Шағын кәсіпорындардың
экономикадағы ролін қарастырғанда
біз олардың жоғарыда аталған
артықшылықтары мен басымдылықтарынан
негізге ала отырып анықтауымыз
қажет. Шағын кәсіпорындар нарықтың
өзгермелі қажеттіліктеріне тез
бейімделетіндіктен, құрылымдық өзгерістердің
салдарларын азайтатындықтан, саяси
және әлеуметтік тұрақтылықты
қамтамасыз ететіндіктен, сондай-ақ,
техникалық және ұйымдастырушылық
жаңашылдықтарды пайдаланатындықтан,
айсақтық дамуға елеулі үлес
қосатындықтан маңызды әлеуметтік-экономикалық
мәнге ие болады.
Шағын
кәсіпорындардың ел экономикасындағы
ролін келесі факторлармен де
анықтауға болады:
- дара кәсіпкерлер мен шағын кәсіпорындардың нарықтық экономика субъектілерінің жалпы санындағы үлесі;
- өнім өндіруде (жұмыс орындау, қызмет көрсетуде) , жалпы ішкі өнімді құрудағы шағын кәсіпорындардың қосқан үлестерімен;
- республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыруда шағын бизнес субъектілерінің салған салымдарымен;
- еңбекке жарамды халықтың шағын кәсіпорындарда жұмыспен қамтылғандарының санының өсуімен, жұмыссыздар санын қысқартуға қосқан үлестерімен;
- нарықтың тұтыну тауарларымен (жұмыстармен, қызмет көрсетулермен) толығуымен, халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруды жақсартумен;
- кәсіпорынды басқару тәжірибесін жинақтаумен, өзінің жеке ісін бастауды жүзеге асырумен және тағы басқаларымен.
- «Қазпочта» АҚ-ның кәсіпкерлік қызметінің экономикалық тиімділігі
2.1 «Қазпочта»
акционерлік қоғамының даму әрекеті
Қазпочта ТМД аумағында бірінші
болып пошта-жинақ жүйесін құрастырып
енгізген бірден-бір пошта әкімшілігі
болып табылады. «Қазпочта» АҚ-ның
сапалы пошта-жинақ жүйесін құрастырудағы
жұмысының нәтижелері байланыс
саласындағы аймақтық достастықпен
сәтті деп танылды. Ал Қазақстандағы
жаңа пошта жүйесінің үлгісі
Достастық елдері пошта әкімшіліктері
үшін болашағы мол даму жолы ретінде атап
өтілді. Бүгінгі күні қазақстандық пошта
21 000-ға жуық қызметкер, республика бойынша
3200 байланыс бөлімшелері, 14 облыстық және
4 республикалық мәндегі филиалдан тұрады.
Қазіргі кезде қазақстандық поштаны көп
функционалды қаржылық супермаркетке
айналдыру үрдісі жедел іске асырылуда.
Мұнда жақын арада пошталық, қаржылық
және басқа да қызметтер көрсетіледі.
Қазақстан сияқты үлкен мемлекетте ақпараттық
қоғамның дамуы жағдайында әмбебап логистикалық
операторының қызметінсіз мүмкін емес.
Пошта саласында жүріп жатқан өзгерістер,
тұтастай алғанда компанияның алға жылжуына
негіз қалады. «Standard & Poor's» халықаралық
рейтингтік агенттігі 2005 жылы «Қазпочта»
АҚ-ға ұзақ мерзімді несиелік ВВ+ «Тұрақты»
рейтингісін берді. Бұл компанияның тұрақты
дамып келе жатқан кәсіпорын екенін дәлелдейді.
«Қазпочта» АҚ 2006 жылдың қаңтарынан «Самұрық»
мемлекеттік холдингісіне кіреді. Бұл
даму институтын құрғанда алға қойған
басты мақсаттар корпоративтік басқару,
мемлекеттің қызығушылығын қорғау мен
макроэкономикалық тұрақтылықты одан
әрі қолдау болды. Бір жыл ішінде алға
қойған міндеттер мен мақсаттарды орындауда
бірлесіп жасалған жұмыстар жемісті болды.Директорлар
кеңесінде жай ғана поштаның даму тұжырымдамасын
емес, сонымен қатар ұлттық пошта операторының
инфрақұрылымын жаңартатын бағдарламаны
қамтитын 2007-2009 жылдарға дамудың стратегиялық
бағыттары бекітілді. Мұндай жаңартудың
негізгі міндеттері пошта байланысы бөлімшелерінің
жеке желісін оларды жан-жақты қамтып,
техникалық нығайту мен ақпараттық коммуникациялық
және банктік жабдықтармен қамту арқылы
жетілдіру болып табылады. «Қазпочта» АҚ
2006 жылдың қаңтарынан «Самұрық» мемлекеттік
холдингісіне кіреді. Бұл даму институтын
құрғанда алға қойған басты мақсаттар
корпоративтік басқару, мемлекеттің қызығушылығын
қорғау мен макроэкономикалық тұрақтылықты
одан әрі қолдау болды. Бір жыл ішінде
алға қойған міндеттер мен мақсаттарды
орындауда бірлесіп жасалған жұмыстар
жемісті болды. Осы уақыт ішінде осындай
мемлекеттің шешімін дұрыс қабылдау мен
түсінуде келді. Директорлар кеңесінде
жай ғана поштаның даму тұжырымдамасын
емес, сонымен қатар ұлттық пошта операторының
инфрақұрылымын жаңартатын бағдарламаны
қамтитын 2007-2009 жылдарға дамудың стратегиялық
бағыттары бекітілді. Мұндай жаңартудың
негізгі міндеттері пошта байланысы бөлімшелерінің
жеке желісін оларды жан-жақты қамтып,
техникалық нығайту мен ақпараттық коммуникациялық
және банктік жабдықтармен қамту арқылы
жетілдіру болып табылады. Бұл шаралар
көптеген стратегиялық маңызды міндеттерді
орындауды ұйғарады. Бірінші кезекте қаржыландыру
көздерін аймақтық желіні қалалық, аудандық,
ауылдық деңгейде дамытуға толық мобилизациялау
қажет. Бұл жан-жақты әрі ақпараттық-техникалық
жабдықтау деңгейінде стандартты пошта-жинақтау
қызметтерінің тізімін сапалы негізде
көрсетуге мүмкіндік береді. Екіншіден,
бұл қайта жабдықталған пошта байланысы
бөлімшелерінде «электронды үкімет» жүйесіне
қосылу, несиелеу, тұрғын үй салу жинақтарын
жасау үшін теле және ақпараттық-коммуникациялық
қызметтерді дамыту есебінен көрсетілетін
қызметтер аясын кеңейтуге мүмкіндік
береді. Компанияның даму жоспарын іске
асыру пошта-жинақтау қызметтерін көрсету
деңгейін көтеруге, пошта жөнелтімдерін
тасымалдау жиілігін арттыру, сонымен
қатар тұтастай алғанда аймақтық желі
мен тораптық бағдарларды оңтайландыратын
тораптық бағыттар бойынша пошталық жөнелтімдерді
жеткізу мерзімін қысқартуға септігін
тигізеді.
«Қазпочта» АҚ қызметінің тағы бір оңды
нәтижесі клиенттер мен әріптестер жағынан
компания қызметтеріне деген жоғары қызуғышылық
болып табылады. Пошта – Қазақстан халқының
бәріне дерлік қол жетімді бірегей күшті
желілік құрылым. Қазпочта ең пәрменді
филиалдық желіге ие. Республикада мұндай
желіге іспеттес желі жоқ. Қазпочтаның
барлық облыстық филиалдарында «K-mobile»
мен «K-cell» ұялы байланыс қызметтері үшін
төлемдерді қабылдаудан жаңа жобаларды
іске асыру бойынша бағдарламалық өнімдер
сәтті қолданылып келеді.
2006 жылдың мамырында Қазпочта
құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік
қызметті іске асыруға лицензияны
алды. Бұл компанияның трансфер-агенттік
қызметтерді көрсетудегі жұмысын
кеңейтуге мүмкіндік берді. Қазіргі
кезде «Қазпочта» АҚ өзінің
қызметін құнды қағаздар рыногында
белсенді түрде дамытуда. Мұнда
негізгі екі бағытты атап өтуге
болады.
Біріншісі пошта
секторында «Казпост-секьюритиз»
деп аталатын бірегей жобаны
қамтиды. Ол бүгінде Қазпочтада
енгізілуде. Мұнда Алматы қаласы
Аймақтық қаржы орталығы алаңында
құнды қағаздармен түрлі операцияларды
жүргізу ұйғарылады.
Екінші бағыт «Қазпочта» АҚ
құнды қағаздар рыногында трансфер-агенттік
желіні дамытуды айқындайды. Осыған
байланысты «Самұрық» мемлекеттік
холдингінің «Қазақтелеком» АҚ-ның
4,6% жай акциялары мемлекеттік
пакетін «Қазпочта» АҚ трансфер-агенттік
пункттері арқылы сату тәжірибесі
сәтті болды. Қазпочтаның трансфер-агенттік
пункттері инвесторлар мен сатушылар
арасында байланыстырушы түйін
қызметін атқарады. Трансфер агенттік
желі арқылы акцияларды сатып
алу өтініштері бүкіл Қазақстан
бойынша қабылданды. Аймақтардағы
инвесторлар акцияларды сатып
алу келісімін өздері тұрған
жерден-ақ жүзеге асырды. Бұл жобаны
іске асыру трансфер агенттік
желіні қолданудың инвесторлар
үшін де, Қазпочта үшін де тиімді екенін
көрсетті. Бұған дейін трансфер агенттік
қызмет қор рыногында табысты қызмет түрлеріне
жатпайды деп есептелген.
Бірінші тәжірибе сәтті өткендіктен бұл
бағыт одан әрі де белсенді дами береді.
Жақын болашақта халыққа «Қазпочта» АҚ-ның
барлық ірі қалалық және аудандық пошта
байланысы тораптарында орналасқан трансфер
агенттік пункттері арқылы акциялар сату
жоспарлануда.
Соңғы жылдары Қазақстан
Республикасы аумағында ішкі
және халықаралық жөнелтімдерді
бақылау автоматтандырылған жүйесін
енгізу арқылы қазақстандық пошта
халықаралық EMS қызметі сапасын
сәтті дамытуда. Бұл сертификаттау
деңгейінде өз үлесін тигізді.
2006 жыл қорытындылары бойынша
«EMS-Kazpost» қола деңгейіне қол
жеткзді.
Қазіргі кезде «IPS-Light» халықаралық бақылау
жүйесі барлық облыс орталықтарында орналастырылған.
2006 жылы EDI форматында жөнелтімдер бойынша
мәліметтерді жөнелту арқылы бақылау
жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар
жүзеге асырыла басталды. Бұл жұмыс «International
Post Corporation» компаниясымен бірлесіп атқарылуда.
EMS «Таңертеңгі 10» 10 бағыт бойынша және
4 бағыт бойынша «12-ге дейін жеткізу» қызмет
түрлерін көрсету аясы кеңейтілді.
2006 жылдың қазанында Алматыда
қазақстандық-эстондық бірлескен
кәсіпорын «Электронпост.kz» ашылды.
Ол ақпараттық логистика қызметін,
соның ішінде пошталық жөнелтімдерді
басып шығару мен конверттеуді
қамтиды.
«Siemens» компаниясының көліктік-сұрыптаушы
логистикасымен танысу мақсатында
Будапешт қаласы (Венгрия) мен
Констанце қаласында (Германия) келіссөздер
өтті. Компанияның тәжірибесі біздің
республикада Алматы және Астана
қалаларында сұрыптау орталықтарын
салу кезінде қолданылмақ. Компанияда
қолданыстағы өндірістік қорларға
ерекше назар аударылады. 2006 жылы
пошта-жинақтау инфрақұрылымын дамытуға
2,5 млрд. теңгеден астам қаражат
бөлінді. Бұл өндірістік объектілердің
жан-жақты қамтылуына, жеке желінің
компьютерлендірілуіне, пошта жабдықтары
мен көлік паркінің жаңаруына
септігін тигізді. 2006 жылы ұзақ
мерзімді салалық бағдарлама
аясында жұмыс сапасын жақсартуға
бағытталған бірқатар жобалар
жүзеге асырылды. Біріншіден пошта
байланыс бөлімшелерін күрделі
жөндеуден өткізу жобасы. Бюджеттік
инвестициялар есебінен 2007 жылы 111 жаңа
ауылдық пошта байланысы бөлімшелері
салынып, бүкіл республика бойынша
қалалық пошта байланысы бөлімшелері
күрделі жөндеуден өтті. Барлық
пошта байланысы бөлімшелерінің
ішкі жабдықталуы да қазіргі
заманғы критерийлерге сай келеді
– жиһаз, электронды құрал-жабдықтар,
компьютерлік техника, пошталық-кассалық
құрал-жабдықтармен толық қамтылған.
Қазіргі ақпараттық технологияларды
қолдану арқылы көрсетілетін
қызмет түрлері аясы кеңейтіліп,
мыңнан астам жұмыс орны жасалынды.
Тағы бір маңызды жоба –
Қазпочта жүйесі арқылы электронды
сауда мүмкіндіктерін дамыту. Бұл
мәні зор тапсырманы «Самұрық»
мемлекеттік холдингі коллегиясының
мәжілісінде «Қазпочта» АҚ басшылығына
ҚР Премьер министрі К. Мәсімов жүктеген
еді. Жобаны орындау шеңберінде «Қазпочта»
АҚ 2007 жылдың тамызында электронды сауда
алаңын енгізу бойынша жұмыстарын бастады.
Оны ұйымдастыру кезінде ұсынылатын тауарлар
мен қызметтерді екіге бөлу – заңды тұлғалар
мен жеке кәсіпкерлермен ұзақ мерзімді
негізде «бизнес – бизнес» ұстанымы бойынша
көрсетілетін қызметтер мен тауарлар
және қысқа мерзімді «жеке тұлға – тұтынушы»
ұстанымына негізделген жеке тұлғалармен
ұсынылатын тауарлар мен қызметтер. Бұл
механизм қорғалған қызметтер мен тауарларды
сату жүйесін құруға мүмкіндік бере отырып,
«сатушы – сатып алушы» қарым-қатынастары
үрдісін жеңілдетеді.
Бұл жаңа қызмет түрі мемлекеттік
тапсырманы орындау болғандықтан, ол
әлеуметтік сипатқа ие. Электронды
алаңды енгізу үшін барлық ауылдық
байланыс бөлімшелерін интернеттендіру
бағдарламасы құрастырылды. Интернет
сауда республика халқына қарапайым
дүкендерде болмайтын ерекше тауарларды
үйге жеткізумен алуға мүмкіндік
береді. Бұл қажетті тауарды іздеуге
кететін уақытты үнемдейді. Осыған
байланысты Қазпочта негізінде электронды
сауда алаңын құру ең ұтымды шешім
болды. Сонымен қатар Қазақстан
аумағында Интернет жүйесіне қосылу
45 қоғамдық пункттері ашылды, байланыс
бөлімшелері Интернетке қосылуды қажет
ететін бағдарламалық қамтумен қамтамасыз
етілді.
Қазіргі кезде 89 жедел пошта пункті қызмет
көрсетеді, Қазпочта бөлімшелері негізінде
«бір терезе» ұстанымы бойынша халыққа
қызмет көрсету орталықтары ашылуда.
3-сурет- «Қазпошта» АҚ-ның
құрылымы
«Қазпочта» АҚ басқаруды
нығайту, персоналды оқыту, пошта
байланысын жаңарту, бәсекеге
қабілетті пошта-жинақ жүйесі
мен тұтынушыларға көрсетілетін
қызметтер сапасын көтеруге бағытталған
қазіргі күнгі ақпараттық-технологиялық
тізбектерді енгізуге зор назар аударады
[28].
Қоғамның бүгінгі күнгі стратегиясы –
көрсетілетін қызметтер аясын кеңейту
мен оларға нақты сапа стандарттарын бекіту.
Компания сапа менеджменті жүйесін енгізумен
белсенді түрде айналысуда. Бұл еліміздің
Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру қарсаңында
өте маңызды болып табылады. 2007 жылдың
желтоқсанында «Қазпочта» АҚ-ға ХС ИСО
9001:2000 талаптарына сәйкестілік халықаралық
сапа сертификаты тапсырылды. Бұл сертификат
- компания басқару жүйесінің халықаралық
сапа менеджменті стандарттарына сай
келетінінің куәлігі. Халықаралық сертификатқа
ие болып және сапаға деген ұстанымын
көпшілікке паш етіп, «Қазпочта» АҚ өзінің
күнделікті жұмысымен халықаралық деңгейге
сай сапалы қызмет көрсету компанияның
барлық басқару деңгейлерінде, өндрістік
бөлімшелерінде басымды міндеті екенін,
ал тұтынушылардың қанағаттануын көбейту
атқарған жұмысының мақсаты мен нәтижесі
екенін растайды.
2.2 «Қазпочта»
акционерлік қоғамының қызметінің
экономикалық тиімділігін талдау
Қоғамның техника-экономиялық
көрсеткіштеріне талдау жасасақ. Кәсіпорының
нарықтағы ұстанымын талдау кезінде
оның күшті және әлсіз жақтарын ғана
емес, әсер ететін нақты факторларды
анықтау қажет. Фактор деп экономикалық,
өндірістік және өзге де қызмет нәтижесіне
әсер ететін үрдістерді қозғаушы күш.
Басқаша айтсақ өндіріс тиімділігін
анықтауға және әсер етуге мүмкіндік
беретін барлық жағдайлар. Факторлардың
болуы бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз
ету үшін жеткіліксіз. Сондықтан
осы факторлар негізінде бәсекелестікті
арттыруға ие болу және олар қаншалықты
пайдалылығына байланысты болады.
Кәсіпорынның
бәсеке қабілеттілігі мынадай
факторларға байланысты:
- Кәсіпорынның өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсеке қабілеттілігі.
- Өндірілген өнім түрі.
- Нарықтың сыйымдылығы. (Жыл сайынғы сату көлемі)
- Саланың бәсеке қабілеттілігі.
- Аймақтың немесе елдің бәсеке қабілеттілігі.
Ресей ғалымдарының бір тобы
негізгі факторларға келесі көрсеткіштерді
жатқызады:
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайы.
- Кәсіпорынның өзінің ғылыми зерттеу конструкторлық әзірлемелерге арналған базаның дамуы және оларға жұмсалатын шығындар деңгейі.
- Өнімді өткізу тораптарының болуы.
- Техникалық қызмет көрсету жағдайы.
- Өткізуді ынталандыру құралдары мен жарнама ықпалдығы.
- Негізгі сатып алушылардың төлем қаьілеттілігі және ақпаратпен қамтамасыз етілу деңгейі.
Қаржылық тұрақтылығы
– табыстың шығынан тұрақты түрде
артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануға
мүмкіндік береді және оларды тиімді
пайдалану арқылы өнім өндіру және
өткізу процессін үздіксіз болуына
жағдай жасайды. Содан қаржылық тұрақтылық
барлық өндірістік-шаруашылық қызмет
үрдісінде қалыптасады және кәсіпорынның
жалпы тұрақтылық негізгі бөлігі
болып табылады.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері
кәсіпорын активтерінің жағдайын, құылымын,
қарыздық капиталды тарту деңгейі
осы қарызға қызмет көрсетуді
ұйымдастыру қабілетін сипаттайды.
Аталмыш есеп беру құжатында кәсіпорынның
өнімін өндіру мен одан түскен және ол
пайданың шығындарға үлесі мен таза пайданың
қалай шығатыны көрсетілген.
3 - кесте – «Қазпочта» АҚ Алматы почтасының
2010-2011 жж. негізгі техника-экономикалық
көрсеткіштері
№ |
Негізгі көрсеткіштері |
өлшем бірлігі |
2010 жыл |
2011 жыл |
Ауытқулар |
(+;-) |
% |
1 |
Өткізілген өнімнен түскен
табыс |
тг |
2869745874 |
2872485874 |
2740000 |
100,1 |
2 |
Өткізілген өнімнің өзіндік
құны |
тг |
2556871387 |
2559820188 |
2948801 |
100,1 |
3 |
Жалпы пайда |
тг |
312874487 |
312665686 |
-208801 |
99,9 |
4 |
Кезең шығындары |
тг |
302581131 |
302043450 |
-537681 |
99,8 |
5 |
Негізгі қызметтен түскен
табыс |
тг |
10293356 |
10622236 |
328880 |
103,2 |
6 |
Негізгі емес қызметтен түскен
табыс |
тг |
3894274 |
4061774 |
167500 |
104,3 |
7 |
Салық салынғанға дейінгі жиынтық
табыс |
тг |
14187630 |
14684010 |
496380 |
103,5 |
8 |
Таза табыс |
тг |
7416736 |
7919102 |
502366 |
106,8 |
3-кестенің жалғасы
|
9 |
Өткізілген өнімнің 1 тг.
кеткен шығын |
тг |
0.99 |
0.99 |
0 |
100 |
10 |
Өнімнің рентабельділігі |
% |
0,2 |
0,3 |
0,1 |
- |
11 |
Сату рентабельділігі |
% |
0,3 |
0,3 |
0 |
- |
12 |
Өндіріс рентабельділігі |
% |
1,1 |
1,2 |
0,1 |
- |
13 |
Жұмысшылар саны |
адам |
1098 |
1200 |
102 |
109,3 |
14 |
Жұмысшылар саны орташа тізімдік
саны |
адам |
786 |
843 |
57 |
107,3 |
15 |
1 жұмысшының еңбек өнімділігі |
тг |
3651076,2 |
3407456,6 |
-243619,6 |
93,3 |
16 |
Еңбек ақы қоры |
тг |
221758900 |
268043883 |
46284983 |
120,9 |
17 |
1 жұмысшының орташа айлық жалақысы |
тг |
23511,3 |
26497,02 |
2985,7 |
112,7 |
18 |
Негізгі қорлардың орташа
жылдық құны |
тг |
653258701 |
654154544 |
895843 |
100,1 |
19 |
Қор қайтарымдылығы |
тг |
4,4 |
4,4 |
-0,001 |
99,9 |
20 |
Қор сыйымдылығы |
тг |
0,227636428 |
0,227731161 |
9,47 |
100 |
21 |
Қормен жабдықталу |
мың тг |
594,9532796 |
545,1287867 |
-49,824493 |
91,6 |
22 |
1 жұмысшының қызмет көрсетуі |
мың тг |
2613,611907 |
2393,738228 |
-219,87368 |
91,6 |
Ескерту: «Қазпочта» АҚ –ның
мәліметтерімен жасалған |