Меншік нысаны бойынша, мемлекеттік,
жеке және шетелдік болып бөлінеді.
Осы меншік нысандарына байланысты
кәсіпкерлікті ұйымдастырудың ұйымдық
- құқықтық нысандарын бөліп көрсетуге
болады. Яғни, заңды тұлға құрмастан
қызметін жүзеге асыратын дара
кәсіпкерлер, сондай – ақ заңды
тұлға түрінде қызметін жүзеге
асыратын шаруашылық серіктестіктер
(толық серіктестік, коммандитті
(сенім) серіктестік, жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, қосымша
жауапкершілігі бар серіктестік),
өндірістік кооператив және акционерлік
қоғам. Мұның барлығы жеке меншік
нысанында жүзеге асырылса (акционерлік
қоғамдар жеке меншікте ғана
емес, сондай-ақ мемлекеттік меншікте
бола алады), кәсіпорынның тағы
бір ұйымдық – құқықтық нысаны
– мемлекеттік кәсіпорындар мемлекеттік
меншікте болады және мемлекеттік
кәсіпкерлік нысанында қызметін
жүзеге асыруы мүмкін [2, 10 б].
Территориялық
орналасуы бойынша жергілікті, аймақтық
және халықаралық болып бөлінсе,
салалық бағытына қарай өнеркәсіптік,
аграрлық, құрылыс, сауда және
басқа да салалар бойынша бөлінеді.
Жүзеге
асыратын қызмет түріне қарай
кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық,
қаржылық және кеңес берушілік
болып бөлінеді. Олар өз ішінен
тағы бірнеше түрге бөлінуі
мүмкін. Бірақ біз ірі топтамасы
ғана қысқаша тоқталайық.
Өндірістік
кәсіпкерлік – бұл кәсіпкерліктің
айтарлықтай маңызды түрлерінің
бірі. Мұнда өнім өндіру немесе
қызмет көрсету (жұмыс орындау)
жүзеге асырылады және одан
әрі дайын өнімді (қызметті, жұмысты)
тұтынушыларға сатуды көздейді.
Өндірістік кәсіпкерлік материалдық
өндіріс сферасында іске асырылады.
Сондықтан өндіріс функциясы
кәсіпкерлер үшін ең негізгі
болып саналады. Өндірісті жүзеге
асыру үшін кәсіпкерлік ең
алдымен қандай өнім өндіру (қызмет
көрсету, жұмыс орындау) және
оны кім үшін өндіру керектігін
білуі керек. Яғни, маркетингті
жетік меңгергені дұрыс. Сонымен
бірге өзінің иелігінде өндіріс
факторларының болуы және оны
ұтымды пайдаланудың маңыздылығы
жоғары. Әсіресе, елімізде қазіргі
кезде нақ осы өндірістік кәсіпкерлікті
дамытуға және қызмет тиімділігін
қамтамасыз етуге ерекше назар
аударылып отыр.
1-сурет. Кәсіпкерліктің
жіктелуі
Коммерциялық
кәсіпкерлік өндірілген өнімді (қызметті,
жұмысты) сатумен және оны сатып
алу – сату келісімшарты негізінде
тұтынушыларға дейін жеткізумен
байланысты, яғни тауарлы – ақшалай,
саудалық – айырбас операцияларымен
сипатталады. Мұндай қызмет нақты
тұтынушылармен тікелей байланысты
болғандықтан өзгермелі қажеттіліктерге
тез бейімделеді және мобильді
болады. Коммерциялық кәсіпкерлікті
дамыту үшін мынадай екі шарттың
сақталуы қажет: сатылатын тауарларға
салыстырмалы түрде тұрақты сұраныстың
болуы және өндірушіден тауарды
едәуір төмен бағаға сатып
алу мүмкіндігі. Ол сатушыларға
сату шығындарының орнын толтыруға
және қажетті табыс көлемін
алуға мүмкіндік береді. Коммерция
өзінің бастапқы мағынасында
сауда ұғымын білдіреді, ал
коммерсант – сауда, тауар
айырбастау, тауар – ақша операцияларымен
айналысатын саудалық іскер адам.
Коммерциялық кәсіпкерлік өндірістік
кәсіпкерлікпен тікелей байланысты.
Өйткені, өндірілген өнімді (қызметті,
жұмысты) өткізу негізінен осы
коммерциялық кәсіпкерлікке жүктеледі,
ол өнімге деген сұранысты
анықтап, өнімнің белгілі бір түрін өндіруді
көбейтуге немесе керісінше шектеуге
әсер етеді.
2-сурет. Кәсіпкерліктің түрлері
Кәсіпкерлік
қызметтің ерекше түрі – қаржылық
кәсіпкерлік болып табылады. Оның
сату – сатып алу объектісі
– ақша айналымы, бағалы қағаздар,
валюталық қатынастар. Яғни, ақшаны
тікелей және қосымша нысанда
сату жатады. Нарықтық қатынастарға
өтуге байланысты қаржы нарығы,
валюта және бағалы қағаздар
нарығы бой көтерді, оларға
қатысушылар: коммерциялық банктер,
қор биржалары, жекелеген кәсіпорындар
мен ұйымдар, кәсіпкерлер және
жеке тұлғалар. Бағалы қағаздар
нарығында кәсіби қатысушылар
(брокерлер, дилерлер, т.б.) қызмет
ете алады.
Кеңес
беру (консалтингтік) кәсіпкерлігі
– бұл ой нарығының бір бөлігі.
Онда қаржылық, инвестициялық саясаттарды
жасақтау, белсенді маркетинг, тәуелсіз
кеңестер бойынша жұмыстар жүргізіледі.
Кеңес беру әдістері эксперттік,
үрдістік және оқу – үйрету
нысандарында болуы мүмкін. «Консультант»
сөзі латын сөзінен шыққан және «кеңес
беруші» деген мағынаны білдіреді. Өз
мамандығының мәселелері бойынша кеңес
беретін, белгілі бір облыстағы білікті
маман. Шетел тәжірибесінде түрлі (басқару,
ұйымдастыру т.б.) сұрақтар бойынша коммерциялық,
ақылы кеңестер бер консалтинг деп аталады.
Консалтингтік қызмет көрсетулер консалтингтік
жобалар түрінде және біржолғы кеңестер
түрінде ұсынылады.
Соңғы жылдары
елімізде инновациялық және венчурлік
кәсіпкерлікті қалыптастыру мен
дамытуға ерекше назар аударып
отыр. Сонымен қатар кәсіпкерліктің
өзгеше жаңа нысаны ретінде
әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар
құрылып, қызметін жүзеге асыруда.
Кәсіпкерліктің осы жаңа нысаны
жөнінде кеңінен тоқталайық.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорация
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің
(ҚР Үкіметі жалғыз қатысушысы болып табылады)
акционерлік қоғам нысанында құрылған
заңды тұлға. Ол мемлекеттік – жеке әріптестік
қағидаларында кәсіпкерлік қызметін жүзеге
асырады, оның тапқан табысының бір бөлігі
өз қызметін жүзеге асырып отырған өңірдегі
халықтың мүддесіне орай әлеуметтік, экономикалық
немесе мәдени жобаларды іске асыру үшін
қайта инвестицияланады. Басқаша айтқанда,
әлеуметтік – кәсіпкерлік корпорациялар
– бұл өз қызметін өндірістен және тауарлар
мен қызмет сатудан табыс табу мақсатында
ұйыдастырылатын тұрлаулы бизнес – құрылымдар.
Қазақстанның түрлі өңірлерінде бастапқы
кезеңде қолдарына коммуналдық меншікті,
жерді, жаңа бизнес жасау үшін пайдалануға
болатын жұмыс істеп тұрған рентабельсіз
кәсіпорындарды беру арқылы әлеуметтік
– кәсіпкерлік корпорациялар жасақталады.
Кәсіпкерлік
қызметті ұйымдастыру ұйымдық
– құқықтық және ұйымдық –
экономикалық нысандарда жүзеге
асырылады. Жоғарыда атап өткеніміздей
ұйымдық – құқықтық нысандарға
дара кәсіпкерлік, шаруашылық
серіктестіктер, акционерлік қоғам,
өндірістік кооператив және мемлекеттік
кәсіпорындар жатқызылады. Ал
ұйымдық – экономикалық нысандарға
концерн, консорциум, холдинг, картель,
синдикат, пул, трест, қаржылық - өнеркәсіптік
топтар және т.б. жатады.
Дара кәсіпкерлік
дегеніміз азаматтардың немесе
жеке тұлғалардың өздерінің меншігіне
негізделе отырып, тәуекелге бару
және мүліктік жауапкершілігі
арқылы жүзеге асырылатын табыс
табуға бағытталған бастамашылық
қызметі.
Дара кәсіпкерлік
өзіндік немесе бірлескен кәсіпкерлік
түрінде жүзеге асырылады. Өзіндік
кәсіпкерлікті бір жеке тұлға
өзіне тиесілі мүлік негізінде,
сол мүлікті пайдалану және
оған билік ету құқығымен дербес
жүзеге асырады. Бірлескен кәсіпкерлікті
жеке тұлғалар немесе бірнеше
дара кәсіпкерлер өздеріне тиесілі
ортақ мүлік негізінде, мүлікті
бірлесіп пайдалану және билік
ету құқығымен жүзеге асырады.
Бірлескен
кәсіпкерлік келесі нысандарда
болуы мүмкін:
- ерлі – зайыптылардың ортақ бірлескен меншігі негізінде жүзеге асырылатын ерлі – зайыптылардың кәсіпкерлігі;
- шаруа (фермер) қожалығының ортақ бірлескен меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік негізінде жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік;
- ортақ үлестік меншік негізінде жүзеге асырылатын жай серіктестік.
Дара кәсіпкерлік шағын және
орта кәсіпкерлік субъектісі
ғана бола алады, ол ір кәсіпкерлік
субъектісі бола алмайды.
Толық
серіктестік шаруашылық серіктестіктердің
негізгі нысандарының бірі болып
табылады. Толық серіктестік деп
мүлкі жеткілксіз болған жағдайда
қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері
бойынша өздеріне тиесілі барлық
мүлкімен ортақ жауапкершілікте
болатын серіктестікті айтамыз.
Толық серіктестіктің қатысушысы
– серіктестіктің борышы бойынша
оған өзі кіргеннен кейін немесе
кіргенге дейін пайда болғанына
қарамастан жауап береді
Серіктестіктің тағы бір нысаны
– сенім (коммандитті) серіктестігі.
Серіктестіктің міндеттемелері
бойынша өзінің бүкіл мүлкімен
қосымша жауап беретін бір
немесе одан да көп қатысушыларымен
қатар, серіктестіктің мүлкіне
өздері салған салымдардың жиынтығымен
шектелетін және кәсіпкерлік
қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын
қатысушыларды да енгізетін серіктестік
сенім серіктестігі деп аталады.
Сенім серіктестігінің ісін басқаруды
толық серіктестер жүзеге асырады.
Ал салымшылардың басқаруға қатысуға,
сондай-ақ сенімхат болмаса оның
атынан әрекет жасауға құқығы
жоқ. Егер оны тарату кезінде
ең болмағанда бір толық серіктес
және бір қатысушы – салымшы
қалса, онда сенім серіктестігі
сақталып қалады.
Серіктестіктердің
ішінде кеңінен тараған және
едәуір қолайлы нысаны жауапкершілігі
шектеулі серіктестік болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
деп бір немесе бірнеше адам
құрған, жарғылық капиталы құрылтай
құжаттарымен белгіленген мөлшерде
үлеске бөлінген серіктестікті
айтамыз. Жауапкершілігі шектеулі
серіктестікке қатысушылар оның
міндеттемелері бойынша жауап
бермейді және серіктестіктің
қызметіне байланысты залалдарға
өздерінің қосқан салымдарының
шегінде тәуекел етеді.
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік
деп қатысушылары серіктестік
міндеттемелері бойынша жарғылық
капиталға қосқан өздерінің салымдарымен,
ал бұл сомалар жеткіліксіз
болған жағдайда енгізген салымдарының
еселенген мөлшерінде өздеріне
тиесілі қосымша мүлікпен жауап
беретін серіктестікті айтамыз.
Қатысушылар жауапкершілігінің
шекті мөлшері жарғыда көзделеді.
Кәсіпкерлік субъектілерінің бірі
- өндірістік кооператив. Өндірістік
кооператив дегеніміз азаматтардың
бірлескен кәсіпкерлік қызметі
үшін мүшелік негізде олардың
өз еңбегімен қатысуына және
мүшелерінің мүліктік жарналарын
біріктіруіне негізделген ерікті
бірлестігі. Кооперативтің құрылтайшылары
екеуден кем болмауы тиіс. Өндірістік
кооператив заңды тұлға статусын
иеленеді және міндеттемелері
бойынша қосымша (жәрдем беру)
жауапты болады.
Акционерлік
қоғам деп өз қызметін жүзеге
асыру үшін қаражат тарту мақсатыме
акциялар шығаратын заңды тұлғаны
айтады. Ал акция үлесті немесе
меншікті куәландыратын бағалы
қағаз.
Концерн
– меншік пен бақылау бірлігін
сипаттайтын бірлестіктің кеңінен
тараған нысандарының бірі. Ол
инвестициялық, қаржылық, табиғат
қорғаушылық, сыртқы экономикалық
және басқа да қызметтерді,
өндірістік даму мен ғылыми
– техникалық функцияларды ерікті
түрде орталықтандыру негізінде
бірлескен қызметті жүзеге асыратын
дербес кәсіпорындар бірлестігін
білдіреді.
Консорциум – нақты
міндеттерді шешу, ірі мақсатты бағдарламалар
мен жобаларды, соның ішінде инвестициялық,
ғылыми – техникалық, құрылыстық, табиғат
қорғаушылық және басқаларын жүзеге
асыру үшін құрылған уақытша немесе
тұрақты бірлестік. Консорциум кез
– келген меншік нысанындағы кәсіпорындар
тобының күшімен мемлекеттік
бағдарламаларды жүзеге асыру үшін
құрылуы мүмкін.
Холдинг
– кәсіпорындарының акцияларының
бақылау пакетін иеленетін, олардың
қызметін бақылау мен басқаруды
қамтамасыз ететін бірыңғай құрылымға
біріктірілген бас («ұстаушы»)
компания.
Картель – бірлескен коммерциялық
қызметті жүзеге асыру үшін
құрылған бір саладағы кәсіпорындар
бірлестігі
Синдикат
– картельдік келісімнің бір
түрі болып табылады. Оның қатысушылары
өз арасындағы артық (қажеті
жоқ) бәсекені болдырмас үшін
бірыңғай өткізу органы (сауда
кеңсесі) арқылы өнімдерін өткізетін
болады. Картельдік
типтегі бірлестікке пулды да
жатқызуға болады.
Пул – қатысушылары
пайданы бөлудің ерекше тәртібін
қарастыратын кәсіпкерлер бірлестігі.
Оның қатысушыларының пайдасы
алдымен «ортақ қазанға» түседі,
ал содан кейін олардың арасында
алдын – ала белгіленген арақатынас
(пропорция) бойынша бөлінеді.
Трест
– қатысушылары өздерінің өндірістік,
коммерциялық, шаруашылықтық және
заңдық дербестігін жоғалта отырып
бірыңғай өндірістік кешенге
бірігетін және орталықтандырылған
басқару жүйесіне бағынатын кәсіпкерлер
бірлестігі.
Қаржылық
- өнеркәсіптік топтар - өнеркәсіптік,
банктік, сақтандыру және сауда
капиталдарын, сондай – ақ кәсіпорындар
мен ұйымдардың интеллектуалдық
әлеуетін (потенциалын) біріктіретін
бірлестік [4].
Сонымен
жоғарыда аталған кәсіпкерлер
бірлестіктерін қалыптастырудың
негізгі міндеттері ретінде қатысушылардың
күштерін біріктіру нәтижесінде
жұмыстың тиімділігін арттыруды,
өткізу нарықтарын ұстау мен
жаулап алуды, шикізаттар, материалдар
және басқа да ресурстарды
жеткізушілерді бекітуді, өндірістің
техникалық дамуын жеделдетуді
айта аламыз. Бірлестіктер тек
жоғарыда аталған нысандарымен
ғана шектеліп қоймайды, олардың
өзге де нысандары құрылуы
мүмкін.
Кәсіпкерлік
қызметпен айналысқысы келген
кез – келген азамат кәсіпкерліктің
ұйымдық – құқықтық нысандарының
бірін таңдауы тиіс. Егер заңды
тұлға құрмастан кәсіпкерлік қызметпен
айналысуды көздесе дара кәсіпкерлік,
ал кәсіпорын немесе фирма құру арқылы
жүзеге асыруды қаласа, онда шаруашылық
серіктестіктердің бірін, өндірістік
кооперативті немесе акционерлік қоғамды
таңдауы тиіс. Ал, ұйымдық – экономикалық
нысандардың заңмен бекітілген нақты
түрлері жоқ. Ол кәсіпорын иесінің немесе
кәсіпкердің өз қалауы мен еркі бойынша
нақты мақсаттар мен міндеттерге сәйкес
орындалуы мүмкін. Сондықтан жоғарыда
атап өтілген кәсіпкерлер бірлестігінің
немесе ұйымдық – экономикалық нысандардың
барлығы дерлік елімізде қызметін жүзеге
асырып отырған жоқ.