Индустриялық-инновация

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту. Индустриялық-инновациялық қызмет пен инновациялық белсенділіктерін теориялық, әдіснамалық тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды дамытудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ұсыныстар жасау. Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:

- Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;

- инновациялық инфрақұрылымды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;

- Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;

- еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;

- Қазақстан өңірлерінің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымды жетілдірудегі ықпалын сараптау;

Содержание

КIРIСПЕ.................................................................................................................


1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инновацияның экономикалық мәні мен мазмұны..........................................7

1.2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы……………….....12

1.3 Индустриалды-инновациялық саладағы мемлекеттің қызметі....................16

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ

2.1 Республикадағы индустриялық-инновациялық қызметтің жүзеге асуын талдау………………………………………………………………………………21

2.2 Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..................................................................................................30

2.3 Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуын талдау............42

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Индустриялық-инновациялық қызметтің даму жолдарын жетілдіру…….54

3.2 Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі………………………………………………………………………......61

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................................................71

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 752.46 Кб (Скачать)

    Индустрия құрылымын тиімді бағытта қайта  құру үшін жоғары деңгейдегі мемлекеттік  органдар шетелдік инвестициялардың қозғалысын реттеу тетіктері мен бақылау  қызметтерін пайдалана отырып, аталмыш  инвестицияларды еліміздің  экономикасын көтеру мен қайта құруға және оның тиімді түрде әлемдік нарыққа  енуіне мүмкіндік беретін ғылым  сыйымдм өндірістер мен алдыңғы  қатарлы салаларға бағыттау мақсатында кепілдіктер мен жеңілдіктер жүйесін қолдану тиіс. Әртараптандыру жөніндегі біздің жоспарларымызды іске асыру үшін бір ғана мемлекеттік ресурстар жеткіліксіз болатыны анық. Оның негізгі көзі тікелей шетелдік инвестициялар болуы тиіс.  

    Әлемдік тәжірибені ескере отырып, стратегияны  іске асыру кезінде инвестицияларды  үйлестіру және іскерлік ынтымақтастықты  дамыту жөніндегі бастамаларға негізгі  күшті жұмсау қажет.Қаржылай қолдау даму институттары арқылы іскерлік қатысу қағидатымен ғана көрсетілетін болады. Бұл ретте екінші деңгейдегі банктерді  қоса алғанда, жеке меншік сектор өзіне негізгі тәуекелді алуға тиіс [44]. 
 
 

    3.2  Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі

      

    Біздің  пікірімізше, Қазақстан Республикасының  ұлттық инновациялық инфрақұрылымын ел аумағында инновациялық қызметті жүзеге асыратын мамандандырылған субъектілердің ғана емес, сонымен бірге инновациялық қызметтің жүруіне ыңғайлы жағдай жасайтын ұйымдардың өзара байланысқан  жүйесі ретінде қарастырған жөн.

      Соңғы кездері Қазақстан Республикасының инновациялық даму моделінің өміршеңдігіне қатысты әртүрлі пікірлер айтылып жүр. Солардың ішінде ұлттық инновациялық даму моделінің басқа елдердің модельдерінен көшірілгені, сондықтан да оның еліміздің экономикалық, әлеуметтік, шаруашылық ерекшеліктеріне дөп келмейтіні жиі алға тартылады. Автордың пікірінше, Қазақстан Республикасында уақыт талабына сай, біздің экономикамыздың ерекшеліктеріне жауап беретін, ұлттық әл-ауқатымызды өркендетуге мықты серпін беретін өзіндік инновациялық даму моделі әлі де қалыптаспаған. Біз көбіне Сингапур, Малайзия, Оңтүстік Корея, Финляндия, Жапония сынды мемлекеттердің инновациялық даму үлгілерін алып, сол мемлекеттерге тән ерекшеліктерді еліміздің дамуына пайдалануға ұмтылудамыз. Ал мұндай тәжірибенің жемісті және нәтижелі болуы екіталай.  Тұжырымымызды нақтырақ сипаттау үшін біз әлемнің озық көптеген елдеріне тән инновациялық даму моделі мен оның Қазақстандағы қалыптасу алғышарттарын 1-кестеде келтірдік. Инновациялық инфрақұрылымның ұлттық экономикадағы орны мен маңызын анықтау үшін оның мамандандырылған субъектілерінің қазіргі жағдайы мен инновациялық белсенділіктері ғылыми тұрғыда бағаланды.

      Технологиялық парктер - өнертапқыштарға арнайы маманданған қызмет түрлерін көрсету аясында инновацияларды ойлап табуға және оларды ендіруге арналған сервистік және өндірістік база болып есептеледі. Технопарктерде жаңа әзірлемелерді және қазіргі құрал-жабдықтар өндірісін құру мен игеру бойынша тапсырыстарды орындайтын серпінді технологиялары бар кәсіпорындар орналасуы тиіс. Елімізде 2009 жылға дейінгі кезеңде ұлттық және өңірлік үлгідегі оннан астам технопарктер құрылып, тіркеуден өткен. Соңғы жылдары өңірлік технопарктерден «Алматы аймақтық технопаркі», Орал қаласындағы «Алгоритм» технопаркі, «UniScienTech» Қарағанды аймақтық технопаркі, Өскемен қаласындағы «Алтай» аймақтық ғылыми-технологиялық паркі, Ақтөбе қаласындағы «Ақтөбе» аймақтық индустриалды технологиялық паркі, Қызылорда қаласындағы «Қызылорда» технологиялық паркі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері құрылды.

          Қазақстанның ұлттық инновациялық инфрақұрылым дамыту элементтері

  • елдің инновациялық даму стратегиясын айқындау;
  • инновациялық дамуды ынталандыратын заңдық-құқықтық құжаттарды қабылдау;
  • инновациялық жүйені қалыптастыру;
  • инновациялық инфрақұрылым элементтерін құру (технополистер, технопарктер, инновациялық бизнес-инкубаторлар, инновациялық қорлар, инжинирингтік орталықтар және т.б.)
  • инновациялық қызметті қаржыландыратын венчурлық қорлар құру;
  • инновациялық инфрақұрылым элементтерін дамытуға ықпал ететін және ынталандыратын арнайы құрылымдарды қалыптастыру;
  • инновациялық дамуға ірі, шағын және орта бизнесті, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу ұйымдарын тарту, оларды жеке инновациялық, венчурлық қорларды құруға, инновациялық инфрақұрылым элементтерін қалыптастыруға ынталандыру;
  • инновациялар елдің экономикалық дамуының негізі болып саналады;
  • елдің экспорттық әлеуеті негізінен инновациялық өнімдер мен қызметтерден тұрады.

    Біздің  зерттеуіміздің өзегі болып саналатын  ұлттық индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі  – ол еліміздің инновациялық әлеуетін дамытуға негіз болатын, оны жүзеге асыру белгілі-бір нәтижелі жетістікке жетуге ықпал ететін қаржылық, экономикалық, салықтық, несиелік және басқа да іс-әрекеттер мен тетіктердің жиынтығынан тұрады. Дұрыс таңдала білген механизм ұлттық экономикамыздың ұзақ мерзімде инновациялық өркендеуі мен дүниежүзілік нарықта лайықты орын алуына ұтымды жағдай жасауы тиіс (10-сурет).

      Инновациялық  инфрақұрылымды дамыту механизмі әлемдік  және елдегі инновациялық ортаның жалпы  жағдайына, қоғам мен ғылыми-техникалық прогрестің дамуына, адамзат мәдениеті  мен ой-санасына, экология талаптарына, сонымен қатар, еліміздің нақты мүмкіндіктері мен стратегиялық өркендеу бағыттарына сай болуы тиіс. Аталған механизм оның құрамындағы өзара байланысты тетіктерді кешенді түрде жүзеге асырғанда ғана белгілі-бір нәтижеге жеткізетінін ескерткеніміз жөн. Онсыз, әр тетіктің өздігінен ұлттық инфрақұрылымның дамуына қомақты үлес қосуы екіталай [45]. 

 

 

 

    Әлемдік тәжірибе көрсеткеніндей, инновациялық инфрақұрылымға қажетті жағымды  экономикалық ортаны қалыптастыруда мемлекет жеке сектормен ынтымақтастық орната алады. Осындай ынтымақтастықтың неғұрлым ұтымды мысалдары Жапонияда, Швецияда, Түркияда және соңғы отыз жылда өздерiнiң  инновациялық жүйелерінде iрi жетістіктерге  жеткен басқа да елдерде бар.

    Еуропа  елдерінде мемлекет университеттерде жеке сектордың белсенділігін қолдайтын  ғылыми-инновациялық инфрақұрылым элементтерін қалыптастырған. Бұл міндетке сай  университеттер шағын және орта қалалардың қоғамдық жүйедегі өзіндік орнын  қалыптастыратын ғылыми бастамаларын сараптап, оларды жүзеге асыруға ықпал  етеді. Автордың пікірінше, дәл осы  әдіс Қазақстандағы шағын қалалардың мәселелерін шешуге жақсы үлгі бола алады [46].

    Жағымды экономикалық ортаны қалыптастыру саясатын жүзеге асыруда  біз әсіресе мына тетіктерді іске қосқан жөн деп санаймыз:

    - мемлекет тарапынан әрбір ғылыми-зерттеу  ұйымына нақты бір кәсіпорындармен  байланыс жасауын міндеттеу. Бұл  жердегі басты қағида – мемлекет  байланыстың мұндай түрлерін  қолдай отырып, оларға екі-үш жыл  көлемінде гранттарды жеңіп алуға  мүмкіндік жасау (құжаттарды дайындауға  көмектесу, ақпараттық қолдау  көрсету және т.б.). Ал егер мұндай  ғылыми-зерттеу орталығы мемлекеттің  үмітін ақтамаса, оны ғылыми-зерттеу  орталығы статусынан айыру.

    - ғылыми кадрларды материалдық  ынталандыру жүйесін қайта дайындау. Бүгінгі күні еліміздегі ғылыми  кадрларды ынталандыру тетігі  тиімсіз және инновациялық ортаның  дамуына ықпал ете алмайды.  Олай дейтініміз, қазіргі білікті  жастар ғылыммен емес, бизнеспен  айналысуға ынталы. Ал егер осы  білікті құрамын ғылымға тарта  біліп, олардың ақыл-ой жетістіктерін  инновация саласына пайдалансақ,  біздің ұтарымыз көп болар  еді. 

    - арнайы ғылыми зерттеулер жүргізіп, оның нәтижелерін өндіріске енгізген  кәсіпорындарға салық жеңілдігін  беру. Мәселен, ғылыми қызметкерлердің  еңбек ақы қорын әлеуметтік  салықтан босату. Бұл тетік кәсіпорындардың  ғылыми кадрларға көңіл бөліп,  оларды өндіріске тартуға ықпал  етеді;

    - инновациялық мақсаттарға салық  несиесін беру, яғни инновациялық  жобаларды жүзеге асыруға қажетті  қаражатты кәсіпорынның салық  аударымдарынан белгілі бір кезеңге  шегеру. Бұл қадам кәсіпорынға  банктен немесе басқа да қаржы  ұйымынан несие алмай-ақ, арнайы  гранттарға қатыспай-ақ кіші-гірім  жобаларды орындауға мүмкіндік  береді

    - инновациялық шығындардың өсуіне  қарай регрессивті түрде корпоративтік  табыс салығын енгізу. Осы арқылы  кәсіпорындарды инновациялық қызметтің  көлемін арттыруға, жаңа өнімдерді  зерттеуге ынталандыруға болады. Мұндай салық түрі Жапонияда,  Оңтүстік Кореяда, Ұлыбританияда  енгізілген. Жапонияда корпоративтік  табыс салығы 10%-дық мөлшерге дейін  төмендетілсе, Оңтүстік Кореяда  ол шама 7%-ға дейін, ал Ұлыбританияда 1%-дық деңгейге жетеді[47]. 

      Инновациялық  инфрақұрылымды дамытуға қажетті жағымды  экономикалық ортаны қалыптастыру осы  инфрақұрылымды құрайтын әрбір элементтің белсенділігі мен тиімділігін арттыру  үшін қажет. Өйткені, салық, несие, мемлекеттік  қаржыландыру сияқты тетіктерді қолданбай, экономикалық шараларды заңдық-құқықтық қамтамасыз етпей, инновациялық инфрақұрылым элементтерінен жағымды нәтиже күту орынсыз (5-сурет). 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 11. Инновациялық инфрақұрылымның жағымды экономикалық ортасының құраушылары[48] 
 
 

    - инновациялық кәсіпорындардың акцияларын  иемденген жеке және заңды  тұлғалардың дивиденттеріне жеңілдетілген  жеке табыс салығын енгізу. Мұндай  салық түрі Оңтүстік Корея  мен Малайзия мемлекеттерінің  тәжірибесінде бар. Осы жеңілдік  арқылы инновациялармен айналысатын   кәсіпорындарға акция шығару  арқылы өз қызметтеріне қосымша  капитал тартуға мүмкіндік жасалады. Жеке және заңды тұлғалар осындай  кәсіпорындардың акционерлеріне  жасалатын жеңілдікке қызығып,  олардың құнды қағаздарына сұраныс  білдіреді.

    - ғылыми-инновациялық әзірлемелерді,  интеллектуалдық меншікке кіретін  материалдық емес активтерді  қолдана отырып қызметін жүзеге  асырған және ол қызметінен  пайда тапқан заңды тұлғаларға  тиісінше корпоративтік табыс  салығын төмендету. Салықтың мұндай  түрі ғылыми сыйымды өнімдерді  көптеп өндіруге жағдай жасайды.  Оның мысалдарын Жапония, АҚШ,  Канада, Швеция сияқты мемлекеттерден  алуға болады

    - инновациялық кәсіпорындардың салық  салғанға дейінгі табысының бір  бөлігін арнайы есеп-шоттарға  салу, егер де кейіннен кәсіпорын  бұл қаражатты инновациялық мақсаттарға  жұмсаса, оған жеңілдетілген мөлшерде  салық салу. Салықтың дәл осы  түрі Финляндия мен Германияда  қолданылады. Ол мемлекеттерде  жеңілдетілген табыс салығының  мөлшері 20%-дан 5%-ға дейінгі  аралықта болады.

    - инновациялық инфрақұрылым шеңберіндегі  кәсіпорындарға жеделдетілген амортизация  әдісін қолдану. Мәселен Жапонияда  жеделдетілген амортизация жүйесі  энергияны үнемдейтін құрал-жабдықтарды  қолданатын немесе ресурстарды  тиімді пайдаланатын әрі қоршаған  ортаға залалы тимейтін жабдықтармен  жұмыс жасайтын компанияларға  енгізіледі. Оның мөлшері 10%-дан  50%-ға дейін жетеді.

    Инфрақұрылым  шеңберіндегі элементтердің қызмет ету тиімділігін арттыру олардың  өзара байланысын жетілдіру арқылы жүзеге аспақ. Инновациялық инфрақұрылымның  әрбір субъектісінің дамуы басқа  элементтердің дамуымен тығыз байланысты екенін ескерсек, онда оларды кешенді  түрде қолдау арқылы ғана оң өзгерістерге жетуге болады. Бұған қоса, инфрақұрылымның  әрбір элементі өз тарапынан бастама  көтеріп, басқа элементтермен байланысын арттыруға ұмтылуы тиіс.

    Бұл тетікті жүзеге асыру бойынша  біздің ұсыныс-пікірлерімізді төмендегідей топтап көрсетуге болады:

- инновациялық  инфрақұрылым шеңберіндегі элементтердің  белсенділігін арттыруды еліміздің  білім жүйесінен бастау керек.  Өйткені, инновацияларды ойлап  табатын да, олардан әзірлемелер  дайындап, өндіріске енгізетін де  мамандар. Сондықтан да, білікті  мамандар даярлау ісін инновация  жүйесіндегі басымды мақсат деп  тауып, инфрақұрылым шеңберіндегі  басқа элементтері оған жан-жақты  қолдау жасаулары керек. Атап  айтсақ: өз есептерінен білікті  жастарға оқу гранттарын беру; білім жүйесіне қажетті ғылыми-зерттеу  және тәжірибе-конструкторлық орталықтарын  ашып, оған дарынды жастар мен  ғылыми кадрларды тарту; жоғары және орта арнаулы оқу орындары тәлімгерлерінің оқу-өндірістік тәжірибелерін ұйымдастырып, олардың арасынан біліктілерін жұмысқа қабылдау; арнайы конкурстар ұйымдастырулар арқылы жастардың инновацияларға құлшышысын арттыру және т.б.;

Информация о работе Индустриялық-инновация