Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 13:26, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы: Дипломдық жұмыстың теориялық мәні мен оның нәтижелері өндірістік кәсіпорында кіріс есебін ұйымдастыру бойынша бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғары оқу орындардында кәсіптік білім беру қыземтінің аймақтық нарығында қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3

1 Кәсіпорын кірістерінің мәні мен маңызы
1.1 Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері...................................7
1.2 №2 ҰҚЕС негізінде кірістерді қолдану негіздері..................................15
1.3 Кәсіпорын кірісінің экономикалық мәні..................................................21
1.4 Кірістің кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары....................25

2 Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастырылуы
2.1 Өнімдерді сатудан және қызметтерді көрсетуден алынатын кірістер есебі.........................................................................................................................29
2.2 Негізгі құралдардың кіріс есебі.................................................................30
2.3 Кәсіпорынның кірістер мен шығыстар туралы есептілігін құру тәртіптері................................................................................................................34

3 Кәсіпорын кірістерінің талдауы және аудиті
3.1 Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті.............................................40
3.2 Кәсіпорынның ақшалай кірітерін талдау.................................................47
3.3 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері...............................................................................................51

Қорытынды..................................................................................................58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................61

Работа содержит 1 файл

касып орын кырыстер.doc

— 442.50 Кб (Скачать)

Арнайы әдибиеттерді оқып білу және озық тәжірибені жинақтап қорыту негізінде шаруашылық жүргізуші  субъектілердің тауарлық-материалдық  қорлары есебі мен ішкі бақылау  жағдайының функционалды аудиті бағдарламасы ұсынылады. Шаруашылық жургізуші субъектілердің тауарлық-материалдық қорларының құрамдас бөліктерінің бірі – дайын өнім. Оны шығару, сақтау және өткізу дегеннің өзі – субъектінің шаруашылық іс-қызметінің жалпы жиынтық процестерінің жекелеген процесі. Дайын өнімнің жағдайын бағалау тауарлық-материалдық қорды басқарудың функционалды аудиті аясында не болмаса оның іс-әрекетінің жеке циклін іріктемелі тексеру ретінде өткізіледі. Соңғы жағдайда тексеру бәрінен гөрі ішкі бақылау жүйесіне қатысты және ревизия сипатты болады. Дайын өнімнің қозғалысы жөніндегі есептік мәліметтер негізінде алынған ақпарат қаржылық есептілікті жасау үшін, соның ішінде, кірістер, шығыстар, айналымдық активтер мен басқа маңызды бөлімдер позициялары бойынша негізгі болып табылады. Өнімді өткізу циклінің аудитіне қаржылық есеп берудің де, функционалды аудиттің де міндеттері тән.

Тексеру материалдарында  ескерілмеген дайын өнімнің шығарылуы  мен өткізілуін дәлелдейтін, соның  ішінде, материалдық кұндылықтардың ескерілмеген артықтары, көмекші материалдардың, шығарылған өнімнің есептелген санына қарағанда артық шығуы үшін, жұмысшыларға еңбекақы төлеу фактілері, автоматтық есептегіштердің көрсеткіштері, дайын өнімді тасып шығаруға рұқсат және т.б. бар болуын растайтын басқа да көрсеткіштерді келтіру қажет. Сондықтан аудитор бұл мәселелерді зерттей келе барлық кұжаттаманы, бұрынғы тексеру қорытындыларын оқып білуі тиіс және ескерілмеген өнімді шығару мен өткізу жағдайлары бар-жоқтығы туралы негіздемелі тұжырым жасау керек.

Өндірілген өнімге мәнді талдау жасау үшін әрбір цехтағы, учаскедегі, бригададағы, яғни пайда болу орындарында өзгешелікті номенклатура (атаулар тізімі) бойынша материалдардың шығысы туралы ақпарат қажет.

Бұл мақсатқа шығындарды шығыстардың калькуляциялық баптары бойынша жіктеу мен осы шығындардың функционалды аудиті қызмет етеді. Функционалды аудит пен елеулі талдау тәсілдерінің көмегімен өндірістің мақсатын, орнын анықтап және шығыстарды қатаң бақылауды ұйымдастыруға, олардың азаю резервтерін табуға және тауарлық-материалдық қорларды қолданудың тиімділігін арттыруға болады.

Аудитор дайын өнімді тиеу мен өткізу жағдайын тексеріп, мыналарды анықтауы тиіс:

  1. Дайын өніммен жабдықтауға арналған шарттар жасалған ба және оларды рәсімдеу дұрыстығы.
  2. Өнімді тиеуге арналған кұжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы.
  3. Тиелген өнімнің бағасын рәсімдеудің дұрыстығы.
  4. Банкке тиелген өнім үшін төлем-талап тапсырмасын ұсынудың мерзімділігі.
  5. Егер өнім тікелей жабдықтаушының қоймасынан босатылатын болса, өнімді босатуға арналған құжаттарды рәсімдеудің дұрыстығы.
  6. Дайын өнімді тиеу мен өткізу есебін жүргізудің дұрыстығы.
  7. Өнімді тиеу мен өткізу жөніндегі бухгалтерлік өткізбелерді жасаудың дұрыстығы.
  8. Синтетикалық және аналитикалық есеп жазбаларының, «Алынатын шоттар» және «Дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түсетін табыс» шоттары бойынша сәйкестігі [2,15-21].

Транзиттік экономика  жағдайында фукционалды аудиттің өте  өзекті бағыты - ағымдағы активтің ең жылжымалы  және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде үлкен резервтер мен әр түрлі бұрмалаулар жасырынған. Дегенмен жалпы аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақытылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.

Ақшалай ағымның төлем  мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау  мен статистиканың классикалық  әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі процент есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды) және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабыдау және т.б. кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс-тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару, кұнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Ақшалай және кассалық-банктік  операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомоствалық  және басқа нормативті актілерімен  жеткілікті түрде катаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде  қабылданған заңдардың, стандарт-тардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Операциялық аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблема-лық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық (методологиялық), қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін карастырған жөн.

               

6 – кесте. Ақша төлем мен ақша қозғалысы циклінің функционалды аудитінің бағдарламасы

 

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері, бағалаудың критерийлері мен тәсілдері

1. Ақшалай операцияларды  атқаратын (кассир, бухгалтер және  т.б.) қызметкерлер кұрамын білу.

Кадр бөлімінің мәліметтері, білім мен біліктілік туралы куәліктер, жұмыс өтілі, зияткерлік және іскерлік қасиеттері және т.б.

2. Ақша алу, сақтау  және колдану үшін әдістемелік,  нормативті және материалдық  базамен қамтамасыз етуді тексеру.

Заңнамалық актілердің, стандарттардың, нормалардың, ережелердің, нұсқаулықтың, құжат бланкілерінің, касса, сейф бөлмелерінің, күзет дабылдамасының бар-жоқтығы.

3. Операцияларды кұжаттық  рәсімдеу мен ақша басқару  жағдайын алдын ала шолудың дұрыстығын тексеру.

Кірістік және шығыстық кассалық ордерлерді тіркеу журналы, ақшалай  қаражаттың қозғалысы есебі кітабы, бастапқы құжаттар және т.б.

4. Ақша козғалысы жөніндегі опера-цияларды көрсетудің дұрыстығын, толықтығын, дәлдігін тексеру.

Төлем тапсырмалары мен талаптары, журнал-ордер-лер, тізімдемелер (ведомостер) сенімхаттар, вексель-дер, бланк көшірмелері, чек түбіртектері және т.б.

5. Кассаны түгендеу  мен кассалық операцияларды, ақшаны, құнды қағаздарды және катаң  есептегі бланкілерді тексеру.

6. Ақшаның сақталуы  мен мақсатты пайдала-нылуын тексеру.

7. Касса-банк операцияларын  аткару мен есеп сақтау шарттарын  айкындау үшін тексеру, байқау  және тестілеу.

8. Банк операцияларын,  құжаттардың түгелдігі мен анықтығын  тексеру.

9. Ақшаны есептен шығару, кассалық және қаржылық тәртіпті сақтауды тексеру.

Кәсіпорын басшысының тұрақты  жұмыс істейтін комиссия мен кассирді тағайындау туралы бұйрықтары, жеке материалдық  жауапкершілік туралы шарт, кассаны  түгендеу актісі, кірістік және шығыстық ордерлер (КО-1, КО-2), кассалық құжаттарды тіркеу журналы (КО-3), касса кітабы (КО-4), кассир қабылдаған және берген акша есебінің кітабы (КО-5), аванс есебі, журнал-ордер I, 1 тізімдеме (ведомость) Бас кітабы.

10. Инкассо қолданудағы,  есеп айырысудың аккредитивтік  және чектік түрлерінің, кұрылымдық бөлімшенің ағымдагы басқа шоттарын ашудың дұрыстығы мен зандылығын тексеру

 Банк көшірмелері  мен бастапқы құжаттар, оларға  тіркелген: аккредитивтер, чек  кітапшалары, төлем тапсырмалары, пошта аударымдарының түбіртек-тері, 1-3 журнал-ордерлері; 1,2,3 журнал-ордерле-ріне тізімдемелер. Қолданыстағы заңнамаларға нор-мативті-анықтама ақпаратының, тізімдемелік нұсқаулықтар, стандарттар мен ережелердің сәйкес келуі.

11. Жол-жөнекей акша  сомасының шынайылығы, өнімді және  басқа іс-әрекетті, жұмысты және көрсетілген қызметті өткізуден түскен түсімнің түгелдігін тексеру

3 журнал-ордер, 3 журнал-ордерге 1 тізімдеме, шот-фактуралар, тауарлық-көліктік жүк құжаттар, қабылдау-тапсыру актілері және  басқа бастапқы құжаттар.

12. Ақша қозғалысының синтетикалық және аналитикалық есебін жүргізу дұрыстығын тексеру

Бас кітап, 1-4 журнал-ордерлер, 1-3 журнал-ордерлердін тізілімдемелері, касса кітабы және ақша қозгалысы  туралы басқа кұжаттар

14. Қысқа мерзімді инвестициялар  бойынша операциялардың дұрыстығын тексеру

Акциялар, облигациялар, депозиттік сертификаттар, депозиттер, бондар, қазынашылық вексельдер, опциондар, варранттар, фьючерстік мәмілелер


 

Кәсіпорынның қаржы  тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе, қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет[3,127-132].

 

 

 

 

 

 

 

 

7- кесте . Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жаңарту жолдары

 

Кәсіпорын қызметінің тиімділігін жаңарту жолдары

       

негізгі өндірістік қорларды жаңарту жолдары

 

өнеркәсіп үлгілерін  жаңа техникамен шығаруды қамтамасыз ететін ғылыми-зерттеу

       
     

басқаруды, жоспарлауды  және ұйымдастыруды жетілдіру

       

қор қайтарымы жаңарту жолдары

 

экстенсивті (жұмыс уақытының  қорын пайдалануға)

       
     

интенсивтіге (уақыт бірлігіндегі еңбек өнімділігіне)


 

 

Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсенділігін арттыруға  бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін басшылыққа нақты ұсыныстар беру керек.

 

3.2 Кәсіпорнның ақашалай  кірістерін талдау

 

Кәсіпорынның бүгінгі  Қазақстандағы жағдайларда өміршеңдігі  болуы үшін, нарықтағы әрбір қадамды  есепке алу қажет, кадрларды және кәсіпорынды басқаруда тұрақты түрде инновациялар енгізу керек.

Тәуекелділікті ойлы жасау керек және ең күрделі жағдайдың  оптималды шешімін таба білу қажет. Сондықтан да фирманың кәсіпкерлік  менеджері мен оның барлық командасының жұмысы маңызды 3.2 Кәсіпорынның ақшалай кірітерін талдау

Кәсіпорынды барлық уақытта  әр түрлі көздерден  келіп түсетін  капиталдар жиынтығы ретінде қарастыруға  болады. Оларға: инвесторлардан, кредиторлардан келіп түскен ақша  - қаражаттары, сондай-ақ  фирма қарекеттері  негізінде алынған кірістер жатады. Бұл қаражаттар түрлі мақсаттарда қолданылады: негізгі құралдарды алу, тауарлық запастарды құру, дебиторлық қарыздарды қалыптастыру және де өзгелер.  Кәсіпорынның белгілі бір уақытқа алынған жалпы капиталы тұрақты, алайда уақыт өте келе ол өзгеріске ұшырайды. Кәсіпорынның капиталы үнемі қозғалыс үстінде. Кәсіпорындар арасындағы бәсекелестік үнемі өзгерістегі шарттарға тез бейімделуді қажетсінеді. Мұндай шарттарға: біршама капитал салымын қажет ететін технологиялық жетістіктер, инфляция, пайыздық мөлшерлемелердің өзгерісі, салықтық заңдылықтар – бұлардың барлығы кәсіпорын капиталының қозғалысына үлкен әсер етеді. Сондықтан да кәсіпорын аясындағы капитал қозғалысын тиімді басқара білу қажет.  Ақша қаражаттары – бұл кәсіпорынға жоғарғы өтімділікті қалыптастыратын және қызметті таңдаудағы еркіндік беретін активтердің ең өтімді категориясы . Өндірістік – коммерциялық цикл – ақша қаражаттарының қозғалысына байланысты басталады және оған байланысты аяқталады.  Кіріс алуға бағытталған кәсіпорын қызметі өнімді өткізу процесінде дебиторлық қарызға айналатын ақша қаражаттарының түрлі активтерге ауысуын  талап етеді. Бұл қызмет өз нәтижесіне жетті деп есептелінеді, егер инкассациялау процесі ақша қаражаттарының ағымын әкелсе. Осының нәтижесінде пайда табуды қамтамасыз ететін жаңа цикл басталады.  Қаржылық есеп беру аясының талдаушылары атап көрсеткендей, ақша қаражаттары ссудаларды, дивидендтерді, өндірістік қуатты кеңейту сияқты қызметтерде қолданылуы керек. Бұл айтылғандар «ақша қаражаттары ағымы» деген түсініктің мағынасының тереңде екенін көрсетеді[29,81-83].  

Отандық және шетел  әдебиеттерінде бұл ұғым (түсінік) түрліше түсіндіріледі. Американдық ғалым Л.А.Бернстайнның айтуы бойынша «ақша қаражаттарының ағымы терминінің тікелей мағынасы жоқ». Кәсіпорындарда келіп түсетін ақша қаражаттары (яғни, ақшалай түсімдер) және шығатын ақша қаражаттары (ақшалай төлемдер) болады. Сондай-ақ бұл ақша қаражаттарының кірісі мен шығысы түрлі қызмет салаларына байланысты болуы мүмкін - өндірістік, қаржылық немесе инвестициялық. Аталған қызметтердің әрқайсысына тиесілі ақша қаражаттарының кірісі мен шығысын анықтауға болады. Бұл айырмашылықтарды ақша қаражаттарының таза түсімі немесе таза шығысы деп қарастырған жөн. Осыған байланысты ақша қаражаттарының таза түсімі  берілген кезең бойынша ақша қаражаттары қалдықтарының өсуіне негізделеді, ал таза шығыс есепті кезең бойындағы ақша қаражаттары қалдықтарының кемуімен байланысты болады. Көптеген авторлар, ақша ағымын түсіндіргенде, шаруашылық қызмет негізінде қалыптасатын ақша қаражаттарын айтады .  Өзге американдық ғалым Дж. К. Ван Хорнның айтуы бойынша «фирманың ақша қаражаттарының қозғалысы үздіксіз процесс болып табылады». Фирма активі – ақша қаражаттарының таза қолданысы,  ал пассив – таза көздері. Ақша қаражаттарының көлемі уақыт бойынша сату көлемінен, дебиторлық қарыздар инкассациясына, капиталды шығындарға және қаржыландыруға байланысты өзгереді.   Германиядағы ғалымдардың түсіндірмесінде бұл термин «Cash-Flow» (қолма-қол қаражаттар ағымы) деп қолданылады. Олардың айтуы бойынша, «Cash-Flow» жылдық шығынның, амортизациялық аударымның және зейнетақы қорына салымдардың сомасына тең. «Cash-Flow» арқылы кәсіпорын өзінің бүгінгі және болашақтағы капиталға сұраныстан анықтай алады.   Ресейде «ақша ағымдары» түсінігі маңызды мәнге ие. Мұны, 1995 жылы бухгалтерлік есеп беру құрамына енген қосымша № 4 «ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп»  атты есеп беру түрінің енуі түсіндіреді. Бұл қаржылық есеп беруді пайдаланушыларға кәсіпорынның ақша қаражаттарын қолдану және тартудағы мүмкіндіктерін бағалауға көмектеседі.  Көптеген ғалымдар ақша қаражаттары ағымы астарында белгілі бір уақыт аралығында кәсіпорынға келіп түсетін және төленген ақша қаражаттары арасындағы айырмашылықты түсінеді: олар оны пайдамен салыстырады. Пайда – кәсіпорынның тиімді қызметін көрсететін және оның жұмысының үздіксіздігінің көзі болып табылады.    Ақша қаражаттарының кірістен айырмашылығы : түсім – берілген кезеңдегі өнімді өткізуден немесе қызмет көрсетуден түскен есепті кіріс. Бұл ақшалай және ақшалай емес түрде болады.  Кәсіпорын және корпорация қызметіндегі ақша қаражаттарының және оның ағымдарының экономикалық маңызын, ролін зерттеу қазіргі таңдағы қаржылық менеджменттегі жаңа бағыттардың бірі болып табылады. Шетел корпорацияларында ақша қаражаттарының ағымын басқару – қаржылық менеджердің жұмысындағы басты бағыт.  Кәсіпорындағы жүйелік есеп, талдау және ақша қаражаттарының қозғалысын бақылау, олардың ағымдағы және болашақтағы қаржылық тұрақтылығы  мен төлемқабілеттілігін қамтамасыз етеді.   Ақша қаражаттары  ағымын басқарудың негізгі бағыты –  кіріс көлемінің баланстылығы және ақша қаражаты төлемі негізінде корпорация немесе кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.

Информация о работе Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі