Индустриялық-инновация

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту. Индустриялық-инновациялық қызмет пен инновациялық белсенділіктерін теориялық, әдіснамалық тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды дамытудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ұсыныстар жасау. Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:

- Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;

- инновациялық инфрақұрылымды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;

- Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;

- еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;

- Қазақстан өңірлерінің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымды жетілдірудегі ықпалын сараптау;

Содержание

КIРIСПЕ.................................................................................................................


1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инновацияның экономикалық мәні мен мазмұны..........................................7

1.2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы……………….....12

1.3 Индустриалды-инновациялық саладағы мемлекеттің қызметі....................16

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ

2.1 Республикадағы индустриялық-инновациялық қызметтің жүзеге асуын талдау………………………………………………………………………………21

2.2 Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..................................................................................................30

2.3 Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуын талдау............42

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Индустриялық-инновациялық қызметтің даму жолдарын жетілдіру…….54

3.2 Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі………………………………………………………………………......61

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................................................71

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 752.46 Кб (Скачать)

     XXI ғасырда әлемде мемлекеттiк экономика жүйесiнiң дамуының үш түрi айқын көрiндi. Оларға: шикiзаттық бағыттағы экономика; дамушы экономика; индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы.

    Мұнда шикiзаттық бағыттағы экономикаға жер қойнауында қазба байлықтары көп елдер жатады және олардың экономикасы экономика дамуында тұрақсыз шикiзаттық бағытқа негiзделген. Дамушы экономикаға жаңа технологияларды қолданушы елдердi жатқызамыз және олардың дамуына тiкелей шетел инвестициялары әсер етедi. Ал экономика дамуында ең тиiмдi жол болып табылатын индустриядан кейiнгi қоғам экономикасы, ол ғылыми-техникалық потенциялды жоғары дамыған елдерде орын алуда.  

    Кесте 1.

Экономикалық  қоғамдардың негiзгi сипаттамасы

Қоғам түрi Индустрияға  дейiнгi Индустриалды Индустриядан  кейiнгi
Мақсаты Өмiр сүру Экономикалық  өсу Өмiр сүру сапасын  арттыру
Базалық ресурстары Табиғат күшi, флора, фауна Пайдалы қазбалар Бiлiм
Таным методологиясы Жекеден қоғамға Қоғамнан жекеге Жүйелiк анализ
Жүйелiк  сипаттамасы, бiлiм беруi Бiлiм беру практикалық тәжiрибеде Мамандандырыл-ған  дайындық, техника-инженерлiк Жеке салаға маманданған университеттiк бiлiм
Энергияны қолдану Бiр реттi Көп реттi Энергетикалық ресурстарды қолдануды оптималдау
Өндiрiстiк  қызметтi ұйымдастыру сипаттамасы Индивидуалды, коллективтi Конвейер Жүйе, CALS технология
Экономика құрылымы Алғашқы Екiншi

Үшiншi

Төртiнші

Бесiнші

Қызмет  түрi Өндiрушi Өңдеуші

Инфрақұрылым-дық

Сервистік

Ақпараттық

Қызмет  көрсетудiң негiзгi бағыты Ауыл шаруашылығы, пайдалы қазбалар өндiру Өнеркәсіптік  өндіріс;

Сауда,қаржы, көлік,

байланыс

Денсаулық, мәдениет, коммуналдық қызмет;

Жинау, сақтау, өңдеу, ақпарат беру


      Сонымен қатар, инновациялар өнімнің маңыздылығы мен қызмет ету сфераларына байланысты: салааралық, салаішілік, кәсіпорын ішіндегі инновация деп бөлінеді. Салаарлық ішіндегі инновация - екі немесе одан да көп сала арасындағы байланыстың нәтижесінен пайда болған инновация.                    Салаішілік инновация - белгілі бір сала ішінде ашылған жаңалық. Кәсіпорын ішіндегі инновация- кәсіпорын ішіндегі инновациялық жаңалық, яғни кәсіпорын жұмысының сапасына тиімді әсер ететін  фактор. Атақты экономист Г.Менш инновациялардың 4 категориясын көрсетеді:

     1) Базистік инновациялар. Мұндай инновациялар көмегімен нарыққа бұрын болмаған жаңа тауарлар, қызметтер, машиналар, технологиялар келеді. Олар күрделі ғылыми зерттеулерді қажет етеді және аса ірі сомадағы капитал салымдарын қажет етеді;

     2) Жақсартылған инновациялар. Мұндай  инновациялар нарықта бір тауарлар  мен қызметтердің белгілі бір  қасиеттерін немесе параметрлерін  жетілдіруге бағытталған;                                                                                                                   

     3) Кешенді инновациялар. Мұндай инновациялар  әлемдік тәжірибеден өткен және  екі немесе одан да көп саланың  жиынтығынан немесе бірлесуінен  қалыптасатын өнімдер мен қызметтерден құралады;

     4) Радикалды инновация. Мұндай инновациялар  қоғамда жаңа салалардың немесе  ғылыми бағыттардың қалыптасуына алып келеді.

         Инновацияның дамуына қозғаушы күш нарықтық бәсекелестік болып табылады. Бұл жердегі инновациялық өнім дегеніміз – түрлі дәрежеде технологиялық өзгерістерге ұшыраған өнім. Ол мына бұйымдарды қамтиды:

1)жаңа (қайта енгізілген)- радикалдық өнімдік  инновация;

2) жетілдірілген  бұйымдар;

3)жаңа  немесе өндірістің елеулі жетілдірілген  әдістерінде құрылған 

бұйымдар- өзге де  инновациялық өнімдер.

       Инновацияны зерттеушілер жаңа өнімнің «өмірге келу» процесін 7 элементке жіктеп көрсетеді:

    1) Инновациялық идеяның тууы.

    2) Жаңа өнімді шығару.

    3) Өнімді өткізу нарығын анықтау.

    4) Сұранысты анықтау.

    5) Өнімді жарнамалау.

    6) Сату процесін ұйымдастыру.

    7) Өнімді өткізу.

      Технополис  бұл қаланың немесе аймақтың өмірін қамтамасыз ететін технопарктер, инкубаторлар және құрылымдар кешені. Яғни, технополис жекелеген аймақ немесе қала негізінде құрылған және сол аймақтың өмірлік қызметін қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымы бар ғылыми өндірістік кешенді білдіреді. Сонымен қатар, инновациялық өнімді нарықтық жағдайда өткізу көлемін арттыру, оған деген сұранысты жоғарылату мақсатында тауарлардың бағасын төмендету, тұтынушыларға қосымша сыйлықтар ұсыну сияқты жанама тәсілдерді қолданылады.

      Белгілі бір мерзімді аяқтап, өзін-өзі өтеген инновациялық өнім ескіріп кетпеу үшін оны келесі нарыққа немесе аймаққа  ауыстыру қажеттілігі туындайды. Инновацияның құрылымы келесідей: технопарктер, технологиялық инкубаторлар және инновациялық орталықтар.

      Технопарктер  дегеніміз – ғылымды, білімді  және өндірісті территориялық жағынан  біріктірудің капиталистік елдердегі  жаңа, бірақ қазірдің өзінде кеңінен  таралған тиімді нысаны, ол ғылыми-техникалық талдамалардың және жаңа технологияның  өндірісіне жедел енгізілуіне септігін тигізеді. Жақсы жарақтандырылған ақпараттық- экспериментттік базасы құрылған және білікті кадрлар жоғары дәрежеде шоғырланған жағдайда жұмыс істейтін ғылыми, конструкторлық және өндірістік бөлімшелердің бірлестігі болып табылады.  Технологиялық - инкубатор ғылыми ұйымдардың, инновациялық кәсіпорындардың, жоғары оқу орындары және шағын кәсіпкерлік субъект белгілерінің әлеуетін бір ортаға біріктіруге мүмкіндік береді. Инновациялық орталық-конструкторлық- технологиялық жаңалықтарды  жетілдіру мен өндірістерді дайындауға,  бәсекеге қабілетті ғылымды қажетсінетін өнімдерді және жоғары технологияларды әзірлеу кезінде инновациялық кәсіпорындарды өндірістік- технологиялық қолдауға және бұл құрылымдардың ғылыми- техникалық әзірленімдерді және маркетингті, жарнамалық және көрме қызметін, патенттік- лицензиялық жұмысты және интеллектуалдық меншікті қорғауды қоса алғанда, жергілікті және шетелдік нарықтарға ғылымды қажетсінетін өнімдерді жылжыту үшін құрылған инфрақұрылымдар.  

      Технополис  бұл қаланың немесе аймақтың өмірін қамтамасыз ететін технопарктер, инкубаторлар және құрылымдар кешені. Яғни, технополис жекелеген аймақ немесе қала негізінде құрылған және сол аймақтың өмірлік қызметін қамтамасыз ететін дамыған инфрақұрылымы бар ғылыми өндірістік кешенді білдіреді [5].

      Қазақстан Республикасында бүгінгі таңда  экономикалық дамуында ғылымды көп  қажет ететін отандық өндірісті  дамыту, бәсекене қабілетті өнімдерді  алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеу мен  игеру және республиканың өнеркәсіп  пен ғылыми-техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық қауіпсіздік мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық міндеттері болып  табылады.

      Қазақстанның  ғылыми-техникалық саясаты инновациялық процестерді жандандыруға, жаңа технологиялық  құрылымдарды енгізуге, өңдеуші өнеркәсіптегі  жаңа қайта бөлістерді игеру, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты азайтуға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологясының нақты трасферті мен халықаралық  стандарттарды енгізудң қамтамасыз етуге бағытталуы керек [6].  
 

        

     1.2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы

 

      Ұлттық  экономиканы одан әрі жаңғырту, әртараптандыру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру  жөніндегі табысты процесс мемлекеттің  индустриялық-инновациялық саясатын іске асырумен тікелей байланысты. Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру үшін инновациялық индустрияландыру шеңберінде мемлекеттің күш-жігерін шоғырлаңдыру қажет болатын жеті бағыт айқындалды.

      Бұлар: 1) агроөнеркәсіптік кешен және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу

    2) энергетика (таза энергетиканы дамытуды қоса алғанда)

    3) құрылыс индустриясын дамыту және құрылыс материалдарын өндіру

    4) мұнайды қайта өңдеу және мұнай-газ секторының инфрақұрылымы

    5) металлургия және дайын металлургиялық өнімдердің өндірісі

    6) химия, фармацевтика және қорғаныс өнеркәсібін дамыту

    7) көліктік және телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту.           

  Жоғарыда аталған негізгі бағыттарды дамытуға инвестицияның маңыздылығы жоғары болып табылады. Инвестициялар – халық шаруашылығының барлық салаларының негізгі қорларын кеңейте қайта өндіруге бағытталған материалдық, еңбек және ақшалай ресурстар шығындарының жиынтығы.

      Инвестиция  біздің экономика үшін маңызды құрал. Әртараптандыру жөніндегі біздің жоспарларымызды  іске асыру үшін бір ғана мемлекеттік  ресурстар жеткіліксіз болатыны анық. Оның негізгі көзі тікелей  шетелдік инвестициялар болуы тиіс [7]. 

      Инвестициялар – кәсіпкерлік қызметтің нәтижесінде  пайда (табыс) құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің  басқа да түрлерінің объектілеріне  жұмсалған және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы. Бір сөзбен айтқанда, инвестиция дегеніміз – пайда  табу мақсатында елдің ішіндегі жеке салаларға және шетке ұзақ мерзімге мемлекеттік және капитал салымдары. Инвестициялар – бұл бәрінен бұрын өндірістік шығындар, ол қоғамдағы адам өмірінің жағдайына қажетті материалдық және материалдық емес игіліктерін қайта өндіруге жұмсалатын шығындар. Бұл шығындар жұмыс істеп тұрған өндіріс тұрғысынан өндірісті кеңейтуге және модернизациялауға жұмсалатын қалыпты шығындар.

      Инвестициялардың  игіліктер нарығына қысқа және ұзақ мерзімдегі әсері бірдей болмайды. Қысқа мерзімде жасалатын инвестициялардың нәтижесінде игіліктер нарығында  тек сұраныс өседі. Ұсыныстың  көлемі өзгермейді, өйткені салынып  жатқан объектілерден өнім мен қызметтер  түрінде қайтарылым болмайды. Ұзақ мерзімде инвестициялардың әсерімен сұраныс  та, ұсыныс та өзгереді. Инвестициялар  тұтыну сұранысымен қатар жиынтық  сұраныстың екінші құрамы болып табылады. Жинақтар мен инвестициялар тиімді сұраныс көлеміне қарама-қарсы бағытта  әсер етеді: жинақтар сұранысты азайтса, инвестициялар оны көбейтеді. Инвестициялар дәрежесі қоғамның ұлттық табысының көлеміне елеулі әсер етеді; оның динамикасы ұлттық экономиканың көптеген макропропорцияларына әсер етеді.Мемлекет экономикасының және өндірісінің қуаттылығын арттырудағы инвестицияның алатын орны өте үлкен. Әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай, жоғары технологияларды және ғылымды көп қажетсiнетiн өндiрiстiң дамуын ынталандыратын мақсатты мемлекеттiк ғылыми-техникалық, өнеркәсiптiк және инвестициялық саясат жүргiзбейiнше экономиканы құрылымдық қайта құру мүмкiн емес көрінеді. Сол себепті Қазақстандағы инвестициялық саясаттың мақсаты тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету мақсатында бәсекеге қабiлеттi, жоғары технологиялы және ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi дамытуға басым тәртiппен бағытталатын, ішкi және сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейiне қол жеткiзу болып табылады. Мемлекеттiк инвестициялық саясат бiрiншi кезекте, дайындалуы неғұрлым жоғары дәрежедегi, импорттық тауарлармен бәсекеге түсуге және оларды iшкi рыноктан ығыстыруға қабiлетті өнімдердi экспорттауға бағдарланған өндірістi дамытуға және қолдауға бағытталатын болуы қажет [8].

    Инвестициялық саясаттағы мемлекеттiң белсендi позициясы  экономикаға инвестиция көлемiн  арттыру үшiн мүмкiндiк жасайды, түпкi мақсаты - жоғары қосылған құны бар  өндiрiстi дамытудың, әр түрлi қаржы құралдарын дамытуды ынталандыру жолымен, өтiмдi қаражатты өнеркәсiптiк мақсаттарға  сәйкес пайдалану үшiн тетiктердi iске қосуға мүмкiндiк бередi.

    Дәл қазiргi заманда мемлекеттiк инвестициялық  саясат күшейтілген түрде жүргiзiлуге тиiс. Экономиканы дамытудың ең басты  қозғаушы күшi сол мемлекет болуға тиiс. Мемлекет қана инвестициялық процестердің дамуына және ел iшiнде iрi инвестицияларды  ұзақ мерзiмдi жобаларда жүзеге асыруға  түрткi бола алады. Жеке кәсіпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасауда ғана емес, сонымен бiрге қолда бар бос  ресурстарды экономиканың нақты  секторын көтеруге бағыттау үшін мамандандырылған институттар мен тетiктер құруда да мемлекеттiң рөлi басым болуға қажет.

Информация о работе Индустриялық-инновация