Индустриялық-инновация

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту. Индустриялық-инновациялық қызмет пен инновациялық белсенділіктерін теориялық, әдіснамалық тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды дамытудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ұсыныстар жасау. Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:

- Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;

- инновациялық инфрақұрылымды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;

- Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;

- еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;

- Қазақстан өңірлерінің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымды жетілдірудегі ықпалын сараптау;

Содержание

КIРIСПЕ.................................................................................................................


1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инновацияның экономикалық мәні мен мазмұны..........................................7

1.2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы……………….....12

1.3 Индустриалды-инновациялық саладағы мемлекеттің қызметі....................16

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ

2.1 Республикадағы индустриялық-инновациялық қызметтің жүзеге асуын талдау………………………………………………………………………………21

2.2 Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..................................................................................................30

2.3 Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуын талдау............42

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Индустриялық-инновациялық қызметтің даму жолдарын жетілдіру…….54

3.2 Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі………………………………………………………………………......61

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................................................71

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 752.46 Кб (Скачать)

    1990ж.  бүкіл КСРО елдерінің экономикасында  жағымсыз жағдай қалыптасты. Қазақстанда  барлық салалар дағдарысқа ұшырап, ғылымға көңіл бөлінбеді, көптеген  кәсіпорындар жұмысын тоқтату,  бөлшектену, тіпті қайта құрылу  сияқты құрылымдық өзгерістерге  ұшырады. Мұның бәрінің себебі  – нарықтың қатал талабы болды.  Тозған құрал-жабдық, шығыны көп  икемсіз өндіріс, тиімсіз басқару,  сын көтермес қаржылық жағдай  және осы сынды мәселелер аяғына шырмауық болып оралды [15].

    Нарыққа көшу процесі аяқталғаннан кейінгі  жылдарда экономиканың жанданып дамуы  шикізат (газ, мұнай, металл) сатудан  түскен валюталық түсімдерге тікелей  байланысты болды. 2000-2002 жылдарда Қазақстанда  экономикалық өсу байқалды. Бірақ  бұл өсім шикізат сатудан түскен пайда есебінен, яғни “көз бояушылық” екенін түсінген ҚР Үкіметі қырағылық  танытып, елдің индустриалды-инновациялық саясатын қолға алды. 2002 жылдың шілде  айында ҚР Президенті Жарлығымен “Инновациялық қызмет" туралы Заң күшіне енді [16].

    Әрбір ел дүниежүзілік рынокта өз орнын  тауып, үлесінен айрылмауға тырысады. Бұл тікелей инновацияларға қатысты  екені мәлім. ХХ ғасырдың 50-60 жж. дамыған  елдер қолға алған негізгі  мәселе де осы болатын. Алайда мемлекет құқықтық-нормативтік негізін жасап, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырып немесе басқа қаржы ресурстарын жұмылдырып, бағыт бермесе, бұл саланың қарқынды дамуы да екіталай.

         Іс жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қолдаудың кең тараған негізгі 3 әдісі бар: ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы, қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу, ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.

       1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы

Мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ірі  лабораториялар қалыптастыру, нәтижесін  ақысыз түрде көпшілікке ұсыну. Әдетте бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы  мәселелерін шешумен айналысады.

      2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар бөлу

Мемлекеттік емес лабораторияларда іске асырылатын ғылыми зерттеу жұмыстарына қайтарымсыз  негізде мемлекеттік бюджеттен  қаржы бөлінеді.Негізгі қойылатын  шарт - зерттеулер барысы бойынша толық  есеп беру, алынған нәтижені ашық түрде  жариялау.

    3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен тәжірибе жүргізуге инвестиция бөлінген жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну.

    Елiмiздегi инновациялық қызметке мемлекеттiк  қолдау көрсету 2-шi суреттегi жүйе бойынша iске асады (Сурет 1).   

                                        Мемлекеттік құқықтық қолдау

 

Мемлекеттік қаржылық қолдау

 

Инновациялық  құрылымды құру

 

Салықтық  және несиелік жеңілдіктер

 

Жалпы шаруашылық және саяси жағымды климат 

      Cурет 1.Инновациялық қызметке мемлекеттiк қолдау көрсету[17] 

                Инновациялық қызметтi мемлекеттiк қолдау үшiн құқықтық нысандар елiмiзде стратегия бойынша орындалуда. Ал мемлекеттiк қаржылық қолдау және инновациялық құрылымдарды құру үшiн көп мөлшерде қаржы керек. Осы мәселе қазiр елiмiзде күрделi мәселелердiң бiрi болып отыр.

             Сондықтан қаржыландыру сырттан инвестиция тартуға негiзделген Инвестициялық қор, Инновациялық қор, Даму банкi, экспорттық несиелер мен инвестицияны сақтандыру корпорациясы сияқты даму институттары құрылды. Бұл мәселенің шет елдерде қалай шешілетініне назар аударып көрелік. Жапонияда инновацияларға II дүниежүзілік соғыстан кейін көп көңіл бөліне бастады. Елде шағын және орта кәсіпорындар бүкіл экономиканың негізін құрайды.

                                                         Мемлекет

 
 

Құқықтық- нормативтік жағынан                             Бюджеттен немесе басқа

қамтамасыз  етеді.                                                    көздерден қаржыландырады. 

Cурет 2.Индустриалды-инновациялық саладағы мемлекеттің 2 қызметі 

    Ал  мемлекет инновациялық саясатты солар  арқылы жүргізеді. Шағын кәсіпорындар барлық кәсіпорындардың 99%-н құраса, олардың ЖҰӨ-дегі үлесі 52% - ды құрайды. Мемлекет саясатының шағын және орта бизнестегі кәсіпкерлікті қолдауының мәні қажетті капитал салымы мен  жұмыссыздық туралы деректерді сәйкестендіру  болып табылады.

       Мемлекеттік деңгейдегі кәсіпорындарға мынадай қолдау көрсетіледі:

      1. Мамандандырылған мемлекеттік мекемелер  (шағын инновациялық кәсіпорындарға  кеңес беретін комиссиялар, кәсіпорындарды  қолдайтын бас басқарма, регионалдық  органдар, мемлекеттік даму корпорациясы, шағын инновациялық кәсіпорындар  академиясы, шағын инновациялық  кәсіпорындардың бүкіл жапондық  регионалдық орталық комитеті) жаңадан  құрылған шағын кәсіпорындарға  көмек көрсетеді.

      2. Қаржылық кепіл беру мен қаржылық көмек көрсету. Оны 59 филиалы бар мемлекеттік қаржылық корпорация, 102 филиалы бар ұлттық қаржылық корпорация, 117 филиалы бар сауда және өндірістік кооперацияның Орталық банкі, шағын инновациялық кәсіпорындарға арналған кредиттерді сақтандыру ұйымдары жүзеге асырады. 

      Шағын және орта бизнесті қолдаудың жапондық жүйесінің негізгі элементі ол құқықтық-нормативтік  қамтамасыз ету болып табылады. Оған “Шағын және орта бизнесті мемлекеттік  қолдау” туралы Заңнан бастап “Жаңа  қызмет түрін енгізуде туындайтын төтенше  жағдайлар” туралы Заңға дейін т.б. заңдар кешенін қамтиды. Жапонияда орталық банктер кредиттердің 47%, ал жергілікті коммерциялық банктер 100% кредитті шағын және орта кісіпорындарға береді. Шағын инновациялық кәсіпорындарды қаржылық қолдаудың арнайы механизмдері қолданылады. Олар “жеңіл қарыздар” деп аталады. Егер жай қарызды 4-8%-бен алса, шағын инновациялық кәсіпорындар қарызды осының жартысымен алады [17]. 

 

 2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ 

    2.1 Республикадағы  индустриялық-инновациялық қызметтің   жүзеге  асуын талдау 

     Экономиканың шикізаттық бағытынан ойысудың, оны әртараптандырудың алғашқы қадамдары бұдан бірнеше жыл бұрын басталған болатын. 2003 жылы үкімет 2015 жылға дейінгі елді индустриялық-инновациялық дамыту стратегиясын жүзеге асыруды бастады. Ол екі өзекті міндетті – экономиканы индустрияландыруды және индустрияландыруды инновациялық арнаға бағыттауды көздеді. Бірінші бағытта өңдеу секторы, оның ішкі нарықтағы және қазақстандық экспорттағы үлесі басым болды. Қазақстанда соңғы он жылдықта республиканың нарықтық тетіктерге негiзделген экономикалық қарым-қатынастарға көшуiмен байланысты түбегейлi өзгерiстер болды. Алайда, жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға көшудiң және реформаларды тездетiп жүргiзудiң ғылыми және экономикалық негiзделген моделiнiң жоқтығынан өткiзiлген шаралар елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуында күткен нәтижелер берген жоқ.

    Осылайша  өнеркәсiпте 2000-2005 жылдарда шикiзаттық емес салалардың үлесi 3-6 есе қысқарды, сонымен бiрге, орны толмас табиғи ресурстарды - мұнайды, газды және түстi және қара металл рудаларын өндiру артты. 2005 жылы қол жеткен өнеркәсiптiк өндiрiстiң өсуi негiзiнен қазақстандық экспорттың негiзгi тауарларына әлемдiк бағаның көтерiлуi және мұнай мен газды өндiрудi арттыру және қара және түстi металдарды өндiру есебiнен қамтамасыз етiлген едi [13].

    2006 жылдың iшiнде 2005 жылдың тиiстi кезеңдерiмен салыстырғанда өнеркәсiптiк өнiм өндiрудi арттыру үрдiсi сақталып отырды. Алайда, мұндай өсу, сол сияқты едәуiр дәрежеде шикiзат бағасының өсуiмен байланысты әлемдiк рыноктың конъюнктурасына қолайлы ықпал еткен сыртқы жағдайларға негiзделген болатын. Елдiң инвестициялық саясатының шикiзаттық бағыты өнеркәсiпте орын алған сәйкессiздiктi одан әрi тереңдете түстi. Осылайша, мұнай-газ саласының негiзгi капиталына берiлетiн инвестицияның көлемi 2002 жылы 31 %-дан 2004 жылы 63 %-ға дейiн өстi. Бұл ретте олардың жалпы көлемiнiң 87 %-на жуығы мұнай-газ секторының үлесiне (1524 млн. АҚШ доллары) тидi. Ауыр жағдай ауыл шаруашылығында қалыптасты. 2004 жылдары ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiру 2,3 есеге, егiс алаңдары 1,9 есеге, мал басы 2,7 есеге жуық қысқарды, шаруашылықтарды сапалы тұқыммен және тұқымдық материалдармен, техникамен және оларға қосалқы бөлшектермен жабдықтау нашарлап кеттi. 2005 жылдан бастап көрiнiс берген экономиканың аграрлық секторындағы белгiлi бiр оң алға жылжушылықтар байқалды.  Агроөнеркәсіптік кешен қазіргі кезеңде мемлекет қабылдаған шаралардың арқасында экономиканың аграрлық секторы тұрақты дамып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісінің өсуі 2009 жылмен салыстырғанда 2010 жылы 13,8 %-ды құрады. Іс жүзінде ауыл шаруашылығы дақылдарының барлық түрлері бойынша өсуге қол жеткізілді. Жете өңделгеннен кейінгі салмағымен алғанда 20,8 млн. тонна көлемінде астық дақылдарының рекордтық өнімі алынды. Республикада мал шаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері саланың тұрақтылығын, мал басы мен құстың және мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемінің жыл сайын ұлғайып келе жатқанын растап отыр. Соңғы жылдары мал басы мен құс жыл сайын орташа алғанда 3,8 %-ға, мал шаруашылығы өнімін өндіру көлемі 3,5 %-ға ұлғаюда. Елдің әлеуеті ішкі азық-түлік нарығының тұрақтылығын, оны негізгі тамақ өнімдерімен кепілді толтыруды және экологиялық таза өнімдермен сыртқы нарықтарға шығуды қамтамасыз етуге толықтай мүмкіндік береді. Тұтастай алғанда республикада халықты ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз ету және елдің азық-түліктік қауіпсіздігіне қол жеткізу үшін орнықты негіз жасалған[9].

    Мұнай-газ  секторы 2009 жылы республикада мұнай  мен газ конденсатын ендіру шамамен 76,5 млн. тоннаны құрады, газ өндіру 35,6 млрд. текше метрді құрады. Мұнай  мен газ конденсатының экспорты 68,1 млн. тоннаны құрады.

    Мұнай өңдеу зауыттары (бұдан әрі - МӨЗ) 2009 жылы 12,1 млн. тонна мұнай өңдеді. Мұнай өндіруді одан әрі дамыту теңіз  жобаларымен, Теңіз және Қарашығанақ  кен орындарын кеңейту жобаларының  нәтижелерімен өзара тығыз байланысты.

    Өнеркәсіптік  өндірістің жалпы көлеміндегі кен  металлургиясы саласының үлесі - 17,5%-ды құрайды. Металл кендерін өндіру үлесі - 3,8%, темір кендерін өндіру - 1,5%, түсті металлдар кендерін өндіру үлесі - 2,3%, металлургиялық өнеркәсіптің үлесі - 11,8%, дайын металл бұйымдарын өндіру үлесі - 1,2%. Металлургия өнеркәсібінің  үлесіне өңдеуші өнеркәсіптің барлық көлемінің 35 %-ы тиесілі. Елде өндірілетін  металдар мен металл өнімдерінің  барлығы дерлік экспортқа шығарылады, ал барынша жоғары бөліністі өнім өндіру шетелде орналасқан. 2009 жылдың қорытындылары бойынша 13,21 млрд. АҚШ долларының өнімі экспортталды.

    Кен металлургиясы кешенінің негізгі  проблемалары: шикізат базасының  сарқылуы, пайдаланылатын шикізат кешендігінің төмендігі, негізгі өндірістік қорлардың  тозығының жетуі, қоршаған ортаның  аса ластануы және технологиялық  артта қалу, өндіруден бастап тауарлық дайындығының дәрежесі жоғары өнім шығаруға дейінгі толық өндіріс тізбегі  бар интеграцияланған кешендердің  болмауы, ішкі нарық сыйымдылығының аз болуы және бытыраңқы болуы, өнімнің  энергияны, еңбекті және материалды көп қажетсінуі.

    Кен металлургиясы саласының технологиялық  дамуының перспективалы бағыттары:

    1) қара металлургияда - болат алу  үшін жоғары сапалы шикізат  өндіру (түйіршіктелген шойын және  брикеттелген темір, түсті және  сирек металдар қосылған ферроқорытпалар  өндіру), сапалы болат өндіру (құбырға  арналған және тотығуға төзімді,  ыстыққа төзімді және ыстыққа  берік, аспаптық, шарикті-подшипникті, рельстік және рессорлық-серіппелі) және жоғары легирленген болаттың сорттарын кеңейту;

    2) түсті металлургияда - таза металдар (алюминий, мыс, алтын, титан) және  олардан жасалатын бұйымдар (созбасым, сымдар, прокат, профиль және құймалар, сондай-ақ зергерлік бұйымдар) өндіру.

    Химия және фармацевтикалық өнеркәсіпте 2009 жылы ІЖӨ-дегі химия өнеркәсібі үлесі 0,86 %-ды, 2010 жылғы 1-ші жарты жылдық үшін - 0,64 %-ды құрады. Химия өнеркәсібінің негізгі капиталына салынған инвестициялар 2009 жылы - 8 006 млн. теңгені және 2010 жылғы 10 ай үшін 21 897,7 млн. теңгені құрады. 2010 жылдан бастап ауыл шаруашылығы өндірушілерінің отандық зауыттардан сатып алатын минералдық тыңайтқыштардың құнын арзандату бойынша жаңа бюджеттік бағдарлама іске асырылды. Бұл ретте субсидиялар отандық тыңайтқыштар өндіретін зауыттарға іске асырылған тыңайтқыштардың 1 тоннасына арналған субсидиялар нормативтеріне сәйкес ауыл шаруашылығы өндірушілерінің нақты сатып алған тыңайтқыштары үшін төленеді.Қазақстанның фармацевтика өнеркәсібі индустрияның дамушы саласы бола отырып, онда жалпы тұрғыда - медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұсақ өндірушілерді қоса алғанда, медициналық және фармацевтикалық өнім өндірушілерінің 79 кәсіпорыны бар. Бұл ретте Қазақстанда шығарылатын барлық дәрілердің ақшалай көрінісіндегі 90 %-дан астамы 5 ең ірі зауыттың үлесіне тиесілі. «Химфарм» АҚ, «Глобал Фарм» БК», «Ромат» ФК, «Нобел АФФ», «Нұр-Май Фарм» ЖШС, Қарағанды фармацевтикалық зауыты сияқты отандық кәсіпорындары өндірістің толық тізбелі бар кәсіпорынды білдіреді.

Информация о работе Индустриялық-инновация