Индустриялық-инновация

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту. Индустриялық-инновациялық қызмет пен инновациялық белсенділіктерін теориялық, әдіснамалық тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды дамытудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ұсыныстар жасау. Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:

- Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;

- инновациялық инфрақұрылымды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;

- Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;

- еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;

- Қазақстан өңірлерінің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымды жетілдірудегі ықпалын сараптау;

Содержание

КIРIСПЕ.................................................................................................................


1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инновацияның экономикалық мәні мен мазмұны..........................................7

1.2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы……………….....12

1.3 Индустриалды-инновациялық саладағы мемлекеттің қызметі....................16

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ

2.1 Республикадағы индустриялық-инновациялық қызметтің жүзеге асуын талдау………………………………………………………………………………21

2.2 Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..................................................................................................30

2.3 Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуын талдау............42

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Индустриялық-инновациялық қызметтің даму жолдарын жетілдіру…….54

3.2 Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі………………………………………………………………………......61

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................................................71

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 752.46 Кб (Скачать)

    Таяудағы  онжылдықта тұрлаулы да теңдестірілген даму жедел әртараптандыру және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен қамтамасыз етілетін болады. 

    Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет Жедел индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын және Елді индустрияландырудың егжей-тегжейлі картасын әзірледі. Бұл құжат – таяудағы бес жылда біз нені, қайда және қашан салатынымыздың толық іс-қимыл жоспары [28]. 

    Бүгінде әңгіме инвестицияларының жалпы  көлемі 6,5 триллион теңгелік 162 жобаны іске асыру туралы болып отыр, ал бұл ел ІЖӨ-сінің 40%-дан астамы, олар бізге таяудағы үш жылда ғана 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын тікелей  ашуға мүмкіндік береді. 

    Алдағы  бес жылда қуатты газ-химиясы  кешенін, минералдық тыңайтқыштар өндіру жөніндегі зауыттарды, бірқатар ірі  электр-энергетикалық стансаларды  – Балқаш ЖЭС-ін, Мойнақ ГЭС-ін, Екібастұз 2-ші ГРЭС-інің жаңа блогын және басқа  көптеген кәсіпорындар пайдалануға  берілетін болады.Соның ішінде атқарылатын 2015 жылға дейн атқарылатын жобалар.  

     Түсті металлургияда Павлодар облысында  Индустриялық аймақ құрылады, онда жыл сайын 15 мың тонна алюминий илемі, 20 мың тонна прокат, 10 мың  тонна профиль және 50 мың тонна  құймалар өндіретін кем дегенде 6 аз тоннажды өндірістер орналасады. Бұдан  басқа, катодтық алтынның шығарылымы 15 тоннаға жоғарылап, байыту және алтын  бөліп шығару фабрикалары бар  қуаты жылына 25 тонна алтын аффинажының  өндірісі артады.             

     Металлургия өнімін өндіру саласында Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар облыстарында 25 шағын  және орта кәсіпорындары құрылады. Ал төменгі кестеде іске қосылатын  кәсіпорындар.  

Кесте 9.

Аймақтр бойынша іске қосылатын өндіріс  орындары 

Қостанай  облысы 1.Ыстық брикетті  темір - жылына 1,4 млн. тонна;

2.Сұрыптық прокат - жылына 75 млн. тонна;

3.Металл прокаты - жылына 450 мың тонна;

Жамбыл  облысы 1.Ферросиликомарганец  - жылына 64,8 мың тонна;

 2. «Тараз металлургиялық зауыты» ЖШС-ның ферроқорытпалар және құрыш балқыту өнімдері зауыты. (Жамбыл облысы, құны 127,9 млн.АҚШ доллары, 1170 жұмыс орны).

Ақтөбе  облысы 1.Феррохром - жылына 440 мың тоннаға дейін;

2.Түйіршіктелген шойын - жылына 500 мың тонна;

Павлодар  облысы 1.Мыс концентратын өндіру - жылына 500 мың тонна; 2. Бастапқы алюминий өндіру - жылына 125 мың тонна;
Шығыс Қазақстан облысы 1.Кеуекті титан  өндіру - жылына 16 мың тонна; 

2.Катод  мысын өндіру - жылына 70 мың тонна;

Қарағанды облысы Болат өндіру - жылына 10 млн. тоннаға дейін;
Ақмола  облысы Кен өндіру - жылына 8 млн. тонна, алтын өндіру - жылына 15 тонна;

 

    Еліміздің  индустрияландыру картасына енген 162 жобаның 16-сы Қарағанды өңірінде іске асырылғалы тұр. Солардың ішінде Жаңаарқа ауданы аумағындағы “Жалын”  және “Бапы” кен орындарында көмір, темір концентратын, “Сары Қазына”  кәсіпорнында мыс өндіру, “ҚазБелАЗ” бірлескен өндірісін құру сияқты ірі істер таяу арада қолға  алынады. Бұған байланысты бүкіл  дайындық жұмыстары толығынан аяқталды. Жаңаарқа жақта табылған көмір қоры 50 миллион тоннаны  құрайды. Биыл 500 мың тонна отын жер-жерге жөнелтіледі.

      Басқада салалар бойынша да  мынандай инвестициялық жобаларды  іске асыру жоспарланып отыр:

    Локомотив құрастыру зауыты, Астана қ. - жылына 100 локомотив және Астана қаласының  АЭА аумағында бөлшектер мен  құрамдас бөліктер өндіру.

    Автомобиль  құрастырып шығару, Шығыс Қазақстан  облысы - жылына 120 000 автомобиль және бөлшектер  мен құрамдас бөліктер шығару жөніндегі  технопарк. Комбайн құрастырып шығару - жылына 800 бірлік, жол-құрылыс техникасы - жылына 200 бірлік және автобус - жылына 300 бірлік, Қостанай облысында, бөлшектер  мен құрамдас бөліктер шығару.

    Магистральды  электровоздар құрастырып шығару, Ақмола облысы - жылына 50 электровоз және бөлшектер  мен құрамдас бөліктер шығару жөніндегі  шағын және орта бизнес кәсіпорындарын дамыту.

    Құрылыс индустриясын дамытудағы мемлекеттік  саясат бәсекеге қабілетті, энергияны  үнемдейтін құрылыс материалдары, қосылған құны жоғары бұйымдар мен конструкциялар өндірісін инновациялық негізде  дамытуға сәулет, қала құрылысы және құрылыс  қызметін мемлекеттік реттеуді жетілдіруге, құрылыс өнімі сапасы мен қауіпсіздігін  арттыруға бағытталатын болады.

    Саланы  дамыту шеңберінде ішкі сұранысты қамтамасыз етуге және экспорт мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған жұмыс  істеп тұрған өндірістерді жетілдіру  және жаңа өндірістерді салу жүзеге асырылады:

    цемент  өндірісінде 2014 жылға қарай 5 жұмыс  істеп тұрған және 4 жаңа кәсіпорында  цемент шығару жылына 13,5 млн. тоннаға  дейін жететін болады (Ақмола, Жамбыл, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау  облыстарында), Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс  Қазақстан, Павлодар облыстарында және Алматы қаласында жалпы қуаты  жылына 2,1 млн. тонна 5 клинкерлік цемент терминалы салынады, жұмыс істеп  тұрған цемент зауытына техникалық қайта  жарақтандыру жүргізіліп, негізгі құралдардың  тозу деңгейі 30%-ға дейін қысқартылады.

    Қыш өндірісінде 2014 жылға қарай қыш  тақтайшалар шығару жылына 13 млн. м  дейін жеткізіледі, Ақтөбе, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарында жылына 1 млн. данаға дейін сантехникалық  қыш өндіру қамтамасыз етіледі, жылына қуаты 200 мың тонна саз өңдейтін байыту комбинаты салынады.

    Шыны  өндірісінде жылына қуаты 140 мың  тоннаға дейін өнім шығаратын  шыңдалған шыны зауытының құрылысы басталатын болады;

    Алдағы  кезеңде жеңіл-өнеркәсіп саланы дамытудың негізгі бағыттары тоқыма, тігін, былғары және аяқ киім өнеркәсібінде жергілікті шикізатты (мақта, жүн, былғары) өңдеу жөніндегі өндірістерді жаңғырту және әртараптандыру үшін ынталандырулар жасаумен байланысты болады.  Қосылған құны жоғары өнімдер шығару мақсатында:

    Ақтөбе, Жамбыл, Алматы және Шығыс Қазақстан  облыстарында жүнді бастапқы өңдейтін кәсіпорындарды жаңғырту, ал Алматы облысында  жүнді  қайта өңдеу жөніндегі толық технологиялық циклды ұйымдастыру үшін жүн кластерін жасау үшін жүн бұйымдарын өндіретін кіші салаларды.

    «Оңтүстік»  АЭА аумағында (ОҚО) қызмет түрлерін кеңейту арқылы кардтық және таралған мақта-қағаз тоқыма, мата мен дайын  тоқыма бұйымдары, тоқыма мен матаны бояу және безендіру, сондай-ақ дайын  тігін бұйымдары өндірісінің  толық технологиялық циклын ұйымдастыру  үшін, оның ішінде «Оңтүстік» АЭА қызмет түрлерін кеңейту есебінен мақтадан жасалған бұйымдар өндірісін (жібек  маталар шығару, маталық емес тоқыма материалдар, кілем бұйымдары мен  гобелендер, мақта целлюлозасын және оның туындыларын, мақта шикізатынан  өндірілетін жоғары сапалы қағаз  және былғарыдан жасалған бұйымдарын шығару); ауыл шаруашылығы жануарларының терісін тереңдете өңдеуді ұйымдастыру үшін былғары және аяқ киім кіші саласын және Тараз және Семей қалаларында былғары-бағалы тері өндірістері негізінде бәсекеге қабілетті тауарлы былғары, тон-бағалы тері бұйымдары мен аяқ киім шығару т.б. Осы аталған барлық іс-шаралардың маңыздылығы индустриялық-инновациялық қызметін жақсарту.Басекеге қабілетті өнім шығару болып табылады[27].

    “Нұр  Отан” ХДП үшін 2020-Бағдарламасын  орындау жұмыстың басты өзегіне  айналуы тиіс. Ешкім сыртта тұрмауы  керек, өйткені, тек осылай ғана біз  Қазақстанның жаңа экономикалық өрлеуін қамтамасыз етеміз деген Елбасы өзінің халыққа жолдау кезінде. Индустриялық даму – бұл біздің жаңа онжылдықтағы мүмкіншілігіміз, ел дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер. Аталған жобаларды сәтті аяқтап оның ары қарай дамуына ықпал етуіміз керек.[7] 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

3. ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-  ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 

    3.1 Индустриялық-инновациялық қызметтің даму жолдарын жетілдіру 

    Индустриалық-инновациялық инфрақұрылымды дамыту үшін мыналар  көзделеді:

  •    индустриалық-инновациялық инфрақұрылым (индустриалық және арнайы экономикалық аймақтар, технопарктер, бизнес-инкубаторлар) қалыптастырудың және дамытудың бірыңғай саясатын әзірлеу;
  • арнайы экономикалық аймақтардың жұмыс істеуі тиімділігін арттыруға, сондай-ақ оларды құру мен орналастыру мәселелеріне жүйелілік беруге бағытталған «Арнайы экономикалық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жаңа редакциясын қабылдау;
  • басым бағыттар бойынша, оның ішінде халықаралық қатысуымен мемлекеттік, салааралық, салалық және өңірлік сипаттағы «технологиялық парктер» мен «технологиялық бизнес-инкубаторлар» желісін одан ары дамыту;
  • жер учаскелерін бөлу, осы қызметтүріне арналған инвестициялық преференциялар беру жолымен индустриалық аймақтар, технопарктер мен бизнес-инкубаторлар құруға жекеменішк бизнесті тарту жөнінде шаралар кешенің әзірлеу;

    Ғылыми-техникалық әлует кез-келген мемлекеттің ұлттық байлығының негізгі саласы. Барлық дамыған елдер тәжірбиесі көрсеткендей, экономикалық даму, көркейудің негізгі  жолы – ғылыми-техникалық және инновациялық салада лидер болу. Инновациялар мен  жаңалықтар экономиканың құлдырауына  төтеп беріп, ғылыми-техникалық прогрестің белсенді түрде дамуына жағдай жасап, ұлттық экономиканың тиімділігі мен  бәсекеге қабілеттілігін жоғарылатады. Сондықтанда бүкіл дүниежүзіндегі кәсіпкерлер инновацияларды тиімді басқару мен ұйымдастыруға ерекше көңіл бөледі. Ал, мемлекет өз тарапынан  ғылыми-техникалық және инновациялық даму саласына қолдау жасап, тиімді саясат жүргізіп отырады. Өйткені мемлекеттік  ғылыми-техникалық және инновациялық саясат – ғылыми-техникалық жетістіктерді  адам игілігі үшін пайдаланып, адамзат  өмір сүру жағдайларын сапалы түрде  жақсартуға бағытталған. Ал бұл бүкіл  адамзат тіршілігі мен шаруашылығының негізгі бас мақсаты. Дамығын елдер тәжірбиесі көрсетуінше экономикалық дамудың негізгі гранты – ғылыми-техникалық салада лидерлік позицияны ұстау[37].

    Барлық елдерде инновациялық саясаттың қалыптасуы мен дамуына түрлі факторлар әсер етті:

  1. Экономикалық дамудың баяулауы;
  2. Энергетикалық кризистердің дамуы;
  3. Жаңа технологиялардың дамуы мен кең мүмкіндіктері;
  4. Инновациялардың эконгмика үшін зор маңыздылығын түсіну;

     Қазір, мемлекет инновациялық процестердің координаторы, ынталандырушысы ролін атқарып  жатқанда, ғылыми-техникалық және технологиялық  саясаттың тапсырмалары мынадай:

  • ғылыми-техникалық және инновациялық саланы заңды шаралар негізінде қолдау, қорғау;
  • өнеркәсіп пен ғылым арасындағы байланысты күшейту, инновацияларды өнеркәсіпке енгізуді жылдамдату;
  • ғылыми-технологиялық даму бағытын реттеу, перспективті стратегиялық салалардың дамуына жағдайлар жасау;
  • ғылыми-технологиялық зеріттеулерге, инновациялық процестерге мемлекет тарапынан қаржыландыру жолдары мен формаларын ұйымдастыру, инвестициялар бағыттауды қолдау, ынталандыру;
  • ғылым саласындағы білім беру, мамандандыру мәселелерін шешу, жоғарғы оқу орындарын, ғылыми институттарды, лабораторияларды қолдау;
  • мемлекеттің экономикалық инновациялар диффузиялары мен технологиялар трансфертін күшейту, отандық өнім өндірісін шетелдік бәсекелестерден қорғау.

    Іс  жүзінде ғылыми зерттеулер мен инновациялық процестерді мемлекеттік қодаудың негізгі кең тараған үш түрлі  әдісі бар:

    1. Ғылыми зерттеулерге мемлекеттің  тікелей қатысуы. Мемлекеттік  бюджеттен қаржыландырылатын ірі  лабораториялар қалыптастыру, нәтижелерін  ақысыз түрде көпшілікке ұсыну.  Әдетте, бұл лабораториялар қорғаныс, энергетика, денсаулық сақтау және  ауыл шаруашылығы мәселерін шешумен  айналысады.

    2. Қайтарымсыз негізде субсидиялар  бөлу. Мемлекеттік емес лабораторияларда  іске асырылатын ғылыми-зеріттеу  жұмыстарына қайтарымсыз негізде  мемлекеттік бюджеттен қаржы  бөлінеді. Негізгі қойылатын шарт  – зеріттеулер үрдісі барысы  бойынша толық есеп беру, алынған  нәтижелерді ашық түрде жариялау.

    3. Ғылыми-техникалық зерттеулер мен  тәжірибелерге инвестиция бөлген  жеке бизнеске салық жеңілдіктерін ұсыну[38].

    Алғашқы екі қаржыландыру әдістері – ғылыми зеріттеулер мен тәжірбиелер  үрдісіне мемлекеттің тікелей қатысуы  және қайтарымсыз негізде субсидиялар  ұсыну, мемлекеттік бюджеттің қаржыландыруына  тікелей негізделген. Мемлекеттік  бюджет қаражатын пайдалану –  ғылыми-техникалық саясатты іске асырудың негізгі қаржы құралы. Бюджет арқылы университеттегі білім беру, мемлекеттік  лабораториялардағы стратегиялық мақсаттарға  негізделген зеріттеулер мен  тәжірбиелер және келісім-шарт бойынша  мемлекеттік емес сектордағы инновациялық процестер қаржыландырылады.

Информация о работе Индустриялық-инновация