Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 13:26, дипломная работа

Описание работы

Зерттеудің теориялық және тәжірибелік құндылығы: Дипломдық жұмыстың теориялық мәні мен оның нәтижелері өндірістік кәсіпорында кіріс есебін ұйымдастыру бойынша бухгалтерлік есептің жүйесін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік базасын кеңейтеді және тереңдетеді. Тәжірибелік ұсыныстарды жоғары оқу орындардында кәсіптік білім беру қыземтінің аймақтық нарығында қолдануға болады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................3

1 Кәсіпорын кірістерінің мәні мен маңызы
1.1 Кірістердің мәні мен маңызы және оның түрлері...................................7
1.2 №2 ҰҚЕС негізінде кірістерді қолдану негіздері..................................15
1.3 Кәсіпорын кірісінің экономикалық мәні..................................................21
1.4 Кірістің кәсіпорын қызметіндегі рөлі және функциялары....................25

2 Кәсіпорын кірістерінің есебін ұйымдастырылуы
2.1 Өнімдерді сатудан және қызметтерді көрсетуден алынатын кірістер есебі.........................................................................................................................29
2.2 Негізгі құралдардың кіріс есебі.................................................................30
2.3 Кәсіпорынның кірістер мен шығыстар туралы есептілігін құру тәртіптері................................................................................................................34

3 Кәсіпорын кірістерінің талдауы және аудиті
3.1 Кәсіпорынның ақшалай кірістерінің аудиті.............................................40
3.2 Кәсіпорынның ақшалай кірітерін талдау.................................................47
3.3 Кәсіпорын ақшалай кірістерінің атқаратын қызметтері мен оны басқарудың түрлері...............................................................................................51

Қорытынды..................................................................................................58

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі................................................61

Работа содержит 1 файл

касып орын кырыстер.doc

— 442.50 Кб (Скачать)

Табыс – капиталды  көбейтуге әкелетін жарғылық қызмет барысында кәсіпорынның есеп беру кезеңіндегі  экономикалық пайданың жалпы түсуі.

Капиталдың көбеюі деп  құрылтайшылар жарнасынан басқа  оның кез келген көбеюі түсініледі.

     Сатылған тауарлардың кірістері танылады, егер:

  • кіріске алу ақылар мен тәуекелділіктерді кәсіпорын сатып алушыға аударып тастаса;
  • егер кәсіпорын сатылған тауарларға бақылау жасамаса;
  • егер кірістер сенімді бағаланса;
  • егер жасалған делдалдықтан пайда алуына сенімді болса;
  • егер жасалған делдалдықтан алынатын табыс дұрыс бағаланса;       

Тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде  танылады:

Табыс сомасын үлкен  деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәмлеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмлемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім-шартта көрсетілген соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.

Келісім шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып танылмайды және табыс танылмайды, мәміле бойынша күтілетін шығынүлкен нольдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді[8,100-102].

Көрсетілген қызметтен  және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайды қоспағанда, тауарды  сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:

  • есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
  • мәмілені жүргізу кезінде жұмсалатын шығыстары да, мәмлені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса;

Кәсіпорын барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді. Мәміленің сипатына қарап, оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланылады:

  • белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы;
  • белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтердің пайыздық қатынасы;
  • орындалған жұмысты талдау

Аралық негізде жасалатын  төлемдер, яғни сатып алушылардын  алынатын аванстар, табыс болып танылмайды.

Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің  нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен  табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалатын шығыс  мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.

  Кәсіпорынның  нарықтық  экономика жағдайында қызмет  етуінің экономикалық пайдалылығы  табыс табумен анықталады. Кәсіпорынның  табыстылығы абсолюттік және  салыстырмалы көрсеткіштермен сипатталады.  Табыстылықтың абсолютті көрсеткіші – бұл табыстар немесе пайдалардың сомасы.  Шетелдік арнаулы әдебиеттерде "табыстар" ұғымы келесідей түрде анықгалады:

   "Табыстар  дегеніміз - қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі, не болмаса пассивтердің азаюы түріндегі есепті кезеңдегі экономикалық пайданың ұлғаюы болып табылады, бұл акционерлер салымдары-ның есебінен өсуден басқа жағдайдағы капиталдың өсуіне әкеледі"[11,64-71].

   Ықшамдалған түрде бұл түсінік 1995 жылы 26 жел-тоқсандағы "Бухгалтерлік есеп туралы" заң  күші бар ҚР Президентінің 2732 Жарлығында анықталған. Жарлықтың 13-бабында былай делінген: "Табыстар - бұл есептік кезеңдегі активтердің ұлғаюы немесе міндеттемелердің азаюы" .

Белгілі бір шығындар шығармай әдетте қажетті табыстарды алу мүмкін емес. Өз кезегінде, табыс алмай кәсіпорынның дамуын жүзеге асыру және әлеуметтік мәселелерді шешу мүмкін емес.

Табыстылықтың көрсеткіштер жүйесі ең алдымен қаржылық нәтижелердің абсолютті көрсеткіштерінен тұрады, олар: өнімді (жұмыс, қызметті) өткізуден  алынатын табыс; жалпы табыс; негізгі қызметтен алынатын табыс; салық салынғанға дейінгі дағдылы қызметтен алынатын табыс; салық салынғаннан кейінгі дағдылы қызметтен    алынатын    табыс;    төтенше жағдайлардан алынған табыс; кәсіпорын қызметінің соңғы қаржылық нәтижесі болып табылатын таза табыс.

Табыс  жинақталған түрде шаруашылық жүргізудің нәтижесін, жанды және затқа  айналған еңбектің өнімділігін көрсетеді. Оны кейбір экономистер экономикалық тиімділік көрсеткіштері қатарына жатқызса, енді біреулері оны кәсіпорын жұмысының тиімділігіне жатқызады. Біздің ойымызша, алғашқылардың айтқаны дұрыс, өйткені табыстың абсолютті сомасы салынған қаржылардың қайтарымдылығы туралы болжауға мүмкіндік бермейді.

Нарық жағдайында табыстың рөлі айтарлықтай  артты. Өзіміз білетіндей жоспарлы-директивті экономика жағдайында оның ролі төмендетілген болатын. Табыс (пайда) табу кез келген кәсіпорынның мақсатты функциясы (қызметі) ретінде төмендетілді. Нарықтық экономикаға көшумен табыс (пайда) оның, яғни кәсіпорынның қозғаушы күшіне айналды. Тек табыс қана өзара байланысқан үш мәселенің шешімін анықтайды: нені, қалай және кім үшін өндіру керек Табыс табу кез келген кәсіпорынның қызмет етуінің мақсаты болып қалыптасты, ал нарықтық экономика кәсіпорынның негізгі өндірістік және әлеуметтік дамуының көзі болып табылады. Бұл принцип өнімді өндірудегі шығындардың толық ақталуын және кәсіпорынның өндірістік-техникалық базасының кеңеюіне негізделеді. Бұл әр кәсіпорын өзінің ағымдағы және күрделі  шығындарын өзінің меншікті қаржы көздерінен жабатындығын білдіреді. Уақытша қаржы тапшылығы кезінде, оларға деген қажеттілік, егер бұл ағымдағы шығындар болса, олар банктің қысқа мерзімді ссудаларымен және коммерциялық несиелерімен, сонымен қатар капитал салымдары банктің ұзақ мерзімдік несиелерімен жабылуы мүмкін[9,23-31].

Табыс есебінен, сондай-ақ кәсіпорынның бюджет алдындағы, банктер мен басқа да кәсіпорындар, ұйымдар алдындағы міндеттемелері орындалады. Сонымен, табыс кәсіпорынның өндірістік және қаржылық қызметін бағалаудағы негізгі көрсеткіші болып табылады.

Ол оның іскерлік белсенділігі мен қаржылық тұрақтылығын сипаттайды. Табыс бойынша авансталған қаржылардың қайтарымдылық деңгейі мен осы кәсіпорынның активтеріне салынған салымдардың табыстылығы анықталады.

Нарықтық  экономика  жағдайында табыстың рөлі ол атқаратын қызметтермен анықталады. Оған 2-ден 6-ға дейін қызметті жатқызады. Біздің ойымызша, ол тек екі қызмет атқарады:

  • мемлекеттік бюджет табысының көзі;
  • кәсіпорын   мен   бірлестіктердің   өндірістік   және әлеуметтік даму көзі.

Функциялардың және олардың  езара шарттылығындағы бірлігі, табысты шаруашылықты жүргізуші қоғамның, кәсіпорын ұжымының және әр жұмысшының экономикалық мүдделері байланысатын элементі ретінде көрсетеді. Осыдан табысты құру және бөлу (тарату) мәселелерінің маңыздылығы көрінеді, оның (тәжірибелік) шешілуі шаруашылықты жүргізуші субъектінің тиімділігінің алынған және оның иелігінде қалатын табыс көлеміне қажетті тәуелділігін қамтамасыз етеді.

Табыс өз қызметтерін тиімді орындай  алуы үшін келесідей негізгі шарттар  қажет болады:

1. Жуықтаудың  белгілі бір дәрежесінде, өнім  бағасы еңбектің  қоғамдық  қажетті   шығындарын   керсетуі   тиіс және ол сондай-ақ еңбек өнімділігінің үздіксіз өсуі мен өзіндік құнның төмендеуін ескеруі қажет.

Бұйымдарды калькуляциялау және өнімнің өзіндік құнын анықгау жүйесі ғылыми негізделген болуы керек.

Табысты  бөлу  (тарату)  механизмі  белсенді  рольатқаруы  керек және  өндірістің дамуы  мен  оның  тиімділігін арттыруда  ынталандырушы фактор болуы тиіс[13,20-24].

4. Табысты   тиімді   пайдалану   тек   қалған   барлық қаржы тұтқаларының  жүйесінде  (амортизациялық аударымдар,   қаржылық   санкциялар,   салық   салу, акциздер, жал   төлемі,    дивидендтер,    пайыздық    мөлшерлемелер, арнайы    қорлар,    салымдар,    пай    (жарна)    төлемдері, инвестициялар, есеп айырысу нысандары, несие түрлері,  валюта   және   бағалы   қағаздар   курсы   және   т.б.)   ғана мүмкін.

Табысты тануға байланысты 2 негізгі мәселе бар:

1. Табыс  қашан (қай  есепті кезеңде ) танылуы қажет

2. Қандай  сала табыс  ретінде танылуға  тиісті.

 Консерватизм  қағидасына  сәйкес табысты тану  қажет есепті кезең анықталады. Осы  қағида бойынша табыс ең алғашқы  кезеңде, яғни кәсіпорын табысты алу мақсатында барлық әрекетті жүзеге  асырған кезде танылуға тиісті.

 Табыстың  қандай  сала мөлшерінде танылуы  қажеттігі сату қағидасына сәйкес  тьанылуға тиісті. Мысалы: компания  екінші компанияға ксерокс сатып  алу жөнінде келісімшарт  жасады. Ксероксті келесі айдың басында  жеткізіп беру келісілді.

 Егер  келісім желтоқсан  айында жасалған  болса, онда консерватизм қағидасына  сәйкес сатып алушы ұйым сатушыдан ксерокс келіп жеткенге дейін сатушы табыс алғандығын көрсете алмайды. Егер аппаратты қаңтар  айында жеткізген болса , онда  табыс сомасы келесі есепті  жылы танылуға тиісті.

 Сату  қағидасына қатысты мысал:

 Сауда  ұйымы  кондиционерлерді 30000тг сатады. Сатып  алушы 30 күн ішінде шотты   төлеуге келісім береді. Сатушы  ұйым сатып алушы ұйымның төлем   қабілеттілігінің жоғары болуға  байланысты 30000 тг мөлшеріндегі табысты   танып есепке алады. 

 Қаржылық  септілік көрсеткіштері ретінде  табысты тану үшін келесі шарттардың  бірі орындалуы қажет :

1. Алынатын  табыс сомасының  өте жоғары  шынайлық дәрежесінде  бағалау  мүмкіндігі бар

2. Осы  іс – шарамен  байланысты табыс  сомасы  алынуының  мүмкіндігі  өте жоғары болған жағдайда

 Табыс  келесі  операциялар нәтижесінде  алынуы  мүмкін:

1. Тауарлы  – материалдық  қорларды сату  нәтижесінде

2. Қызмет  көрсету нәтижесінде 

3. Активтерді  уақытша  пайдалануға беру нәтижесінде

Қызмет  көрсетумен байланысты табыстар келесілер  орындалғанда танылады:

1. мәмленің  есепті  кезең соңына аяқталатындығын   дәл анықтау мүмкін болғанда

2. мәмлені  жүзеге  асырумен байланысты шығындарды  дәл бағалау мүмкін болған  жағдайда.

Өндіріс пен тауарды  өткізуден кәсіпорынның негізгі  және айналым капиталының  қозғалысын қамтамасыз ететін қаржы  ресурстары қалыптастырылады. Қаржылық көрсеткіштерге талдау жүргізгенде  қалыптасқан табыстың құрылымы мен  оның қалыптасу динамикасына көп  көңіл бөлінеді. Бұл кәсіпорынның жағдайын анықтаудың және салық арқылы мемлекеттік бюджет түсімін қамтамасыз ететін бірден бір шарасы.

Кәсіпорын қызметінің сәттілігін қамтамсыз ететін маңызды бір  фактор ол операциялық  қызмет негізінде  алынған табыс жатады. Кез келген ұйым табыс табу мақсатында құрылғады, сонда оның алатын табыс түрі де әр түрлі болып келеді. Мысалы, қызметкерлердің алып жатқан жалақысы, жалға берген мүліктен түсім, берілген несие бойынша немесе бағалы қағаздар бойынша төленетін пайыздық табыс түрлері[21,56-58].

Табыстар  өз ерекшігіне, ұйым қызметінің бағыты мен шарттарына қарай келесілерге  бөлінеді:

  • Жай қызмет түрінен алынатын табыс;
  • Операциондық қызметтен түсетін табыс;
  • Өткізуден тыс қызметтен алынатын табыс түрі.

Жай қызмет түрінен алынатын табыстан басқа  өзгеше табыс түрлері  басқа да түсімдер деп танылады. Өзге де табыс  түріне төтенше түсімдері де жатады.

Жай қызметтен  алынатын табыс деп қызмет көрсетумен және тауар өндірумен байланысты тауарларды сатудан түсетін табыс. Тауарлар мен құралдарын уақытша пайдалануға  беру арқылы табыс алатын ұйымдардың табысы деп осы қызметтен, яғни жалға беру қызметінен түсетін түсімді айтамыз.

Жай қызметтен  алынатын табысқа мыналар да жатады:

Өзіне тиесілі актвитерді, патенттік құқықты, өндіріс схемалары  мен интеллектуалды меншік түрінің  басқа да құқығын уақытша пайдалануға беру қызметінен түсім;

Басқа ұйымдардың жарғылық капиталына салым жүргізгенде.

Операциондық  табысқа  төмендегілер жатады:

Ұйымның активтерін уақытша  пайдалағаны үшін төлем;

патенттік құқықты, өндіріс  схемалары мен интеллектуалды меншік түрінің басқа да құқығын уақытша пайдалануға беру қызметі бойынша төлем;

Басқа кәсіпорындардың  жарғылық капиталының мүшесі бола отырып, оның бағалы қағаздары бойынша немесе пайыздар бойынша алынатын табыс;

Серіктестік қызмет түрінде  басқа ұйымдармен біріккен қызмет атқару арқылы алынатын түсім (жай серіктестік келісім шарты негізінде);

Негізгі құралдарды, өзге де активтерді, тауарлар мен өнімдерді  сатудан түсетін түсімдер;

Кәіспорынның бос ақша қаражаттарын уақытша пайдалануға  беруден және сол қаржы бойынша төленетін пайыздық қойылымдар (яғни банк шоттарындағы ақша салымдары).

Төтенше табыстар деп: шаруашылық қызметтің  әр түрлі төтенше жағдай кезінде  туындайтын табыстар (авария, өрт, табиғи апат, нациоландыру және т.б.); сақтандыру төлемдері, материалдық активтердің қолданысқа келмейтінін байланысты құрылған қор негізінде жабу.

Жалпы салық салынатын  табыс ретінде  былай болып  бөлінеді:

Тауарларды, мүлікті және мүліктік құқықты сатудан түскен қаражаттар;

Өткізуге байданысты емес түсімдер.

Енді  осы табыс  түрлерін кесте түрінде  көрсетуге болады. (кесте 2)

 

2 – кесте. Табыс құрылымы

 

Табыстар  түрі

Кәсіпорын табыстарының құрылымы

А

Б

1. тауарларды (жұмыс, қызмет) және мүліктерді сатудан алынатын  табыс

Бұл кезде табыс  деп  тауарларды (жұмыс, қызмет) және мүлік пен мүліктік құқықты (бағалы қағаздар) сатудан алынған түсім  танылады.

  • басқа ұйымдарға үлестік қатысудан;
  • шетелдік валюталарды сату және сатып алудан (бұл кезде келісім шарт жасалынған күнгі Ұлттық Банктің бағамы есепке алынады);
  • келесімшарттарда көрсетілген міндеттемелерін орындауға байланысты түсімдер (пеня, санкция түрінде);
  • мүлікті жалға беруден;
  • интелектуалдық меншікті пайдалануға беруден түсетін түсім;
  • келісімшарттық займ, несие мен банктік шоттан алынатын табыс;
  • қалыптастырылған резервтер (шығындар құрамында көрсетілген қаражаттан қалыптастырылса);
  • тегін берілген мүліктер мен меншік құқығы;
  • салық кезеңі кезінде анықталған өткен жылдың табысы;
  • құны шетелдік валютада көрсетілген мүлік пен міндеттемелерді қайта бағалау кезінде болған оң бағамы;
  • мүліктерді қайта бағалау кезінде табылған оң нәтиже;
  • тозығы жеткен және сынған материалдар негізгі құралды бүзудан алынған бөліктернің құны;
  • қайырымдылқ қордан алынған тауарлар, қызмет көрсетулер мен тегін берілетін өнімдер;
  • бұрын уақыт өтуіне қарай қайтарылмай қалған кредиторлық қарыздың сомасы
  • мерзімді шарт негізінде қаржы құралдарымен жасалынған операциялар бойынша табыс;
  • түгендеу нәтижесінде анықталған тауарлы матриалдық қорлардың артықшылығы;
  • апат, табиғи апат, өрт, соғыс кезінде көмек ретінде келіп түскен түсімдер;
  • сақтандыру төлемдері;
  • істен шыққан активтер бойынша қордан ақша аудару.

2. Өткізуге байланысты  емес түсімдер 

3. Төтенше табыс

Информация о работе Кәсіпорын кірістері: түрлері, есебі, талдау және аудиттік тексерілуі