Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 13:26, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы: Дипломдық жұмыстың теориялық мәні мен оның нәтижелері өндірістік кәсіпорында кіріс есебін ұйымдастыру бойынша бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғары оқу орындардында кәсіптік білім беру қыземтінің аймақтық нарығында қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3

1 Кәсіпорын кірістерінің мәні мен маңызы
1.1 Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері...................................7
1.2 №2 ҰҚЕС негізінде кірістерді қолдану негіздері..................................15
1.3 Кәсіпорын кірісінің экономикалық мәні..................................................21
1.4 Кірістің кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары....................25

2 Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастырылуы
2.1 Өнімдерді сатудан және қызметтерді көрсетуден алынатын кірістер есебі.........................................................................................................................29
2.2 Негізгі құралдардың кіріс есебі.................................................................30
2.3 Кәсіпорынның кірістер мен шығыстар туралы есептілігін құру тәртіптері................................................................................................................34

3 Кәсіпорын кірістерінің талдауы және аудиті
3.1 Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті.............................................40
3.2 Кәсіпорынның ақшалай кірітерін талдау.................................................47
3.3 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері...............................................................................................51

Қорытынды..................................................................................................58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................61

Работа содержит 1 файл

касып орын кырыстер.doc

— 442.50 Кб (Скачать)

 

 

 

 

1.2 №2 ҰҚЕС негізінде кірістерді қолдану негіздері

 

 

       Қаржы есептілігін дайындау және таныстыру принциптерінде акционерлердің салымдарымен қатысы жоқ капиталдың көбеюіне әкеліп соқтырған есепті кезеңінің ішінде активтердің көбеюі немесе азаюы немесе міндеттемелердің азаюы нысанында табыс экономикалық пайданың ұлғаюы ретінде танылады. Табысты есепке алу кезіндегі басты мәселе оны тану кезеңін анықтаудан тұрады. Табыс компанияның сенімді түрде өлшенетін болашақ пайданы алу мүмкіндігі болған жағдайда танылады[28,12-14].

         № 2 ҰҚЕС –ның  22 бөлімінде  «Кірістер»  ұғымы қарастырылған. Бұл стандарт кірістерді тану  және  бағалау  жағдайларын,  сондай-ақ  қаржылық  есеп  беруде   кірісті  танудың  маңызды аспектілерін  ашуды  айқындайды. Стандарт негізінде  кірістерді  қолдану негіздерін  қарастырар  болсақ, мынадай операциялар мен оқиғалардың:

1) өнімдерді (сату мақсатында субъектінің өзі шығарған, қайта сату үшін сатып алынған) сату;

2) қызметтер көрсету;  және

3) қаржыландырудан түсетін  кіріс;

4) өзге де кірістер  нәтижесінде алынатын кірісті  есепке алу кезінде қолданылады.

Кәсіпорын әдетте осы  бөлімде ұсынылған кірісті тану өлшемдерін әрбір операцияға бөлек қолданады. Алайда субъект операцияның мазмұнын көрсету қажет болған кезде оның жеке анықталатын компоненттеріне тану өлшемдерін қолдануға тиіс. Мысалы, субъект тауардың сату бағасы кейіннен қызмет көрсетуге сәйкестендірілетін соманы қамтитын кезде операцияның жеке анықталатын компоненттеріне тану өлшемдерін қолданады. Керісінше, субъект коммерциялық әсері осындай операциялардың жиынтығына сілтеме болмаған кезде түсінікті болмайтындай түрде осы операциялар байланысты болатын кезде тану өлшемдерін бір уақытта екі немесе одан көп операцияларға  қолданады. Субъект, мысалы, ол тауарлар  сататын кезде және сонымен бірге болашақта бұрын сатылған тауарларды кері сатып алуға жеке шарт жасасатын бір уақытта екі немесе одан көп операцияларға  қолданады, бұл осы операцияның әсерінің елеулі түрде күшін жояды.

Субъект тауарлар немесе қызметтер сипаты мен құны бойынша  ұқсас тауарларға немесе қызметтерге  ауыстырылатын кезде түсімді  тануға тиіс емес. Алайда субъект ұқсас емес тауарларға немесе қызметтерге тауарлар сатылатын немесе қызметтер көрсетілетін кездегі кірісті таниды. Осындай жағдайда субъект:

1) алмасу операциясының  коммерциялық мазмұны болмаса,  немесе

2) алынған активтің  де, берілген активтің де  әділ  құны сенімді түрде өлшенетін алмайтын жағдайларды қоспағанда, осындай операцияларды әділ құн бойынша өлшеуге тиіс. Егер операция әділ құн бойынша өлшене алмайтын болса, онда оны берілген активтің баланстық құны бойынша өлшеу керек.

Ақшалай қаражаттың немесе олардың баламасының түсуі кейінге қалдырылған кезде шарт іс жүзінде қаржылық операцияны білдіреді, ал өтемнің әділ сомасы пайыздың ауыстырылған ставкасын пайдалана отырып, барлық болашақ түсімдерді дисконттау жолымен айқындалады.

Кәсіпорын алынған немесе алынуға жататын өтемнің әділ құны бойынша кірісті өлшеуге тиіс. Алынған немесе алынуға жататын өтемнің әділ құны субъект ұсынатын кез келген сауда және жаппай жеңілдіктердің сомасын шегере отырып алынуға тиіс.

         Субъект кіріске субъектінің  өзінің атынан алынған немесе алынуға жататын экономикалық пайданың жалпы түсімдерін ғана кіріске енгізеді. Кірістен үшінші тараптардың пайдасына алынған сатудан алынған сатуға салынатын акциздер, қосылған құн салығы сияқты барлық сомалар алып тасталады. Агенттік келісімдер бойынша жұмыс кезінде субъект кіріске комиссиялық сыйақылар сомасын ғана кіріске қосуға тиіс. Принципалдың атынан алынған сома субъектінің түсімі болып табылмайды.

Кәсіпорын келесі тану түрлерін жүргізе алады:

1) өнімдерді (сату мақсатында  субъектінің өзі шығарған, қайта сату үшін сатып алынған) сату;

2) қызметтер көрсету; 

3) қаржыландырудан түсетін  кіріс;

4) өзге де кірістер  нәтижесінде алынатын кіріс.

       Тауарлар  сату .

       Кәсіпорын  төменде санамаланған барлық  шарттар қанағаттандырылған кезде тауарларды сатудан түсетін түсімді таниды:

1) субъект тауарға  меншік құқығына байланысты елеулі  тәуекелдер мен пайдаларды сатып  алушыға бергенде;

2) субъект меншік құқығымен  әдетте сәйкес келетін дәрежеде  басқаруға енді қатыспайтын болса  және сатылған тауарларға бақылауды сақтамағанда;

3) кіріс сомасы сенімді  түрде өлшенуі мүмкін болғанда;

4) операцияға байланысты  экономикалық пайданы субъектінің  алу ықтималдығы болғанда;

5) операцияға байланысты  шеккен немесе күтілетін шығындар  сенімді түрде өлшенуі мүмкін болғанда[16,23-26].

Субъект меншік құқығына байланысты елеулі тәуекелдер мен пайданы  қай сәтте сатып алуға бергенін анықтау үшін операцияның шарттарын  зерделеу қажет. Көп жағдайда меншік құқығын беруге байланысты тәуекелдер мен пайданы беру заңдық меншік құқықтарын берумен немесе иелік ету құқығының сатып алушыға өтуімен сәйкес келеді. Бұл бөлшек сауданың көпшілігінде болады. Қалған жағдайда меншік құқығын беруге байланысты тәуекелдер мен пайданы беру заңдық меншік құқықтарын беру немесе иелік ету құқығының сатып алушыға өтуі мерзімінен өзге мерзімде жүргізіледі.

Егер субъект меншік құқығына байланысты елеулі тәуекелдерді сақтамайтын болса, ол кірісті танымайды. Субъектіде меншік құқығына байланысты елеулі тәуекелдер мен пайда сақталуы мүмкін ахуалдарға мысал:

1) субъектіде кепілдіктің  стандартты шарттарының шеңберінен  шығатын қанағаттанғысыз пайдалану  сапасына жауапкершілік сақталғанда;

2) нақты сатудан түсетін  түсім алу сатып алушының тауарларды  сатуына байланысты болғанда;

3) тиеп түсірілген  тауарлар орнатылуға тиіс болып, ал орнату әлі орындалмаған шарттың едәуір бөлігін құрағанда;

4) сатып алушының сату  шартында анықталған себеп бойынша  сатып алу мәмілесін бұзуға  құқығы бар болып, субъект қайтару  ықтималдығын анықтауға қабілетсіз  болғанда.

Егер субъектіде меншік құқығына байланысты елеусіз тәуекел ғана сақталатын болса, онда сату операция болып табылады және субъект кірісті таниды. Мысалы, сатушы өзіне тауарларға заңдық меншік құқығын оған тиесілі соманы алуды қамтамасыз ету үшін ғана қалдырған кезде кірісті таниды. Осылайша субъект клиенттерге сатып алу қанағаттанғысыз болған кезде ақшаны қайтару ұсынылатын жағдайда түсімді таниды. Осындай жағдайда субъект осы Стандарттың 20-бөліміне сәйкес ықтимал қайтаруға бағалау міндеттемелерін таниды.

Қызмет көрсету бойынша түсімді тану

Қызметтер көрсетуді  болжайтын операцияның нәтижесі сенімді түрде бағалануы мүмкін болғанда, субъект есепті кезеңнің соңында операцияның аяқталу  сатысын ескере отырып, операцияға байланысты түсімді таниды (осы әдіс кейде орындалу пайызының әдісі деп аталады). Егер мынадай шарттардың барлығы орындалса, операцияның нәтижесі сенімді түрде есептелуі мүмкін:

1) кіріс сомасы сенімді  түрде өлшенетін болса;

2) операцияға байланысты  экономикалық пайданы субъект  ала алатындай ықтималдық бар  болса;

3) есепті кезеңнің  соңындағы жағдай бойынша операцияның  аяқталу сатысы сенімді түрде  бағаланатын болса; және

4) операцияны жүзеге  асыру үшін шеккен шығындар  және оны аяқтау үшін қажетті  шығындар сенімді түрде өлшенетін  болса[13,61-66].

 Қызметтер белгілі бір уақыт кезеңі ішінде іс-қимылдардың белгіленбеген көлемін жасау жолымен көрсетілген кезде кіріс қандай да бір басқа әдіс аяқталу сатысын жақсырақ көрсететініне дәлел бар жағдайларды қоспағанда, осындай уақыт ішінде тікелей желілік негізде танылады. Нақты іс-қимыл кез келген басқа іс-қимылға қарағанда  анағұрлым елеулі болып шықса, онда субъектінің кірісті тануы осы іс-қимылды жүзеге асырғанға дейін кейінге қалдырылады.

Қызметтер көрсетуді  болжайтын операцияның нәтижесі сенімді түрде бағалана алмайтын кезде субъект кірісті танылған өтелетін шығыстардың сомасы шегінде ғана тануға тиіс.

Пайыздар, дивиденттер, роялтилер

Басқа ұйымдардың пайыздар, лицензиялық  төлемдер және дивидендтер әкелетінактивтерін басқа  тараптардың пайдалануынан  туындайтын кірісті мынадай жағдайларда тануға  тиіс:

1) операцияға байланысты экономикалық пайданы субъект ала алатындай ықтималдық бар болса;

2) кіріс сомасы сенімді  түрде өлшенетін болса.

Субъект мынадай негіздерді пайдалана отырып, кірісті тануға тиіс:

1) пайыздың тиімді ставкасының әдісін пайдалана отырып, пайыздар танылуға тиіс:

2) тиісті шарттың мазмұнына  сәйкес есептеу әдісі бойынша  роялтилер танылуға тиіс;

3) төлемдер алуға акционерлердің құқығы белгіленген кезде  дивидендтер танылуға тиіс.

 Құрылысқа арналған  шарттар

          Егер құрылысқа арналған шарттың  нәтижесі шынайы есептелуі мүмкін  болса, онда субъект құрылысқа  арналған шартқа байланысты шарт  бойынша кірісті және шығындарды  тиісінше есепті күннің соңында  шарт бойынша жұмыстардың аяқталу  сатысының кірісі мен шығыстары ретінде  таниды (бұл әдісті орындалу пайызының әдісі деп жиі атайды). Нәтижелерді сенімді түрде бағалау үшін болашақ шығындардың аяқталу сатысын және ұсынылған есептер бойынша  соманың жинақталуын сенімді бағалау талап етіледі.

         Бұл бөлімнің талаптары әдетте құрылысқа арналған әрбір шартқа жеке қолданылады. Алайда белгілі бір жағдайларда осы бөлімді бірыңғай шарттың жеке анықталатын компоненттеріне немесе шарттың немесе шарттар тобының мәнін көрсету үшін шарттар тобына бірлесіп қолдану қажет.

        Егер шарт бірқатар активтерді  қамтитын болса, онда олардың  әрқайсысын салу құрылысқа арналған  жеке шарт ретінде ескерілуге  тиіс, егер:

1) әрбір активтің құрылысын  жеке жобалар ұсынылған болса;

2) әрбір актив бойынша  жеке келіссөздер жүргізіліп, ал мердігер мен тапсырыс берушінің әрбір активке жататын шарттың бір бөлігін қабылдауға немесе кейінге қалдыруға мүмкіндігі болса;

3) әрбір актив бойынша  түсім мен шығындар анықталуы  мүмкін болса.

  Бір немесе бірнеше тапсырыс берушімен жасалды ма, жоқ па, оған қарамастан, шарттар тобы құрылысқа арналған бірыңғай шарт ретінде қаралуға тиіс, егер:

1) шарттар тобы бірыңғай  пакет ретінде жасалса;

2) шарттар іс жүзінде  жалпы пайда нормасы бар бірыңғай  жобаның бір бөлігін білдіретіндей  өзара тығыз байланысты болса; және

3) шарттар бір уақытта  немесе үздіксіз дәйектілікпен  орындалатын болса[19,21-23].

 Кәсіпорын қызметтер  көрсету жөніндегі операцияны  немесе құрылысқа арналған шартты  орындау шамасына қарай кіріс  пен шығындардың есептік бағалауын  талдауға және қажет болған кезде қайта қарауға тиіс. Орындалған жұмысты неғұрлым сенімді өлшеуді қамтамасыз ететін әдістің негізінде операцияның немесе шарт бойынша жұмыстардың аяқталу сатысын анықтайды. Төменде ықтимал әдістер келтірілген:

1) ағымдағы күнгі жағдай  бойынша жұмыстарды орындау үшін шеккен шығындардың жалпы шығындардың есептік шамасына қатынасы; ағымдағы күнгі жағдай бойынша жұмыстарды орындау үшін шеккен шығындар материалдарға немесе аванстарға жұмсалатын шығындар сияқты болашақ қызметке жататын шығындарды қамтымауға тиіс;

2) орындалған жұмыстардың  инспекциясы; немесе

3) қызметтер көрсету  жөніндегі операцияның қандай  да бір үлесін немесе шарт  бойынша жұмыстар көлемін аяқтау.

Тапсырыс берушілерден алынған кезең-кезеңді төлемдер мен аванстар орындалған жұмысты жиі көрсетпейді.

Материалдарға немесе аванстарға жұмсалатын шығындар сияқты операцияға немесе шартқа жататын шығындарды, егер шеккен шығындар өтеледі деген  ықтималдық болса ғана, актив ретінде  тануға тиіс. Мұндай шығындар тапсырыс берушіден алынатын соманы білдіреді және аяқталмаған жұмыстар ретінде жіктеледі.

Кәсіпорын өтелу ықтималдығы  нөлге тең шығындарды шығыс ретінде  тез арада тануға тиіс.

Егер құрылысқа арналған шарттың нәтижесі шынайы есептей  алмайтын болса, онда:

1) субъект кірісті  өтелуі ықтимал шарт бойынша шығындардың сомасына сәйкес қана таниды; және

2) субъект шығындарды  олардың туындау кезеңінде шығыс  ретінде тануға тиіс.

Шарт бойынша жалпы  шығындар құрылысқа арналған шарт бойынша  жалпы кірістен асып түсетіні мүмкін болса, күтілетін залал шығыс ретінде тез арада танылады.

Алайда, егер шарт бойынша  кіріс ретінде танылған сома жинау  ықтималдығы енді жоқ болса, онда алынуы мүмкін емес сома шарт бойынша  кіріс сомасын түзету емес, шығыс  ретінде танылады.

Кәсіпорын:

1) кірісті тану үшін  қабылданған есеп саясатын, оның ішінде қызметтер көрсетуді болжайтын операцияның аяқталу сатысын анықтау үшін қабылданған әдістерді;

Информация о работе Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі