Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 13:26, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы: Дипломдық жұмыстың теориялық мәні мен оның нәтижелері өндірістік кәсіпорында кіріс есебін ұйымдастыру бойынша бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғары оқу орындардында кәсіптік білім беру қыземтінің аймақтық нарығында қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3

1 Кәсіпорын кірістерінің мәні мен маңызы
1.1 Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері...................................7
1.2 №2 ҰҚЕС негізінде кірістерді қолдану негіздері..................................15
1.3 Кәсіпорын кірісінің экономикалық мәні..................................................21
1.4 Кірістің кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары....................25

2 Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастырылуы
2.1 Өнімдерді сатудан және қызметтерді көрсетуден алынатын кірістер есебі.........................................................................................................................29
2.2 Негізгі құралдардың кіріс есебі.................................................................30
2.3 Кәсіпорынның кірістер мен шығыстар туралы есептілігін құру тәртіптері................................................................................................................34

3 Кәсіпорын кірістерінің талдауы және аудиті
3.1 Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті.............................................40
3.2 Кәсіпорынның ақшалай кірітерін талдау.................................................47
3.3 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері...............................................................................................51

Қорытынды..................................................................................................58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................61

Работа содержит 1 файл

касып орын кырыстер.doc

— 442.50 Кб (Скачать)

Нақты өмірде жұмыс істейтін фирмаларда қаржы  ресурстары мен  капиталдың теңдігі  болмайды. Қаржылық есептілік қаржылық ресурстар мен капиталдың арасындағы айырмашылықты анықтай алмайтындай  етіп құрылады. Өйткені, стандартты есептілікке қаржылық ресурстар емес, олардың айналған түрлері – міндеттемелер мен капитал сипатталады.

Кәсіпорындардың қаржылық қатынасы кәсіпорынның меншікті қаражаттарының, оның кірісінің құралуы, шаруашылық қызметті қаржыландырудың қарыз қайнар көздерін тартуы, осы қызмет нәтижесінде пайда болған кірістерді бөлуі, оларды шағын кәсіпорынның даму мақсатында пайдалануы ақшалай негізде жүзеге асқан кезде пайда болады.

Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастыру  олардың тиімділігін  қамтамасыз етудің жалпы кешенінің  негізін қалаушы болып табылады. Қаржы ресурстарын қалыптастыруды ұйымдастырудың жалпы қағидаттары  төмендегіше:

  • Қаржы ресурстарының құрамы мен құрылымы;
  • Мақсатты және көп мақсатта пайдаланылатын қаржы ресурстары;
  • Кәсіпорынның қаржы ресурстарына деген қажеттіліктерін белгілеу;
  • Қаржы ресурстарын олардың тағайындалуына сәйкес мақсатты пайдалану;
  • Қаржы ресурстарының сақталуы.

Қаржы ресурстарының  құрамы деп оларды құрайтын кірістердің  жиынтығы түсініледі. Қаржы ресурстарының  құрылымы қаржы ресурстарының жекелеген  элементтерінің қатынассын көрсетеді, яғни кәсіпорынның қаржы ресурстарының  жалпы көлеміндегі әрбір элементтің үлесін.

Біздің  пікірімізше, қаржы ресурстарын  анықтаудағы  ең қолайлы негізгі  принцип болып, оларды түрлерге жатқызу болып табылады, яғни қаржылық қайта бөлуден өте  отырып жиынтық қоғамдық өнім өткізілген форма амортизациялық аударым, жиынтық кіріс, айналым қаражаттарының қалыптасқан артық көлемі, тұрақты пассивтер және т.б., сонымен қатар олардың кәсіпорынның қаражаттар айналымы процесіндегі рөлін нақты айқындау керек[19,90-91].

Кәсіпорынның  дамуына  бағытталатын қаржылық ресурстар  келесілердің есебінен түзеледі: амортизациялық аударымдар; шаруашылық және қаржылық қызметтердің барлық түрінен алынатын пайда; серіктестіктерге қатысушылардың қосымша пай жарналары; облигацияларды шығарудың алынатын қаражаттар; ашық және жабық акционерлік қоғам акцияларын шығару және орналастыру көмегімен орналастырылған қаражаттар; басқа кредиторлардың ұзақ мерзімді несиелері басқа заңды қайнар көздер. Мәселен, кәсіпорындардың, ұйымдардың азаматтардың өз еркімен берген қайтарымсыз жарналары. 

Өзін  өзі қаржыландыру принципі тұтынушыға қажетті өнім өндірісін үлкен  шығындармен шығаратын және әртүрлі  объективті себептерге байланысты тиімділіктің жоғарғы деңгейін қамтамасыз ете алмайтын кәсіпорындар үшін әлі де болса қамтамасыз етілмеген. Оларға коммуналды тұрғын үй, жолаушылар транспорты, ауыл шауашылығы және бюджеттен ассигнация алатын басқа да кәсіпорындар жатады. Осындай жағдай сонымен қатар шаруашылық қызметі кәсіпкерлік деп есептелмейтін қорғаныс мағынасындағы кәсіпорындарға да тән және олар өнімді өткізуден түскен қаражаттар есебінен қаржыландырылады.

Жоғарыда  тұрақты  қаржылық жағдайдағы, негізгі ақша қаражаттарын ағымдық қызметке бағыттаған кәсіпорынның байланыс схемасы көрсетілген. Ақша қаражаттарының қозғалу бағыты бойынша екі ақша ағымын көрсетуге  болады: келіп түскен және шыққан. Келіп түскен ақша ағымы – кәсіпорынға белгілі бір уақыт аралығында келіп түскен ақша қаражаттары ретіне қарастырылады, ал кеткен аша ағымына аналогиялық уақыт периодындағы (тоқсан, жыл) пайдаланылған (төленген) ақша қаражаттары жатады.   Жүзеге асырылу түрлері бойынша ақша ағымын қолма-қол және қолма қолсыз деп бөлеміз. Қолма-қолсыз ақша қаражаттары – бухгалтерлік есеп шоттарында жазылу арқылы жүзеге асырылады. Қолма-қол ақша қаражаттары – қолда бар ақша қаражаттын алу және жұмсау түрінде жүзеге асырылады.  Айналыс аясына байланысты ақша ағымы ішкі және сыртқы болады. Сыртқы ақша ағымы кәсіпорынның конрагенттерінен келіп түскен және оларға төлеуге жұмсалатын ақша қаражаттарын құрайды. Бұл операциялар кәсіпорын шотындағы ақша қаражаттары қалдықтарының ұлғаюына немесе кемуіне әкеледі .Ішкі ақша ағымы кәсіпорынның ішіндегі айналысты құрайтындықтан, (мысалы, материалдарды өндірістен қоймаға қайта өткізу, қалдықтарды қайта тіркеу, материалды құндылықтар бағасын төмендету және т.б.) ішкі ақша ағымы қалдық ақша қаражаттарына әсерін тигізбейді .  Ақша қаражаттарының түсіміне және жұмсалу көлеміне байланысты артықшылықты, оптималды және дифицитті ақша ағымдары болып бөлінеді. Артықшылықты ақша ағымы ақша қаражаттар түсімінің, олардың ағымдық қажеттілігінен жоғары болған жағдайда қалыптасады. Оптималды ақша ағымы ақша қаражаттарының төленуі мен келіп түсуінің арасындағы баланстылықты (теңділікті) бейнелейді. Олардың қалдығы ағымдық қаржылық міндеттемелерді өтеуге жеткілікті болады. Ал керісінше жағдай туындағанда, яғни төлемдердің түсімдерден көп болуы дифицитті жағдайға әкеледі . 

Жоспарланған  ақша ағымын болжап, оны ақша қаражаттарының қозғалысы  бюджетіне алдын ала  кіргізуге  болады. Кәсіпорында жүйесіз  пайда  болған ақша қаражаттарының қозғаласын жоспарланбаған ақша ағымы деп түсіндіріледі Қалыптасудың үздіксіздігіне байланысты тұрақты және дискретті ақша ағымы қарастырылады. Тұрақты ақша ағымы қарастырылып отырған уақыт аралығындағы бөлек интервал бойынша ақша қаражаттарының түсімі мен төлемін білдіреді. Өзге де жағдайларда, бірегей қаржылық операциялар бойынша дискретті ағым пайда болады .  Көлемді есептеу әдісі бойынша жалпы және таза ақша ағымын көрсетуге болады. Біріншісі, қарастырылып отырған уақыттағы түскен және төленген ақша қаражатының жиынтығын көрсетеді. Таза ақша ағымы бойынша қарастырылып отырған уақыттағы түсім және төлем арасындағы айырмашылық қарастырылады.

Ақша ағымдарын  тиімді басқару үшін келесілерді білген жөн:

  • анықталған уақыт бойынша олардың көлемі (ай,тоқсан,жыл);
  • олардың негізгі элементтерін;
  • ақша қаражаттарының ағымын қалыптастыратын қызмет түрлерін;
  • қарастырылатын кезең бойынша ақша ағымының жалпы көлемінен басқадай түрлерін бөлек интервал бойынша қарастыру;
  • ақша ағымының қалыптасуына әсер ететін ішкі және сыртқы маңызды факторлар. 

Кәсіпорынның өтімді ақша қаражаттарының ағымы – кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсететін негізгі  көрсеткіштердің бірі болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығындағы таза несие ұстанымының өзгерісін  білдіреді[15,3-5]. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Қорытынды

 

 

Табыс - компанияның әдеттегі қызметі барысында, осындай ағын акционерлердің жарналары есебінен болатыннан өзге капиталдың ұлғаюына әкеліп соқтырғанда туындайтын кезең ішіндегі экономикалық пайданың жалпы ағыны.

Табыс – кәсіпорынның негізгі қаржылық нәтижесі болып  табылады.

Табыстар мен шығындар туралы есеп беру субъектінің есеп беру кезеңіндегі қаржылық нәтижелерін  сипаттайды.

Сонымен кәсіпорынның табыстылығын талдау нәтижесінде мынадай қорытынды  шығаруға болады:

Нарықтық экономика  жағдайларындағы кәсіпорынның функционалдырылуының экономикалық мақсатқа сәйкестігі табысты  алу арқылы айқындалады. Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп беру стандартына сәйкес табыс дегеніміз – есеп беру кезеңіндегі активтердің өсуі немесе міндеттемелердің кемуі. Кәсіпорын табысы іскерлік белсенділіктің дәрежесін және қаражаттың жетістігін сипаттайды. Кәсіпорын табысының негізгі функциялары:

  • Ол мемлекеттік бюджеттің табыстарының көзі болып табылады;
  • Ол кәсіпорынның өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі;
  • Табысқа тез қол жеткізу үшін кәсіпорын өз әрекетінің өрісінде төменгі қағидаларды басшылыққа алу қажет:
  • Бір өнімге, не қызметке монополиясының болуы;
  • Экономикалық циклдың кезеңдеріне бизнестің өсуі тәуелсіз болуы қажет, яғни өндірістің құлдырау уақытында фирманың айналымы өсуін тоқтатпайды;
  • Кәсіпорын өз кірісін өнімді өткізуден алса, коммерциялық табысқа жету үшін сатылатын тауардан алынатын пайданың үлесі жоғары болады;
  • Кәсіпорынның пайда мөлшері және тапсырманың өсу қарқыны әрқашан жоғары болып, өнімге қайталап берілетін тапсырма мол болу қажет;
  • Кәсіпорын баяндамалар мен биржаның оперативтік есептерінде аз жазылатын бизнес өрісінде қызмет істеуі қажет;
  • Кәсіпорын өз шаруашылық әрекетіне, менеджерлердің қабілетіне тәуелді өрісті таңдауы қажет;

  Қорыта  келгенде кәсіпорынның қаржылық шаруашылық қызметінің негізігі мақсаты пайда алу болып табылады. Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықытық жолға көшуіне байланысты жаңа кэсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына байланысты сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фирманың табыстары мен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.

Кәсіпорындар мен ұйымдардың қаржы - шаруашылық қызметінің нәтижелері жеке көрсеткіштер бойынша тиісті есепте қамтып көрсетіледі. Бұдан басқа, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп жасалады, онда бұл қозғалыс үш бағыт бойынша көрсетіледі:

  • Операциялық қызметтен (шаруашылық жүргізуші субьектінің  негізгі қызметін сипаттайтын);
  • Инвестициялық қызметтен (ұзақ мерзімді активтердің  құрамы мен мөлшеріндегі өгзірістерді тудыратын);
  • Қаржылық қызметтен (меншікті капитал мен қарыз қаражаттарының құрамы мен мөлшеріндегі өзгерістерді тудыратын).

Бағыттардың әрқайсысы  бойынша ақша түсімдерінің нақтылы  түрлері, тиісті қызметтің нәтижелерінде  олардың шығып қалуы мен көбеюін немесе азаюы көрсетіледі. Қаражаттардың құрамы, олардың көздері және белгілі бір күнге орналастырылуы туралы мәліметтер бухгалтерлік баланста келтіріледі.

Қызметтің қаржылық нәтижесінің  есебінде баланстық пайданы немесе залалды есептеуге мүмкіндік беретін, есеп беру кварталы және жылдық есеп беру бойынша өспелі айналымдағы табыстың және шығарылған шығыстардың барлық алынған көлемі қатысады. Жыл аяғына барлық алынған көлемі қатысады. Жыл аяғына қарай табыс жиі бөлінеді, ал залал әртүрлі көздер есебінен өтеледі.

Табыстарды  бөлу құрылтайшылық  құжаттармен сәйкес жүргізіледі. Салық  салғанға дейін құрылған нормалар аумығында  табыстан резервтік капиталды толтыруға  болады. «Кіріс» және «Шығыс» шоттары  жылдық есеп беруде барлық акционерлер жылдық есеп беру жиналысында бекітілгеннен кейін жабылады.

Табысты бөлудің негізге  алынатын қағидаттардың бірі - ол біріншіден, ең алдымен мемлекет алдындағы қаржылық міндеттемелерді алғашқы кезекке  орындау. Екіншіден, меншікті ұлғаймалы  өндірістің қажеттіліктерін тиісті қаражаттармен қамтамасыз ету; үшшшіден, кәсіпорынның резервтерін қалыптастыруға бағыттау; кәсіпкерлік тәуекел едәуір өсіп отырған жағдайда мұның маңызы ерекше.

Табыстың сан қырлы  мәні, маңызы экономикалық нарық шаруашылығының негіздеріне көшуіне қарай күшейе түсуде. Істің мәні мынада болып отыр: қаржылық дербестік пен тәуелсіздікке ие болған салықтар және басқа да міндетті төлемдер мен аударымдары төленгеннен кейін қалған пайданы қай мақсаттарға және қандай көлемде жұмсауға құқығы бар.

Бүгінгі шаруашылық жүргізуші субьектісінде табыстар мен пайданың толып жатқан жүйесі іс-әрекет етеді. Қосымша құн мен пайда категорияларының экономикалық мазмұны іс жүзінде бара-бар. Табыс категориясының қосымша құн категориясынан айырмашылығы оның ақы төлеуге жұсмалатын табыстарды өзіне қамтуында.

Жалпы алғанда, табыстар күн көрінісінде алынған игіліктерде  және оған жұмсалған кажетті шығындардың  айырмасы ретінде анықталады.

Жалпы табыс кәсіпорын  иелерінің табысы және жалдама қызметкерлердің  табысы болып бөлінеді, соңғысы жалақы деп аталады. Егер барлық табыстан жалақыны шегеріп тастаса, онда негізінен жалпы пайда қалады.

Тауар айналысы сферасының салаларында (сауда, қоғамдық тамақтану, маркетинг, дайындау) өнім өткізуден  түскен түсім-ақша категориясының орнына тауар айналымы категориясы пайдаланылады. Тауар айналымының мәнін сатып алу-сату жолымен ақшалай табастарды тауарларға айырбастаумен байланысты болатын экономикалық қатынастар құрайды. Шетелдік практикада түсім-ақша атауының орнына көбінесе жалпы табыс атауы пайдаланылады. Алайда, бұл осы атаудың өте кең баян етілуі, жалпы табыс экономикалық категория ретінде қайта жасалған қүнды немесе шаруашылық жүргізуші субьктісінің таза өнімін білдіреді.

Саудада жоспарлау мен  есеп жүргізудің практикасында  жалпы  табыс деп сауда үстемелерінің (жеңілдіктерінің) сомасын, қоғамдық тамақтанудан түскен сауда үстемелері мен қымбаттаудың сомасын айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1 Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың  Қазақстан халқына Жолдауы Астана, 1 наурыз 2006 ж.

2 «Бухгалтерлік есеп және Қаржылық есеп беру» туралы заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығына өзгерістер мен қосымшалар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңы. Астана, 2002 ж.

3 Бухгалтерлік есеп стандарттары. Алматы, 2004 ж.

4 Кәсіпорындағы қаржылық есепті жүргізу. Кезмемтаев К.К, Алматы. Экономика, 2003 ж. 

5 Бухгалтерлік есеп, 2-ші басылым қаржы және статистика. Радостовец В, Капайлов Г.З, 1994 ж.

6 В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.

7 Л.А. Попова, М.Қ. Жұматов, Д.М. Нұрғалиев, А.Б. Омалиева.  Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Оқу құралы. – Карағанды: ҚарМУ баспасы, 1998 ж.

8 Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.

Информация о работе Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі