Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:46, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту. Индустриялық-инновациялық қызмет пен инновациялық белсенділіктерін теориялық, әдіснамалық тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды дамытудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ұсыныстар жасау. Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:
- Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;
- инновациялық инфрақұрылымды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;
- Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;
- еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;
- Қазақстан өңірлерінің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымды жетілдірудегі ықпалын сараптау;
КIРIСПЕ.................................................................................................................
1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инновацияның экономикалық мәні мен мазмұны..........................................7
1.2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы……………….....12
1.3 Индустриалды-инновациялық саладағы мемлекеттің қызметі....................16
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1 Республикадағы индустриялық-инновациялық қызметтің жүзеге асуын талдау………………………………………………………………………………21
2.2 Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..................................................................................................30
2.3 Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуын талдау............42
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Индустриялық-инновациялық қызметтің даму жолдарын жетілдіру…….54
3.2 Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі………………………………………………………………………......61
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................................................71
Осыған орай, отандық экономиканы, соның ішінде өнеркәсіпті дамытуда ерекше жағдайдың бар екендігін айта кеткен жөн. Мысалы, табиғат ресурстарының молдығы, өнеркәсіптің кейбір салаларында ғылыми-техникалық әлеуеттің жоғары деңгейде сақталып қалуы. Қаржы саясатында –ұйымдастыру-институционалды жаңартуларға байланысты перспективаға бағдарламалар жасау қажет. Әлеуметтік саясатқа – өмір сүруі төмен халықтың әлеуметтік жағынан қорғау, олардың мүддесіне сәйкес келетін басқару шаралар кешенін әзірлеу жатады. Өнеркәсіптік саясаттың құралдар жиынтығына мемлекеттік тапсырыстар, жеңілдігі бар салықтар мен субсидиялар, экспортты қолдау жөніндегі шаралар, импортты шектеулер, кедендік баждар, бәсекеге қабілетті қаржы-өндірістік құрылымды қалыптастыру үшін және шетел өндірістік инвестицияларын елге тарту үшін ынталандыру тетіктері қажет. Өнеркәсіпті өркендетудің негізгі факторына шаруашылық субьектілері қызметінің институционалды және заңнама шарттарын нақтылау және бюджет-қаржы жүйесін жетілдіру жатады. Қазіргі кезде өнеркәсіп салаларын жандандыру үшін қолдау көрсету мемлекеттің негізгі міндеті болып көзделуде. Қазақстан өнеркәсібін дамытудың басты бағытына ішкі тұтыну нарығын бәсекеге қабілеті жоғары отандық тауарлармен толықтыру мақсатында импорттық тауарларды ығыстыру көлемін 15-20 %-ға дейін төмендету болып отыр. Осыған байланысты өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтеруді басқарудың ұйымдастыру-экономикалық механизмін әзірлеу,оның тиімді жұмыс істеу әсерінен экономикада оң нәтижелерге жетудің мүмкіндіктерін анықтау [32].
Өнеркәсіптің индустриялық-инновациялық дамуын қалыптастыратын құрылымға:
-
индустриялық-инновациялық
-
жеңілдік несиелер беру, жеңілдетілген
амортизациялар; жаңа технологиялар
нарығын дамыту – технологияны
сатып алу-сату механизмін
-
индустриялық-инновациялық
- инновациялық инфрақұрылымдар жүйесіне – технопарктер, технополистер, бизнес- инкубаторлар және т.б., жаңалықтарды тарататын және өндіріске енгізетін дербес түрде жұмыс істейтін фирма-делдалдар құру, ынталандыру қорларын қалыптастыру және т.б.;
-
мемлекеттік және өнеркәсіптік,
салалық инновациялық
Бүгiнгi
таңда Қазақстанның қолында экономикалық
өсудiң жоғары қарқынын қамтамасыз
ететiн серпiндi дамып келе жатқан
отын-энергетика, металлургия және
химия кешендерi бар.
Қазіргі
кезде мемлекеттің
Шетелдік
инвестицияларды Қазақстанға
Қандай
елдің болса да экономикасына
капитал келтіру сол елде
Инвестициялық
ахуал дегеніміз күрделі қаржы келтіруге
және оны тиімді пайдалануға қолайлы саяси,
экономикалық, заңдық, әлеуметтік, тұрмыстық
және т.б. факторлардың жиынтығы.
Кесте 8.
Жалпы тікелей шетелдік инвестицияның салалар бойынша Қазақстан экономикасына келуі, млн. АҚШ $
2007 | 2008 | 2009 | 2010 | |
Ауыл шаруашылығы, аң аулау, орман және балық шаруашылықтары | 12,40 | 2,40 | 1,6 | 2 |
Тау-кен өнеркәсібі, оның ішінде: | 109,1 | 212,4 | 218,5 | 543,5 |
Көмір және лигнит өндіру | 21.0 | 7,7 | 4,9 | 77,5 |
Мұнай және газ өндіру | 745,5 | 797,8 | 806,6 | 984,3 |
Металл өндіру | 16.0 | 18,6 | 8,7 | 34,8 |
Уран рудасын өндіру | 15.8 | 21,2 | 34,1 | 38,1 |
Өңдеу өнеркәсібі, оның ішінде: | 705.1 | 832.4 | 915,3 | 991.8 |
Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу | 49 | 54.9 | 63.4 | 76.7 |
Химия өнеркәсібі | 86.9 | 44,9 | 60,4 | 68,9 |
Қара металлургия | 394.3 | 4,8 | 2,3 | 1.7 |
Түсті металургия | 428.2 | 564.7 | 619.8 | 584.6 |
Электрлік және электрондық құралдар өндірісі | 29.4 | 43.1 | 69.5 | 71.4 |
Электр энергияны, газды және суды өндіру және бөлу | 66.8 | 79.1 | 67.7 | 76.5 |
Құрылыс | 64.2 | 47 | 50.6 | 153.6 |
Автомобильдерді және өнімдерді сату және жөндеу | 214.1 | 103.2 | 164.1 | 267.6 |
Гостиницалар мен мейрамханалар | 7,7 | 12,3 | 14,40 | 10,3 |
Көлік және байланыс | 321.1 | 95.2 | 75.7 | 81.9 |
Қаржы қызметі | 251.2 | 11,8 | 52.7 | 67.7 |
Жылжымайтын мүлік операциялары және т.б, | 788.3 | 845.7 | 895.1 | 995.5 |
Білім беру, денсаулық сақтау және т.б. | 12.1 | 13.4 | 14,2 | 35.7 |
Ескерту: [18] көз негізінде автор құрастырған |
2010
жылдың қаңтар маусымында инвестиция
көлемі республиканың 9 өңірінде өсті.
Аса мол өсім Қызылорда (3,1), Жамбыл (1,8 есеге),
Солтүстік Қазақстан (1,6 есеге), Ақтөбе
(1,4 есеге) және Атырау (1,3 есеге) облыстарында
байқалды. Негізгі капиталға инвестициялардың
көлемі Шығыс Қазақстан (2,1), Оңтүстік Қазақстан
облыстары мен Астана және Алматы қалаларында
(2%) құрайды.
Сурет 5.
2010 жылдың қаңтар маусымында инвестиция
көлемі республиканың 9 өңірінде өсті
[18]
Кәсіпорындар мен ұйымдардың инвестициялық белсенділігінің сақталуынан 2010 жылы экономиканың оң өсу қарқыны ұстап тұрылды. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 200 жылдың 13,5 %-пен салыстырғанда 2010 жылы 4,6 %-ке өсті. 2010 жылы негізгі капиталға инвестициялардың өсуі мемлекеттік бюджеттен инвестициялардың 2009 жылмен салыстырғанда 226,4 млрд. теңгеге өсуімен және шетелдік инвестицияларының 258,4 млрд. теңгеге өсуімен байланысты болды. Бұған мемлекеттің белсенді инвестициялық саясаты мен елге тікелей шетелдік инвестициялардың тұрақты ағып келуі ықпалын тигізді. Нәтижесінде негізгі капиталға инвестициялар құрылымында мемлекеттік бюджеттен инвестициялардың үлесі 2009 жылдың 15,8 %-тінен 2010 жылы 19,9 %-ке дейін, ал шетелдік инвестициялар үлесі, тиісінше 18,4 %-тен 23,0 %-ке дейін өсті. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің табыстарының төмендеуі, экономикаға берілетін кредиттер көлемінің қысқаруы кәсіпорындардың өз қаражаттары есебінен қаржыландырылатын инвестициялардың, сондай-ақ қарыз қаражатымен қаржыландырылатын инвестициялардың төмендеуіне себепші болды.
2010
жылы негізгі капиталға инвестициялар
көлемінің 4,6 %-ке өсуі көлік саласында
– 18,6 %-ке, ауыл шаруашылығына – 24,2 %-ке,
саудада – 5,2 %-ке, инвестициялардың өсуімен
қамтамасыз етілді. Бұл ретте, инвестициялар
қаржы саласында 27,8 %-ке, мейрамхана мен
мейманхана саласында – 14,4 %-ке қысқарды.Бұған
қарамастан, инвестициялардың құрылымы
пайдалану бағыттары бойынша елеулі өзгерістерге
ұшыраған жоқ. 2010 жылы инвестициялардың
негізгі көлемі өнеркәсіпте (негізгі капиталға
инвестициялардың жалпы көлемінен 41 %-і),
соның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде
(26,2 %) құрылыста (1,5%), жылжымайтын мүлікпен
жасалатын операциялар саласында (23,6%)
игерілді. Өңдеу өнеркәсібінің үлесіне
инвестициялардың барлық көлемінің 8,9
%-і келді [18].
2.3 Қазақстандағы
инновациялық және инвестициялық жобалардың
жүзеге асуын талдау
Жергілікті атқарушы органдардың 2009-2010 жылдың мәліметтеріне қарағанда, индустриялық-инновациялық стратегия ауқымында республиканың барлық аймақтарында қаржыландырудың барлық көздері есебінен 244 млрд.теңгенің 154 инвестициялық жобасы іске қосылды. Олардың ішінде кәсіпорындардың өз қаржылары 103 млрд. теңгеден, несиелік қаражаттар 116 млрд. теңгеден, мемлекеттік даму институттарының қаржысы – 20 млрд.теңгеден, республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржысы – 5 млрд. теңгеден асады.
кәсіпорындардың өз қаржылары | 103 млрд. теңге |
несиелік қаражаттар | 116 млрд. теңге |
мемлекеттік даму институттарының қаржысы | 20 млрд.теңге |
республикалық және жергілікті бюджеттердің қаржысы | 5 млрд. теңге |
Cурет 6. Индустриялық-инновациялық стратегия ауқымында республиканың барлық аймақтарында қаржыландырудың барлық көздері [28]
Қазіргі кезде енді Пилоттық жобаларды іске асыру және оны қамтамасыз етуші инфрақұрылымдарды (кластерлерді, технопарктерді, АЭА, индустриялық аймақтарды) салудың бастамасы жасалды. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асырудың 2-кезеңінде (2006 - 2010 жылдары) немесе «белсенді іске асыру сатысында» өнеркәсіпті жаңғырту және экономиканы әртараптандыру жөніндегі жобаларды іске асыру бойынша нақты міндеттер қойылды. Сондықтан ағымдық қызметтің өзекті бағыты басым салаларда өңдеуші технологиялық өндірістер құру болып табылады. Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, бизнесті дамытуға арналған, атап айтқанда, салық жеңілдіктері мен кедендік преференциялар берілетін қолайлы жағдайлар құрылатын аумақтар - арнайы экономикалық аймақтарды құру мейілінше тиімді ынталандыру тетіктерінің бірі болып табылады. Осыған байланысты арнайы салық және кедендік режимі бар АЭА құру және қажетті инфрақұрылымдық ресурстармен қамтамасыз ету отандық экспорт тауарларын қайта бөлуді тереңдету, қосылған құны жоғары өндірістер мен Қазақстанның көліктік әлеуетін дамыту көзқарасы бойынша перспективалық болып табылады.
Шекара маңы өңірлерінде арнайы экономикалық аймақтар құру айрықша тартымды болып табылады, өйткені бұл жағдайда аймақ шегінде трансшекаралық аумақтың барлық ерекше проблемаларын ойдағыдай шешуге болады. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 2001 жылдан бастап 2008 жылдар кезеңінде құрылған 6 арнайы экономикалық аймақ жұмыс істейді: «Астана - жаңа қала» АЭА (2001 ж.), «Ақтау теңіз порты» АЭА (2002 ж.), «Ақпараттық технологиялар паркі» АЭА (2003 ж.), «Оңтүстік» АЭА (2005 ж.), «Ұлттық индустриялық мұнай-химия технопаркі» АЭА (2007 ж.) және «Бурабай» АЭА (2008 ж.).
Сурет 7. Қазақстан аумағындағы АЭА
«Ақтау»
теңіз порты» мен «Астана - жаңа қала»
АЭА ойдағыдай жұмыс істеуде.
«Ақпараттық технологиялар
2009
жылғы 1 желтоқсанда үш АЭА
мен ИА аумағында 184 жоба іске
асырылған, оның ішінде «
Сурет 8. АЭА құруға және дамытуға салынған
бюджеттік инвестициялардың жалпы көлемі
[27]
Пайдалануға берілетін жобаларда Ақтөбе облысының еншісі мол. Мұнда 95 миллиард теңгенің 24 жобасы іске асырылмақ. Инвестицияның неғұрлым ірі көлемі Шығыс Қазақстан (148 миллиард теңгенің 11 жобасы), Павлодар (145 миллиард теңгенің 13 жобасы) облыстарының үлесіне тиеді. Ең көп жұмыс орны Жамбыл облысында (9 жоба бойынша 3668 жұмыс орны) құрылады «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысының» негізгі миссиясы ұлттық экономиканы жаңартуды шапшаңдату және басты жалпы ұлттық мақсатқа – Қазақстанның серпінді дамуын қамтамасыз етіп, бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруге қол жеткізу үшін қазақстандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жалпы құны 54 миллиард АҚШ долларына жуықтайтын 45 серпінді жобадан тұратын базалық тізім қалыптастырылды.