Индустриялық-инновация

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2012 в 19:46, дипломная работа

Описание работы

Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың индустрия және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту. Индустриялық-инновациялық қызмет пен инновациялық белсенділіктерін теориялық, әдіснамалық тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды дамытудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ұсыныстар жасау. Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:

- Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;

- инновациялық инфрақұрылымды дамытудың теориялық негіздемелерін әзірлеу;

- Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;

- еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;

- Қазақстан өңірлерінің инновациялық әлеуеті мен инфрақұрылымды жетілдірудегі ықпалын сараптау;

Содержание

КIРIСПЕ.................................................................................................................

1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Инновацияның экономикалық мәні мен мазмұны..........................................7

1.2 Инвестициялар мен инновациялардың өзара байланысы……………….....12

1.3 Индустриалды-инновациялық саладағы мемлекеттің қызметі....................16

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ ЖҮЗЕГЕ АСУ БАРЫСЫН ТАЛДАУ

2.1 Республикадағы индустриялық-инновациялық қызметтің жүзеге асуын талдау………………………………………………………………………………21

2.2 Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау..................................................................................................30

2.3 Қазақстандағы инвестициялық жобалардың жүзеге асуын талдау............42

3. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ БАСҚАРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Индустриялық-инновациялық қызметтің даму жолдарын жетілдіру…….54

3.2 Индустриялық-инновациялық инфрақұрылымды дамытудың экономикалық механизмі………………………………………………………………………......61

ҚОРЫТЫНДЫ..........................................................................................................69

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...........................................................................................................71

Работа содержит 1 файл

МАЗМҰНЫ.docx

— 752.46 Кб (Скачать)

МАЗМҰНЫ 
 
   КІРІСПЕ 

    "Қазақстан-2030"   стратегиясының ең тұтқалы басымдықтарының бiрi экономиканың теңгерiмдi дамуының, жалпы ұлттық өнiмiн құрайтын шикiзатты жоғары технологиялы, оның iшiнде экспорттық өнімге кезең-кезеңмен алмастыру және елдің ғылыми-техникалық әлеуметін тиiмді пайдалану негiзiнде экономикалық өсу болып табылады. Қазақстанда бұл үшiн барлық алғышарттар бар. Бұл - бай табиғи ресурстар, бос өндiрiстiк қуаттардың болуы, жеткiлiктi бiлiктi ғылыми-техникалық қызметкерлер және жоғары жалпы бiлiмдiлiк деңгейiмен ұштасқан арзан жұмыс күшi, бiрқатар технологиялық тұрпаттар бойынша дайындықтардың болуы.

      Бүгінгі таңда Қазақстан күрделі экономикалық және саяси  міндеттерді табысты  шешуде басқа елдерге үлгі болатын  деңгейге көтерілді. Қазақстанның бәсекеге қабілетті елдердің көшбасшылығына ұмтылуы заңды құбылыс. Өйткені, еліміздің экономикалық әлеуеті  мен қоғамдағы саяси тұрақтылық, демократияның дамуы оған мүмкіндік  беріп отыр. ХХІ ғасыр  білімнің, ақпараттың жаңа технологияның өрістеу  ғасыры. Білімнің, ғылымның бәсекеге қабілетілігі бұл күнде көптеген  мемлекеттер  үшін көкейтесті мәселе болып отыр. Озық ғылыми-техникалық инфрақұрылымсыз  және кәсіби шеберлігі жоғары білімді  кадрларсыз, жаһандану талаптарына  сәйкес даму мүмкін емес. Осы мақсатта отандық ғылым мен білім беру жүйесінің алдында тұрған  басты  міндет – білім мен ғылымды  халықаралық деңгейге көтеру [1].

      Экономикадағы инновациялық жүйе мен инновациялық қызметтің ерекшеліктері бойынша  ғылыми көзқарастарды теориялық  және әдіснамалық тұрғыда көптеген ғалымдар өз еңбектерінде қарастырып өткен.  Й.Шумпетер, П.Друкер, Б.Твисс, Б.Санто, Ш.Тануцо, М.Портер, К.Фримен, В.В.Иванов, Ю.П.Доценко, сынды ғалымдарды жатқызуға болады.

       Қазақстандағы инновациялық өзгерістер, ұлттық экономиканың инновациялық  бағыттылығын қалыптастыру, еліміздің  индустриялық-инновациялық саясатын  барынша ұтымды жүзеге асыру,  инновациялық орта мен оның  белсенділігін арттыру, экономиканың  жан-жақты дамуы туралы мәселелерін  елімізге белгілі ғалым-экономистер  С.А.Алпысбаев, Р.А.Алшанов, Ф.Г.Альжанова, К.С. Мұхтарова, Б.Ахметжанов, Ә.Ә.Әбішев, Ш.Р.Әбділманова, О.Б.Баймұратов, Н.А.Барлыбаева, Ф.М.Днишев, Н.Дәуренбекова, Г.Н.Доғалова, М.Б.Кенжеғозин, А.Қ.Қошанов, Г.К.Қуатбаева, Қ.О.Оқаев, С.Ы.Өмірзақов, К.Ә.Сағадиев, О.Сәбден, А.М.Сейтқазиева, А.Н.Cаханова, Е.Б. Жатқанбаев, Ө.К. Шеденов, А.Б.Темирбекова, А.Н.Толыбаев, Ә.Д.Шелекбай және басқалар өз зерттеулерінде қарастырып, олардың қолданыс табуына қомақты үлестерін қосты.

      Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда әлемдік экономиканың көшбасшыларына айналып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық  жүйені дамытудың озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл елдер шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамититын индустриалдануға дейінгі, сондай-ақ шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға дейінгі үрдістерді қамтитын индустриалды кезеңдердің барлығынан өтіп, енді жоғары технологиялар мен инновацияларға негізделген постиндустриалды экономиканы жасақтаумен, оның басым бағыттарын жетілдірумен айналысуда. Басқаша айтқанда, олар қосылған құн тізбегін толық қалыптастырып, ғылыми сыйымды, әрі инновациялық сипаты бар өнімдер мен қызметтерді нарыққа ұсынып келеді

      Дипломдық жұмыстың мақсаты – қазіргі уақытта біздің елімізде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге    негізделген жаңа ақпараттық технологияларды игеру, республикамыздың   индустрия  және ғылыми техникадағы әлеуетін дамыту. Индустриялық-инновациялық  қызмет  пен инновациялық белсенділіктерін теориялық, әдіснамалық тұрғыда жан-жақты сараптай отырып, оларды дамытудың экономикалық механизмі мен негізгі тетіктерін айқындау және жүзеге асыру аясы бойынша ұсыныстар жасау.                   Белгіленген мақсатқа жету үшін дипломық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:

        - Қазақстан Республикасындағы индустриялық-инновациялық қызметтің теориялық негіздерін анықтау;

    - инновациялық инфрақұрылымды дамытудың  теориялық негіздемелерін әзірлеу; 

    - Қазақстандағы инновациялық қызметті дамыту ерекшеліктерін қарастыру;

    - еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің  қазіргі жағдайын талдау және  оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;

    - Қазақстан өңірлерінің инновациялық  әлеуеті мен инфрақұрылымды жетілдірудегі  ықпалын сараптау;

    Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасының Индустриялық-инновациялық қызметі жатады.

    Зерттеу пәні инновациялық қызметті жүзеге асыру  барысында қалыптасатын әлеуметтік-экономикалық қатынастар.

    Зерттеу әдістері ретінде дипломдық жұмыста  логикалық салыстырмалы түрлері  қолданылды.

    Дипломдық жұмыста ақпараттық база ретінде отандық және шетелдік ғалым-экономистердің инновациялық қызмет, инновациялық жүйе мен инновациялық инфрақұрылым аясындағы ақыл-ой еңбектері мен зерттеу нәтижелері алынды. ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР ұлттық экономиканы реттеу мен өркендетуге бағытталған заңдық және нормативтік-құқықтық құжаттары зерттелді және қолданылды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің және Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің мәліметтері қолданылды.

    Дипломдық жұмыстың құрылымы және көлемі. Диплом жұмысы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен  тұрады.  

    1. ИНДУСТРИЯЛЫҚ-ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІ  РЕТТЕУДІҢ      ТЕОРИЯЛЫҚ  НЕГІЗДЕРІ 

       1.1 Инновацияның экономикалық мәні мен мазмұны

    Жалпы “Инновация” терминi XV ғасырдың бірінші жартысында пайда бола бастады. Бұл ағылшын сөзi “innovation”, яғни “жандану” немесе “заттар өндiрудегi жаңа технологиялар” деген мағынаны бiлдiредi.

    Экономика ғылымына инновация ұғымын  Австрия ғалымы  Шумпетер XX ғ. 30-жылдары енгiздi. Оның түсiнiгiнше, инновация тұтынушылар тауарларының жаңа түрлерiн қолдану және рынок пен өнеркәсiптiң жаңа ұйымдарының пайда болуымен байланысты. Инновация – тек жаңашылдық емес, ол жаңа өндiрiстiк функция болып табылады.

      Экономикалық анализде инновация  категориясының басты төрт аспектiсiн  көрсетуге болады:

  1. инновация – интеллектуалды еңбек нәтижесi, яғни инновация арқылы бәсекелестiкке төтеп бередi;
  2. инновация – бәсекелестiк күш, яғни нарықтың тепе-теңдiгiн бұзады;
  3. жаңа өнiм және жаңа процесс қоғамға оң нәтижесiн тигiзедi;
  4. инновация – экономикалық өсу факторы ретiнде. 

    Инновация дегеніміз бұл жаңа технология, жаңа өнім түрін орындауда ұйымдық-техникалық және әлеуметтік-экономикалық тиімді шешім қолдану. Анығырақ айтқанда жаңа өндірістік  процесті, өнімді немесе процесті игеру, яғни, жаңалықты инвестициялау [2].

    Мазмұны жағынан инновацияларды негізгі  үш түрге бөлуге болады: өнім мен  қызметтерге жасалатын инновациялар, технологияға жасалатын инновациялар және өндіріс факторларына жасалатын  инновациялар. Бірінші – түрі белгілі  емес тауарлар және қызметтер немесе белгілі игіліктердің жаңа сапасын  жасаумен байланысты болады. Екіншісі – осы салаға жаңа және әлі белгісіз өндіріс әдісін енгізумен немесе сәйкес тауардың жаңа коммерциялық пайдалану  әдісін қолданумен байланысты. Үшіншісі – орындаушылардың квалификациясының  және тәжірибесінің жоғарылауымен, кәсіпкердің басқару мамандығының жоғарылауымен, басқарудың жаңа жүйесін  жасаумен және өнімділігі жоғары өндіріс  құралдарын жасаумен байланысты.

    Инновация басқарушылық іс - әрекеттің  барлық салаларын қамтиды, яғни оның сан  алуан менеджмент жүйелерінде өз орны бар. Қазіргі уақытта инновацияның дамуынының 3 бабын бөліп көрсетуге  болады:                                                             

  1. Технология негізінде. Бап төртінші толқын кезеңінде технологияға бетбұрыс әрекетімен сипатталады. Бірақ - та көптеген ҒЗТКЖ саласындағы шешімдердің тиімді іске аспауы олардың тек техникалық қасиетімен қабылданып, оларға деген нақты қажеттіліктің бағаланбауы мен зерттелмеуінде болды.
  2. Маркетинг негізінде. 1960 жылы бәсеке мен сұраныстың қарқындауы маркетинг пен диверсификациялауды жоғары талап етті. Осыдан зерттеудің бірқатар функциялары маркетинг жүйесіне еніп, дами түсті.
  3. Технология мен маркетингтің теңгермелік қатынасы негізінде. Технология мен маркетингтің қатынасы негізіндегі бап 3:1 бөлікті көрсетіп, бәсекелестік басымдылықты жүйелі зерттеулер мен жаңа технология арқылы мақсатқа қол жетуді дамытты                      

    Инновациялық  процесс – бұл  жаңалықтарды жасап  шығару мен                 өндірудің түрлі іс - әрекетінің байланысының дәйектілігі.

    Ақырғы  уақытта инновациялық процестер  нәтижесінің нарықпен байланыс дәрежесіне сәйкес жіктелуі орын алып отыр. Бұл  жіктеудің негізінде білімдердің  қоғамдық игіліктер табиғаты бар  деген тұжырым жатады, яғни оларды кез келген адамдар сан рет  пайдаланатын мүмкіндігі болады. Нарықтық қатынастар айырбас арқылы шектелген  өндірістік ресурстарды бөлу механизмі  болып, білімдер өндіруге жағдай жасай  алмайды. Білімдер бюджет пен жеке жәрдемдерден қаржыландырылатын, нарықтық типке  жатпайтын, ғылым сферасында өндіріледі.

    Ғылыми-техникалық инновациялар жаңалықтардың дәрежесіне сәйкес базистік және жақсартылған болып  бөлінеді. Базистіктер толық жаңа өнімдер, жаңа мамандықтар, технологиялар  жасалынумен байланысты болады, ал жақсартылғандар бүгінгі бар  болып тұрғандардың модификациялануымен, олардың сапасын, тиімділігін жоғарылатумен  байланысты.

    XX ғ. 50 жылдары американ оқымыстысы  Роберт Солоу экономикалық өсудiң басты факторы ҒТП екендiгiн айтқан. Мұны Саймон Кузнец та қолдады. Оның пiкiрiнше, ұлттық өнiмнiң тұрақты өсуiн, қоғамның тұтынуын қамтамасыз етуде технологиялық прогрестiң маңызы ерекше [3].

    Экономикалық  эволюцияда көптеген ғалымдар тұжырымы бойынша, техника – экономикалық зерттеуiнде инновациялық процесс  туралы келесi әдiстемелiк негiздерiн  ұсынды:

  •   экономикалық динамика мен экономикалық өсудi қозғаушы фактор инновациялық негiздегi бәсеке болып табылады;
  •   экономикалық дамуда бiлiм мен интеллект басты рольде болуы керек;   интеллектуалдық қызметтi институционализациялау оның құрылымы мен негiзi болып табылады.

         Қазiргi заманғы  экономикалық теорияда экономикалық  өсу факторлары былай бөлінедi :

  1. елде экономикалық ресурстардың өсуi;
  2. өндiрiстiң жаңа технологиялар арқылы қызмет iстеуi, ресурс шығындарын қысқартып және жылдық сол өнiмдi шығару;
  3. шектеулi ресурстарды тиiмдi бөлудiң әдiстерiн талдау;
  4. адамдардың денсаулығының, өмiр сүру деңгейiнiң өсуi;

     Мұнда 1-шi әрекет экстенсивтi экономикалық өсуге  жатса, ал 2 және 3 факторлар интенсивтi экономикалық өсуге, яғни инновациялық қызметке, 4-шi экономикалық емес фактор болып табылады [4].

Информация о работе Индустриялық-инновация