және тағы басқаларын жатқызуға  болады. Мәселен, машина (автомобиль) өндіру сөзсіз ірі кәсіпорын  сферасына жатқызылса, автомобильге  техникалық қызмет көрсету және оны жөндеуді шағын кәсіпорындар аитарлықтай тиімді орындайды.

       Жалпы  алғанда шағын және ірі кәсіпорындардың  негізгі айырмашылықтарын келесі  кесте (1-кесте) түрінде көрсетуге  болады.   Кестеде шағын және  ірі кәсіпорындардың негізгі  айырмашылық белгілері және олардың  әрқайсысы үшін өзгешеліктері  қарастырылған. Осы мәліметтер    негізінде шағын кәсіпорындардың  өзіндік өзгешеліктерін айқын   ажыратуға болады деп айта  аламыз. 

 

1-кесте -  Шағын және  ірі кәсіпорындардың   айырмашылықтары 

 

Айырмашылық белгілері 

Ірі кәсіпорын 

Шағын кәсіпорын 

1

Өндіріс және қызмет көрсету саласы

Ірі өнеркәсіп салалары, жылу-энергетикалық  және мұнай-газ кешендері 

Өндіріс, сауда және қызмет көрсету 

2

Стратегияны өзгерту 

      3-5 жыл 

6 айдан 1-жылға дейін

3

Қызмет сферасы 

Ірі қалалар мен өнеркәсіптік кешендер

Ірі және шағын қалалар 

4

Нарықтық ортаны қалыптастыру

Нарықтың белгілі бір бөлігін  жаулап алғандықтан бәсеке шектеулі болады 

Шағын кәсіпорындар саны көп болғандықтан бәсекелік орта күшті болады

5

Кәсіпорынды құру және тіркеу

Едәуір қаржылық шығындар және тіркеу тәртібінің ұзақтығы

Бастапқы шығындардың аз болуы  және тіркеудің оңайлығы

6

Жаңа жұмыс орындарын құру

Жаңа жұмыс орнын құру қарқыны  едәуір төмен 

Жаңа жұмыс орындары едәуір жоғары қарқынмен құрылады

7

Басқару құрылымы

Күрделі

Қарапайым

8

Шешім қабылдау

Ұзақ уақытты қажет етеді 

Аз уақытта және ұтымды шешім  қабылдау мүмкіндігі

9

Басқару жүйесіндегі мүдделердің  үйлесуі 

Құрылтайшылар мен басқарушылар мүдделері

нің арасында қайшылықтың туындау мүмкіндігі 

Басқарушы және құрылтайшы бір адам болуы мүмкін, басқару жүйесіндегі  мүдде қайшылығының жоқтығы 


         

       Бірінші  кестеден байқағанымыздай ірі  кәсіпорындарға қарағанда шағын  кәсіпорындардың негізгі айырмашылықтары  барлық жағынан басымдыққа ие  болып отыр. Өйткені қазіргі қатаң  бәсеке жағдайында кәсіпорынды  басқару, оның даму стратегияларын жақсарту, дұрыс шешім қабылдау және басқару жүйесінде мүдделердің қайшылықсыз үйлесім табуының маңыздылығы жоғары. 

Информация о работе Кәсіпорын қызметінің теориялық негіздері