Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 13:26, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы: Дипломдық жұмыстың теориялық мәні мен оның нәтижелері өндірістік кәсіпорында кіріс есебін ұйымдастыру бойынша бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғары оқу орындардында кәсіптік білім беру қыземтінің аймақтық нарығында қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3

1 Кәсіпорын кірістерінің мәні мен маңызы
1.1 Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері...................................7
1.2 №2 ҰҚЕС негізінде кірістерді қолдану негіздері..................................15
1.3 Кәсіпорын кірісінің экономикалық мәні..................................................21
1.4 Кірістің кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары....................25

2 Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастырылуы
2.1 Өнімдерді сатудан және қызметтерді көрсетуден алынатын кірістер есебі.........................................................................................................................29
2.2 Негізгі құралдардың кіріс есебі.................................................................30
2.3 Кәсіпорынның кірістер мен шығыстар туралы есептілігін құру тәртіптері................................................................................................................34

3 Кәсіпорын кірістерінің талдауы және аудиті
3.1 Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті.............................................40
3.2 Кәсіпорынның ақшалай кірітерін талдау.................................................47
3.3 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері...............................................................................................51

Қорытынды..................................................................................................58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................61

Работа содержит 1 файл

касып орын кырыстер.doc

— 442.50 Кб (Скачать)

         Екіншіден, кіріс ынталандырушы функция қызмет атқарады. Кәсіпорындардың  қорытынды  қаржылық-экономикалық  нәтижесі бола  отырып, кіріс нарықтық шаруашылық өмірде  шешуші рөл  атқарады. Кіріс «кәсіпорынның басты мақсаты» деген дәрежеге ие  екенін білеміз. Бұл  шаруашылық субъектілерінің экономикалық әрекеттерінің алғы шарты болып табылады, ал бұл әрекеттердің игіліктерге ұласуы кірістың  мөлшеріне, сонымен қатар ұлттық экономикада қалыптасқан оны үлестіру тәртіптеріне байланысты.

         Кіріс-меншікті капитал өсімінің  бірден-бір көзі. Нарықтық  қатынастар  жағдайларында акционерлер мен қаржы менеджерлері, кәсіпорын қарамағында қалатын кіріс мөлшеріне икемделе отырып, кәсіпорынның даму перспективаларына сәйкес дивиденттік және инвестициялық саясаттар бойынша шешімдер қабылдайды.

Нарықтық  экономикада кіріс-өндірістік  активтердің және өндірілетін  өнімнің  қозғушы күші болып табылады.

Тағы да айта кететін  жағдай-кіріс  кәсіпорын жұмысшыларының әлеуметтік  игіліктерінің көзі  болып табылады.Салықтарды, дивидендтерді және де басқа да бірінші кезектегі төлемдерді өтегеннен кейін кәсіпорын қарамағында қалатын  кіріс жұмысшыларға материалдық жәрдемақы төлуге, оларға әлеуметтік жеңілдіктер жасауға, әлеуметтік сала объектілерін  қаржыландыруға жұмсалады.

          Үшіншіден, кіріс мемлекеттік   бюджет қаражаттарының қалыптасу көзі болып табылады. Кіріс мемлекеттік бюджет қазынасы салықтар түрінде, сондай-ақ экономикалық санкциялар түрінде кездеседі. Бұл  қаражаттар,өз кезегінде, бюджеттің шығыстық баптарымен қарастырылған және заңды түрде  бекітілген мақсаттарына бағытталды.

           Сонымен  кәсіпорынның кірісы-оның  экономикалық және әлеуметтік дамуының негізгі факторы болып табылады. Бұл қорытынды кәсіпкерлік қызметтің түпкі мақсатынан келіп туындайды. Қазіргі заманғы батыстық экономика ғалымдары кәсіпорындардың мақсаттарын келесідей тәртіппен тұжырымдайды:

        -акционерлік меншікті арттыру;

        - кірісті арттыру;

        -басқарушылық  сыйақыларды арттыру;

        -әлеуметтік  жауапкершілікті арттыру.

Қаржыны  басқарудыың  бүгінгі  теориясы  бизнестің еңбіріні кезектегі мақсаты-кәсіпорын акционерлерінің материалдық мүдделерін арттыру болып табылады деген тұжырымға негізделген. Яғни кәсіпорындар өздерінің қарапайым акцияларының биржалық құнын  арттыру тиіс. Кәсіпорынның  басқа мақсаттары да оның экономикалық саясатына өз әсерін тигізетіні сөзсіз, алайда олар алғашқымен салыстырғанда маңыздылығы төмен болып саналады.

      Кәсіпорын мақсаттары бұлайша  саралау батыстық экономика үшін  әбден ақылға қонымды. Кірісты арттыру аз ғана уақытты қамтитын  қысқа мерзімді міндет болып  табылады,ал акционерлік меншікті  арттыру-ұзақ мерзімді мақсат  болып табалады. Себебі кәсіпорын иелері бүгінгі кірісқа да,келешектегі кірісқа да мүдделі.

Кәсіпорын кірісының қалыптасуы және орналастырылуы

Кәсіпорын кірісының қалыптасуы және оның орналастырылуы (үлестірілуі, пайдаланылуы) оның кәсіпкерлік қызметінің ерекшеліктерімен және стратегиялық мақсаттарымен анықталады. Кәсіпорынның жалпы кірісы оның ағымды кезеңдегі негізгі, қаржылық, инвестициялық қызметтерден, төтенше жағдайлардан алған кірістарының жиынтығынан қалыптасады.

      Жалпы   кірістың құрамында кәсіпорынның  барлық қызмет түрлерінен алынған  кірістары  кіреді.Бірінші кезекте  жалпы  кіріс өнімді өткізуден, яғни  негізгі  қызметтен алынған кірісты қамтиды. Бұл  кіріс жалпы өнімді өткізуден  түскен сомадан қосылған құн салығы мен акциздерді өнімді өндіруге, өткізуге кеткен шығындарды шегеріп тастау арқылы анықталады.

      Екіншіден, жалпы  кірістың құрамына тауарлық емес өнімдерді  сатудан алынған кіріс, яғни кәсіпорынның балансында есептелетін қосалқы өзгерістердің (ауыл шаруашылық өндірісінің, көлік шаруашылығының және басқа да шаруашылықтардың)кірістары кіреді.

          Үшіншіден, жалпы кірістың құрамына негізгі қорларды және өзге де мүліктерді студан түскен кіріс кіреді.

          Сондай-ақ,жалпы кіріс өткізілімнентыс алынған кірістар мен шығындарды, яғни тауар немесе қандай да бір активті сатудан тыс операциялардың  нәтижесін қамтиды.

Кәсіпорынның  қарамағында  қалатын жалпы кірісы әрі қарай үлестіру объектісі ретінде қпрастырылады.Оны үлестіруді кірістың бір бөлігін мемлекеттік бюджетке және басқа да міндеттемелерді өтеуге,ал қалған бөлігін кәсіпорынның стратегиялық мақсаттарына сәйкес мүдделеріне бағыттау деп түсінуге болады. Кірісті үлестіру заңдылығы-салықтар мен басқа да міндетті төлем шарттары түрінде түрлі деңгейдегі бюджетке түсетін бөлігі.Содан кейін қалатын кірісты үлестірудің бағытына анықтау кәсіпорынның құзыретіне жатады.

      Кірісты үлестірудің негізгі принціптері  келесілер:

      - кәсіпорынның өндірістік -шаруашылық, қаржылық және инвестициялық  қызметтерден алынған кірісі шаруашылық субъектісі ретінде мемлекет пен кәсіпорын арасында бөлінеді;

      - мемлекет  қазынасына түсетін кірістің бөлігі салықтар және алымдар ретінде мемлекеттік бюджетке түседі.Салықтардың құрамы,мөлшерлемелері және сәйкес деңгейдегі бюджеттердің есебіне түсу тәртібі заңды түрде бегіленеді;

      -салықтардан   кейін шаруашылық субъектінің қарамағында қалатын кіріс мөлшері өндіріс көлемінің арттыруға және өндірістік-шаруашылық, қаржылық, инвестициялық қызметінің жақсаруына, сонымен қатар, кәсіпорынның қаржы қызметінің жақсаруына мүдделілігін арттыруға жетерліктей болуы керек;

Кәсіпорынның  әрі карай дамуын қамтамасыз ететін қорларға ал қалаға бөлігі тек тұтыну қорларына кетеді[14,25-28].

Кәсіпорын қарамағында  қалатын кіріс (таза кіріс) екі бөлікке бөлінеді.Бірінші бөлігі тұтыну қорлаоына,екінші бөлігі жинақтау қорларына бағытталады.

Тұтыну қорларына  бағытында қолданылып кіріс кәсіпорынның мүлкін арттыру мақсатында өндірістік активтерді, жаңа технологияларды енгізу, сондай-ақ, қосымша еңбек ресурстарын тартуға жұмсалады. Кәсіпорынның капиталын ұлғайтұға орналастырылған кіріс өндірілген өнімнің көлемін арттыруға, өнімнің өзіндік құнын төмендетуге, түптеп келгенде шаруашылық субъектінің келешектегі әлеуетті(потенциалды) кірістылығын арттырудың алғы шарты болып табылады.

      Сондай-ақ, кіріс тек өндіріс процесіне орналастырылып қана қоймай, сонымен қатар, жұмысшылар мен қызметкерледдің әлеуметтік мұқтаждықтарын қамтамасыз етуге, олардың біліктілігі мен жауапкершілігін арттыруға, оларға қосымша сыйақылар төлеуге,басқа да әлеуметтік сала объектілерін қаржыландыруға жұмсалады. Бұл, өз кезегінде, қызметкер тарапынан еңбекке деген арттыруға септігін тигізеді.

      Жинақталу қорларына бағытталатын кіріс алуан түрлі қосымша қорларды қалыптастыркға жұмсалады:әлеуметтік сақтандыру қоры, резервтік қорлар, экологиялық  қор және тағы басқа да қорлар. Бұл кәсіпорындардың келешекте болу ықтимал күтпеген шығындар мен зияндардың орнын толтыруға, қоғам өміріне өндіріс барысынан  келетін зиянды өтеуге, сондай-ақ қолайлы жағдайлары туындаған кездерде резервтік қорлардағы қаражаттар есебінен қосымша күтпеген кірістарды алу мүмкіндіктерін жүзеге асыруына көмегін тигізеді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастыру

 

2.1 Өнімдерді  сату  мен  қызмет  көрсетуден  алынатын  кірістер  есебі .

 

 

     Өнімдер   сату  және   орындалған    жұмыстардан   және   көрсетілген   қызметтерден  түскен  түсім   кез-келген  ұйым  қаражаты айналымының  аяқталған  бөлігін  білдіреді.

      Негізгі   қызметтен  алған  кірістер  есебі 6010 «Өнімдерді  сатудан  және қызметтер  көрсетуден  алған  кіріс » пассив  шотында   жүргізіледі.Оған  аналитикалық  шоттар ашылуы  мүмкін,  оның  атауы  қызмет  салалары  бойынша кірістердің көздері мен түрлеріне қатысты болады  және  нақты   кәсіпорын шоттарының   бекітілген  жұмыс жоспарында  бекиді.  есепті  кезең ішінде  6010  шотының кредитіне, тиісті  шоттарда: «Қорларды өткізуден алған кіріс », «тауарларды  өткізуден  алған  кіріс», «Жүктермен  жолаушылар   тасымалдау  бойынша  қызметтер көрсетуден алған кірісі», «Жалгерліктен  алған  кіріс»  және т.б   көздерінен  алынған  кіріс сомалары  тиісті   шоттарда  жинақталады.

       Есепті  кезең  соңында   6010  кредиті  бойынша  алынған  кірістер  сомасы 5410 «есепті  жылдың  пайдасы (залал) » шотына  көшіріледі.  осы  шоттың  ақпараты 2 «кірістер  мен  шығыстар  туралы  есеп » үлгісін  толтыру  үшін  негіз  болып  табылады.

        Қазақстан Республикасында  есептеу  әдісін  енгізгенге  дейін   ұйымдардың  басым   көпшілігі  кірісті  анықтау  кезінде  кассалық  әдісті  қолданып келді.  Жұмыстарды  орындаушылар мен  қызмте  көрсетушілердің  есебіне  ақша  қаражаттарының  келіп  түскен  кезі,  өткізу  кезін   есепке  алу  үшән  белгі  беру  болып  саналады.

      Сатушы  – ұйымның   сатып алушығы   меншікпен  байланысты  маңызды   тәуекелдер мен  сыйақыларды   беру  кезін  бағалау  мәміледегі  талаптарды зерттеуді  талап  етеді. көпшілік  жағдайларда,  меншікпен  байланысты тәуекелдерді және сыйақыларды  беру  меншіктің  заңды  құқықтарын  берумен  немесе иелік  ету  құқығын  сатып  алушыға берумен  сәйкес келеді.

 

3 – кесте. 6010 «Өнімдерді  сатудан және қызметтер көрсетуден  алған кіріс» шотындағы шоттар корреспонденциясы төмендегі кесетде   келтірілген:

       

Шаруашылық  операциялар  мазмұны

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

1

Шот –фактуралар, тауар-көлік  құжаты  негізінде  дайын өнім /тауар/  тиеліп  жөнелтілді:

-  шарттағы бағалар   бойынша

- ҚҚС  сомасына 

 

 

 

1210  1280

1210  1280

 

 

 

6010

3130

2

Орындалған  жұмыстар мен  көрсетілген  қызметтер үшін шарттар қойылды:

-ҚҚС сомасына 

 

 

1210  1280

1210  1280

 

 

6010

3130

3

Ұсынылған сомалар  үшін төлем банктегі  шоттарға  келіп  түсті.

 

1040

 

1210

1280

4

Ағымдағы  кезеңге  жатқызылған, өткен  кезеңде  алынған  кірістер

3520

6010

5

Есепті  кезең  соңында 6010 шоты 5410  шотының  ұлғаюына  жабылады.

6010

5410


 

          6010 шотындағы аналитикалық  есеп  жыл  басынан  өсіп  отырған  жиынмен, бір айда  алған   кірістердің  түрлері  бойынша   ведомостарда  жүргізіледі.

 

 

2.2 Негізгі құралдардың кіріс есебі

 

 

Халық шаруашылығының қай  саласында болмасын өндірістік өнімнің өсуі ондағы негізгі  құралдарының өсуі мен олардың сапасына байланысты болады. Сондықтан шаруашылық объектісі әрдайым негізгі құралдарын жаңартып, оларды сапасы және өнімділігі жоғарыларымен ауыстырып отыратыны дұрыс.

Кәсіпорындарға  негізгі  құралдар сатып алу, салу, құрылтайшылардың үлес қосуы, басқа  ұйымдардың және адамның сыйға, яғни тегін беруі, сондай-ақ жоғары үкімет орындарының беруі және тағы да басқа жағдайлар арқылы келіп түседі. Бұл келіп түскен кіріске алынған негізгі құралдарға кәсіпорын үлгілі түрі НҚ-1 санды қабылдау тапсыру актісін толтырады. Егер шаруашылықта пайдаланатын бір түрлі, құны бірдей құрал-саймандарының немесе жабдықтардың бірнешеуі бір уақытта келіп түссе, яғни кіріске алынса, оларға жоғарыда аталған қабылдау- тапсыру актісінің бір данасын ғана толтыруға болады. Салынып біткен, яғни аяқталған құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен оларды іске қосу-қабылдау актісін толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады.

Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:

  • объектінің аты;
  • объектіні қабылдап алушы мен тапсырушы ұйымның аты;
  • салынып біткен құрылыстың қабылданған кездегі жағдайы;
  • құрылыстың салынып біткен уақыты;
  • амортизациялық аударым мөлшері;
  • бастапқы құны;
  • басқа шартты белгілері.

Негізгі құралдардың  салынып біткен аса  ірі объектілеріне  ұйымдағы бас механикалық бөлім  төлқұжат толтырады. Негізгі құралдарға төлқұжат толтыру олардың есебін дұрыс ұйымдастырудың негізгі шарттарының бірі болып табылады. Негізгі құралдарға толтыралатын төлқұжаттарда олардың пайдалануға берілген уақыты, техникалық сипаттамасы (көлемі, материалдық өзгешелігі, агрегаттардың қуат күші, тозу мөлшері, істен шығарылу себебі) және тағы да басқа мәліметтері жазылады. Осы төлқұжаттардың негізінде ұйымдар әрдайым өздеріндегі негізгі құралдарға түгендеу жүргізіп және олардың іске жарамдылығын тексеріп отырады[23,51-52].

Информация о работе Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі