Индустриялық-инновация

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту. Индустриялық-инновациялық қызмет пен инновациялық белсенділіктерін теориялық, әдіснамалық тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды дамытудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ұсыныстар жасау. Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:

- Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;

- инновациялық инфрақұрылымды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;

- Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;

- еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;

- Қазақстан өңірлерінің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымды жетілдірудегі ықпалын сараптау;

Содержание

КIРIСПЕ.................................................................................................................


1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инновацияның экономикалық мәні мен мазмұны..........................................7

1.2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы……………….....12

1.3 Индустриалды-инновациялық саладағы мемлекеттің қызметі....................16

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ

2.1 Республикадағы индустриялық-инновациялық қызметтің жүзеге асуын талдау………………………………………………………………………………21

2.2 Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..................................................................................................30

2.3 Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуын талдау............42

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Индустриялық-инновациялық қызметтің даму жолдарын жетілдіру…….54

3.2 Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі………………………………………………………………………......61

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................................................71

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 752.46 Кб (Скачать)

  Бизнесте ең нашар сан 1 саны болуы мүмкін Бір клиент, бір шот, бір жеткізуші, бір табыс көзі, бір өнім, бір қызмет түрі, бір нарық дегендей. Ал әртараптандыру – олардың көп болуын білдіреді. Оның кез келгенін ауыстыруға немесе жоғалтуға болады, бұл онша жанға батпайды.

      Міне, нақ сондықтан да Қазақстан соңғы  жылдары ұлттық экономиканы әртаптандыруға зор күш-жігер жұмсап келеді. Индустриялық-инновациялық жеделдете дамыту бағдарламасының  да негізі осы, өйткені, ол түптеп келгенде, бізді мұнай кірісіне тәуелді  болуымыздан құтқарады. Оны басқа  салаларды дамыту есебінен ғана шешуге болады, ең бастысы – біз өнімдерді  тереңдете өңдеуге бағытталуымыз қажет. Ал бұл үшін қайта жарақтану, өндіріске инновацияларды, технологиялар трансфертін енгізуіміз қажет. Ал –индустриялық-инновациялық даму жайына келетін болсақ, Қазақстан бұл орайда алғашқы қадамдар жасап үлгерді. Инновациялық инфрақұрылым құрылды: даму институттары жұмыс істеуде, атап айтқанда, Инновациялық қор, Технологиялар трансферті орталығы, Ғылым қоры, технопарктер. 
 
 
 

      
 

    

    

      
 
 

    

      
 
 

        Сурет 4. Индустриялық-инновациялық даму мақсатында құрылған инновациялық құрылым 

    Жеделдете индустрияландыру бағдарламасында  да еркін экономикалық аймақтарға зор  көңіл бөлініп отыр. Шын мәнінде ілкімді адамдар үшін бұл көптеген мүмкіндіктер кезі. Егер кәсіпкер Қазақстанда инновациялық, қосымша құны жоғары экспортқа бағдарланған өнімдер шығарғысы келсе, ол мемлекеттің көптеген жеңілдіктеріне ие болады. Атап айтқанда, олар – жобаларды жеңілдікпен қаржыландыру; қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету; салықтық ынталандыру шараларын ұсыну (инвестициялық салықтық преференциялар; ЕЭА аймақтарында салық жеңілдіктерін ұсыну; концессиялық шарттар ауқымындағы инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру айналымы ҚҚС-нан босату); кедендік ынталандыру шараларын ұсыну; секторальдық кедергілерді алып тастау (Ғылым қорынан қосымша қаржыландыру; табиғи монополиялар субъектілеріне көрсетілетін қызметтерге уақытша төмендетілген коэффициенттерді ұсыну, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарына және жабдықтар лизингісіне қаржы институттары берген несиелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау; бейіндік шикізат кеніштеріне жер пайдадлану құқығын ұсыну); рұқсат жүйесі (мемлекеттік реттеуге жататын қызметтер түрлерінің санын қысқарту; рұқсат беру қызметін оңтайландыру); гранттық қолдау (заттай гранттар; лицензиялар мен патенттерді алуға техникалық-экономикалық негіздемелерді жасауға инновациялық гранттар), т.б. Сонымен қатар аумақтық қолдау, экспортты ілгері жылжыту, сұранысты кепілдіендіру сияқты жеңідіктердің көптеген түрлері бар. Әсіресе мемлекеттік сатып алуларда, қазақстандық тауарлар үлесін арттыру мәселелерінде көптеген қолдау шаралары жүзеге асырылмақ. Индустриялық-инновациялық жеделдете дамыту бағдарламасының басты құралдары 2015 жылға дейінгі индустрияландыру картасы және 2020 жылға дейінгі өндірістік қуаттарды ұтымды орналастыру схемасы болмақ [27].

    2.2 Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау

                                                                                                                 

    Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау макро және секторалдық деңгейлерде экономикалық саясаттың жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын қаржылық қолдаудың селективті шараларын және қаржылық емес қолдау шараларының құрастырылған пакетінің негізінде жүзеге асырылатын жобаларды іске асыру, қолайлы макроэкономикалық орта қалыптастыру; Бағдарламаны қолдаудың қаржылық құралдарын кеңейту; инфрақұрылымдық, ресурстық және кадрлық қамтамасыз ету; бизнес-ортаны жақсарту; технологиялық жаңғырту, инновацияларды және ғылымды дамыту; тікелей инвестициялар тарту үшін қолайлы жағдайлар жасау; тиімді сауда және тариф саясаты арқылы жүзеге асырылатын болады. Қаржылық қолдау жүйесі отандық өндірушілер үшін қаржы ресурстарының қол жетімділігін арттыруға, инвестициялық жобалардың қажеттіліктеріне, олардың өзін-өзі ақтауы мен рентабелділік көрсеткіштеріне сәйкес қаржыландырудың қолайлы шарттарын ұсынуға шоғырланады. Мемлекеттік қаржы ресурстары мемлекеттік және жеке меншік операторлар арқылы жіберілетін болады. Мемлекеттік сектордың операторларына мыналар жатады:

    «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, «Қазақстанның  Даму Банкі» АҚ, «БРК-Лизинг» АҚ; «Қазақстанның  инвестициялық қоры» АҚ, «Ұлттық  инновациялық қор» АҚ, «Kazyna Capital Management»  АҚ, «Қазагроқаржы» АҚ, «Аграрлық кредиттік  корпорация» АҚ, «Азық-түлік келісімшарт  корпорациясы» АҚ, «Даму» ШКДҚ» АҚ, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар, «Kaznex» экспортты жылжыту корпорациясы»  АҚ, «Экспорттық кредиттер мен  инвестицияларды сақтандыру жөніндегі  мемлекеттік сақтандыру корпорациясы»  АҚ және басқа да ұйымдар.

    «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ, экономиканың отын-энергетика және металлургия салаларындағы ірі жүйе құраушы компаниялар, сондай-ақ стратегиялық шетелдік инвесторлар ірі жобаларды ілгерілетудің бастамашылары болады, шағын және орта кәсіпкерлік үшін жаңа бизнес мүмкіндіктерді мультипликациялаудағы олардың рөлі күшейеді. Бағдарлама шеңберінде ірі жүйе құраушы жеке меншік компаниялар және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ мыналарды көздейді.

    Жекелеген салалық саясаттарды іске асыру  жөніндегі «операторлар» рөлін  Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның, «ҚазАгро»  ҰБХ» АҚ-ның орындауы;

  • ірі инвестициялық жобаларды іске асыру;
  • тауарларды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуда қазақстандық қамтуды ұлғайту;
  • қазақстандық қамтуды дамыту шеңберінде шағын және орта бизнестің инвестициялық жобаларына қатысу;
  • шағын және орта бизнес кәсіпорындарының жоғары бөліністі өндірістерді ұйымдастыруы мақсатында өнімдердің бір бөлігін ішкі нарыққа жеткізу;
  • жаңадан құрылып жатқан ірі өндірістер төңірегінде шағын және орта бизнестің кластерлік-желілік құрылымдарын қалыптастыру;
  • шағын және орта бизнеске негізгі емес бизнес-функциялардың бір бөлігін беру;
  • бейінді емес активтерді шығару жөніндегі саясатты ынталандыру [28].

       «Самұрық-Қазына»  ҰӘҚ» АҚ мен оның еншілес ұйымдарының  рөліне  сәйкес индустрияландыру саясатын іске асыруда оның активтері өздерінің салалық тиістілігі мен функционалдық сипаттамаларына сәйкес қайта топтастырылады және шоғырландырылатын болады:

       Өнеркәсіптік  топ: Қазақстан экономикасының кен  өндірісі секторын қолдау әрі дамыту және өңдеуді дамыту мен өңдеуші  ілеспе секторды ынталандыра отырып, шикізаттық өндірістердің жоғары бөлініске  өтуі.

       Инфрақұрылымдық топ: Индустрияландыру процесін қамтамасыз ететін стратегиялық көлік, коммуникация және энергетика инфрақұрылымын дамыту.

       Қаржы тобы: Экономиканың басым салаларында  инвестициялық жобаларды  қаржыландыруды және іске асыруды қамтамасыз ету.[20]

    Экономикаға ішкі көздерден және шетелдік инвестициялардан жеке меншік инвестицияларды тартуға  жәрдемдесу.

      «Қазақстанның Даму банкі» АҚ қаржыландыру жеңілдіктерін ұсынуы, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның және оның еншілес ұйымдарының жобаларға үлестік қатысуы ірі инвестициялық жобаларды қолдаудың негізгі құралы болып табылады.

     «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ-ның рөлі қаржылық және қаржылық емес қолдау құралдарын кеңейту жолымен агроөнеркәсіп кешенін дамытуға сайып келеді.

   «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ, «ҚазАгро»  ҰБХ» АҚ үшін экономикаға инвестиция  тарту жөніндегі нысаналы көрсеткіштер  айқындалады.Ұлттық басқарушы холдингтердің,  ұлттық холдингтердің және ұлттық  компаниялардың инвестициялық саясаты,  олардың қаржы ресурстарын тартуы  және бөлуі индустрияландыру  саясатымен үйлестірілетін болады. Осы мақсатта тиісті кезеңге  арналған әлеуметтік-экономикалық  даму болжамы мен бюджет өлшемдерін  ескере отырып, ұлттық басқарушы  холдингтер мен ұлттық холдингтердің  және мемлекет қатысатын ұлттық  компаниялардың даму жоспарларының  жобалары мен бюджеттерінің болжамды  өлшемдерін   республикалық бюджет  комиссиясының қарауы және мақұлдауы  көзделіп отыр. 

    Жеке  меншік операторларға мыналар жатады: екінші деңгейдегі банктер, халықаралық  даму институттары, лизингтік компаниялар, инвестициялық компаниялар және қаржыландырушы басқа да ұйымдар. Бұл  ретте, жеке меншік операторларды іріктеу  өлшемі қоғамдастық үшін анық әрі  ашық болады және қатысатын барлық әлеуетті қатысушылардың жобаны іске асыруға тең (кемсітушіліксіз) қол  жеткізуін қамтамасыз етуі тиіс. Өлшемдері  мен тәртібін Үкімет айқындайтын  болады. Мемлекеттік сектор операторларының инвестициялық саясаты мен басымдықтары индустриялық даму қажеттіліктеріне шоғырландырылып, бағытталатын болады [29].

    Мемлекеттік қаржылық қолдау шарттары мынадай шарттар  ескеріле отырып, Бағдарламаның басымдықтарына сәйкес берілетін болады:

  • сыйақы ставкалары - сыйақы ставкаларын саладағы инвестициялардың орташа салалық рентабелділігі мен өзін-өзі ақтауын ескере отырып, нарықтық деңгейден төмен деңгейге дейін азайту жөнінде шаралар қабылданатын болады;
  • мерзімдер - жобалардың тиісінше өзін-өзі ақтауына және қаражаттың қайтарылуына қол жеткізу мақсатында қаржыландыру мерзімдерін ұзартуға назар аударылатын болады;
  • қаржыландыру өлшемдері - осы Бағдарламаның және басқа да бағдарламалық құжаттардың стратегиялық мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес әзірленетін болады;
  • қаржыландыру лимиттері - салалық бағытталуды және шаруашылық қызмет субъектілерінің (ірі, орта және шағын бизнес) мөлшерін ескере отырып белгіленетін болады.

    Кәсіпорындар  мен инвестициялық жобаларды  қаржыландыру, мемлекеттің жобалардағы  қатысу үлесін, операторлар мен қолдау құралдарын айқындау, сондай-ақ жеке меншік қаржы секторын тарту үшін республикалық  және өңірлік деңгейде қолдаудың  тиісті бюджеттік бағдарламалары қалыптастырылатын  болады.

    Қол жеткізілуі тиіс нысаналы көрсеткіштер, орындау мониторингінің алгоритмі, сондай-ақ көрсетілген бюджеттік  бағдарламалардың тиімділігін бағалау  әдістемесі және бөлінген қаржы ресурстарының  мақсатты пайдаланылуын бақылау  тетіктері бекітілетін болады [30].

    Мемлекеттік қолдау – өнеркәсіптік саясаттың  негізгі құралы. Нарықтық экономика  жағдайында мемлекеттік кәсіпорындардың  тиімді жұмыс істеуі тек қана экономикалық орта ғана емес, құқықтық және ұйымдастыру  орталарын да қалыптастырады. Менің  ойымша, өнеркәсіптік  саясат кәсіпорындар, ірі корпорациялар мен мемлекет мүдделерінің бір жерден шығуына  бағытталған тетікке сүйенуі  тиіс. Сонда ғана оң нәтижелерге жетуге болады [31].

    Өнеркәсіптік  саясатты жүргізуде оған белсенді қатысушы кәсіпорындар мемлекеттік көмектің мынадай бағыттары мен нысандары  қолданылады:

  • тікелей әсер ететін заң нормативтік актілерде белгіленгендей  шаруашылық субъектілердің өмір сүруін ұйымдастыру экономикалық  және құқықтық ортаны жақсарту шаралары;
  • қаржы, валюта, несие, банк, инвестиция және салықтық-баж төлеу сферасындағы шаралар жүйесі.

    Мұндай  шаралар кәсіпорындар мен мемлекеттің  мүдделеріне жауап беретін инвестициялық  жобаларды жүзеге асыруға бағытталады. Ішкі нарықта отандық тауар өндірушілерді  қорғау, жеке алғанда шетелдік фирмалардың  агрессивті бәсекесінен қорғау, сыртқы нарықта тауарларды жылжытуға көмектесу, шетелдік серіктестермен кәсіпорындардың  байланысын нығайту, қауымдастықтың жаңаша кешенді түрлерін құру, шағын кәсіпкерлікті  құру мұның бәрін мемлекеттің  және оның қолдауынсыз жүзеге асуы мүмкін емес.    

    Мемлекет  өндірістік кәсіпорындардың дамуын және ұлттық экономиканы басқару  функциясын жүзеге асыруда көп бағытты, жан-жақты жалпы мемлекеттік макроэкономикалық  саясат жүргізеді. Оның құрамына институционалды  саясат, яғни жаңарту немесе ескі экономикалық институттарды жойып, орнына жаңаларын  құру жатады. Мәселен, мемлекеттік меншікті жекешелендіру, нарық инфрақұрылымын қалыптастыру және дамыту, ең алдымен  қаржы және инвестициялық институтардың  рөлін күшейту жатады. Құрылымдық- инвестициялық және өнеркәсіптік саясат – өнім өндірушілерге мемлекеттік  жәрдем көрсету, ресурстарды қайта  бөлуді салалар бойынша емес, мақсатты бағдарламаларға сәйкес ерекше белгілері  мен сұранысқа байланысты бөлу және т. б. жатады. Кейбір ғалымдардың айтуынша, өнеркәсіптік саясат – әлемдік шаруашылық байланыстар нұсқаларын ескере отырып, дамудың нақты мүмкіндіктерін талдау негізінде нақты мақсаттарды  анықтау, дамудың басымдылықтар  жүйесін бекіту, басымдылықтарды  жүзеге асыру механизмдерін анықтау  болып саналады. Өнеркәсіптік саясаттың  стратегиясын жасауда басқа елдердің тәжірибесін қолдану керек. Мысалы, ол Жапонияда ұлттық өндірісті күшейтумен байланыстырылған экономиканың ашықтығын  реттеумен анықталады:

  • өндірістік құралдарды кезең-кезеңмен жаңғырту;
  • басым бағыттарға байланысты технология деңгейін көтеру;
  • экономиканы нарық рельсіне түсіру және экономиканы тұрақтандыру жөнінде шаралар әзірлеу.

Информация о работе Индустриялық-инновация