Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:41, реферат
Бағдарламаның мақсаты Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.
Бағдарламаның міндеттері
1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау
Жергілікті
деңгейде
Бағдарламаны үйлестірушілер
экономиканың көрсетілген секторлары
шеңберінде әрбір өңірдің
ерекшелігін ескере отырып, өздерінің басымдықтарын айқындайтын болады, айқындалған
басымдықтар уәкілетті органмен келісіліп, өңірлік
бұқаралық
ақпарат құралдарында
және
жергілікті атқарушы органдардың
сайттарында жарияланады.
Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау
Пайыздық ставканы субсидиялау шарттары
Банктің сыйақы ставкасын субсидиялау жаңа инвестициялық жобаларды, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған жобаларды іске асыру үшін берілетін жаңа кредиттер бойынша жүзеге асырылады.
Пайыздық ставкасын субсидиялау жүзеге асырылатын кредиттің(тердің) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Субсидиялау
мерзімі кейіннен 10 жылға дейін ұзарту мүмкінгдігімен
1 жылдан 3 жылға дейін мерзімді құрайды.
Өтінім беруші жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-дан кем емес өз қаражатының жобаны іске асыруға қатысуын қамтамасыз етуі тиіс.
2010 жылы пайыздық ставканы субсидиялау банктердің сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайтын, оның 7 %-ын Бағдарламаға қатысушы төлейтін, ал 5 %-ын мемлекет өтейтін кредиттері бойынша ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте, банк:
өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;
өтінім берушінің кредит бойынша міндеттемелерді бұзуының себебінен өндіріп алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.
Бұдан әрі банктің кредит бойынша сыйақы ставкасы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын нарықтық шекті сыйақы ставкасынан жоғары болуы мүмкін емес.
Субсидиялау
мөлшерін
2011 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Үкіметі
айқындайды.
Кредиттер бойынша пайыздық ставканы субсидиялау тетігі
1. Өтінім беруші банкке өтініш береді.
2. Банк жобаның қаржы-экономикалық тиімділігіне бағалау жүргізеді және оң шешім болған жағдайда өтінім берушіге жобаға кредит беруге дайын екендігі туралы хабарлама жібереді.
3. Өтінім беруші банктің оң шешімімен осы жобаны ӨҮК қарауына шығаратын жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді.
4. ӨҮК жобаны Бағдарлама өлшемдеріне сәйкестігіне қарайды және субсидиялау мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды. ӨҮК-нің шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.
5. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК субсидиялауға мақұлдаған жобалар тізбесін субсидиялау шарттарымен бірге тиісті банктерге, сондай-ақ қаржы агентіне жібереді.
6. ӨҮК-де қаралған барлық жобаларды жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші олар бойынша қабылданған шешімдермен қоса уәкілетті органға жібереді. Жоба Бағдарламаның өлшемдеріне сәйкес болмаған жағдайда уәкілетті орган субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұруға құқығы бар.
7.
Кредиттеу бойынша банктердің
және
субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша
банк, қатысушы және қаржы агенті субсидиялау
шартын жасайды, оның шеңберінде қаржы агенті мен Бағдарламаға қатысушы
банкке сыйақы ставкасының тиісті бөлігін төлейді.
Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру
Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру шарттары
Жаңа жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша, сондай-ақ өндірісті жаңғыртуға және кеңейтуге бағытталған іске асырылатын жобалар бойынша ғана кепілдік беріледі.
Кепілдік беру жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. теңгеден аспауы тиіс.
Кепілдік мөлшері кредит сомасының 50 %-ынан жоғары болмауы тиіс.