Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 13:26, дипломная работа
Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы: Дипломдық жұмыстың теориялық мәні мен оның нәтижелері өндірістік кәсіпорында кіріс есебін ұйымдастыру бойынша бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғары оқу орындардында кәсіптік білім беру қыземтінің аймақтық нарығында қолдануға болады.
Кіріспе................................................................................................................3
1 Кәсіпорын кірістерінің мәні мен маңызы
1.1 Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері...................................7
1.2 №2 ҰҚЕС негізінде кірістерді қолдану негіздері..................................15
1.3 Кәсіпорын кірісінің экономикалық мәні..................................................21
1.4 Кірістің кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары....................25
2 Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастырылуы
2.1 Өнімдерді сатудан және қызметтерді көрсетуден алынатын кірістер есебі.........................................................................................................................29
2.2 Негізгі құралдардың кіріс есебі.................................................................30
2.3 Кәсіпорынның кірістер мен шығыстар туралы есептілігін құру тәртіптері................................................................................................................34
3 Кәсіпорын кірістерінің талдауы және аудиті
3.1 Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті.............................................40
3.2 Кәсіпорынның ақшалай кірітерін талдау.................................................47
3.3 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері...............................................................................................51
Қорытынды..................................................................................................58
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................61
Кәсіпорынның қызметін бағалау үшін келесі үш көрсеткіш маңызды:
Осы көрсеткіштердің
шекті көлемі және жыл
Тауар (өнім, қызмет) сатудан түскен түсім – бұл, шоттарда «сатылым» және «өзге де кірістер мен шығыстар» есебінде көрінетін, қолма-қол немесе қолма-қолсыз ақша түрінде болатын қарапайым немесе өзге де қызметтен түсетін кіріс есебі.
Сатудан түскен пайда - өндірілген өнімге кеткен шығын мен есепті кіріс арасындағы айырмашылық.
Ақша қаражаттарының кірісі келесілер есебінен жүргізіледі: тауарды сатудан түскен пайдадан, алынған аванстардан, несиелер және займдардан, бағытталған қаржыландыру құралдарынан, қаржылақ салымдар бойынша дивидендтер мен пайыздардан және өзгелерден.
Ақша ағымдарының шығысы – ағымдық операциялық және инвестициялық шығындарды жабу барысында, бюджетке төлемдер және мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға салымдар жүргізуде, эмиссиялық бағалы қағаздар иегерлеріне пайыздар мен дивидендтер төлеуден, қаржылық салымдардан және өзге де жағдайлар нәтижесінде пайда болады.
Ақша қаражаттарының таза кірісі – ақша қаражаттары бойынша барлық түсімдер мен төлемдердің арасындағы айырмашылық. Осыған орай, кірістерге есепті жыл басындағы қалдық ақша қаражаттары кіреді. Ол кәсіпорынның ағымдық төлем қабілеттілігін қамтамасыз етеді
Соңғы есептік кезеңдегі кәсіпорын балансындағы ақша қаражаттар қалдығының өсуі немесе кемуі, өткен есепті кезеңмен салыстырғанда актив пен пассив құнындағы өзгерістерден тәуелді. Баланс активіндегі кез-келген мүлік бабының құнының өсуі – коммерциялық банктер шотындағы ақша қаражаттарының азаю факторы болып табылады. Керісінше, баланс пассивіндегі қаржыландырудың меншікті немесе тартылған көздерінің өсуі ақша қаражаттары қалдығының өсу себебі болып табылады.
Мұндай саясат нәтижесі болып:
банктегі шоттарда және кассада қажетті ақша қаражаттарының болуы;
кәсіпорынның жыл бойы
несиеқабілеттілігін, төлемқабілеттілігін
және қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз
ететін баланстың актив пен пассив
құрылымын қалыптастыру[27,20-
Ақша ағымдары дегеніміз – бұл есепті немесе жоспарланған уақыт барысындағы кәсіпорынның алатын және төлейтін ақша қаражаттарының көлемі . Алынған пайда сомасы және келіп түскен ақша ағымының көлемі арасындағы айырмашылық келесідей: пайда, кәсіпорынмен белгілі бір уақытта (жыл, тоқсан) алынған таза кірісті түсіндіреді. Ол анық келіп түскен ақша қаражатымен сәйкес келмейді. Оны ақша қаражаттары келіп түскеннен соң емес, сату процесі аяқталған соң мойындайды. Бұл кәсіпорынның есептік саясатында белгіленген. Пайда есебін жүргізгенде, өндіріске кеткен шығындарды сатылған кезінен бастап емес, оны өткізу кезінде мойындайды. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау барысында, есептік кезең бойынша кәсіпорынға келіп түскен пайда мен ақша қаражаттарының бір нәрсе еместігін ажырата білген жөн. Пайда авансталған құнның өскендігін көрсетеді, бұл кәсіпорынды басқарудың тиімділігін көрсетеді. Алайда, пайда көлемінің өсіміне баға факторлары, есептік саясат тәрізді өзге де себептер әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ пайданың болуы кәсіпорында бос ақша қаражаттарының бар екендігін білдірмейді.
Нарық заманының экономикасында ақша қаражаттары өте дефицит болып табылады және көп жағдайларда кәсіпорынның табысқа жетуінде басқарманың ақша қаражаттарын тиімді пайдалану қабілеттілігі ескеріледі.
Ақша ағымдарын басқару өзіне келесі аспектілерді қосады:
Бұл, кәсіпорын қызметіндегі, айналым және айналымнан тыс активтерді, меншікті және қарыз капиталын қоса алғандағы басты бағыттарды қамтиды.
Кәсіпорын үшін ақша ағымын басқару келесі себептерге байланысты маңызды болып табылады:
баланс өтімділігін реттеу;
Жоғарыда көрсетілген себептерді тиімді басқару кәсіпорынның ақша қаражаттарын тиімді пайдалануды және кәсіпорынның тұрақтылығын қамтамасыз етеді
Кәсіпорынның қаржы
жағдайы осы кәсіпорынның белгілі
бір кезеңдегі
В.Г.Артеменко мен М.В.Беллендир бұл ұғымды былай түсіндіреді: «Қаржылық тұрақтылық – бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. Ол ақша қаражаттарын еркін пайдалануды қамтамасыз етеді жәнеоларды тиімді пайдалану арқылы өндіру және өнімді сату процесінің үздіксіз болуына жағдай жасайды. Сондықтан да қаржылықтұрақтылық барлық өндіріс – шаруашылық қызметі процесінде қалыптасады және кәсіпорынның жалпы тұрақтылығының негізгі бөлігі болып табылады».
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В.М.Радионова мен М.А.Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
Ішкі факторлар кәсіпорынның өзінің жұмысын ұйымдасьтыруына байланысты болады, ал сыртқы факторлар кәсіпорын еркіне бағынышты емес.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер ететін мынадай ішкі факторларды атап көрсетуге болады:
Сыртқы факторларға шаруашылық жүргізудің экономикалық жағдайының әсері, қоғамда үстемдік етуші техника мен технология, төлем қабілеті бар сұраныс және тұтынушылар табысының деңгейі, ҚР үкіметінің салық және несие саясаты, кәсіпорынның қызметін бақылау жөніндегі заң актілері, сыртқы экономикалық байланыс және т.б. жатады.
Сонымен, қаржылық жағдай кәсіпорынның бәсекелестік қабілетін және оның іскерлік қарым-қатынасындағы потенциалын анықтайды, кәсіпорынның өзінің және оның серіктестерінің қаржылық және басқа қатынастар тұрғысындағы экономикалық қызығушылары қаншалықты дәрежеде кепілдендірілгендігін бағалайды.кәсіпорынның қаржылық жағдайын объективті дұрыс бағасын алудың еңжақсы тәсілі, бұл – талдау, ол кәсіпорынныңдаму бағытын анықтауға, оның шаруашылық қызметіне кешенді түрде баға беруге мүмкіндік береді және осындай жолмен басқарушылық шешімдерді өңдеумен кәсіпорынның өзінің өндірістік кәсіпкерлік қызметі арасында байланыстырушы қызметін атқарады[8,10-11].
Нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуші кәсіпорындардың қаржылық жағдайын талдаудың басты мақсаты (міндеті) келесілер болып табылады:
Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдаудың қорытындылаушы кезеңі болып табылады. Және ол 3 сатыны қамтиды: жабдықтау, өндіріс және өткізу; бұлардың жиынтығы коммерциялық, өндірістік және қаржылыққызметті құрайды. Кәсіпорынның қаржылық қызметі – бұл оның осы қызмет нәтижесінде меншікті және тартылған капиталдың көлемі мен құрамына өзгеріс әкелетінқызметіболып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық қызметінің қалыпты болуы әсіресе өз кеңіндегі қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін қажетті жағдайларды туғызады, оның төлеу қабілеттілігінің кепілі болып табылатын өнім өндірудің үздіксіздігін және кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Қаржылық жағдайды талдаудың қаржылық тұрақтылықтан бастаған жөн және оған мыналар жатады:
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастырудың экономикалық маңызы мен жалпы принциптері, міндеттері мен мақсаттары, объективті қажеттілігі мен мақта өңдеу кәсіпорындарының салалық, технологиялық, өндірістік ерекшеліктері және олардың қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыруға тигізетін әсері сипатталады.
Микродеңгейдегі қаржы мемлекеттік заңдылық пен үкіметтің атқарушы және басқарушы органдары тарапынан реттеу объектісі болып саналады. Маңызды қаржы шешімдерін қабылдаудағы басты субъект – меншік иесі болып табылады.
Профессор К.Жүйріков қаржы ресурстары туралы түсінікті тек шаруашылық субъектісі, яғни корпорация деңгейінде ғана береді: «Қаржы ресурстары деп – шаруашылық субъектісінің иелігіндегі және қаржылық міндеттемелерді жүзеге асыруға, кеңейтілген қайта өндіріс және экономикалық ынталандыру шығындарын жүргізуге бағытталған, ақшалай кірістер мен түсімдер».
Корпорацияның қаржы ресурстарының құралуының қайнар көздеріне ол төмендегідей сипаттама береді.
Меншікті және оған теңестірілген қаражаттарға корпорацияның кірістерінің барлық түрлері, амортизация, істен шыққан мүлікті өткізуден түскен түсім, тұрақты пассивтер, мобилизацияланған ішкі ресурстар жатады, қаржы нарығында мобилизацияланған қаражаттар – бұл меншік акцияны және облигацияны және қасқа да құнды қағаздарды сату, инвестициялар. Қайта бөлу тәртібінде түскен ақшалай қаражаттар – бұл сақтандыру бойынша қайтарымдар, концерндерден, ассоциациялардан, салалық құрылымдардан түскен түсімдер; пай жарналары; дивиденттер мен пайыздар; бюджеттік субсидиялар.
Қаржы ресурстары – кәсіпорынның, мекеме мен мемлекеттің иелігіндегі, қаржы – несие жүйесі алдандығы міндеттемелерді орындауы, жұмысшыларды материалды ынталандыруға, кеңейтілген қайта өндіріс шығындарын жүзеге асыруға бағытталған ақшалай кірістер мен қорлар – деген анықтама беру толығырақ болады.
Фирманың қаржы ресурстары мен капитал арасындағы айырмашылық келесіде: кез келген уақытта фирманың қаржы ресурстары капитал көлеміне тең немесе одан көп. Сонымен қатар теңдік фирманың ешқандай қаржылық міндеттемесінің жоқ екендігін және барлық қаржы ресурстарының айналымға салынғандығын сипаттайды. Бірақ бұл капиталдың көлемі фирманың қаржы ресурстарының көлеміне жақындаған сайын фирма тиімді жұмыс істейді дегенді білдірмейді.
Информация о работе Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі