Бизнестің жол картасы 2020

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:41, реферат

Описание работы

Бағдарламаның мақсаты Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.
Бағдарламаның міндеттері
1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Работа содержит 1 файл

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.doc

— 229.00 Кб (Скачать)

      3. Сервистік қолдау жөніндегі оператор кәсіпкерлікке сервистік қызметтер көрсету мақсатында қосалқы мердігерлікке басқа да сервистік институттарды тарта алады.

      4. Бағдарламаны үйлестірушілер жергілікті деңгейде сервистік қызметтер көрсетуді қаржыландыруды жүзеге асырады.

      5. Сервистік қызмет алу үшін кәсіпкер жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушіге және сервистік қолдау жөніндегі операторға ӨҮК айқындаған тәртіппен өтініш жасайды. 

      Кадрлар даярлау, жастар саясаты  мен әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру

      Кадрлар даярлау 2011 жылдан бастап бес бағыт бойынша жүргізіледі:

      Индустрияландыру  картасының жобаларын қамтамасыз етуге жұмыспен қамту органдарының тапсырысы бойынша жобаларды іске асыру үшін мамандар даярлау. Облыстар мен мамандықтар бөлінісінде қайта даярлаудың егжей-тегжейлі жоспары әрбір өңір бойынша стратегияларды іске асыруды қаржыландыру бағыттары бекітілгеннен кейін әзірленетін болады;

      Техникалық мамандықтар бойынша бар бос жұмыс орындарын толтыру үшін қайта даярлау жүргізу;

      Техникалық және кәсіптік білім беру оқу орындарыныңәсіптік лицейлер мен колледждер), сондай-ақ ірі кәсіпорындар жанындағы оқу орталықтарының мүмкіндіктерін пайдалана отырып, шетелдік жұмыс күшін қазақстандық кадрлармен ауыстыру;

      «Жастар саясатын» жүргізу жөніндегі іс-шаралар;

      Әлеуметтік жұмыс орындарын құру жөніндегі іс-шаралар. 

      Екінші  бағыт: кәсіпкерлік секторды сауықтыру

      Бағдарламаны іске асырудың екінші бағыты экономиканың шикізат емес секторының кәсіпорындарын сауықтыруға бағытталған.

      Сауықтыру шеңберінде мынадай қолдаулар көрсетілуі мүмкін:

      борышкерге банктердің бар кредиттері бойынша (мақұлдау сәтінде) пайыздық ставка және жобаны мақұлданғаннан кейін пайда болатын бір кредиттік желі шеңберінде жаңа берешекті субсидиялау;

      борышкерге бюджетке төленетін салық берешегін (төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығынан басқа) өтеу бойынша мерзімін ұзартуды Салық кодексінде белгіленген тәртіппен көзделетін есептемей беру өсімпұл мәселесін қарау;

      қаржы-экономикалық сауықтыру жоспары шеңберінде кәсіпорындарды сауықтыру бойынша, оның ішінде Қазақстандық қор биржасынада орналастырылған облигациялар бойынша ішкі кредиторлар алдындағы берешек бойынша басқа да іс-шаралар.

      Бағдарламаға 1-қосымшаға сәйкес экономиканың басым секторларында жұмыс істейтін кәсіпкерлер  Бағдарламаның екінші бағытына қатысушылар бола алады (ҚР Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және әдіснама комитеті төрағасының  2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне (бұдан әрі – ЭҚТЖЖ) сәйкес).

     Мыналар жобаға қатысушылар бола алмайды:

     минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген, металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары;

      қаржы-экономикалық жағдайы, кредиттер және өзге де берешектер бойынша толық ақпарат беруге келіспеген кәсіпорындар;

      кредитормен (лармен) қаржы-экономикалық сауықтыру жоспарын (бұдан әрі – Жоспар) келіспеген кәсіпкерлер. 

     Банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау шарттары

     Борышкер  Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуға арналған өтінімді тек 2010 жылы бере алады.

     Пайыздық ставканы субсидиялауды жүзеге асыратын кредиттің (кредиттердің) сомасы бір борышкер үшін 3 млрд. теңгеден аса алмайды.

     Егер  борышкердің кредит(тер) сомасы 3 млрд. теңгеден асса, оның Бағдарламаны іске асырудың екінші бағытына қатысуы туралы шешімді Мемлекеттік комиссия қабылдайды.

     Субсидиялау мерзімі 3 жылдан аспайды.

Информация о работе Бизнестің жол картасы 2020