Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 13:26, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы: Дипломдық жұмыстың теориялық мәні мен оның нәтижелері өндірістік кәсіпорында кіріс есебін ұйымдастыру бойынша бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғары оқу орындардында кәсіптік білім беру қыземтінің аймақтық нарығында қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3

1 Кәсіпорын кірістерінің мәні мен маңызы
1.1 Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері...................................7
1.2 №2 ҰҚЕС негізінде кірістерді қолдану негіздері..................................15
1.3 Кәсіпорын кірісінің экономикалық мәні..................................................21
1.4 Кірістің кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары....................25

2 Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастырылуы
2.1 Өнімдерді сатудан және қызметтерді көрсетуден алынатын кірістер есебі.........................................................................................................................29
2.2 Негізгі құралдардың кіріс есебі.................................................................30
2.3 Кәсіпорынның кірістер мен шығыстар туралы есептілігін құру тәртіптері................................................................................................................34

3 Кәсіпорын кірістерінің талдауы және аудиті
3.1 Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті.............................................40
3.2 Кәсіпорынның ақшалай кірітерін талдау.................................................47
3.3 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері...............................................................................................51

Қорытынды..................................................................................................58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................61

Работа содержит 1 файл

касып орын кырыстер.doc

— 442.50 Кб (Скачать)

Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі

 

 

Мазмұны

 

Кіріспе................................................................................................................3

 

1 Кәсіпорын  кірістерінің  мәні мен  маңызы

1.1 Кірістердің  мәні  мен  маңызы және оның түрлері...................................7

1.2 №2 ҰҚЕС негізінде   кірістерді  қолдану негіздері..................................15

1.3 Кәсіпорын  кірісінің экономикалық мәні..................................................21

1.4 Кірістің  кәсіпорын қызметіндегі рөлі және  функциялары....................25

 

2 Кәсіпорын кірістерінің  есебін  ұйымдастырылуы

2.1 Өнімдерді  сатудан  және  қызметтерді  көрсетуден   алынатын  кірістер  есебі.........................................................................................................................29

2.2 Негізгі құралдардың  кіріс есебі.................................................................30

2.3 Кәсіпорынның  кірістер  мен шығыстар  туралы   есептілігін  құру  тәртіптері................................................................................................................34

 

3 Кәсіпорын  кірістерінің  талдауы  және  аудиті

3.1 Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті.............................................40

3.2 Кәсіпорынның ақшалай кірітерін талдау.................................................47

  3.3 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері...............................................................................................51

 

Қорытынды..................................................................................................58

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................61

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

 

«Еліміздің  алдағы  онжылдықтағы    экономикалық  ерлеуін   қамтамасыз  етіп,   жаңа  мүмкіндіктерге  жол  ашу»  мақсатындағы елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Жаңа онжылдық – жаңа  экономикалық  өрлеу- Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері » атты Жолдауы еліміздің  жаңа  деңгейдегі   дамуына  жол  салды. Экономикамыз  өсіп, табысымыз  күшейсе, онда  халық  тұрмысы  жақсарып, еліміздің әулеметі артары белгілі. Еліміз   қуатты  да  табысты мемлекетке  айналып, өзінің  бастамалары  арқылы  жоғарғы   халықаралық  беделге ие болды. Алайда  әрі  қарай толағай табыстарымен ел  экономикасын дамытып,  алдыңғы  қатарларда  бәсекеге  қабілетті  болу көп еңбекті қажет етеді. Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманға экономикалық стратегиясының басты міндеті болып табылады.

Нарықтық экономика  жағдайларындағы  шарушылық субьектілердің  бүкіл қызметі кіріс алуға бағытталған,  сондай-ақ  түпкілікті  мақсаты болып табылады.  Нарықтық  экономикаға көшумен және де жеке меншіктің дамуымен байланысты  пайда табу қозғаушы күшке  айналды.                     Кәсіпорынның функционалдырылуының экономикалық мақсатқа сәйкестігі табысты алу арқылы айқындалады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп беру стандартына сәйкес табыс дегеніміз – есеп беру кезеңіндегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің кемуі. Кәсіпорын табысы іскерлік белсенділіктің дәрежесін және қаражаттың жетістігін сипаттайды.

Есептеу қағидасының әдістемесіне сәйкес, тауарға меншік құқығы сатып алушыға көшетін есеп беру кезеңінде сатудан табыс түсті деп есептеледі.

Кіріс -  кәсіпорынның нақты бір уақыт аралығындағы  тауар мен қызмет түрін құруының динамикалық процесі.

Кіріс -   бұл  активтерді  ағылып  келуі  немесе  активтердің  өсуі   кезінде  экономикалық  ресурстардың   көбеюі  немесе  кәсіпорынның  әдеттегі   қызметі нәтижесіндегі  міндеттемелерді  азайту  жолымен экономикалық   ресурстардың  көбеюі. Кәсіпорын өз шаруашылық қызметінен  алған жалпы сомадағы  кірістер  жалпы жиынтық кірісті құрайды.

Өндірісті  басқарудың  жаңа  жағдайындағы   ішкі   шаруашылықтың   күрделі қаржыны қаржыландырып,  негізгі табыстарды  құру   және  өзіндік айналымы  құраралдарды   толықтыру ісінде  бюджеттік қаржы   емес, кіспорынның өз  табысы   негізгі  қаржылық  көзге  айналады.

Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық  қатынастар жағдайларында кәсіпорынның  қоршаған  ортадағы өзгерістер, сондай-ақ,осы өзгерістерден  туындайтын  қосымша  мүмкіндіктер  мен  тәуекелдер  де  тұрақты  өсіп  отырады.Сондықтан  кәсіпорынды  басқару  стратегиясы  осы  өзгерістерден  мүмкіндіктерді  алу   мүмкіндіктерін, шаруашылықты  жүргізу  үшін  барлық  қосымша  мүмкіндіктерді  және  тәуекелдерді  қамтитындай  болуы  керек.

Бәсекелестік  ортада  кәсіпорынның  қаржы менеджменті  оның  нарықтық  және  өндірістік  стратегиясын  анықтайтын  басқару  қызметінің  басты  болып  табылады. Осы  жағдайға  байланысты  қаржы  менеджменті  кәсіпорынның   өндірістік  барысы  қаржы ресурстарымен   қажетті көлемде қамтамасыз  етілуін, тартылған  қаржы  ресурстарын  өндіріске тиімді  орналастырылуын, өндірілген  өнімнің шығындарын  барынша азайтуды, нәтижесінде кәсіпкерлік қызметтен  кіріс алуды  қамтамасыз  етуге  байланысты  міндеттерді  атқарады.

Тақырыптың өзектілігі. Кіріс  кәсіпорын  қызметіндегі  атқаратын  ролі үлкен, ол  кәсіпорынның  мүлкінің  ұлғаюының, қарыз  құжаттар  тартудың, жалпы  әлеуметтік - экономикалық  дамуының  алғы  шарты  болып  табылады. Кіріс  таппай  кәсіпорын  кредиторлар  мен  инвесторлар  тарапынан   қосымша  қаражаттар  тарту  мүмкіндігіне  үміт  арта  алмайды. Сонымен  қатар, кіріс  кәсіпорынның ішкі  қаржылық  мұқтаждықтарының  негізгі  көзі  болып  қоюмен  шектеліп  қана  қоймайды,ал  қоғам  өмірінде, мемлекеттік  бюджет  ресурстарының, бюджеттен  тыс  қорлардың  және  қайырымдылық  қорларының  қаражаттарының  қалыптасуында  да  үлкен  роль  атқарады.

Қазіргі таңдағы шаруашылық шарттарында көптеген кәсіпорындарда өз дамуының стратегиясы мен тактикасын жеке таңдау мүмкіндіктері бар. Кәсіпорынның өзін өзі қаржыландыруы басты  мәселе болып табылады.    Кәсіпорын  қаржысы мемлекеттің қаржы жүйесінің негізі болып табылады, себебі кәсіпорындар халық шаруашылық кешенінің негізгі бөлігі. Кәсіпорын қаржысының жағдайы жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорларының қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілуіне әсер етеді. Мұнда тікелей байланыс орнайды: кәсіпорындардың қаржылық жағдайы неғұрлым тұрақты болса, соғұрлым жалпы мемлекеттік және аймақтық ақша қорлары қаржы ресурстарымен қамтамасыз етіледі әлеуметтік-мәдени және басқа да қажеттіліктер қанағаттандырылады.  Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жыл 28 ақпандағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа Жолдауындағы «Жаңа кезеңнің негізгі міндеттері» деп аталатын бесінші бөлімнің «Өндіруші сектордың тиімділігін арттыру» атты үшінші міндетінде мұнай - газ саласы кәсіпорындарының тиімділігін арттырудағы маңызды мәселелер мен алға қойылған міндеттерді атап өтті. Ақша қаражаттары  нарықтық экономикадағы ең дефицитті ресурстар болып табылады. Кәсіпорыннның қызметінің кіріске жетуі ең алдымен оның басшыларымен ақша қаражаттарын тарту және оларды тиімді мақсаттарда бөлуне байланысты. Кәсіпорынның тұрақты қызмет етуі үшін негізгі шаруашылықтың бірі ақша қаражаттарымен қамтамасыз етілу деңгейі болып табылады. Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар – бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет.  Ақша қаражатының негізін, бөліну механизімін, оны жоспарлай және болжай білу, кәсіпорын қызметінің күтілетін нәтижеге жету, яғни пайда табудағы басты құралы болып табылады. Зерттеу тақырыбы осындай шарттарға негізделген.  Ақша қаражаттары – бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы.   

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Кәсіпорынның  өндіріске салыған активтерінің  кірістылық  деңгейі инвестициялық шешімдер  қабылдау  барысында, қаржылық  жоспарлау жұмыстарында, жоспарлық көрсеткіштерді  нақты көрсеткіштермен салыстыру  мен  үйлестіру, сондай-ақ шаруашылық  қызметі  мен  оның  нәтижесін  бақылау  мен  бағалауда маңызды  роль  атқарады.Үлгілі  басқарылатын  кәсіпорындар  кірістың  қалыптасуын, оның  әрбір  орталықтары  бойынша  қатаң  түрде  бақыланып  отырады  және  сәйкесінше, осы нәтижелер  негізінде   құрылымдық  басшыларға  сыйақылар  беріледі, бұл  өз  қызметіне  деген  ынтасын  арттыруға  септігін  тигізеді. Өндірістік  активтерге  немесе  инвестициялық  жобаларға жаңа   қаржы   салымдарын  салу  қажеттілігін   бағалаған кезде, олардан  алынатын  кіріс  есептеледі  және  бұл  есептер  қаржылық  сипаттағы  шешімдер  қабылдауда  негіз  болып  табылады.  

Зерттеудің теориялық  және тәжірибелік құндылығы: Дипломдық жұмыстың теориялық мәні мен оның нәтижелері өндірістік кәсіпорында кіріс есебін ұйымдастыру бойынша бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғары оқу орындардында кәсіптік білім беру қыземтінің аймақтық нарығында қолдануға болады.

Түсімдерді өлшеу -  операция нәтижесінде толық алынуы тиіс  ақшаға берілген құқықтың  дисконтталған ағымдағы құны немесе   ақшалай баламасы.

Түсімдерді өлшеу мен  есепке алудың негізгі көздері болып

- №18 «Табыс» халықаралық қаржылық есеп стандарты;

- №2 Ұлттық қаржылық есеп стандарттары   табылады.

Дипломдық  жұмысты жазудағы мақсатым – кәсіпорын  қызметіндегі кірістердің мәні мен маңызын ашып, оны бухгалтелік  есепке  алудың,  талдаудың және аудиттік  тексерілісінің  мақсат- міндеттері, аудиттік  тексерісін  жүргізу  тәртіптері мен   нәтижесін қорытындылау туралы  түсінік  беру.

 

Дипломдық жұмыстың міндеті:

    • Кәсіпорын кірістері туралы жалпы шолу жасау;
    • Кәсіпорын кірістер есебінің жағдайын сипаттама беру;
    • Кәсіп орын кірістерін талдау және аудиті;

Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және әр бөлімнің мазмұнына сәйкес үш кестеден тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 Кәсіпорын    кірістерінің  мәні мен  маңызы

 

1.1 Кірістердің  мәні  мен  маңызы және оның түрлері

          

 

           Кіріс – белгілі  бір  уақыт аралығы  ішінде  кәсіпорынның  тауарлар жасау мен  қызмет  көрсетуінің динамикалық  процесі.

         Кірістер   ұйымның өмір  сүру   көзі  болып саналады. Кіріссіз пайда  жоқ, пайдасыз кәсіпорын да жоқ. Сондықтан да  әрбір  кәсіпорынның  шаруашылық  процесіндегі  негізгі  мақсаты – табыс табу  болып табылды. Табыс – төтенше   таралған,  кең түрде  қабылданатын, сонымен  қатар   түрліше  маңызды   қолданылатын  көп мағыналы ұғым.  Сөздің  кең  мағынасында   ақшалай  құнына ие  болуды  кез  келген   ақша   қаражаттарының  түсімі  немесе  материалдық  құндылықты  алуды  көрсетеді. Яғни, кірістер (табыс) – есептік кезең ішінде экономикалық пайданың көбеюі немесе активтердің ұлғаюы, міндеттемелердің азаюы.  Алайда  құрылтайшылардың  салымдары  кәсіпорынға  табыс  болып саналмайды. Кәсіпорын табысының негізгі функциялары[5,56-60]:

  1. Ол  мемлекеттік бюджеттің табыстарының көзі болып табылады;
  2. Ол  кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі;

Табысқа тез қол жеткізу  үшін кәсіпорын өз әрекетінің өрісінде төменгі қағидаларды басшылыққа алу қажет:

  1. Бір  өнімге,  не  қызметке монополиясының болуы;
  2. Экономикалық   циклдың кезеңдеріне бизнестің өсуі тәуелсіз болуы қажет, яғни өндірістің құлдырау уақытында фирманың айналымы өсуін тоқтатпайды;
  3. Кәсіпорын  өз  кірісін өнімді  өткізуден алса, коммерциялық  табысқа жету үшін   сатылатын   тауардан   алынатын  пайданың   үлесі жоғары болады;
  4. Кәсіпорынның  пайда  мөлшері  және   тапсырманың   өсу  қарқыны әрқашан  жоғары  болып,  өнімге  қайталап берілетін тапсырма мол болу қажет;
  5. Кәсіпорын баяндамалар мен биржаның оперативтік есептерінде аз жазылатын бизнес өрісінде қызмет істеуі қажет;
  6. Кәсіпорын өз шаруашылық әрекетіне, менеджерлердің қабілетіне тәуелді өрісті таңдауы қажет;

 

 

 

 

 

 

1 – кесте. Кәсіпорын табысын  қалыптастыруды  мына  төмендегі  кестеден  көруге  болады.


 

                              ═                          +                                  -

 

 

 

 


 

 

                     ═                          +                          +                        +

 

 

 


 

                       ═

 

 


 

═                                 +                             + 

 

 

 

   Кіріс:

  • тауарлы материалды  қорларды сатудан;
  • қызметтер  көрсетуден
  • ұйымға  жататын, сыйақы, роялти  мен  дивиденттерден әкелетін  активтерді пайдалануға  беруден   алынады.

       Алынған  кірістерді  есебі  өз  кезегінде   әр  түрлі  әдістері:  жеткізу  бойынша  есеп  әдісі, келісім шартты (контрактіні) пайдалану  кезеңдері  бойынша   есеп  әдісі, өндіріс бойынша есеп  әдісі,  мерзімін  ұзарту  әдісі  қолданылады.

   Табыстарды өлшеу – операция нәтижесінде толық алынуы тиіс ақшаға берілген құқықтың дисконтталған ағымдағы құны немес ақшалай баламасы. Көптеген  жағдайларда ақша баламасы шартпен белгіленеді. Ережелер бойынша қайтарып берулер, саудалық жеңілдіктер және басқа азаюлар шаруашылық операциялармен құрылған табыстан шегерілуі тиіс.

Информация о работе Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі