Индустриялық-инновация

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту. Индустриялық-инновациялық қызмет пен инновациялық белсенділіктерін теориялық, әдіснамалық тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды дамытудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ұсыныстар жасау. Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:

- Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;

- инновациялық инфрақұрылымды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;

- Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;

- еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;

- Қазақстан өңірлерінің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымды жетілдірудегі ықпалын сараптау;

Содержание

КIРIСПЕ.................................................................................................................


1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инновацияның экономикалық мәні мен мазмұны..........................................7

1.2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы……………….....12

1.3 Индустриалды-инновациялық саладағы мемлекеттің қызметі....................16

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ

2.1 Республикадағы индустриялық-инновациялық қызметтің жүзеге асуын талдау………………………………………………………………………………21

2.2 Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..................................................................................................30

2.3 Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуын талдау............42

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Индустриялық-инновациялық қызметтің даму жолдарын жетілдіру…….54

3.2 Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі………………………………………………………………………......61

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................................................71

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 752.46 Кб (Скачать)

    Бұл қаржыландыру түрлері мемлекеттік  тапсырма негізінде іске асады. Бұл  үрдіс заң органдарының, басқару  аппаратының, министрліктер мен  агенттіктердің қызметшілерінің қатысуымен жүргізіледі. Ғылыми-техникалық жұмыстарға мемлекеттік тапсырыстарды тағайындаудың  негізгі құралдары – келісім-шарттар мен жобалар [38].

    Әр  мемлекет экономикалық, географиялық, ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып осы қаржыландыру түрлерін, олардың  жиынтығын пайдаланады.

    Егер, біздің елдің ғылыми-техникалық саясаты  үшін тиімді жоба түрлеріне келер  болсақ, менің пікірімше, зерттеулерге мемлекеттің тікелей қатысуы  және салық жеңілдіктерін ұсыну  түрлерін өзара байланыстырып пайдалану  тиімді.

    Оған  негізгі себептер:

  • біздің елде әзірше мемлекеттік бюджет ғылыми-зерттеулер мен инновацияларды қолдаушы бірден-бір қаржыландыру көзі;
  • мемлекеттік тапсырмалар отандық ғылыми-техникалық сала үшін өте маңызды ынталандыру құралы;
  • инновациялық салада мемлекеттік ұйымдар көп те мемлекеттік емес кәсіпорындар аз, сондықтан мемлекеттік ұйымдарға грант, ассигнованиялар беріп, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарға салық жеңілдіктерін ұсыну керек;
  • салық жеңілдіктері мен мемлекеттік гранттар негізінде шағын инновациялық бизнесті қолдау мүмкіндіктері туады;
  • мемлекет қаржыландырған мемлекеттік ұйымдардың инновациялық жобаларының нәтижелері барынша жарияланады, инновация диффузиясын жоғарылатады.

    Қазақстанның  ғылыми-техникалық саясаты инновациялық процестерді белсендіруге, жаңа технологиялық  құрылыстар енгізуге, өндіріс өнеркәсібінде  жаңа шеңберлерді игеруге, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуметтің дамуына, ғылым және өндіріс  арасындағы алшақтықты еңсеруге, инновациялық қызметті ынталандыруға, технологияладың  нақты трансфертын қамтамассыз  етуге және халықаралық стандарттарды  енгізуге бағытталған. Қазақстан кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін дамыту негізгі, республиканың ғылыми-техникалық әлеуеті болып табылады [39].

    Президенттің  Қазақстан халқына Жолдауында бәсекеге қабілетті елді қалыптастыру жөнінде  нақты міндеттер қойылған.Әртараптандырылған және саласы жоғары өнімді өндіретін  экономиканы, оның секторлары мен жеке салаларын дамыту басты мақсат болып  саналады. Оған индустриялық- инновациялық саясат бағытталады [40].

    Қазақстан осыған байланысты жоғары нәтижеге жету үшін ең үздік әлемдік тәжірибелерді  енгізуді қолға алып отыр.Индустрияны  дамытудың кластерлік тәсілін пайдалану  әлемдік және аймақтық нарықтарда бәсекеге қабілетті дайын өнім өндіруге қол  жеткізу үшін өндіріс факторларын  бір жерге жинауға мүмкіндік  береді. Демек, бұл бәсекеге қабілетті  салалардың жиынтығын құрау деген  сөз. Елдің орнықты экономикалық өсімі мен бәсекеге қабілетін қамтамасыз ететін теңгерілген экономикалық құрылымға өтудің стратегиялық міндетін тек өнеркәсіпті белсенді түрде құрылымдық қайта құру және индустриялық дамуға жаңа сапа беру жолымен ғана шешуге болады.

    Сондықтан мемлекет өз күшін экономиканы одан әрі әртараптандыру және әлем шаруашылығы  жүйесіне үйлесімді ықпалдасу үшін жағдай жасауға шоғырландырды.

    Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бизнесті дамытуға арналған, атап айтқанда салық  жеңілдіктері мен кедендік преференциялар берілетін қолайлы жағдайлар құрылатын арнайы экономикалық аймақтарды құру барынша тиімді ынталандыру тетіктерінің бірі болып табылады.Осыған байланысты  арнайы салық және кедендік режимі бар АЭА құру және қажетті инфрақұрылымдық ресурстармен қамтамасыз ету отандық экспорт тауарларын қайта бөлуді тереңдету, қосылған құны жоғары өндірістер мен Қазақстанның көліктік әлеуетін дамыту көзқарасы бойынша перспективалық болып табылады.

          Қазақстанда ҰИЖ-ны қалыптастырудың негізгі қағидаттары:  

    - мемлекеттік ҰИЖ-ны қалыптастыру  мен дамыту үрдісіндегі белсенді  рөлі;

    - дамудың ұлттық, салалық және  өңірлік басымдықтарының келісушілігі;

    - мемлекеттің жеке капиталмен серіктестігі;

    - жүйенің ашық сипатты;

    Мемлекеттің белсенді рөлі - бірінші кезекте  ҰИЖ қалыптастыру үшін қажет.Шетелдік тәжірибені талдау көрсетіп отырғандай әлемнің бір де бір елінде  ҰИЖ-ды   рынок, жеке сектор дербес қалыптастырған жоқ. Барлық елдерде  ұлттық экономиканың бәсекеге қабілетін  арттыру үшін мемлекет жүйеге белсенді қатысушының рөлін өзіна алуға  тура келді. Мемлекеттік белсенді рөлі ҰИЖ барлық элементтерінің өзара  іс-қимылдарын мемлекеттік деңгейде үйлестіруді жүзеге асыруға; дамудың  ұлттық, салалық және өңірлік басымдықтарының  келісушілігін қамтамасыз етуге; ресурстарды  басым бағыттарға шоғырландыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Мемлекеттің жеке капиталмен серіктестігі инновациялық даму барысында жеке сектордың ресурстарын тарту үшін қажет. Мемлекет жеке секторды алмастыра алмайды, ол ҰИЖ-ні қалыптастыру мен дамыту үрдісінде ұйымдастырушы, катализатор және үйлестіруші ретінде ғана көрінеді, бірақ оның басты мақсаты –жеке капиталды инновациялық процестерге белсенді қатысуға тарту болып табылады. ҰИЖ-дың қалыптасуына қарай оның жұмыс істеуіндегі және одан әрі дамуындағы мемлекеттің рөлі қысқаратын болады [41].

      Ұлттық  инновациялық жүйенің ашық сипаты оның тиімділігін қамтамасыз ету үшін шешуші маңызы бар.Ашықтық дәстүрлік  ғылыми ортада да, дара өнертапқыш та туындатқан ішкі және сыртқы инновацияларды қабылдау жүйесінің қабілетін білдіреді.ҰИЖ  кез келген қызықты өнертабысты, кез келген коммерциялық перспективалық әзірлемені іске асыру мүмкіндігін  қатмасазы етуі тиіс.Бұл өндіріс  пен ғылыми зерттеулердің жаһандану  процестерінен барынша нәтиже алуға, инновациялық қызметке елдің барлық талантты адамдарын тартуға мүмкіндік  береді.

    Ұлттық  инновациялық қор элементтерін қарастырсақ, олар: ғылым (ғылыми-зерттеу институты, ғылыми орталықтар т.б.),инновациялық инфрақұрылым (технопарктер, инновациялық орталықтар, трансферттік технологиялар орталығы), инновациялық кәсіпорын (кәсіпкерлік  орта), қаржылық инфрақұрылым (банк институттары, венчурлық қорлар).

    Осындай әрекеттермен еліміздің ұлттық инновациялық жүйесінде ғылыми-инновациялық инфрақұрылым қалыптасады, венчурлық қаржыландыру жүйесі құрылады, кәсіпкерлік субъектілеріндегі  негізгі құралға инвестиция көлемі ұлғаяды. Әрі қарай, еліміздегі инновациялық қызметтің қалыптасуына ерекше әсерін тигізетін жағдай венчурлық бизнесті дамытудың  қажеттігі.Әлемдік тәжірибеде мойындалғандай экономикасы дамыған елдерге венчурлық бизнесті енгізу ол жаңалық енгізудің негізі болып табылады.Мемлекеттің мақсатты түрде бағытталған қолдауымен венчурлық бизнестің дамуы көбіне экономиканың жоғары технологиялы салалары алды.Бұл жағдайдағы кәсіпкерлік жобалар кепілді болмағанымен және жеке инвестициялар үшін тәуекелді, яғни салынған инвестицияға ең жоғары көлемде табыс әкелетін де осылар болып табылады.

    Сондай-ақ, Қазақстан Республикасында венчурлық  индустрияны дамытудың  нормативті – құқықтық базасын орнату қозғалысқа енді. Арнайы инновациялық қызмет субъектілерін  ұйымдастырудың ережелері бекітілді.

          Әлемнің дамыған  елдерінде инновациялық саясатты қалыптастырудың  сатылы жүйесін пайдалану барынша  үлкен маңызға ие болуда. Жаһандану  барысы компанияларды өз жұмыстарына  өзгеше қарап, инновациялық бәсеке мен  шоғырлануға айрықша мән беруге жетелеп келеді. Сондықтан да аса  тиімді инновациялық жүйені орнықтыру  мақсатында Қазақстанда 2003-2005 жылдары  индустриялды-инновациялық дамудың  стратегиясы жасалды. Барлық әлеуеттi бәсекеге қабiлеттi, оның iшiнде экономиканың шикiзаттық емес бағытындағы салаларда жұмыс iстейтiн экспортқа бағдарланған өндiрiстер индустриялық-инновациялық саясаттың басымдықтары болып табылады. Ұзақ мерзiмдi стратегиялық мiндеттердi шешу мақсатында ғылымды көп қажет ететiн және жоғары технологиялық өндiрiстердi дамыту үшiн жағдайлар жасауға ерекше көңiл бөлу қажет. Бұл көзқарас экономиканың түрлi салаларындағы кәсiпкерлер үшiн жұмыс істеп тұрған өндірістерді техникалық және ұйымдық жағынан жетiлдiруге және экспорттық бағыттағы өнiмнiң жаңа түрлерiн шығаруға кедергi жасамайды. Қазiргi экономикалық дамудың негiзгi сипаттамаларының бiрi озық ғылыми-технологиялық әзiрлемелердiң негiзiнде белгiлi бiр уақыт кезеңiнде жасалған технологияларды кезең-кезеңiмен ауыстыру процесiмен байланысты оның әркелкi сипаты болып табылады. Технологиялық құрылымдардың ауысуы сәтiнде алдындағы кезеңде көш басында болған елдер капиталдың құнсыздануына және бұрынғы өндiрiстерде iстеген қызметкерлердiң бiлiктiлiгiнен айырылуына тап болады [42].

    Жаңа  өндiрiстiк-технологиялық жүйенi қалыптастыруда жетiстiктерге қол жеткiзiп үлгерген елдер дәстүрлi жұмсау салаларынан  сырғып бара жатқан капиталды тарту  орталықтарына айналады. Стратегия индустриядан кейiнгi дамудың перспективалы бағыттарында ғылыми-техникалық, инновациялық және өндiрiстiк әлеуеттi ұлғайтуға бағытталған, ол болашақта қағидатты бәсекелестiктің артықшылықтарын алуға жәрдемдесуі тиiс және оның негiзгi бағыттары төмендегідей болуы тиiс:

    1. Жоғары технологиялы өндiрiстер  қалыптастыруға, оның iшiнде шетелдiк  те, салааралық та технологиялар  трансфертiнiң тиiмдi жүйесiн жасауға  жәрдемдесу.

    2. Жоғары ғылыми-технологиялық әлеуетi бар ғылыми-техникалық және өнеркәсiптiк  ұйымдар мен кәсiпорындар желiсi  бар қалаларда қазiргi заманғы  ғылыми және инновациялық инфрақұрылымды  жасап, оның қазiргi заманғы элементтерiнiң  қызметiн (технопарктер, ұлттық ғылыми  орталықтар, ғылыми-технологиялық аймақтар  және c.c.) қолдау.

    3. Индустриядан кейiнгi экономика тұрғысынан  алғанда озық салаларды дамытуда  қазiргi ғылыми-техникалық әлеует  салаларын пайдалану. 

     Қазақстан қазiрдiң өзiнде мына салалардағы  әзiрлемелер негiзiнде ғылымды көп  қажет ететiн өндiрiстердi дамыту үшiн белгiлi бiр ғылыми базаға ие, оның iшiнде:  биотехнологиялар (ауыл шаруашылығы дақылдарының жаңа сорттары мен жануарлардың генотиптерi, бактериялар  штамдары және басқалары);

    - ядролық технологиялар; 

    - ғарыштық технологиялар; 

    - жаңа материалдар, химиялық өнiмдер  және басқаларды жасау. 

    4. Қазiргi заманғы ғылыми-техникалық  бағыттардың: 

    - жаңа материалдар мен химиялық технологиялар;

    - ақпараттық технологиялар салаларында зерттеулер жүргiзу үшiн қажетті жағдайлар жасау.

   5. Ғылыми-техникалық және өндiрiстiк  ұйымдар мен кәсiпорындардың инновациялық  қызметiн ынталандыруға, ғылым  мен инновациялар салаларына  инвестициялар тартуға, өнеркәсiп  пен қызмет көрсету саласына  инновациялардың жылдамырақ енуiне  бағытталған заң шығару базасын  жетiлдiру [43].

    Қазақстан экономикасының дамуындағы жалпы оң әлеуметтік-экономикалық әсерге қол  жеткізу үшін стратегияда жазылған негізгі макроэкономикалық болжамдар  қайта қаралған және түзетілген. Осыған байланысты мынадай бөліктерде стратегияны  жүйелі түрде күшейту болжанады:

    -сандық  және сапалық түпкі деректерді  айқындай отырып, нақты мақсатты  индикаторлар – стратегияның  әрбір бағыты бойынша бағдарларды  айқындау;

    -мониторинг  тетіктерін регламенттеу және  оларға қол жеткізуді бақылау;

    -белсенді  мемлекеттік қолдауды жүргізу  және ел экономикасындағы инновацияның  пайда болу, оны тарау және  пайдалану тетіктерін реттеу;

    -шикізаттық емес экспортты қолдау шаралары;

    -Мемлекеттік «Самұрық» мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі қазақстандық холдингі» АҚ, «Қазына» орнықты даму қоры»АҚ, «ҚазАгро»ұлттық холдингі»АҚ, «Самғау» ғылыми-технологиялық холдингі» АҚ, «Парасат» ұлттық ғылми-техникалық холдингі» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар құруды және оларды дамытуды, сондай-ақ бизнестік ортаны жақсартуды және кәсіпкерлікті  дамытуды ескере отырып, индустриялық-инновациялық даму саясатын жүргізудің әрбір «құралының» рөлін айқындау әрі нақтылау жолымен мемлекеттік-жеке меншік серіктестік;

     - өңдеуші өнеркәсіпке және қызметтер көрсету саласына инвестициялар тартуды ынталандыру және Қазақстан экономикасын әртараптандыруды әрі 2015 жылға қарай жоғары бәсекеге қабілеттілікті және Қазақстанның әлемнің бәсекеге қабілетті елу елінің қатарына кіруін қамтамасыз етуге қабілетті «серпінді» макрожобаларды іске асыру.Бұл  шикізаттық емес сектордың «серпінді» жобалар іске асырылатын салалық басымдықтарын және экономиканың басым салаларын айқындауды болжайды;

    - қызметі ел экономикасы үшін айтарлықтай қосылған құны мен мультипликативтік әсері бар, сатулардың үлкен мөлшерлерін генерациялауға қабілетті ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің бәсекеге қабілетті және ресурс үнемдейтін өндірістерін құруға бағытталатын экономиканың басым салаларындағы корпоративтік көшбасшыларды дамыту.Корпоративтік көшбасшылар ұзақ мерзімді жоспарда өңірлік және жаһандық экономиканың бәсекелі «ойыншылары» болуға тиіс деп болжануда.  

    Стратегия Қазақстанның халықаралық бәсекеге қабілеттілігін және ел азаматтарының  өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі  мемлекет пен жеке меншік сектор күш-жігерінің  кешенділігі мен біртұтастығын  қамтамасыз етуге және елдің экономикалық дамуында сапалы серпіліс  негізін  жасауға  танылған.

    Стратегияда белгіленген іс-қимылдар ұзақ мерзімді даму стратегияларын және экономика  мен кәсіпкерлік сектордың шикізаттық емес секторы, сондай-ақ сыртқы инвесторлар, ұлттық холдингтер мен даму институттары салаларының мемлекеттік бағдарламаларын (жоспарларын) әзірлеу және жүзеге асыру  кезінде бағдар болуға тиіс.

Информация о работе Индустриялық-инновация