Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 13:26, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы: Дипломдық жұмыстың теориялық мәні мен оның нәтижелері өндірістік кәсіпорында кіріс есебін ұйымдастыру бойынша бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғары оқу орындардында кәсіптік білім беру қыземтінің аймақтық нарығында қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3

1 Кәсіпорын кірістерінің мәні мен маңызы
1.1 Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері...................................7
1.2 №2 ҰҚЕС негізінде кірістерді қолдану негіздері..................................15
1.3 Кәсіпорын кірісінің экономикалық мәні..................................................21
1.4 Кірістің кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары....................25

2 Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастырылуы
2.1 Өнімдерді сатудан және қызметтерді көрсетуден алынатын кірістер есебі.........................................................................................................................29
2.2 Негізгі құралдардың кіріс есебі.................................................................30
2.3 Кәсіпорынның кірістер мен шығыстар туралы есептілігін құру тәртіптері................................................................................................................34

3 Кәсіпорын кірістерінің талдауы және аудиті
3.1 Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті.............................................40
3.2 Кәсіпорынның ақшалай кірітерін талдау.................................................47
3.3 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері...............................................................................................51

Қорытынды..................................................................................................58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................61

Работа содержит 1 файл

касып орын кырыстер.doc

— 442.50 Кб (Скачать)

 

6 – кесте. Шығындарды функциялар әдісінің көмегімен жіктеу мысалы.

 

Өткізуден алған кіріс

74 680 331

Өткізілген өнімдердің өзіндік құны

68 427 301

Жалпы пайда (залал)

 

Өзге кірістер

57 070

Өткізу шығыстары

10 835 680

Әкімшілік шыстары

0

Өзге шығыстар

464 519

Кезеңдегі пайда (залал)

77 472


 

Бұл ретте, шығыстарды функциялар бойынша жіктейтін ұйымдар шығыстардың  сипаты туралы қосымша ақпаратты  ашып көрсетуі тиіс.

Өткізілген өнімдердің өзіндік құны әдісі мен шығындар сипаты әдісі арасындағы талдау әдісін таңдау тарихи, сол сияқты салалық факторлар және ұйымның өзіндік ерекшелігіне қатысты болады.

Негізгі және негізгі  емес қызметтерден алынған  кіріс  жылдық жиынтық табысты  құрайды  және ол №7 Бухгалтерлік Есеп Стандартына сәйкес стандартқа сай есептелінеді. Кіріс сондай-ақ тауарлы - материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздар және дивиденттерден алынуы мүмкін.

Кіріс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады: олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім - шартта анықталады. Ал мәміледен шығатын кіріс сомасын бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олырдың (мәміленің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісімшартында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларында көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т.б. тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмілеге қатыскен кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және кандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда. Мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны кәсіпкердің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім - шартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төяейтіндігі туралы сенімін білдіреді.

Келісімшарт сатушыдан  сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін  сақтаған болса, онда ол сатылған болып  табылмайды және табыс танылмайды; мәміле бойынша күтілетін шығын үлкен нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.

Көрсетілген қызметтен  және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды  сатқаннан алынатын табыс ретінде  танылады:

  • есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
  • мәмілені жүргізу кезінде жүмсалған шығыстары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.

Субьект барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді[18,63-64].

Өнім  өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстары болады және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған өнімнің, көрсетілген қызметтің нақты бір түрімен байланысты емес. Кәсіпорын ешнәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезең шығыстарын жасайды. Кезең шығыстарына мыналар жатады:

  • жалпы және әкімшілік шығыстар;
  • пайыз бойынша шығыстар;
  • тауар-материалдық қорларды сату бойынша шығыстар.

Бұл шығыстар тауар-материалдық  қорлардың  қалдығына жатқызылмайды, олар өзі орын алған есептік кезеңнің жиынтық табысын азайтып есептен  шығарылады. Олар сатылмаған өнімнің және аяқталмаған өндірістің қалдықтарына жатқызылмайды. 

Жалпы және әкімшілік  шығыстары, шығыстың бұл түріне бүкіл  және өндірістік - шаруашылық қызметін басқаруға байланысты кезеңдік шығыстар жатады.

Үстеме шығыстары. Үстеме шығыстарға өндіріске қызмет көрсетумен және негізгі және көмекші цехтардың жұмыс ұйымдастрымен байланысты шығыстары жатады, оларды тікелей дайын өнім түрлеріне жатқызуға болмайды.

Үстеме  шығыстарға, әдетте, біршама жалпы  сипатқа ие болады:

      - кешендік  сипаты 

     - шығыстар  құрамында барлық экономикалық  элементтер шығындары.

Үстеме  шығындарды тарату тәсілі өндірістің ерекшелігіне және есептік саясатына тәуелді болып  келеді. Негізінен ол шаруашылық есеп саясытына сәйкес көрініс табады.

  • өндіріс жұмысшыларынң еңбек ақысына пара-пар етіп таратылады,
  • тікелей материал шығыстарына пара-пар етіліп таратылады;
  • цех құнына пара-пар етіп немесе шикізат құны шегерілген цехтың өзіндік құнына пара-пар етіп таратылады;
  • алдын-ала берілген шығындардың тұрақты коэффициенттері бойынша таратылады;
  • басқа да таратылу базалары бойынша таратылады (құрал-жабдықтың жұмыс сағатына және т.б.).

    Барлық  кірістер  кредитінде есептеліп, дебетінде   жабылады. Ал шығыстар дебетінде  есептеліп  кредитінде жабылады.

 

 

 

 

 

 

       3 Кәсіпорын  кірістерінің  талдауы  және  аудиті

 

3.1   Кәсіпорынның ақашалай кірістерінің аудиті

 

 

Бүгінгі таңда басқарушылық құрылымды ақпараттық және бақылаушы-талдамалы  міндетті істермен қамтамасыз етуді  жүзеге асыру барысында еңбекті  саралаудың объективті процесі жалғасын тауып отыр. Мысалы, бухгалтерлік есеп пен экономикалық талдауды қаржылыққа және басқарушылыққа, ал аудитті – сәйкестікке орай, жалпыға, қаржылық есеп беруге, ішкіге, сыртқыға, операциондыққа, функционалдыққа, технологиялыққа және т.б. бөлу. Бұл бухгалтерлік есептің, қаржылық-экономикалық талдаудың, аудиттің басқарушылық қызметтерін жүзеге асыру саласындағы дамыған елдердің алдынғы қатарлы тәжірибелері мен озық тұжырымдамаларын әлдеқайда тиімді пайдалану қажеттілігінен туындайды. Қызметті жақсы ұйымдастырудың резервтерін анықтау үшін басқарушылық шешімге орай қаржылық ресурстардың қозғалысы туралы шындыққа жанасымды ақпарат аса қажет. Деректерді уақытылы бағалау, саралап баға беруге мүмкіндік береді және әртүрлі қатысушылардың, атап айтқанда, инвесторлардың, қарыз берушілердің, жабдықтаушылардың, тұтынушылардың, меншік иелерінің, әкімшілік пен кәсіпорын қызметкерлерінің мүдделерін қоса ескеру арқылы тиімділікті арттырудың жолдарын анықтауға мүмкіндік береді.

 Экономикалық талдауды  қаржылыққа және басқарушылыққа бөлу бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша халықаралық және қазақстандық стандарттардың талаптарына толық жауап береді. Мұнда қаржылық есептің деректері қаржылық талдаудың ақпараттық базасы ретінде қызмет етеді, ал басқарушылық қызметтің көрсеткіштері басқарушылық талдаудың аясында қызмет етеді. Қаржылық-экономикалық талдауды ұйымдастырудың мұндай ұтымдылығын дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отыр. Сонымен бірге сыртқы қаржылық талдау мен ішкі немесе басқарушылық талдаудың арасында белгілі бір шеңбермен шектелген шекара жоқ, өйткені ішкі талдау сыртқы талдаудың жалғасы ретінде қарастырылады немесе оған керсінше.

Шаруашылық ішіндегі кешендік аудит бастапқы құжаттардың  ақпарат көздері, бухгалтерлік тіркемелермен  есеп, техникалық дайындық мәліметтері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметінің тиімділігін тексеру, нормалар мен жоспарлар ретінде пайдаланылады.

Нарықтық қатынастардың  дамуы түпкілікті қаржылық нәтижиелеріне  қол жеткізу үшін басқарушылық бағыттағы  шешімдерге күш салмайынша мүмкін болмайтын кәсіпорын қызметін аудиттеу мен талдау ісіне жаңа міндеттер жүктейді. Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы өз ішіндегі ресурстарды тиімді пайдалану мүмкіндіктеріне де, сыртқы жағдайларға да, оның ішінде маңыздылары болып табылатын нарық конъюктурасына, инвестиция мөлшеріне, инфляция деңгейі мен мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты.

Кәсіпорынның есеп беру мазмұны ҚЕХС және бухгалтерлік есептің  стандарттарымен белгіленеді. Қазақстан  Республикасында жылдық қаржылық есеп беру кәсіпорындарға мына формалар бойынша ұсынылады:

  • бухгалтерлік баланс;
  • кірістер мен шығыстар туралы есеп беру;
  • ақша қозғалысының есептілігі;
  • меншік капиталындағы өзгерістер туралы есептілік;
  • кәсіпорынның есеп саясаты туралы ақпарат.

Оған шаруашылық жүргізуші  субъектілер қызметінің қорытынды  қаржылық нәтижелеріне есепті кезеңде  әсер ететін негізгі факторлардың өзгерісін  ашатын түсіндірме жазбасы қоса тіркеледі.

Қазақстан Республикасы Заңнамасының 5 тарау 20-бабына сәйкес 1-қаңтар 2008 жылдан бастап Қаржылық Есеп Берудің  Ұлттық Стандарты (ҚЕБҰС) енгізілді.

Қаржылық Есеп Берудің  №2 Ұлттық Стандарты (ҚЕБҰС №2) –  «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 31 қаңтардағы №124 Заңына сәйкес айқындалатын ірі кәсіпкерлік субъектілеріне, жария мүдде ұйымына, мемлекеттік реттеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының секьюритизация туралы заңнамасына сәйкес құрылған қаржы ұйымдарына және арнайы қаржы компанияларына бухгалтерлік есепті жүзеге асырады және қаржылық есептілікті жасайды[25,41-42].

Осы стандарт бойынша:

1) актив – болашақ  экономикалық пайда алуды күтіп  отырған өткен оқиғалардың нәтижесінде дара кәсіпкер немесе ұйым бақылайтын ресурс;

2) ақша қаражаты – кассадағы ақша қаражаты мен талап етіп алғанға дейінгі депозиттер;

3) ақша қаражатының қозғалысы – ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының ағылып келуі және қайтуы;

4) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп – субъектінің ақша қаражаты мен ақша қаражаты баламаларының ақша қаражатының қозғалысы операциялық, инвестициялық қызметтер мен қаржыландыру қызметінен бөлек көрінетін кезеңдегі өзгерісі туралы ақпарат бар қаржылық есеп;

5) негізгі құралдар – тауарларды шығаруда немесе қызметтерді көрсетуде немесе беруде пайдалануға, басқа адамдарға жалға беруге арналған немесе әкімшілік мақсаттарға арналатын және т.б.

Қаржылық Есеп Берудің  №2 Ұлттық Стандартының (ҚЕБҰС №2) өз есептеу қағидаттары бар. Субъект есептеу қағидатын пайдалана отырып, ақша қаражатының қозғалысы туралы ақпаратты қоспағанда, қаржылық есептерді жасайды. Есептеу қағидаты пайдаланылған кезде, баптар осы баптар үшін белгіленген тану анықтамалары мен өлшеуіне сәйкес келсе активтер, міндеттемелер, меншікті капитал, кірістер мен шығыстар (қаржылық есептердің элементтері) ретінде танылады [1,4-12].

Қаржылық есеп берудің  маңызды элементі – активтер, меншікті капитал және субъектінің міндеттемелері болып табылады. Есеп беру формаларының тиісті бөлімдерінде баптар бойынша оларды анық ашып көрсету шаруашылық көрсетуші субъектілер қызметінің қаржылық кешендік және операциондық аудиттерінде аса маңызды орын алады.

Шаруашылық  жүргізуші субъектілердің қаржылық есеп беруі пайдаланушыларға ашық жарияланады. Жылдық қаржылық есеп берудің анық сенімділігін тәуелсіз аудитор растайды.

Жүргізу толықтығына  қарай аудит кешенді, функционалды және локальді болады. Аудит түрлерінің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Функционалды аудит ретінде әр түрлі сатыдағы процесс, цикл және шаруашылық іс-қызметі түрлері бойынша белгілі бір басқару функцияларын атқару жағдайын мақсатты түрде бақылау түсіндіріледі. Операциялық аудиттің осы түрінің маңызды сипаттамалары арасында ең алдымен зерттеудің тереңдігі мен аудиторлардың бизнесті басқарудағы әр түрлі функциялары бойынша еңбекке мамандану мүмкіндігін атап айтқан жөн. Функционалды аудит шеңберінде менеджмент, маркетинг, қаржы, бухгалтерлік есеп, экономикалық талдау, еңбек, материалдық және қаржылық ресурстарды басқару жағдайын ішкі шаруашылық бақылау функцияларын орындауды тексеру жасалады. Функционалды аудит өндірістік ресурстарды қолдану мен процестерді, сатылы және циклдерді қалыптастыру бойынша жүргізіле алады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің жабдықтау, өндірістік және каржылық іс-қызметінде өндірістік ресурстарды басқару функцияларын орындаудың іс жүзіндегі накты жағдайын зерттеудің кешенді тәсілі ең пайдалы болып табылады.

Тауарлы-материалдық  корларға (ТМҚ) сатып алу циклінің функционалды аудитін қаржылық есеп берудің мәліметтерін және белгілі бір кезең ішіндегі олардың қозғалысы туралы алғашқы құжаттарды қарастырудан басталады. Бастапқы есепті ұйымдастыруда қабылдауды, құжатта рәсімдеуді, тиеу-тасу жұмыстарын, материалдық ресурстардың қозғалысын, сақталуын және ұтымды қолданылуын бақылау мен орналастыруды тікелей жүзеге асыратын қойма шаруашылығы қызметкерлері маңызды рөл атқарады.

Шаруашылық жүргізуші  субъектілерді сатып алу, өндіріс  және дайын өнімді өткізу циклдерінің  функционалды аудитінің маңызды  кезеңдері мыналар:

  1. Материалдық ресурстармен жабдықтауды ұйымдастыру жағдайын тексеру.
  2. Қалыптасқан тауарлық-материалдық қорларды басқару жүйесін талдау.
  3. Қорлардың жағдайын және олардың қолданылу деңгейін бағалау.
  4. Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру.
  5. Тауарлық-материалдық қорлармен жасалатын операцияларды есепте көрсетудің дұрыстығын тексеру.
  6. Қорларды түгендеудің жүйелілігі мен дұрыстығын зерттеу.
  7. Тауарлық-материалдық құндылықтарды қолдануды ішкі бақылау жағдайын бағалау.
  8. Жабдықтау-дайындау іс-қызметі есебін, басқаруды және талдауды жақсарту бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Информация о работе Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі