Индустриялық-инновация

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту. Индустриялық-инновациялық қызмет пен инновациялық белсенділіктерін теориялық, әдіснамалық тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды дамытудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ұсыныстар жасау. Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:

- Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;

- инновациялық инфрақұрылымды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;

- Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;

- еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;

- Қазақстан өңірлерінің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымды жетілдірудегі ықпалын сараптау;

Содержание

КIРIСПЕ.................................................................................................................


1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инновацияның экономикалық мәні мен мазмұны..........................................7

1.2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы……………….....12

1.3 Индустриалды-инновациялық саладағы мемлекеттің қызметі....................16

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ

2.1 Республикадағы индустриялық-инновациялық қызметтің жүзеге асуын талдау………………………………………………………………………………21

2.2 Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..................................................................................................30

2.3 Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуын талдау............42

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Индустриялық-инновациялық қызметтің даму жолдарын жетілдіру…….54

3.2 Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі………………………………………………………………………......61

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................................................71

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 752.46 Кб (Скачать)

    Белсендi мемлекеттiк инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн инвестициялық  бағдарламаларды қолдаудың арнаулы  ұйымдастыру нысандарын құру қажет. Мемлекеттiк инвестициялар жүйесiн  неғұрлым ұтымды құру үшiн жұмыс iстеп тұрған Ұлттық қормен қатар даму бюджетi, мемлекеттiк кредиттік дамыту ұйымдары сияқты мемлекеттiк қаржы институттарын дамыту талап етiледi [9].

      Қазіргі кезде көптеген дамушы мемлекеттер  өз экономикасы үшін дамыған елдердің капиталын тиімді пайдаланып отыр. Дамудың жоғары деңгейіне жету үшін жаңа индустриалды елдер алдыңғы  қатарлы технология мен тікелей  жеке меншік капиталды инвестициялау  мүмкіндіктерін пайдаланады. Сондықтан  да шетелдік инвестициялардың басты  мақсаты басқа мемлекеттерде  жұмыс орындарын көбейтуге, жалақыны дер кезінде төлеуге, жаңа техникалық құрал-жабдықтарды алуға және үлкен  нарық құруға мүмкіндік береді. Шетелдік инвестицияларды тарту ісі мемлекеттен нақты қолдау табуы тиіс. Шетел капиталын ұлттық экономикаға тарту өте пайдалы процесс. Біріншіден, шетелдік инвестициялар елдің өндірістік базасын жедел жаңартуға және оның өндірістік мүмкіндіктерін арттыруға көмектеседі. Екіншіден, шетел фирмалары жаңа өндіріс орындарын ашумен қатар, капиталистік бәсекелік күресте шыңдалған еңбек пен өндірісті ұйымдастыру тәжірибесін ала келеді.

      Біздің  экономикаға ірі инвестицияларды  келтіру үшін бірнеше шарттарды  орындау қажет. Біріншіден, мемлекет шетелдік инвестицияларға қауіпсіздік  кепілдігін беруі керек. Екіншіден, мемлекет шетел инвесторларына пайданы  тұрақты валютаға ауыстырып әкетуіне жағдай жасауы керек. Шетелдік инвестициялар  қоғамдық санада әлі де елді кіріптар етудің, оны шикізат шылауына айналдыру  мақсатындағы экономикалық интервенцияның құралы ретінде көрініп отыр.

      Өндіргіш  күштердің дамуына, интеллектуалдық  потенциалына, ғылыми зерттеулерге, біліктілікті, білімді және жұмыскерлердің тәжірибесін  жоғарылатуға жұмсалған салымдар шынайы инвестицияға жатады. Мысалы, АҚШ-та, Жапонияда  және басқа да дамыған елдердің білімге  және ғылымға жұмсалатын салымдары  олардың өнім өндіруге салынған салымдарынан едәуір көп. Кей жағдайда мұндай инвестицияларды интеллектуалдық деп те атайды.

      Инвестицияларды шет елден тартудың негізгі себебі ішкі нарықтың кеңеюі кезіндегі капитал  қажеттігі болып табылады. Оны  тиімді пайдаланса, ол экономикалық өсу  мен өндірісті жаңартудың маңызды  көзі болады. Инвестициялар сыртқы қарызды ұлғайтпайды, олар жұмыс  орындардың көбеюіне, жаңа технологиялардың келуіне, ұлттық өндірісті модернизациялауға, сыртқы экономикалық тиімді байланыстарды  орнату процесін жылдамдатуға әсер етеді [10].

      Мемлекет  басшысы Нұрсұлтан Назарбаев шетелдерде және елімізде еңбек етіп жүрген қазақстандық жас ғалымдар мен менеджерлердің бір тобымен кездесу барысында ғылымды реформалау, жас ғалымдарды қолдау, инновациялық экономиканы дамыту, ғылымды басқарудың моделін қалыптастырудағы шетелдік озық тәжірибелерді қолдану мәселелері жөнінде пікір алмасты. Бүгінгі таңда жан-жақты дамыған ғылымсыз өркениетті елдердің қатарына қосылу мүмкін емес екені жалпыға белгілі ақиқат. Ел экономикасының өзегі білім мен ғылымға негізделуі тиіс. Осы кездесуде Мемлекет басшысы айтқанындай, Қазақстанда 2010 жылға қарай ғылыми зерттеулерді қаржыландыру көлемін ЖІӨ-ге шаққанда 2%-ға дейін арттырылды. Елбасының пікірінше, бұл АҚШ немесе Жапония сияқты елдердің деңгейіне сәйкес. Ал соңғы жылдары қазақстандық ғылымды қаржыландыру мөлшері 7 есеге артқан.

      Осы кездесу барысында Мемлекет басшысы  Қазақстан Еуразиялық кеңістіктегі ғылыми-инновациялық салада көшбасшы болуға тиіс деп атап көрсетті. «Біз ғылыми-инновациялық салада жарып алға шығуға тиіспіз. Еуразиялық кеңістікте осы саладағы көшбасшылардың бірі болуымыз қажет. Сондықтан да күн тәртібінде елімізді «білім экономикасына» көшіру мәселесі тұр», - деді Елбасы өз сөзінде [11].

      Өндіруші  сектордың тиімділігі мен макроэкономикалық  қайтарымдылығын едәуір арттыру  үшін шетелдік және жергілікті инвесторларды  тартуды экономиканы әртараптандырумен  тікелей байланыстырып, осы арқылы жаңа келешегі зор өндірістер құру жөніндегі маңызды міндеттерді  шешу керек. Үкімет тиісті заң жобасының қажеттігін қаперге ала отырып біздің табиғи ресурстарымызбен жұмыс істейтін ірі инвесторлардың алдына Қазақстанды индустрияландыруға үлкен әрі нақтылы үлес қосуы жайында мәселе қоюы керек. Мемлекеттiк инвестициялық саясаттың индустриалды-инновациялық дамуға қатысты мақсаты қаржыландыру көзiн, жеке сектордың мемлекеттiң араласуынсыз шамасы келмейтiн салаларды инвестицияларды қолдау мен тартудың тиiстi тетiктерiн айқындау болып табылады. Мемлекеттiк инвестициялық саясатты жүргiзу шикiзаттық емес өндiрiстердi дамыту мақсатында жеке инвестицияларды ынталандыру және мемлекеттiк инвестицияларды жүзеге асыру жөнiндегi шаралар кешенiнiң үйлесiмi болады.

      Индустриалды-инновациялық даму саласында жүзеге асырылатын мемлекеттiк  инвестициялардың көздерi республикалық  және бюджет қаражаты, сондай-ақ мемлекет бақылауындағы кәсiпорындардың (дамудың  мемлекеттiк қаржылық ұйымдары, ұлттық компаниялар, мемлекеттiк кәсiпорындар) қаражаты болады. Жер қойнауы инвестициялары жеке инвестицияларда айтарлықтай  үлеске ие, олардың экономиканың басқа  салаларын дамытуға мультипликативтi әсерi болар едi. Мұндай тиiмдiлiктi алу  мақсатында жер қойнауын пайдаланушылармен  келiсiмшарт жасасу кезiнде инвесторлардың кiрiстерiнiң бiр бөлiгiн iлеспе қайта  өңдеу өндiрiстерiн құру мен дамытуға салу, отандық өндiрушiлердiң жабдықтар  мен қосалқы бөлшектер жеткiзiп  беруiне тапсырыстар орналастыру  жөнiндегi мiндеттемелерiн ескертiп  айту керек. Қызметтiң басым түрлерiне тiкелей отандық және шетелдiк инвестициялар ағыны өсiмiнiң есебiнен ел экономикасын теңгермелi дамытуды қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасына 2003-2005 жылдар кезеңiнде тiкелей инвестициялар тарту бағдарламасы әзiрленiп, оның негiзгi бағыттарының бiрi өңдеушi өнеркәсiптi дамыту болып табылады.                                                         

         Алайда, өңдеушi өнеркәсiптiң, оның iшiнде инновациялық сектордың  салалары жеке инвестор үшiн тартымсыз  болып қалып отыр. Осыған орай өңдеушi өнеркәсiпке жеке инвестициялар  тарту үшiн қолайлы инвестициялық  жағдай жасау мемлекеттiң мiндетi болып табылады

         Қазіргі кездегі  негізгі мақсат жаңа инновациялық кәсіпорындардың  жетіліп дамуына жағдай жасайтын, олардың бәсекеқабілеттілігін көтеретін  нарықтық механизмдерді барынша  дамытып, экономиканың шикізат өндіру бағытынан қосылған құны жоғары, сапалы дайын өнім өндіруге бет бұру. Ал шикізаттық емес салалардың қарқынды дамуы үшін салықты төмендету, ыңғайлы  инвестициялық климат қалыптастыру, модернизациялық процестерді жеделдету, еңбек нарығын тиімді пайдалану керек [12].  

      

     1.3  Индустриалды-инновациялық саладағы мемлекеттің қызметі  

      Жалпы алғанда, экономиканы әртараптандыруды мемлекеттік қолдау макро және секторлық  деңгейлерде экономикалық саясаттың  жүйелі шараларын, сондай-ақ экономиканың нақты секторларын және жобаларды  қолдаудың селективті шараларын  іске асыру арқылы жүзеге асырылатын болады. Экономикалық саясаттың жүйелі шаралары қолайлы макроортаны және инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, ұлттық экономиканың өнімділігі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөніндегі шараларға шоғырланатын болады. Селективті шаралар басым секторлар мен жобаларды қаржылық және қаржылық емес қолдау шараларының құрамдастырылған пакеті негізінде жүзеге асырылатын болады. Мемлекет өзінің бизнеспен өзара іс-қимылын республикалық және өңірлік деңгейде де тиімді ынтымақтастық институттарын қалыптастыру негізінде жүйелі түрде құрады. Экономиканың объективті жағдайына барабар болатын 2015 жылға дейінгі индустрияландыру саясатының траекториясы ресурстық, инфрақұрылымдық, институционалдық және технологиялық шектеулермен ішкі келісушілікте болады[13].

     Бағдарламаға енгізілетін экономиканы әртараптандыруды және технологиялық жаңғыртуды ынталандыратын тетіктердің жүйелік сипаты:

  • қолайлы макроэкономикалық жағдай жасауды;
  • бизнес-ахуалды жақсартуды және инвестициялар ағынын ынталандыруды;
  • жаппай технологиялық жаңғыртуды және ұлттық инновациялық жүйені дамытуды;
  • адами капитал сапасын арттыруды қамтамасыз етеді.

    Экономиканың  басым секторларын дамытуға мемлекет пен бизнес ресурстарын шоғырландыру мемлекет пен бизнес шешімдерін келісудің  интерактивті процесімен, мониторингтің  қазіргі заманғы ақпараттық жүйелері мен іске асырудың нақты құралдарын пайдаланумен бірге жүреді.   2000 жылдың басында негізі салынған индустриялық-инновациялық даму бағыты Қазақстан экономикасының негізгі тәуекелдерінің стратегиялық дұрыс екенін көрсетті: экономиканы әртараптандырудың және шикізатқа тәуелділіктен кетудің баламасыз бағыты таңдалды. 

     Бұл кезеңде индустрияландырудың базалық институционалдық негіздері:

  1. экономиканың орнықтылығын қамтамасыз ететін Ұлттық қор;
  2. серпінді бағыттарды іске асыруға мемлекеттің әлеуетін шоғырландыратын «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ;
  3. әртараптандыру процесін қамтамасыз ететін даму институттары;
  4. мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылы мен әрекеттерін үйлестіру үшін     келіссөз алаңдары құрылды.

         Инвестициялық саясат шеңберінде инвестицияларды ынталандырудың құқықтық және экономикалық негіздерін анықтайтын заңнамалық база жетілдірілді. Бұл шаралар мұнай-газ өндіру секторының өсуімен байланысты экономиканың белсенді өсуі кезеңінде экономиканың мұнайға қатысты емес секторының да барабар өсуін қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнестің одан әрі қалыптасуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Белгілі бір нәтижелерге қарамастан, әртараптандыру және инновациялық даму саясаты дамушы нарығы бар елдердің объективті ресурстық экономикаларына тән бірқатар жүйелі әсерлердің бар болуына байланысты толық түрде іске асырылған жоқ олар мыналар:

    1)  ресурстарды (инвестициялық, еңбек) шикізат секторларына қайта бөлу әсерін жаңғыртуға ықпал ете отырып, экономиканың «голланд ауруы» белгілерінің көрінуі;

    2) бұл кезеңде нарықтық тетік экономиканың жекелеген секторларының «қызып кетуін» болдырмайтын белгі беруге мүмкіндігі болмады және мемлекетке экономиканың «дұрыс» құрылымын құруға көмектесе алмады;

    3) әртараптандыру саясаты оны ілгерілету үшін қажетті шекті көлемнің болмауына кезікті [14].

    Рыноктық  қатынаста бәсекенiң дамуымен экономикада мемлекеттiң рөлi төмендейдi. Бiрақ дамыған елдер тәжiрибесi бойынша тек қана нарықтық принциптер негiзiнде материалдық-техникалық базаның қалыптасуы мүмкiн емес. Елдегi инновациялық даму мемлекеттiң араласуынсыз оң нәтиже бермейдi, сондықтан инновация мен инвестиция мемлекеттiң реттеудiң объектiсi болып табылады. Көптеген дамушы елдер табиғи ресурстарға бай бола тұра, тұрақты дамуға қол жеткізе алмады. Қысқа мерзімде шикізат экспорты бұл елдердің мемлекеттік қазынасына табыс әкеліп, тұрғындардың әл-ауқатын көтереді. Алайда уақыт өте келе жоғары табыс экономиканы құлдыратады, яғни мемлекетті шикізат экспортынан және оның әлемдік рыноктағы жағдайынан тәуелді етіп, шикізатты аз қажет ететін жаңа саланың дамуын ынталандырмайды және шикізаттың күндердің күнінде таусылатынын еске алсақ, бұл мәселенің қаншалықты маңызды екенін түсінеміз. Дәл осы жағдайдан шығудың бiр-ақ жолы бар, ол - жоғары технологиялық өндірісті дамыту.

    Қазіргі таңда ел экономикасы дамуының шешуші факторлары - ғылым мен инновациялық технологиялар екеніне күннен-күнге  көз жеткізіп келеміз. Бүкіл әлемде озық технология мен техниканы насихаттайтын 1951 ж. Калифорнияда құрылған дүние жүзіндегі  ең алғашқы технопарк – АҚШ-тағы “Силикон аңғарының” пайда болуына  негіз болды. Өткен ғасырдың 80-жылдары  технопарктер тек АҚШ, Еуропада ғана емес, Канада, Сингапур, Австралия, Бразилия, Индия, Қытай, Жапонияда да құрыла бастады.

      Жапондықтар жаңа өнімді ойлап табу және оны жасап шығару жылдамдығынан американдықтар мен еуропалықтарды да басып озады. Жаңа автокөлік Жапонияда 1 айдан кейін шықса, АҚШ-та –4, Еуропада 2 айдан кейін шығады. Жапондықтар үшін өнімнің сапасын қажетті деңгейге жеткізу үшін 4 ай жеткілікті, ал АҚШ-та бұл көрсеткіш- 11 ай.  

      Ал  Қытайда жаңа техника мен жоғары технологияны өндіріске енгізумен 1950 ж. құрылған ҒТИП /ғылыми-техникалық индустриалды парктер/ айналысады. Онда технологиялық жетістіктер коммерциялық және өндірістік жағынан қарқынды жылдамдықпен игеріледі. ҒТИП қарамағына әр түрлі саладағы ғылыми орталықтар мен кәсіпорындар кіреді. ҒТИП олардың құрылуына жағдай жасайды, ғылыми зерттеулерін жүргізуге көмектеседі, ақпарат және қаржымен қамтамасыз етілуін қадағалайды, бір сөзбен айтқанда, кәсіпорынға “қолайлы орта” жасайды. Қытай экономикасына үлкен үлес қосып, инновацияны дамытып отырғанын ҒТИП құрамына кіретін кәсіпорын санының өсуінен байқаймыз. 1991ж. – 2587, 1992ж. – 9678,  1996ж. –13722, 2000 ж. –20796. 

    Ал  Корея Республикасы /Оңтүстік Корея/ ғылым мен техниканы соңғы 50 жылда  өте қарқынды дамытты. Екінші дүниежүзілік соғыстан әлемдегі ең кедей елдердің бірі болып шығып, соғыстан кейінгі  зерттеулердің басым бөлігін  қорғаныс, ядролық және космостық  салаларға бағыттады. Корея Республикасы ғылыми-техникалық саясатын өткен ғасырдың 60-жылдарының ортасында қолға алды. 1967 ж. басты міндеті ғылыми-техникалық саясатты жобалау және жүзеге асыру болып табылатын Ғылым және технология Министрлігі құрылды және “Ғылым мен техниканы қолдау туралы” Заң қабылдады. Осыдан кейінгі дамуы 5 жылдық кезеңдерге жоспарланған.

    Финляндия 1991 жылға дейін экспортының жартысын КСРО-ға жіберетін. КСРО тарап кеткеннен  кейін және 90- жылдардағы экономикалық дағдарыс Финляндия экономикасына  да жағымсыз әсер етті. Мысалы, жұмыссыздық  деңгейі 1991 ж. 3,5% -дан 1993 ж.20% -ға дейін  өсіп кетті. Осы келеңсіз жағдайдан  шығу үшін Финляндия Үкіметі 1991ж. жаңа экономикалық бағдарлама қабылдады.Оның міндеті - Финляндияны дамыған елдер  қатарына қосу. Осы бағдарламаны жүзеге асыру мақсатымен Үкімет ұлттық инновациялық жүйені құрды. Оның қызметін тікелей  Финляндия Президенті қадағалайды

Информация о работе Индустриялық-инновация