Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:46, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту. Индустриялық-инновациялық қызмет пен инновациялық белсенділіктерін теориялық, әдіснамалық тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды дамытудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ұсыныстар жасау. Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:
- Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;
- инновациялық инфрақұрылымды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;
- Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;
- еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;
- Қазақстан өңірлерінің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымды жетілдірудегі ықпалын сараптау;
КIРIСПЕ.................................................................................................................
1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инновацияның экономикалық мәні мен мазмұны..........................................7
1.2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы……………….....12
1.3 Индустриалды-инновациялық саладағы мемлекеттің қызметі....................16
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1 Республикадағы индустриялық-инновациялық қызметтің жүзеге асуын талдау………………………………………………………………………………21
2.2 Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..................................................................................................30
2.3 Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуын талдау............42
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Индустриялық-инновациялық қызметтің даму жолдарын жетілдіру…….54
3.2 Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі………………………………………………………………………......61
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................................................71
2008
жылы Индустрия және сауда
министрлігі тарапынан 3 жоба
пайдалануға енгізілді.
Жобаларды
жалпы қаржыландырудың жалпы
сомасында даму институттарының
қаражаттары 8,1 пайызды, республикалық
және жергілікті бюджетт 2,2 пайыз болды.
Іске қосылған жобалардың саны бойынша
аймақтар арасында Ақтөбе (40), Шығыс Қазақстан
(22), Атырау (10), Оңтүстік Қазақстан(7),Жамбыл
болысы (15) облыстарында жоба іске қосылған.
Сурет
9. Іске қосылған жобалардың саны аймақтар
бойынша[27]
Инвестициялық жобалар негізінен 47 пайызы несиелік қорлардан және 42 пайызы өз қаржылары есебінен жүзеге асырылды. Ал құны 113 млн. еуро тұратын «Sillicium Kazakhstan» ЖШС-інде «Өзекті кварцтан металлургиялық кремний өндірісі» жобасын іске қосу 300 жұмыс орнын ашты. Оның ашылуына 2008 жылғы 9 желтоқсанда Мемлекет басшысы қатысты. Жобаны іске асыру ел үшін жаңа экспортқа бағдарланған саланы құруға негіз қалады, бұл өнім әлемде алюминий және химия өнеркәсібі үшін кеңінен қолданылады және электрондық приборлар жасаудың маңызды шикізаты болып табылады [27].
2009
жылы Қазақстанның Даму Банкі
инвестициясының қатысуымен 5 жаңа
кәсіпорын іске қосылды.
Базалық
мұнай-химия өнімін өндіретін, қуаты
жылына 1,3 млн. тонна болатын, Теңіз
кен орнының көмірсутек газын
өңдеуді көздейтін
Ақтау пластмасса зауытының базасында Қазақстанның климаттық жағдайына сәйкес келетін, жол битумын өндіретін, қуаты 500 мың тонна (Қаражанбас ауыр мұнай өңдеу) битум зауыты (Маңғыстау облысы). Жобаны іске асыру мерзімі: 2010 - 2011 жылдар.
Жобаларда
негізі елбасымыздың аса мән беретін энергияны
үнемдеу факторлары ескерілген. Осы жоба
бойынша энергияны үнемдеу 1,5 есе артса,
еңбек өннімділігі жобаны іске қосқаннан
кейін тиісінше 2 есе артты. Тағы бір инновациялық
жоба Астана қаласында орналасқан резина
крошкаларын шығаратын кәсіпорын. Осы
жобаны іске асыру нәтижесінде тозған
көлік шиналарынан резина крошкалары
өңделеді, өнім шет елдерге экспортталады.
Сонымен қоса мемлекет аумағындағы қоршаған
ортаны ластап отырған өнім өнідірістік
масштабта утилизацияланады. Іске қосылған
бесінші жоба Ақтөбе қаласындағы темірбетон
өнімдері зауыты базасындағы ячеистік
бетон шығаратын кәсіпорын. Ақтөбе облысында
«Восход» кенішінде «Восхол-Ориел» ЖШС-ның
хром рудалары кен-байыту комбинаты іске
қосылды. Құны 250 миллион АҚШ доллары тұратын
бұл өндірісте 500 жұмыс орны құрылды, оның
ашылуына Қазақстан мен Ресей Федерациясының
Президенттері қатысты.
Жобаны жүзеге асыру металлургия өнеркәсібі
үшін руда базасын дамытуға және елдің
экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге
жол ашады [34].
Ең үлкен инвестициялық жобалардың бірі ол «Батыс Европа - Батыс Қытай» көлік дәлізі. Алып жобаның жүзеге асуына миллиардтаған доллар бөлініп отыр. Бұл тек Қазақстан үшін ғана емес күллі Еуразия кеңістігі үшін стратегиялық мүдесі басым жоба. Батыс Еуропа-Батыс Қытай еліміздің индустрияландыру картасындағы №1 жоба. Оның жүзеге асуы тікелей Елбасы мен Үкімет басшысының бақылауында. Батыс Еуропа - Батыс Қытай көлік дәлізі Қытай елінен бастау алады. Оның жалпы ұзындығы 8445 шақырымды құрайды. Ал, Қазақстаннан өтетін жолдың ұзындығы 2787. Байтақ жобаны игеру жұмысы басталып та кетті. Осы жобаға қатысы бар өкілдердің барлығы бас қосты: аймақ басшылары, тапсырыс берушілер, орындаушылар. Олардың қатарында италияндық «Тодини», «Салини Кострутион», «Импресса», сонымен қатар біріккен кәсіпорындар- «Аккорд Окан» және АО «КаздроНИИ». Жобаға 80-85 пайыз жергілікті тұрғындар тартылады. Сондай-ақ құрылыс материалдары да өзіміздің өңірден қамтамасыз етіледі. Батыс Еуропа – Батыс Қытай автодәлізін қаржыландыру мақсатында Қазақстан бес халқаралық қаржы институттарымен келісімге отырды.
Құрылысы басталған 2010-2012 жылдары жүреді деп белгіленген халықаралық «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» дәлізінің Қазақстан аумағынан өтетін ең ұзақ бөлігі Қызылорда облысының үлесіне тиеді.Облыста бұл жұмысқа бірден айрықша зор мән берілгендігінен және жауапкершіліктің осыншалықты жоғары екендігін сезінгендіктен шығар, ол биылғы көктемде еліміздің басқа өңірлеріне қарағанда едәуір бұрын қолға алынды. Облыс өңірінен көктей өтетін бұл автобан жобасының ұзақтығы 811,7 шақырымды құрайды. Оның көлемінің шынында да айтарлықтай үлкен екенін пайымдау үшін жұмысты биыл қарқынды жүргізіп жатқан Ақтөбе облысының үлесіне 358 шақырым тиетінін, Жамбыл облысының аумағына 263 шақырым кіретінін айтсақ та жеткілікті. Сол сияқты көршілес Оңтүстік Қазақстан облысының аумағындағы күрежолдың ұзақтығы Сыр өңіріне қарағанда екі еседен астам аз. Қызылорда облысы территориясында салынып жатқан бұл автожол жобасының жалпы құны 154 млрд. теңгені құрайды.
Бұл жол облыстың барлық 7 ауданы мен облыс орталығы аумақтарын қамтиды. Осының өзі мұндағы барлық аудандардың өнімдері осы жол арқылы тек Қазақстанның басқа аумақтарына ғана емес, басқа да шет елдерге тікелей шығуына мүмкіндік берер еді. Ал бұл жол құрылысы жұмысын қазіргі күндері 14 мердігерлік және 24 қосымша мердігерлік команиялар жүргізуде. Олар аталмыш жұмыстарға 2077 жол құрылысы техникаларын, 16 асфальт зауытын, 8 тас ұсақтағыш қондырғыны пайдаланып отыр. Бүгінде облыс аумағына 180 темір жол вагоны арқылы құрылыс материалдары келіп жеткізіліп жатыр. Компаниялар арасынан «Салини», «Тодини», «Импреза» атты итальяндық және «Аккорд Окан» түрік-әзірбайжан біріккен кәсіпорындарының жұмыстарын ерекше атап өтуге болады.
Жобаға қажетті шағыл тас (щебень) және құмды қиыршық тас қоспаларын (ГПС) даярлау жұмыстары облыстың Жаңақорған және Шиелі аудандарында орналасқан карьерлерден жүргізілуде. Атап айтқанда, осы күнге жалпы жобаға қажетті 7,6 млн. текше метр шағыл тастың 1,9 млн. тоннасы даярланған, ал жалпы қажетті 4,5 млн. тоннаны құрайтын құмды қиыршық тасты қоспаның 1,4 млн. тоннасы даярланған. Жобаны іске асыру барысында 15 250 адам жұмыспен қамтамасыз етіледі деп жоспарланған. Жобаны іске асырудағы басты міндеттердің бірі, жаңадан жұмыс орындарын ашып жергілікті халықты жұмыспен қамтамасыз ету болады. Жоба аясында бүгінгі күнге 4387 адам жұмысқа тартылды. Оның ішінде 2437 жергілікті жердің азаматтары болса, олардың 1518-і бас және қосалқы мердігер мекемелерге жаңадан жұмысқа алынған. Жобаны қажетті мамандармен қамтамасыз ету мақсатында жергілікті бюджет есебінен 265 жол саласы техникалары мамандарын даярлау және қайта даярлау курстарынан өткізу жүзеге асырылуда. Жылдың соңына дейін 195 шақырымдық жол бөлігі толық салынып бітіп, пайдалануға беріледі деп күтілуде. “Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық транзиттік дәлізінің құрылысы еліміздегі және әлемдік ауқымдағы ірі жобалардың бірі болып саналады. Оның құны 825 миллиард теңге деп бағаланып отыр. Керуен жолының Қазақстан бойынша жалпы ұзындығы 5126 шақырымды алып жатыр. Ал Жамбыл облысы бойынша 495,3 шақырымды құрап, Жуалы, Жамбыл, Байзақ, Тұрар Рысқұлов, Меркі, Шу және Қордай аудандарының аймақтарын басып өтеді. Сондықтан жол құрылысында Күйік, Шақпақ, Қордай сияқты асуларды және Тараз қаласы мен Шақпақ ата, Бауыржан Момышұлы, Айша бибі, Құлан, Меркі, Қордай елді мекендерін айналып өтетін жол айрықтары ескерілген. Болашақта төрт жолақты даңғыл жолмен сапарға шығатын автокөлік иелері жылдамдықтарын сағатына 120 шақырымға дейін арттыра алады. Ауа райы құбылмалы өңірдегі бұл жолды күрделі жөндеусіз 25 жыл пайдалануға болады екен. Өйткені жаңа жол Астана-Бурабай даңғылы үлгісіндегі неміс технологиясымен жасалынбақшы.
Жобаны жүзеге асыруға жергілікті және шетел компаниялары мен мамандары жұмылдырылған.“Батыс Еуропа – Батыс Қытай” халықаралық транзиттік дәлізінің жобасын қайта жасау учаскелерінің Жамбыл облысы арқылы өтетін құрылыс жұмыстарының қажетті келісімдері жергілікті атқару органдарының мақұлдауынан өтті.
Атап айтқанда, жолдың жоспары, жаңадан жасалатын ірі құрылыстар, ауыл шаруашылығы техникаларын өткізіп, мал айдайтын жолдар, жаяу жүргіншілер өтетін өткелдер салу алдын-ала келісімге ие болды. Сондай-ақ экологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, археологиялық және мемлекеттік сараптамалар өткізілді. Яғни, жобаның құрамындағы барлық жұмыстар аймақтың экологиясына залалсыздығы туралы барлық өкілетті органдардың сүзгісінен шықты.Жолдың елді мекендер арқылы өтетін жерінде көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысының қауіпсіздігін сақтауға айрықша назар аударылып отыр. Үлкен көпірлерді, жол айрықтарын және арнайы жолдарды, елді мекендерді және оларға кіреберістерді түн кезінде жарықтандыру жұмыстары да қарастырылған.Штаб отырысына қатысушылар автожол құрылысын салуға жергілікті жердегі құрылыс материалдарын тарту қажеттілігін атап өтті. Ол үшін үлкен көлемде шағыл, цемент, асфальт-битум және темір-бетон бұйымдары қажет. Облыста осы мақсатқа пайдалануға болатын 25 тас, 35 қиыршық-құм және шағыл кені бар. Сонымен бірге 15 асфальт-бетон зауыттары және ұнтақтау-іріктеу құрылғылары жұмыс істеуде. Жол белгілеріне тапсырыс беру үшін “Құрылыс конструкциялары зауыты” ЖШС, “Имсталькон” АҚ-тың ЖТМК филиалы, “Таркон” ЖШС сияқты темір құрылғыларын өндіретін бірқатар ірі және орта кәсіпорындар жұмыс істеуде. Бетон өнімдерін шығаратын, оның ішінде, “Жабылхимқұрылыс” ЖШС, “Керамик инвест” ЖШС, “Ғимарат Тараз” ЖШС тәрізді 20-дан астам кәсіпорын бар. Осы жылы Мойынқұм ауданында “Хантау” ЖШС цемент зауыты (500 мың тонна), “Мыңарал Тас Компани” (1,2 млн. тонна), Сарысу ауданында “Құрылыс материалдары комбинаты” (50 мың тонна) және “Казфосфат” ЖШС жылына 100 мың тонна цемент шығаруды жоспарлап отыр. Жергілікті бюджетке салық төлемдерін төлеу үшін құрылыс жұмыстарын жүргізуде жол құрылысын жүргізу тендерлерін ұтып алған мердігер компанияларды Жамбыл облысындағы аудандарда тіркеу бойынша мәселе де қозғалып, қолдау тапты. Сондай-ақ, басты талаптардың бірі — жұмыс күшін жергілікті тұрғындар есебінен тарту мәселесі де айтылды. Жобаны жүзеге асыруға ірі шетел мамандары жұмылдырылғандықтан, автожол құрылысы төңірегінде тәртіп сақтауды қамтамасыз ету мәселесі тапсырылды. Оның ішінде, Жамбыл облысына құрылыс жұмыстары кезінде жанар-жағар майды үздіксіз жеткізуді ұйымдастыру, қажетті көлемде электр қуатымен қамтамасыз ету, 1 ай ішінде көлемі 815 га болатын жер телімін қайтару және иелеріне өтемақы төлеу мәселелерін шешу, темір жол тұйықтарын дайындау мәселесін пысықтау, темір жол вагондары құрамымен қамтамасыз ету кестесін реттеу, жоғары оқу орындары және техникалық орта оқу мекемелерімен бірлесе отырып, қажетті мамандықтар бойынша керекті мамандар даярлауды қамтамасыз ету жолдарын қарастыру мәселелері атап көрсетілді. Осындай штабтар аудандарда да болады. Жол құрылысына республикалық бюджеттен жалпы сомасы 3 млрд. АҚШ доллары бөлінген [35].
"Қазіргі кезде қолға алған құны 3 трлн теңгеден асатын 147 жоба - аса ірі жобалар, олар бойынша қаржыландыру мәселелері негізінен шешімін тапты. Негізінен олар "Самұрық - Қазына" және "ҚазАгро" есебінен шешілді, қаржының басым бөлігі Қытай инвестициялары бойынша біздің өзара уағдаласудың арқасында шешімін тапты. "Ал $13 млрд көлеміндегі несиелік қаржыға келсек, $3 млрд - Қытайдың Мемлекеттік даму банкі есебінен бөлінді, $2,7 млрд Бозшакөл блогын дамытуға жұмсалады, $300 млн - Богатырь кенішін дамытуға, мұнай секторына арналған $5 млрд Бейнеу - Бозой газ құбырын тарту мен "МаңғыстауМұнайГазды" сатып алуға жұмсалады.
Неғұрлым ірі деп табылып отырған 30 жобаның жүзеге асуына Премьер-Министрдің өкімі бойынша министрлер мен ұлттық холдингтер басшылары жауап береді. Мәселен, Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі Балқаш ЖЭС, газ-химиялық кешен, Екібастұз ГРЭС-1 және ГРЭС-2, Бейнеу-Бозой газ құбыры, Мойнақ СЭС, Шардара СЭС секілді 10 жобаға жауапты деп табылатын болса, Индустрия және сауда министрлігі Бозшакөл кен байыту комбинаты құрылысына, Көлік және коммуникация министрлігі “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” аса ірі инфрақұрылымдық жобасына, Төтенше жағдайлар министрлігі Көксарай қарсы реттегішіне, Ауыл шаруашылығы министрлігі Нұра-Есіл каналының қайта жаңғырту құрылысына жауапты.
“Самұрық-Қазына” қорының мойнына мұнай өңдеу зауыттарын қайта жаңғырту, битум зауыты, Шымкенттегі дәрі-дәрмек фабрикасының құрылысын жүзеге асыру жүктелген. “ҚазАгро” холдингі жеті жобаға жауап береді. Жалпы, үстіміздегі жылдың бірінші жартысының өзінде 367 миллиард теңгенің 71 жобасы жүзеге аспақ. Ал жыл соңына дейін тағы да 70 жоба іске қосылады. Олардың көпшілігі серпінді жобалар болып есептеледі. Бұлардың барлығы – елімізде соңғы бірқатар жылдардан бері жүргізіліп келе жатқан индустрияландыру саясатының нәтижесі. Сонымен индустриялық жобаларды жүзеге асыруда биылғы жылдың міндеті ерекше болып отыр. Елімізде осыған дейінгі уақытта бір жылда мұндай көп жоба іске асқан емес.
Сонымен қатар, көлік, мұнай, химия және фармацевтика салаларында да бірқатар іргелі жобалар жүзеге асырылмақ. Мәселен, электровоз өндірісін ұйымдастыру, Қазақстандағы “Таман” ЖШС-дағы базасында жүк тиейтін вагондар өндірісінің қуатын арттыру, “Жетіген-Қорғас” теміржолы құрылысы жобаларының қажеттілігі мол екендігі айтпаса да түсінікті. Өзге салалар сияқты, еліміздегі маңыздылығы зор салалардың бірі – фармацевтика саласын одан әрі жетілдіру – бүгінгі таңдағы басты талаптардың бірі. Соған орай, Астана қаласындағы фармацевтикалық фабриканың құрылысын көтеріп, Шымкенттегі фабрика қуатын одан әрі кеңейту көзделіп отыр.