Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:41, реферат
Бағдарламаның мақсаты Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.
Бағдарламаның міндеттері
1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау
9. Мемлекеттік комиссияның жанындағы арнайы жұмыс тобы Бағдарламаның шарттарына сәйкес, кәсіпорындарды сауықтыруды мемлекеттік қолдаудың басқа да шаралары бойынша ұсынымдар әзірлейді және материалдарды Мемлекеттік комиссияның қарауына шығарады.
10. Мемлекеттік комиссия борышкердің мынадай сауықтыру бағдарламасына қатысуын тиісті хаттамамен мақұлдайды:
банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;
9. Банк жобаны қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, банк кепілдік беру туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды Жергілікті уәкілетті органға және Қаржы агентіне жібереді.
10. Қаржы агенті кепілдік беру алдындағы хатты Банкке жібереді.
11. Банк және Өтініш беруші арасында тиісті кредит шарты бекітілгеннен кейін, Банк, Қаржы агенті және Өтініш беруші кепілдік шартына қол қояды.
12. Қаржы
агенті Өтініш берушінің жобасы бойынша кепілдік
бергеннен кейін Жергілікті уәкілетті орган қаржы агентіне ақша
төлейді.
Үшінші бағыт:
Экспортқа
бағдарланған өндірістерді қолдау
Бағдарламаны іске асырудың үшінші бағыты өнімді сыртқы нарықтарға экспорттайтын кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған.
Мемлекеттік қолдау
банктерде бар кредиттер бойынша пайыздық
ставканы субсидиялау арқылы көрсетілетін болады.
Бағдарламаның үшінші бағытына қатысушыларды іріктеу өлшемдері
Бағдарламаның үшінші бағытына мыналарды қоспағанда, экономиканың барлық секторларында шығарылатын өнімнін 10 %-дан астамын экспорттайтын кәсіпкерлер қатыса алады:
тау-кен өнеркәсібі;
минералдық
шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын
ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген,
металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары.
Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары
Пайыздық ставканы субсидиялау жүзеге асырылатын кредит(тер) сомасы бір қарыз алушы үшін 3 млрд. тенгеден аспауы тиіс.
Субсидиялау
мерзімі одан әрі 10 жылға дейін ұзарту мүмкіндігімен
1 жылдан 3 жылға дейінді құрайды.
2010 жылы банктердің, Бағдарламаға қатысушылардың нарықтық шектік сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте 4 %-ды экспорттаушы төлейді, ал 8 %-ды мемлекет өтейді. Сондай-ақ банк:
Өтініш беруші бастамашылық жасайтын кредит беру шартының өзгеруіне байланысты;
Өтініш берушінің кредит бойынша міндеттемелерін бұзу себебі бойынша алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе басқа да төлемдерді қоспағанда қандай да бір комиссияларды, алымдарды және/немесе кредитке байланысты өзге де төлемдерді алмайды.
Одан әрі жылына бір рет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің келісуімі бойынша ЭДСМ анықтайтын кредит бойынша қаржы ұйымдарының тиімді проценттік ставкасы нарықтық шекті ставкадан аса алмайды.
Субсидиялау
мөлшері
2011 жылдан бастап банктің сыйақы ставкасының 70 %-ын құрайтын болады.
Үшінші бағытты іске асыру тетігі
1.
Экспорттаушы жекелеген
2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші субсидиялауға өтініш берген экспорттаушылардың тізімін ӨҮК-нің қарауына шығарады.
3. ӨҮК Бағдарламаның шарттарына сәйкес экспорттаушы банктердің кредиттері бойынша сыйақы ставкасын субсидиялау мүмкіндігі (мүмкін еместігі) жөнінде шешім қабылдайды және шешімді тиісті хаттамамен ресімдейді.
4. ӨҮК-де қаралған барлық жобалар олар бойынша қабылданған шешімдерді бар қоса бере отырып уәкілетті органға жіберіледі. Жоба бағдарлама критерийілеріне сәйкес келмеген жағдайда уәкілетті органның субсидиялау шарты жасалғанға дейін ӨҮК шешімін тоқтата тұруға құқығы бар.