Бизнестің жол картасы 2020

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:41, реферат

Описание работы

Бағдарламаның мақсаты Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.
Бағдарламаның міндеттері
1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Работа содержит 1 файл

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.doc

— 229.00 Кб (Скачать)

     Пайыздық ставканы субсидиялау банктер сыйақы ставкасын 12 %-ға дейін төмендететін кредиттер бойынша ғана жүзеге асырылады, оның ішінде  
7 %-ды борышкер т
өлейді, ал 5 % мемлекет өтейді. Бұл ретте банк:

     өтінім беруші бастамашылық еткен кредиттеу шарттарының өзгеруіне байланысты;

     өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты ешқандай комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді алмайды.

     Пайыздық ставканы субсидиялау бар берешекке (мақұлдау сәтінде) және жобаны мақұлдағаннан кейін туындайтын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекке қолданылады. 

     Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша мерзімін ұзартуды ұсыну шарттары

     Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) бойынша мерзімін ұзарту Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты шеңберінде банктердің сыйақы ставкаларын субсидиялау үшін мақұлданған борышкерлерге ғана берілуі мүмкін.

     Мерзімін ұзарту 2008 жылғы 1 қаңтардан басталған кезеңде Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысы қабылданған сәтке дейін қалыптасқан, Салық кдексінде белгіленген тәртіппен көзделетін берешек бойынша берілуі мүмкін. 

     Кәсіпорынды сауықтыру бойынша мемлекеттік қолдаудың басқа шараларын ұсыну шарттары

     Кәсіпорындарды сауықтыруды мемлекеттік қолдаудың басқа шаралары жеке негізде Бағдарлама өлшемдеріне, Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкестігін, өңірлер үшін олардың қызметінің жүйе құраушы сипатын негізге ала отырып, кәсіпорындарды іріктеуді жүзеге асыратын Мемлекеттік комиссия жанындағы арнайы жұмыс тобының ұсынымдарын ескере отырып жүзеге асырылады. 

     Екінші  бағытты іске асыру тетігі

     1. Уәкілетті орган мен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы (бұдан  
әрі – ҚҚҚ) арасында Бағдарламаның екінші бағыты шеңберде өзара іс-қимыл туралы меморандум жасалады.

     2. Борышкер берешегі аз банкке (егер борышкердің бірнеше банкте бірдей қарыздары болса ол олардың біреуіне өз таңдауы бойынша өтінеді) сауықтыруға арналған өтінішімен барады, оған мыналар қоса берілед:

     Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігі қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттері мен өзге де берешектері бойынша ақпарат;

     төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа, салық және бюджетке төленетін міндетті төлемдерді (мұндайлар болған жағдайда) төлеу бойынша мерзімін ұзартуға өтініш;

     кәсіпорынды қаржы-экономикалық сауықтыру бойынша үш жылға арналған жоспар (бұдан әрі – Жоспар). 

     3. Борышкерден сауықтыруға өтініш алған банк үш күн ішінде ҚҚҚ мен қаржы агентін хабардар етеді.

     4. ҚҚҚ кредиттер бойынша кәсіпорынның 100 % берешегі бар кредиторлар комитетін құрады. Кредиторлар комитеті борышкердің  
қаржы-экономикалық жағдайына және оның Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне бағалау жүргізеді. Бұл ретте кредиторлар комитеті борышкермен ақпаратты толық ашу туралы келісім жасасады.

     Егер  борышкердің тек бір банкте немесе бір кредиторда ғана берешегі болған жағдайда кредиторлар комитеті құрылмайды және  ақпаратты толық ашу келісіміне  тиісті банк қол қояды.

     Борышкердің  тілегі бойынша кредиторлар комитетіне тиісті салалық қауымдастықтың өкілі кіре алады.

     5. Кредиторлар комитеті борышкер ұсынған барлық құжаттарды қарап болғаннан кейін қабылданған шешімді тиісті хаттама үлгісінде рәсімдейді.

     6. ҚҚҚ (Кредиторлар комитеті) борышкер бойынша хаттаманы мен материалдарды қаржы агентіне жібереді.

     7. Қаржы агенті борышкер туралы деректерді жинауды және өңдеуді жүзеге асырады, оны субсидиялау бойынша ұсыным  әзірлейді және барлық материалды уәкілетті органға жібереді.

     8. Уәкілетті орган Бағдарламаға әлеуетті қатысушылардың материалдарын Жоспарларды Кредиторлар комитетімен келісіп, өз ұсыныстарымен бірге  Мемлекеттік комиссияның қарауына жедел түрде шығарады.

Информация о работе Бизнестің жол картасы 2020