Бизнестің жол картасы 2020

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:41, реферат

Описание работы

Бағдарламаның мақсаты Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.
Бағдарламаның міндеттері
1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Работа содержит 1 файл

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.doc

— 229.00 Кб (Скачать)

     5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері 

      Бағдарламаны іске асыру екі кезеңде жүзеге асырылатын болады:

      1-кезең – 2010 жылдан бастап 2014 жыл бойынша, бұл ретте 2010 жыл   пилоттық жыл болып табылады.

      2010 жылы Бағдарламада міндеттерді шешу үш бағыт бойынша іске асырылатын болады: Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау (кадрлар даярлауды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын қоспағанда); кәсіпкерлік секторды сауықтыру; экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

      2010 – 2014 жылдары міндеттерді шешу  екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.

      2-кезең – 2015 жылдан бастап 2020 жыл аралығы.

      2015 – 2020 жылдары міндеттерді шешу  екі бағыт бойынша іске асырылатын болады: жаңа бизнес-бастамаларды және экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау. 
 

     6. Қажетті ресурстар және оларды қаржыландырудың көздері 

     Бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 2010 жылы 30,0 млрд. теңге көзделіп отыр, оның ішінде:

  1. жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға 12 млрд. теңге;
  2. кәсіпкерлік секторды сауықтыруға 16 млрд. теңге;
  3. экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау 2 млрд. теңге.

     Бағдарламаны одан әрі қаржыландыру тиісті қаржы жылдарына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Информация о работе Бизнестің жол картасы 2020