Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:46, дипломная работа
Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту. Индустриялық-инновациялық қызмет пен инновациялық белсенділіктерін теориялық, әдіснамалық тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды дамытудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ұсыныстар жасау. Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:
- Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;
- инновациялық инфрақұрылымды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;
- Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;
- еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;
- Қазақстан өңірлерінің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымды жетілдірудегі ықпалын сараптау;
КIРIСПЕ.................................................................................................................
1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Инновацияның экономикалық мәні мен мазмұны..........................................7
1.2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы……………….....12
1.3 Индустриалды-инновациялық саладағы мемлекеттің қызметі....................16
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ
2.1 Республикадағы индустриялық-инновациялық қызметтің жүзеге асуын талдау………………………………………………………………………………21
2.2 Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..................................................................................................30
2.3 Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуын талдау............42
3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Индустриялық-инновациялық қызметтің даму жолдарын жетілдіру…….54
3.2 Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі………………………………………………………………………......61
ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................................................71
Қазақстанның
фармацевтикалық нарығының
Қазақстанның фармацевтикалық кәсіпорындары республика тұтынатын медикаменттердің көлемінен құндық мәніндегі 10 %-дан аспайтын өнім шығарады, бұл уақытта Ресей Федерациясында бұл көрсеткіш 33 %-дан астамын құрайды.
Құрылыс индустриясында және құрылыс материалдары өндірісінде: 2009 жылы өндіріс көлемі 398,5 млрд. теңгені құрады, импорт 347,5 млрд. теңге сомасын құрады, құрылыс материалдары өндірісін дамытуға бағытталған тартылған инвестициялар көлемі 53,6 млрд. теңгені құрады. 2009 жылы Қазақстан Республикасының тұтынуындағы құрылыс материалдарының жалпы өндіріс үлесінің көлемі 53,3 %-ды құрады.
2010 жылғы қаңтар - қазанда құрылыс материалдарының, бұйымдардың және конструкциялардың өндіріс көлемі 150,2 млрд. теңгені құрады. Құрылыс материалдарының, бұйымдардың және конструкциялардың өнеркәсібін дамытуға бағытталған, тартылған инвестициялар көлемі 2010 жылғы қаңтар - қазан ішінде барлығы 22,9 млрд. теңгені құрады, алайда мұндай көлемдер саланы тұрақты дамыту үшін жеткіліксіз, бұл негізгі қорлардың, әсіресе олардың белсенді бөліктерінің күрт ескіруіне алып келеді.
Құрылыс
индустриясының өнеркәсіптік базасы құрылыс
саласындағы өнімдердің көлемдері
мен номенклатурасы бойынша қажеттілігін
толық көлемінде
Жеңіл және ағаш өңдеу өнеркәсібінде 2010 жылы 2009 жылмен салыстырғанда тоқыма және тігін өнеркәсібіндегі өнімдер өндірісінде - 10,4 %-ға; былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар өндірісінде және аяқ киімдер өндірісінде - 28,1 %-ға өсу байқалған. Тоқыма және тігін өнеркәсібінде 2010 жылғы қаңтар - қарашада 20,3 млрд. теңгеге өнім өндірілген, 2009 жылғы тиісті кезеңге есептік кезең үшін өнімдердің нақты көлемінің индексі 86,6 %-ды құрады. Былғары, былғарыдан жасалған бұйымдар мен аяқ киімдер өндірісінде 2010 жылғы қаңтар - қарашада 2,362 млрд. теңгеге өнім өндірілді, 2009 жылғы тиісті кезеңге есептік кезең үшін өнімдердің нақты көлемінің индексі 91,9 %-ды құрады. Жеңіл өнеркәсіп тоқыма, тігін, трикотаж, былғары-бағалы тері және аяқ киім салаларын қамтиды. Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіпте кәсіпорындардың 80%-дан астамы шағын және орта бизнес субъектілері болып табылады. Саланың технологиялық даму перспективалары табиғи шикізаттың, өндірістік қуаттар мен адами ресурстардың болуына байланысты. Қазақстанда жеңіл өнеркәсіптің табысты дамуы үшін қолайлы жағдайлар мен алғышарттар бар - Оңтүстік Қазақстан облысында жыл сайын 400 — 450 мың тонна шитті мақта жиналады, елдегі табиғи шикізат - мақта талшығының өндірісі (жылына 130-170 мың тонна), жүн (15-20 мың тонна) және былғары шикізаты 7,5 млн. данадан астам, табиғи шикізаттан жасалған көрсетілген өнімге сұраныс бар мата мен тоқыманың, киімнің әлемдік тауар нарықтарына экспорттау мүмкіндігі бар. Сала кәсіпорындарының шамамен 80%-ы ескі жабдықтармен жарақтандырылған, жұмысының көптігі 30-40 %-ды құрайды.
Саланың
дамуының жалпы үрдісі оның республика
өнеркәсібінің көлеміндегі
Машина жасау кешеніне 13 кіші сала кіреді: темір жол, мұнай-газ, кен-шахта және металлургия, автомобиль жасау, ауыл шаруашылығы, электр жабдығы және т.б. Қазақстанның өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлеміндегі машина жасау кешені өнімінің үлесі 1990 жылы 15,9%-дан 2009 жылы 2,9%-ға төмендеді. 2009 жылы нарық сыйымдылығы 16 663 млн. долларды құрады, оның ішінде негізгі үлесті 15 475 млн. доллар импорт құрайды, бұл тауар импортының жалпы құрылымында 41% құрайды [18].
Кесте 2.
Қазақстандағы индустриалды-инновациялық қызметтің дамуына
ықпал ететін факторлардың салыстырмалы
сипаттамасы [19]
Оң факторлар | Теріс факторлар |
бай
табиғи ресурстар;
бос өндiргiш қуаттардың болуы; салыстырмалы түрде дамыған ғылыми-техникалық әлеует; технологиялық жағдайлардың қатарында технологиялық баяндамалардың болуы; жеткiлiктi бiлiктi инженерлiк- техникалық қызметшi; жеткiлiктi жоғары жалпы бiлiмдiк деңгейiмен үйлескен арзан жұмыс күші; елдiң екi құрлықтықтың тоғысында географиялық орналасуы; инженерлiк-техникалық кадрларды даярлаудың қалыптасқан жүйесi. инновациялық қызметтi жеткiлiксiз нормативтiк құқықтық реттеу; |
экономиканың
шикiзаттық
бағытталуы; дүниежүзілiк деңгейдегі меншікті технологиялар салаларының шектелуi; iшкi қаржы ресурстарының тапшылығы; инновациялық қызметтiң инфрақұрылымының дамымағандығы; өндiргiш күштердi керi индустриялансыздандыру материалдық-техникалық базаның жарақтануы; техникалық жағынан әлсiз өндiргiш күштердi бөлудегi теңсiздiк; ғылыми-техникалық қызметтi коммерциялау үшiн тетiктер мен нақты экономикалық ынталандырудың жоқтығы; өндiрiстiң жоғары
технологиялық салаларының ішкi рыноктың мардымсыз |
Жоғарыда
аталған факторларды ескере отырып
бәсекеге қабілетті өндірістерді қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Егерде дұрыс талдау
жоспар құрылса аталған екі
Қазақстанның
ұлттық инновациялық инфрақұрылымының
бүгінгі жағдайына жүргізілген
сараптаулар нәтижелері жыл өткен
сайын Қазақстанның ғылыми-техникалық
әлеуетінің қарқындап өсіп емес, төмендеп
келе жатқанын көрсетуде төмендегі
(3-кесте). Мәселен, ЖІӨ ғылыми сыйымдылығы
2008 жылғы небәрі 0,24% болса, 2010 жылы одан
да төмендеп, 0,22%-ға теңесті. Әйтсе де, жеке
сектордың ғылыми-техникалық бағыттағы
белсенділігінің біртіндеп артуы байқалады.
Яғни, жеке капиталдың ғылыми-техникалық
қызметке бағытталған жалпы шығындар
сомасындағы үлесі 50%-дық деңгейден асып,
2010 жылы 56,4%-ға жетті. Сондай-ақ, ЖІӨ-дегі
инновациялық өнімнің үлес салмағы да
төмендегені байқалады, оның деңгейі 2008
жылғы 1,53%-дан, 2010 жылы 0,69%-ға дейін кеміді.
Мұны экономиканың шикізаттық секторының
әлі де болса тартымды болуымен түсіндіруге
болады.
Кесте3.
Қазақстанның
ғылыми-техникалық саладағы әлеуеті
№ | Көрсеткіштер | Жылдар | ||
2008 | 2009 | 2010 | ||
1 | ЖІӨ ғылыми сыйымдылығы, % | 0,24 | 0,21 | 0,22 |
2 | Ғылыми-техникалық салада қызмет етуші халық саны бойынша ЖІӨ ғылыми сыйымдылығы, % | 0,26 | 0,23 | 0,21 |
3 | Мемлекеттік капиталдың ҒТҚ бағытталған жалпы шығындар сомасындағы үлесі, % | 57,6 | 51,1 | 43,6 |
4 | Жеке капиталдың ҒТҚ бағытталған жалпы шығындар сомасындағы үлесі, % | 42,4 | 48,9 | 56,4 |
5 | Инновациялық өнімнің ЖІӨ үлес салмағы, % | 1,53 | 1,19 | 0,69 |
6 | Ғылыми сыйымды сала өнімдерінің ЖІӨ үлес салмағы, % | 2,4 | 2,0 | 1,3 |
7 | 100 мың адамға
шаққандағы патенттелген |
38 | 38 | 39 |
Ескертпе – ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген. |
Инновациялық
инфрақұрылым қызметінің тиімділігі елдегі
ғылыми ортаның нақты жағдайымен
тікелей байланысты екендігін ескере
отырып, оған арнайы зерттеу жұмыстары
жүргізілді төмендегі (9-кесте). Зерттеу
нәтижелері көрсеткеніндей, ғылыми зерттеулер
мен әзірлемелерге жұмсалған
шығындар көлемі жыл санап ұлғайғанымен,
ЖІӨ шаққандағы үлестік көлемі соңғы
екі жыл көлемінде төмендеп отыр.
Ол ЖІӨ қарқынды жоғарылауымен емес,
ғылымға жұмсалатын шығындардың
баяу өсуімен байланысты [20].
Кесте 4.
Қазақстандағы ғылымның қазіргі жағдайы
№ | Көрсеткіштер | Жылдар | |||
2008 | 2009 | 2010 | |||
1 | Жалпы ішкі өнім, млрд. теңге | 10213,7 | 12849,8 | 16052,9 | |
2 | Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған шығындар, млрд. теңге | 24,8 | 26,8 | 34,8 | |
- | ЖІӨ шаққанда пайызбен, % | 0,24 | 0,21 | 0,22 | |
3 | Ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерді орындаған ұйымдар саны, бірлік | 437 | 438 | 421 | |
4 | ҒЗӘ-мен айналысатын персонал саны, адам | 19563 | 17774 | 16304 | |
- | с.і.: ғылым докторлары | 1157 | 1166 | 1191 | |
- | ғылым кандидаттары | 3147 | 3058 | 2861 | |
5 | ҒЗӘ-мен айналысатын
ұйымдарға тиесілі қаражат |
19247,7 | 18782 | 19177 | |
6 | ҒЗӘ-ді жүргізуші персоналдың орта айлық жалақысы, теңге | 51400 | 64108 | 81810 | |
7 | Жоғары білім жүйесіндегі қызметкерлердің орта айлық жалақысы, теңге | 36007 | 45557 | 50877 | |
Ескертпе – ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген. |
Сондай-ақ,
ғылыми зерттеулермен және әзірлемелермен
айналысатын ұйымдарға тиесілі
қаражат көлемінің 2010 жылы 2009 жылға
қарағанда небәрі 2,1% артқанын аңғарамыз.
Мұның өзі аталған ұйымдардың
ғылыми белсенділігінің әлі де төмен
екендігін білдіреді.
Кесте5.
Отандық
кәсіпорындардың инновациялық қызметтерінің
негізгі көрсеткіштері
№ | Көрсеткіштер | Жылдар | ||
2008 | 2009 | 2010 | ||
1 | Респонденттер саны, барлығы | 10591 | 10889 | 11172 |
- | с.і.: инновациясы бар | 505 | 526 | 447 |
инновация саласындағы белсенділік деңгейі, % | 4,8 | 4,8 | 4,0 | |
- | инновациясы жоқ | 10086 | 10363 | 10725 |
инновация саласындағы енжарлық деңгейі, % | 95,2 | 95,2 | 96,0 | |
2 | Инновациялық өнімдердің ЖІӨ-гі үлесі, % | 1,53 | 1,19 | 0,69 |
3 | Инновациялық өнімдердің өнеркәсіптік өндіріс көлеміндегі үлесі, % | 2,4 | 2,0 | 1,3 |
4 | Ғылыми-зерттеу, жобалау-конструкторлық бөлімшелердің саны | 724 | 763 | 745 |
- | осы бөлімшелердегі қызметкерлердің тізімдік саны, адам | 11472 | 9375 | 10781 |
Ескертпе – ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері бойынша есептелген. |