Кәсіпорын қызметінің теориялық негіздері

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Февраля 2013 в 13:44, дипломная работа

Описание работы

Қазақстан қазіргі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен инновациялық серпілістің жаңа кезеңіне аяқ басты. Сонымен қатар еліміз экономикалық үрдістерге сай дамып келе жатқан озық елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, өндірісті, соның ішінде экономиканың нақты секторын таңдап алды.

Содержание

кіріспе 3
1
Кәсіпорын қызметінің теориялық негіздері
1.1
Кәсіпкерліктің қызметтің мәні және маңызы
5
1.2
Кәсіпкерліктің жіктелуі, түрлері және ұйымдастыру нысандары
7
1.3
Кәсіпорындар қызметінің экономикадағы рөлі
13

2
«Қазпочта» АҚ-ның Кәсіпорын ҚЫЗМЕТІНің экономикалық ТИІМДІЛІГІ
2.1
«Қазпочта» акционерлік қоғамының қызметінің жалпы сипаттамасы
19
2.2
«Қазпочта» акционерлік қоғамының экономикалық тиімділігін талдау
23
2.3
«Қазпошта» АҚ-ның қаржылық-шаруашылық қызметіне бағалау
27

3
Кәсіпорындардың қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары
3.1
Кәсіпорындардың тиімділігін арттырудың шетелдік озық
тәжірибелерін пайдалану
41
3.2
Кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін арттыру жолдары
49
ҚОРЫТЫНДЫ
60
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
62

Работа содержит 1 файл

Айка диплом.docx

— 479.43 Кб (Скачать)

          Қазпочта басшысының ойынша, Бағдарламаның  ойдағыдай орындалуы жалпы қолжетерлік  почта байланысының қызметіне  сұраныстың өсуіне және почта  рыногында бәсекелестің дамуына  әкелуге тиіс.

Байланыс саласында Аймақтық байланыс достастығы (АБД). Құрылған жылы: 1991 Штаб-пәтері: Мәскеу (Ресей Федерациясы) Мүшелердің саны: 12

Жоғары органы: АБД Байланыс әкімшіліктері басшыларының кеңесі

Мақсаты: мүшелер арасында ынтымақтастықты күшейту және жаңа ақпараттық технологияларды ұтымды пайдалану.

Почта байланысының операторлар  кеңесі (ПБ ОК) АБД жұмыс органы ретінде  құрылған. Кеңес қызметінің негізгі  бағыттары:

-почта байланысын пайдалану,  техникалық саясат және озық  технологияларды енгізу мәселелерінде  өзара әрекеттесуін ұйымдастыру; 

-почта байланысын дамыту, мемлекетаралық почтамен алмасуда  жаңа қызметтер енгізу жөнінде  бірлескен инвестициялық жобаларды  әзірлеу және жүзеге асыру; 

-почта қызметі үшін  операторлар арасында өзара есеп  айырысу принциптері мен тәртібін  жетілдіру, тарифтік саясатты  қалыптастыру мәселелері бойынша  тәжірибе алмасу. «Қазпочта» АҚ  Басқарма Төрағасы А.К. Арыстанов  ПБ ОК Төрағасының орынбасары  болып табылады.

2007 жылдың 13-ші желтоқсанында  Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің  кезекті жылдығына орай «Қазпочта»  АҚ ҚР аумағында Ақтөбе облысы  Бестамақ ауылында, Шығыс Қазақстан  облысы Қатонқарағай ауылында  және Қостанай облысы Аманқарағай  ауылында үш жаңа салынған  ауылдық пошта байланысы бөлімдерін (АПББ), сонымен бірге екі аудандық  байланыс тораптары (АПБТ) келесі жылы компания 272 ауылдық пошта бөлімдерін салып бітіруді жоспарлауда. Бүінгі күні «Қазпочта» АҚ бүкіл республиканы қамтитын 2 500-ден астам ауылдық, 700-ден астам қалалық пошта байланысы бөлімшесі бар кең пошта желісіне ие. Соңғы жылдары «Қазпочта» АҚ Ауылдық жерлерді дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында ауылды дамытуға зор көңіл бөліп, тек пошталық емес, сонымен бірге қаржылық қызметтер спектрі көрсетілетін байланыс бөлімдерін жаңартуда. Пошта байланысы объектілерін салу республикалық бюджеттен және «Қазпочта» АҚ-ның өз қаражатынан қаржыландырылады. 2010 жылы компания 4 АПББ салуды қаржыландырып, жаңа заманға сай пошта байланысы бөлімшесінің тұсаукесері Алматы облысы Іле ауданы Покровка ауылында өтті. Сонымен бірге Алматы облысында ауылдық байланыс бөлімшелерінде тұрғындарға қызмет көрсету орталықтарын орналастыру пилотты жобасы іске асырылды. Қазіргі кезде 3 халыққа қызмет көрсету орталығы – Іле, Еңбекшіқазақ аудандарында ашылып, облыстың елді мекендерінде тағы 17 орталық ашу жұмыстары аяқталуда. Қазір қазақстандық поштада қызмет түрлерін сапалы түрде көрсету мен поштаны жаңарту үрдісдері жүруде, бұл қызметті жақсартумен ғана шектелмей, пошта байланысы бөлімшелерінің кескінін жақсартуға бағытталған. Байланыс бөлімшелері соңғы компьютерлермен, сапалы телефон байланысымен, өрт сөндіруші, күзет ескертулерімен жабдықталып, операциялық зал, Интернет аймағы, сұрыптау және сақтау орындарымен қамтылған. ААҚО мен «Қазпочта» АҚ филиалдары арасындағы әріптестік жолдары мен құнды қағаздар рыногының даму болашағы 2010 жылдың 31 мамырында ҚР Алматы аймақтық қаржы орталығы (ААҚО) қызметін ретке келтіру жөніндегі Агенттік Төрағасының орынбасары Дархан Нұрпейісовтың «Қазпочта» АҚ Солтүстік Қазақстан облыстық филиалы басшылығымен кездесуі өткен болатын. ААҚО өкілдері кездесуге қатысушыларды қаржы орталығы жұмысының Қазақстанда құнды қағаздар рыногын дамытуға бағытталған негізгі бағдарлары жөнінде ақпараттандырды. Отандық және шетел компанияларының құнды қағаздарын (акциялар) пошта байланысы желісі арқылы аймақтарда алға жылжыту мақсатында ААҚО мен «Қазпочта» АҚ әріптестігінің даму болашағы мәселесі талқыланды. Халықты ақпараттандыру және ААҚО қор рыноктары мен шетел қорларында сатуға қойылған құнды қағаздарды (акциялар) сатып алу кезінде көмек көрсету үшін жақын арада пошта байланысы тораптары мен бөлімшелерінде ақпараттық-кеңес беру орталықтары желісін ашу қарастырылды. Осы мақсатта аймақтық бизнес орталықтары мен мемлекеттік ұйымдарда ақпараттық-кеңес беру орталықтарында жұмыс істейтін мамандарды дайындау үшін семинар-тренингтер өткізу жоспарлануда. Кейін қор рыноктарындағы саудаға қатысушы брокерлік компаниялар арасында және «Қазпочта» АҚ-мен құнды қағаздарды сатып алу-сату бойынша агенттік қызметтерді көрсету жөнінде келісім шартқа қол жеткізіледі.

     Сонымен, еліміздегі «Қазпочта» АҚ-ның кәсіпорындардың даму перспективалары мен экономикалық тиімділігін арттыру мәселелері жөнінде айта келіп, біздің зерттеу жүргізген және шаруашылық қызметіне жан-жақты талдау жасалған «Қазпочта» АҚ-ның қызметінің тиімділігін арттыру бойынша келесідей жағдайларды айтып өтуге болады.

  1. Талдау мәліметтері көрсеткендей, «Қазпочта» АҚ кәсіпорын ретіндегі артықшылығымен қатар бірқатар кешіліктері де бар. Бұл бағытта ең алдымен кәсіпорында қызмет көрсету және басқа кәсіпорындармен салыстырғанда айқын бәсеке қабілеттілігін қалыптастыру мен арттыру бойынша жұмыстар жасалуы тиіс. Ол үшін жаңа қызмет түрін енгізу қажет аз уақытта жеткізу жұмыстарын жақсарту, техникалар мен технологияларды енгізу жұмыстары жүргізілгені дұрыс;
  2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайына жасалған талдаудан байқағанымыздай, қаржы ресурстарына деген қажеттілігі өте жоғары. Бірақ, қазіргі таңда несиенің пайыздық ставкасының жоғары болуы кәсіпорын қызметінің тиімділігіне кері әсер етеді. Кәсіпорынға алдағы уақытта даму институттарынан, әртүрлі халықаралық ұйымдардан бөлінетін қаражаттарды жеңіп алу үшін ашық байқауларға қатысу қажет;
  3. Кәсіпорынның қаржылық қиындықтары жоғары болған жағдайда  жаңа техникалар мен технологиялар сатып алу және өндіріске енгізу қиын болады. Сондықтан, еліміздегі лизингтік қатынастардың даму жағдайына сараптама жасай отырып, құрал-жабдықтарды лизингке алу анағұрлым тиімді болады;
  4. «Қазпочта» АҚ-ның негізгі кеміліктерінің бірі қызметкерлерінің біліктілігін арттыру мәселесіне көңіл бөлмеуі. Біздің ойымызша, персоналды басқару, мамандардың біліктілігін арттыру белгілі – бір дәрежеде кәсіпорын қызметінің тиімділігіне ықпал ете алады. Сол себепті, бұл бағытта қызметкерлердің біліктілігін арттыру жоспары жасалып, нақты іс-шаралар жүзеге асырылуы тиіс.

     Сонымен кәсіпорындар қызметінің экономикалық тиімділігін талдау және арттыру жөнінде жасалған ұсыныстар кәсіпорынның нарықтағы өз ұстанымын нығайту, бәсеке қабілеттілігін арттыру және жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар кәсіпорындар қызметінің табысты болуы еліміздің экономикалық даму деңгейіне ғана емес халықтың әлеуметтік жағдайына да оң ықпал етеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

   Кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің экономикалық тиімділігінің нарықта қызметпен тез қамтуға, салалық және аймақтық үстемдікті жоюға, бәсекені кеңейтуге, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізуге, сыртқа тауарлар шығару қарқынын арттыруға көмектеседі. Кәсіпкерлік экономика дамуының негізгі тетігі болғандықтан, кәсіпорындарды ұйымдастыруды жетілдіру үлкен орынға ие болады.

          Бірінші бөлімде кәсіпкерлік  қызметті ұйымдастырудың теориялық  негіздері, яғни кәсіпкерлік бұл  нарықтық экономикада адамдардың  меншігіне негізделген, несиеге  алынған және басқа да мүдделерді  пайдалану арқылы қолданып жүрген  заңдарға сәйкес жүзеге асырылатын  бастамалық, шығармашылық және басқа  да қызметтердің кәсіби түрі, яғни, кәсіпкер өз қызметінің  нәтижесіне толық жауапкершілікпен  қарай отырып,экономикалық басқару  шешімдерін дербес қабылдайды. Кәсіпкерлік  қызметтің негізгі мақсаты табыс  табуға бағытталған коммерциялық  жетістік болып саналады, ал кәсіпкерлік  қызмет тәуекелді қажет етеді.  Кәсіпкерлік қызметтің түрлері:  өндірістік, коммерциялық, қаржылық, кеңес  беру болып төртке бөлінеді.

          Екінші бөлімде өнімді өткізуде  «Қазпочта» АҚ-ның мысал ретінде алынды, яғни «Қазпочта» АҚ-ның тарихы оның даму жолы, экономикалық тиімділігін зерттедім. Кәсіпорынның негізгі жұмысы: қызмет көрсетумен айналысады.

             Үшінші бөлімде кәсіпорынның  кәсіпкерлік қызметін жетілдіру  жолдары қарастырылды, яғни «Қазпочта» АҚ-ның өндірілген өнімге қатысты маркетинг қызметін рынокта бәсекелестерге қатысты позициялауды талдау, тұтынушылардың сұранысын және тілектерін ескеріп, қызмет көрсетудің сапасын жоғарлату, озық технологияларды пайдалану қажет. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және дамыту бағдарламасын ұтымды түрде пайдалану жолдары қарастырылып өтті. 

        Жүргізілген  зерттеулер негізінде келесі  қорытындылар мен ұсыныстарды  жасауға болады:

1. Шет ел тәжірбиесін пайдалана отырып қызмет көрсету уақытын жеделдету ушін техникалық құралды пайдалану. Бұл мәселені шешудің бірнеше жолын ұсынуға болады:

- қызмет көрсететін кәсіпорынның  ұйымдарымен байланысын нығайту;

-   мемлекет тарапынан  арнайы жеңілдіктер беру;

-   қызмет сапасын  көтеру,озық технологияларды пайдалану.

2.   Негізгі үш қағидаға: тұтынушының қажеттілігін ескеруге, өзгермелі сұранысқа тез икемделуге  және маркетингтің кешенділік  сипатын ұстануға негізделетін.

Ұсынылатын маркетингтік бөлімді атқаратын қызметтеріне байланысты негізгі үш бағытқа бөлу мақсаты қолданылады.

Бірінші бағыт – маркетингтік зерттеулер мен кәсіпорынның дамуын болжау жұмыстарымен байланысты болуы  тиіс.

Екінші бағыт – ғаламтор желісін және нарыққа жаңа қызмет түрлерін шығару мүмкіндіктерін бағалау жұмыстарына негізделуі тиіс.

Үшінші бағыт – қызмет көрсетуде шет елмен тығыз байланыс жасау және жарнама қызметтерімен айналысуы тиіс.

Сонымен қатар, зерттеу нәтижесінде  әрбір бағыт бойынша шешілуі  тиіс нақты міндеттер белгіленді. Отандық қызмет көрсету саласының бәсекелік ахуалы мемлекеттің қолдауынсыз дамуы қиын. Сондықтан да, елдің қауіпсіздігі тұрғысында мемлекет тарапынан бұл салаға қатысты бірнеше экономикалық тетіктер ұйымдастырылғаны жөн. Аталған мақсатта мемлекеттің назары өндіріске соңғы ғылыми-техникалық және технологиялық жетістіктерді енгізуге жағдай туғызатын ғылыми зерттеулердің ауқымын ұлғайту мен оларды қаржыландыруға, нақты зерттеулерге мемлекеттік тапсырыстар беру мен олардың қолданысқа енуін қамтамасыз етуге, өзара тығыз байланысты салалардың біркелкі дамуына ықпал жасауға, импорт алмастыру саясатын ынталандыру тетіктерін кеңейтуге, өндірісті алдыңғы қатарлы құрал-жабдықтар мен жарақтандыруда және шикізатпен жабдықтауда салықтық жеңілдіктер беруге, кондитерлік өнімдерін өңдейтін кәсіпорындар мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталуы қажет.                             

         Қорытындылай келгенде мен «Қазпочта» АҚ-ның жақынырақ танысып, компанияның тарихын, мақсатын, жұмыс істеу бағытын, қызмет көрсету тәсілі жайлы  мәлімет алдым. Компанияның басты ұстанымы-тұтынушылардың қызығушылығын қанағаттандыру, сол себепті мамандар жоғарғы деңгейдегі қызмет пен көкейіңіздегі сұрақтарға жауап беруге әрқашан дайын. Жоғарғы деңгейдегі қызмет, ұйымшылдық және білікті мамандарының көпжылдық тәжірибесінің арқасында үлкен жетістіктерге жететіндігіне сенемін.

Дипломдық жұмыста көрсеткендей өткізілген бір шама шаралар барысында  кәсіпорын ұжымында немесе кез-келген жұмыс орнындағы жағдайға бейімделу, өзін-өзі көрсете білу, ұйымдастырушылық шараларды реттеу жөнінде керекті  ақпараттар алуға, туындаған сұрақтарға жауапты тиімді жолмен табуды меңгеруге  мүмкіндік туды.

      

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

  1.  «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту –Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауы. Егемен Қазақстан газеті, 2011 жыл, 27 қаңтар.
  2. Елшібаев Р.Қ. «Кәсіпкерлік қызметті ұйымдастыру» оқу құралы, Алматы, Экономика баспасы, 2009 жыл-218 бет.
  3. Сейдахметов А.С., Елшібекова Қ.Ж., Измаханова А.Қ., «Кәсіпкерлік» оқу құралы, Алматы. Экономика баспасы, Экономика баспасы,  2011 жыл-344 бет.
  4. Бисенғазиев М.Б., Хамитов А.Ш., «Кәсіпкерлік негіздері» оқу құралы, Орал, Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті баспасы, 2001 жыл-242 бет
  5. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік  А.Д.Үмбетәлиев, Ғ.Е.Керімбек
  6. «Кәсіпорын экономикасы» Мейірбеков А.Қ, Әлімбетов Қ.Ә.                                                    Алматы: Экономика, 2003;
  7. Дадабаева Ж.Г. автореферат Повышение конкурентоспособности промышленных  предприятий Республики Казахстан.
  8. Әбдікерімова Г.И., «Кәсіпорын экономикасы» оқу құралы, Алматы, Экономика баспасы, 2008 жыл-368 бет.
  9. Кәсіпкерлік (Шаруашылық) құқық С.П.Мороз
  10. Промышленность Казахстана и его регионов  Алматы  2011 стат сборник
  11. «Қазпочта» АҚ-ның 2010-2011 жылдарының негізгі экономикалық құжаттары;
  12. Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. «Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау» - Алматы: Экономика, 2001;
  13. Методика оценки конкурентоспособности хозяйствующих субъектов // Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 75-летию КазНУ им. Аль-Фараби. «Конкурентоспособность экономики Казахстана: ускоренная модернизация национальной экономики и развития корпоративных структур». – Алматы, 2008. – №2. – 176-182 б.  
    -0,7 б.т.
  14. “Фирманың маркетингтік қызметі”, Ахметова К.Ә, Нақыпова Г.Н, Қаменова М.Ж /Астана 2004
  15.   О комплексной оценке конкурентоспособности предприятия //  
    Т. Рысқұлов атындағы ҚазЭУ хабаршысы. – Алматы, 2008. – №6. – 247-253 б. 
    -0,8 б.т.
  16. Жеке  кәсіпкерлік туралы.  Қазақстан Республикасының Заңы. – Егемен Қазақстан, - 2006жыл, 7-ақпан.
  17. Окаев К.О. и др. Предпринимательство в Республике Казахстан:Учебное пособие. / Алматы:Экономика, 1999.35с.
  18. Н. Райхан Шағын кәсіпкерлік : кеше мен бүгін. – Ақиқат №5, 2010
  19. Мухамеджанов Б. Динамика развития предпринимательства в Республике Казахстан. -  АльПари №1, 2003
  20. Арзикулова Р.Қ автореферат. Кәсіпорынның бәсекелестік қабілеттілігін арттыру жолдары
  21. Мынбаев С. Большие перспективы малого бизнеса. – Промышленность Казахстана №2 , 2005
  22. Савицкая Г.В., Экономический анализ:Учебное пособие.Москва-2005
  23. Анализ финансовой отчетности [Текст] : учеб. пособие / ред. В. И. Бариленко. - 2-е изд., испр. и доп. - М. : КНОРУС, 2006. - 416 с.
  24. «Кәсіпкеліктің жеке курсы» Бижан Б.А.,Иссык Т.В.,Құрғанбаева Г.А.,Сахарчук Е.Э.,Тшенсовская Д.Ж.,Филин С.А..
  25. Дюсембаев К.Ш. «Анализ финансовой отчетности» Учебник. Алматы: Экономика, 2009г. – 366с.
  26. Гличев А.В. Основы управления качеством продукции.–М.:РИА «Стандарты и качество», 2001;
  27. Стратегия индустриально-инновационного развития Казахстана на 2005 – 2015 годы. – Астана, 2005 г
  28. Сүлеймен Р.Т. Толық экономикалық орысша–қазақша сөздік. «Сөздік–Словарь», Алматы, 1999;
  29. www.stat.kz
  30. www.kazpost.kz
  31. www.docs.kazpost.kz

 

 

 


Информация о работе Кәсіпорын қызметінің теориялық негіздері