Индустриялық-инновация

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту. Индустриялық-инновациялық қызмет пен инновациялық белсенділіктерін теориялық, әдіснамалық тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды дамытудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ұсыныстар жасау. Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:

- Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;

- инновациялық инфрақұрылымды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;

- Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;

- еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;

- Қазақстан өңірлерінің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымды жетілдірудегі ықпалын сараптау;

Содержание

КIРIСПЕ.................................................................................................................


1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инновацияның экономикалық мәні мен мазмұны..........................................7

1.2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы……………….....12

1.3 Индустриалды-инновациялық саладағы мемлекеттің қызметі....................16

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ

2.1 Республикадағы индустриялық-инновациялық қызметтің жүзеге асуын талдау………………………………………………………………………………21

2.2 Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..................................................................................................30

2.3 Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуын талдау............42

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Индустриялық-инновациялық қызметтің даму жолдарын жетілдіру…….54

3.2 Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі………………………………………………………………………......61

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................................................71

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 752.46 Кб (Скачать)

 

      Елімізде мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шараларға қарамастан инновациялық белсенділікті арттыру әлі де мүмкін болмай отыр. ЖІӨ-дегі жаңа ғылыми өнім үлесінің соңғы жылдары күрт кеміп, 2010 жылы небәрі 0,69%-ға тең болса, кәсіпорындардың ғылыми өнімдер өндіру жөніндегі белсенділігі де 2008 жылғы 2,4% деңгейден 2010 жылы 1,3% мөлшеріне дейін төмендеген. Бұл ғылыми-техникалық қызметтің елдің экономикалық дамуына әлі де негіз бола қоймағанын аңғартады.

    Әлемнің көптеген елдерінде елдерде бұл  көрсеткіш өте жоғары. Мәселен, АҚШ-та 50%, Түркияда – 33%, Венгрияда – 47%, Эстонияда  – 36%. Сондай-ақ, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жаңа білімдері мен  ғылымның негізінде туындаған жетілдірілген  технологиялар, өнімдер, жабдықтардың үлесіне ЖІӨ өсімінің 70-тен 85%-іне  дейін келеді.

    Қазақстан өңірлерінің инновациялық белсенділігі де әр алуан болып отыр, өйткені  ол қолда бар ғылыми-техникалық, қаржылық, еңбек ресурстарға және оларды пайдалау мүмкіндіктеріне байланысты. Сондықтан, өңірлердің инновациялық белсенділігі олардың инновациялық әлеуетіне  байланысты қалыптасуда және де әртүрлі  деңгейді көрсетіп отыр [21].

    Төмендегі 3-суреттің мәліметтеріне сүйене отырып, еліміздегі өңірлерді инновациялық белсенділіктері бойынша үш топқа  бөліп қарауға болады: 
 
 

      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Сурет 3. Қазақстан Республикасының облыстары  бойынша 2010жылғы кәсіпорындардың  инновациялық белсенділік деңгейі, % 

    Ескертпе  – ҚР Статистика агенттігінің мәліметтері  негізінде автормен дайындалған. 

    - төменгі деңгей, бұл топқа Алматы, Ақмола, Маңғыстау, Қостанай, Оңтүстік  және Солтүстік Қазақстан облыстары  және Астана қаласы жатады;

    - орта деңгей, бұл топқа Атырау, Қызылорда, Павлодар, Ақтөбе және  Шығыс Қазақстан облыстары кіреді;

    - жоғары деңгей, бұл топқа Қарағанды,  Жамбыл, Батыс Қазақстан облыстары  мен Алматы қаласы енеді. 

Кесте 6.

Инновациялық белсенді кәсіпорындардың саны [23] 

  2006 2007 2008 2009 2010
Қазақстан Республикасы 352 505 526 447 399
Ақмола 8 12 12 7 7
Ақтөбе 17 23 24 18 16
Алматы 15 20 16 14 10
Атырау 3 22 11 9 8
Батыс Қазақстан 37 63 55 13 47
Жамбыл 19 23 32 23 14
Қарағанды 7 7 12 64 12
Қостанай 42 57 60 13 56
Қызылорда 8 11 16 8 9
Маңғыстау 3 6 6 10 4
Оңтүстік  Қазақстан 10 13 12 17 6
Павлодар 16 39 44 19 19
Солтүстік Қазақстан 8 8 9 10 10
Шығыс Қазақстан 16 17 19 41 15
Астана  қаласы 11 20 22 15 15
Алматы  қаласы 132 164 176 166 151

 

    Жоғарыда  берілген мәліметтерге қарай отырып облыстармен қалалар бойынша  белсенді кәсіпорындардың өсуінде  біркелкілік қарқыны байқалмайды.

    Қазақстанның  жаһандық инновациялық-технологиялық  саладағы бүгінгі деңгейін сипаттайтын  көрсеткіштер еліміздің әлемдік  деңгейден көп төмен екенімізді көрсетіп отыр (7-кесте). 

Кесте 7.

Қазақстанның  және әлем елдерінің инновациялық-технологиялық  саладағы салыстырмалы деңгейі, 2010 жыл 

Көрсеткіштер Қазақстан Әлем елдері
ЖІӨ ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге жұмсалған  шығындар, % 0,22 Швеция – 3,86; АҚШ – 2,67; Жапония – 3,2; Германия – 2,51; Ресей – 1,3
Кәсіпорындардың инновация саласындағы белсенділік  деңгейі, % 4,0 Германия – 82,5; Швеция – 75,3; Австралия – 60,8; Ресей  – 10,0
Өнеркәсіптік  өнім көлеміндегі инновациялық өнімнің  үлес салмағы, % 1,3 Германия – 29; Австралия – 31; Ресей – 3,7
Ел  экспортындағы жоғары технологиялық  өнімнің үлес салмағы, % 2,0 Жапония – 54; АҚШ  – 32; Ресей - 9
1 тұрғынға  келетін ҒЗТКЖ шығындары, АҚШ  долл. 14 АҚШ – 892; Швеция – 875; Германия – 580; Норвегия – 479; Ресей - 420
ҒЗТКЖ-мен  қамтылған халық саны, 1 млн. адамға 629 Жапония – 5287; АҚШ  – 4484; Германия – 3261; Ресей - 3319
1 млн.  халыққа тіркелген патенттер  саны 126 Жапония – 2875; АҚШ  – 701; Германия – 586; Ресей - 165
ҒЗТКЖ-ға жұмсалған қаражаттардағы шетелдік инвестициялардың үлесі 1,6 АҚШ – 18; Ұлыбритания  – 14
    Ескертпе  – Сәбден О. Инновациялық экономика. Монография. Алматы. Автормен құрастырылған [22]. 

 

      Қазақстанның  инновациялық инфрақұрылымы мен  инновациялық әлеуетінің қазіргі жағдайына  жүргізілген зерттеулерді қорытындылай келе, төмендегі жағдайларды атап өтуге болады:

    Біріншіден, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге  жұмсалатын шығындардың көлемі әлі  де мардымсыз. Қазақстанды инновация  әлеміндегі көшбасшы мемлекеттердің қатарына кіргізуді қажет деп тапсақ, онда оның деңгейін экономикасы дамыған  елдердің деңгейіне дейін жеткізу.

    Екіншіден, өңірлердің ғылыми белсенділігі өте  төмен. Оны көтеру үшін ғылыми мақсаттарға  бағытталатын мемлекеттік қаражатты  еліміздегі өңірлердің ғылыми-инновациялық мүмкіндіктерін ескере отырып бөлу.

    Үшіншіден, ғылыми мақсатта пайдаланылатын негізгі  капиталды толықтыруға немесе жаңартуға  қажетті инвестициялардың көлемін  көбейту қажет. Ол үшін ғылыми зерттеулермен айналысуды тартымды ету және ол үшін барлық жеңілдіктер мен ынталандыру тетіктерін енгізу.

    Төртіншіден, Қазақстандағы даму институттарының  ғылыми бағыттылығын арттыруды қолға  алу. Ол үшін инновациялық және инвестициялық  жобаларды қаржыландыру үрдісіне міндетті ғылыми негіздеулер енгізу.

      Бесіншіден, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелердің нәтижелілігін арттыру. Мұны жүзеге асыру үшін мемлекеттік гранттар жүйесін кеңейту және әкімшілік  кедергілерді азайту.

      Алтыншыдан, Қазақстан өңірлері индустриялық-инновациялық және ғылыми-технологиялық даму үшін қажет әртүрлі бастапқы шарттарға  ие және ол шарттар біркелкі емес. Яғни, еліміздің барлық өңірлерінен бірдей индустриялық-инновациялық даму нәтижелерін  күту орынсыз, сондай-ақ, ол өңірлерді  түгелдей инновациялық бағытқа салу да дұрыс емес. Әйтсе де, ҚР Үкіметі  елдің барлық облыстарына индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асырумен байланысты, кей жағдайларда шынайылығы жоқ  әрі қолға алуға тиімсіз жобаларды  жүзеге асыруды міндеттеп отыр.

      Жетіншіден, өңірлерде жүзеге асырылып жатқан жобаларды  индустриялық және инновациялық деп  бөліп, тиісінше оларға мемлекеттік  қолдау көрсету (салықтық жеңілдіктер  беру немесе салықтан босату, төмендетілген  пайызбен несие беру, гранттар тағайындау және т.б.) тетіктерін анықтау. Өйткені, елімізде қолға алынған жобалар  көбіне инновациялық бағыттан гөрі индустриялық бағытқа сәйкес келеді. Бұл Қазақстан  мен оның өңірлерінің шынайы инновациялық әлеуеті мен инновациялық белсенділігін  анықтауға мүмкіндік береді.

    Сегізіншіден, елімізде көрініс тапқан инновацияларды технологиялық және үрдістік деп  бөліп, тиісінше өңірлерді де технологиялық  инновацияларға икемді немесе үрдістік инновацияларға икемді деп бөлу. Яғни, технологиялық инновациялар өндірістік және тауарлық сипаты бар жаңа немесе жетілдірілген өнім түрінде көрініс  табады. Ал, үрдістік инновациялар мемлекеттің, ынталы топтардың қоғамдық, әлеуметтік қатынастарды жетілдіруімен, қоршаған ортаның тазалығын немесе тиімділігін  қамтамасыз ету мақсатында атқаратын  шараларымен байланысты. Тиісінше, өндірістік және инновациялық инфрақұрылымы  мейлінше дамыған және ғылыми әлеуеті  жоғары өңірлерді негізінен технологиялық  инновациялармен шұғылдануға жұмылдырып, елдің инновациялық дамуын сол өңірлердің белсенділігімен байланыстыру.

    Тоғызыншыдан, инновацияларды шикізатты өңдеу  және дайын өнім шығару салаларында  дамытуды шындап қолға алу. Бұның  себебі – Қазақстан Республикасының  ұлттық экономикасын өркендетудің басым  бағыттарының қатарында тамақ өнеркәсібі, металлургия сынды салалармен қатар  құрылыс, туризм, көлік инфрақұрылымы  сияқты салалар да бар. Автордың пікірінше, осы басым бағыттардың өзін екіге  бөліп, біріншілерінің инновациялық бастамаларына  айрықша ынталандырулар мен жеңілдіктер  берілуі керек. Онсыз нақты өндірістердің  инновациялық белсенділіктерін көтеру қиын.

    Өйткені, өнім өндіруші салалар қызмет көрсету  және жұмыстар орындау салаларына қарағанда  қашан да күрделі, өндірістік циклы  мен капиталдың қайтарымы ұзақ, бәсекелік  ортасы тығыз кәсіпкерлік қызмет түріне жатады. Бұларға қоса, өндірістік сфера бастапқы капиталды көбірек  қажетсінетін, әрдайым айналым құралдарының үздіксіздігі мен негізгі құралдардың  жаңарып отыруын талап ететін шаруашылық түрі болып саналады.

    Оныншыдан, отандық инновациялық инфрақұрылым элементтерінің өндірістік бағыттылығын арттыру. Оны дәстүрлі өндірісті  қолға ала отырып, кейіннен ғылыми-зерттеу  жұмыстарын жүргізу нәтижесінде  бірте-бірте бұл өндірістік жүйені инновациялық тұрғыдан дамытуға болады. Яғни, технопарктер мен технологиялық  бизнес-инкубаторларда орналасатын  кәсіпорындардың бастапқы қызметінің инновациялық болуы міндетті емес. Бірақ, міндетті түрде оның кейінгі  қызметі инновациялануы тиіс. Бұл  қадам арқылы қазіргі кезде жұмыссыз тұрған еліміздегі көптеген технопарктер мен технологиялық бизнес-инкубаторлардың  жұмысын жандандыруға мүмкіндік  туады [24].

      2009 жыл Қазақстанды индустриялық  дамытудың жаңа кезеңі болды.  Дағдарыс экономикадағы белгілі  бір проблемаларды қалқытып шығарды,  сондықтан да Мемлекет басшысы  Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан»  ХДП кезектен тыс ХІІ съезінде  Үкіметке дағдарыстан кейінгі  кезеңдегі дамуға бағытталған  2020 жылға дейінгі ұзақмерзімді  стратегияны жасауды тапсырды.

Өзекті  құжаттардың бірі 2010-2014 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық жеделдете даму бағдарламасы болмақ, ол Мемлекет басшысының  Жарлығымен бекітіледі [25].

       Сонымен қатар салалық бағдарламалар, шеберлік-жоспарлары жасалады. Дәйектілігі мен сабақтастығын сақтау мақсатында мемлекеттік бағдарлама мен салалық бағларламалар бұрын қабылданған индустриялық-инновациялық даму стратегиясымен, кластерлік бастамалармен, «Қазақстанның 30 корпоративтік көшбасшысы» бағдарламасымен, көлік стратегиясымен және индустрияландыру саласындағы басқа да бағдарламалық құжаттармен ұштастырылады. Индустриялық-инновациялық жеделдете даму - бұдан көп бұрын басталып, бүгінгі күнге дейін ұласып отырған мемлекеттік экономикалық саясаттың жалғасы [26].

      Біздің  индустрияландыру әлемдік экономика  дамуының бүгінгі үрдісіне сәйкес болуы  тиіс». Жаңа индустрияландыру саясаты  ауқымында мына басымдықтар белгіленді:                 

      Бірінші. Бұл – агроөнеркәсіптік кешен  және ауыл шаруашылығы өнімдерін  өңдеу. 2015 жылға дейін экспорттың жалпы көлеміндегі ауыл шаруашылығы  өнімдерінің үлесін 8 пайызға жеткізу  міндеті қойылып отыр. Аталған  және басқа да жобалардың есебінен агроөнеркәсіп кешенінің жалпы  қосылған құны таяу уақыттарда 16 пайызға  дейін ұлғайтылып, 10 мыңнан астам  жұмыс орны ашылуы тиіс.                                                            

      Екінші. Құрылыс индустриясын және құрылыс  материалдары өндірісін дамыту. 2015 жылға қарай ішкі өндіріс есебінен нарықтың 80 пайыздан астам қажетін қанағаттандыру көзделіп отыр. Құрылыс кешенінің жалпы қосылған құны кемінде 76 пайызға арттырылатын болады.

      Үшінші. Мұнай өңдеуді және мұнай-газ  секторының инфрақұрылымын дамыту. 2014 жылға қарай отандық мұнай  өңдеу зауыттары жоғары сапалы мұнай  өнімдері – бензин мен авиакеросинге  ішкі қажеттілікті толық қанағаттандыруы  тиіс. Отын-энергетика кешеніндегі  жалпы қосылған құн кемінде 30 пайызға  артпақ.                                        

      Төртінші. Металлургияны және дайын металл өнімдері өндірісін дамыту. 2015 жылға  қарай металлургия өнеркәсібінің  өнімдері өндірісі мен экспорты көлемін  екі есе арттыру міндеті қойылып  отыр. Металлургия өнеркәсібінде  тереңдете өңдеуді және жаңадан  қайта бал-қыту есебінен жалпы қосылған құн кемінде 107 пайызға өсуі тиіс.                                              

      Бесінші. Химия, фармацевикалық және қорғаныс өнеркәсібін  шапшаң дамыту. 2014 жылға дейін отандық  өндіріс есебінен дәрілік препараттарды  ішкі тұтыну 50 пайыздан асып түсуі қамтамасыз етілуі  тиіс                                                         

      Алтыншы. Бұл – таза энергетиканы қоса алғанда  жалпы энергетиканы дамыту. Елдің  электр энергиясы жөніндегі ағымдағы және келешектегі қажеттілігі жабылуы  тиіс. 2015 жылға қарай экономиканың энергия сыйымдылығы 10 пайызға төмендеуі  тиіс.                                 

      Жетінші. Көліктік және телекоммуникациялық  инфрақұрылымды дамыту. Барлық инфрақұрылымдық  салаларды дамыту жөніндегі жоспарларды  жүзеге асыру жалпы қосылған құнның 63 пайыз өсімін қамтамасыз етуі тиіс. Ақырында, басымдық бағыттар бойынша барлық ресурстарды теңдестіре жұмылдыру экономикаға қосымша 7 триллион теңгеден астам жылдық қосымша құн жасауы тиіс [13].

Информация о работе Индустриялық-инновация