Бизнестің жол картасы 2020

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:41, реферат

Описание работы

Бағдарламаның мақсаты Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.
Бағдарламаның міндеттері
1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Работа содержит 1 файл

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.doc

— 229.00 Кб (Скачать)

     Кәсіпкерлерге кепілдік тегін беріледі. 

      Кепілдік  берілетін кредиттің ең жоғары мерзімі 10 жылдан аспауы тиіс.

      Айналым қаражатын қаржыландыру негізгі құралдарды сатып алуға және/немесе жаңғыртуға арналған кредит шеңберінде жүзеге асырылатын, бірақ кредит сомасының 20 %-ынан аспайтын жағдайларды қоспағанда, айналым қаражатын толықтыруға берілетін кредиттер бойынша кепілдік беру жүзеге асырылмайды.

      Өтінім беруші жобаны іске асыруда қаражатының қатысуын жобаны іске асырудың жалпы құнының 15 %-ынан төмен емес деңгейде қамтамасыз етуі тиіс.

     2010 жылы кепілдік беру жүзеге асырылатын кредиттер бойынша банктердің сыйақы ставкасы 12 %-дан аспайды. Бұл ретте, банк:

     өтінім беруші бастама жасайтын кредит беру шарттарының өзгеруіне байланысты;

     өтінім беруші кредит бойынша міндеттемелерді бұзуы себепті алынатын комиссияларды, алымдарды және/немесе өзге де төлемдерді қоспағанда, кредитке байланысты қандай да бір комиссиялар, алымдар және/немесе өзге де төлемдер алмайды.

     Бұдан әрі кредит бойынша банктің сыйақы ставкасы уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігімен бірлесіп, бір жылда 1 рет айқындайтын нарықтық шекті сыйақы ставкасынан жоғары болуы мүмкін емес.

     Жергілікті  деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушісі қаржы агентіне төлейтін кепілдік құны кепілдік мөлшерінің 20%-ын құрайды.  

Банктердің кредиттері бойынша кепілдіктер беру тетігі

     1. Өтінім беруші банкке өтініш береді.

     2. Банк өтінім берушінің кепілдікті қамтамасыз етуіне алдын ала дербес бағалауды жүргізеді және оған өтініш берілген қарыз сомасына негізделе отырып, қажетті кепілдік мөлшерінің есебі көрсетілген хат береді.

     3. Өтінім беруші қажетті кепілдік мөлшерінің есебі бар банк хатын қоса бере отырып, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге өтініш береді.

     4. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші жобаны ӨҮК-нің қарауына шығарады.

     5. ӨҮК жобаларды Бағдарлама талаптарына сәйкестігін қарайды және өңірдің басымдықтарына сәйкес кепілдендірудің мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды. ӨҮК шешімі тиісті хаттамамен ресімделеді.

     6. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агентіне және тиісті банктерге кепілдендіру үшін ӨҮК мақұлдаған жобалардың тізбесін жібереді.

     7. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші өтініш берушіге жобаны ӨҮК-де қарау нәтижелер туралы хабарлайды.

     8. Банк жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушінің хатын алғаннан және өтініш беруші құжаттардың толық топтамасын бергеннен кейін жобаға кешенді сараптама жүргізеді және жобаны қаржыландыру не қаржыландырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

     9. Банк жобаны қаржыландыру бойынша оң шешім қабылдаған жағдайда, банк кепілдік беру үшін қажетті құжаттарды жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге және қаржы агентіне жібереді.

     10. Қаржы агенті кепілдік беру алдындағы хатты банкке жібереді.

     11. Банк және өтініш беруші арасында тиісті кредит шарты жасалғаннан кейін банк, қаржы агенті және өтініш беруші кепілдік шартына қол қояды.

     12. Қаржы агенті өтініш берушінің жобасы бойынша кепілдік бергеннен кейін жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қаржы агентіне ақы төлейді.  

    Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту

    Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету шарттары

     Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымның дамуы жетпейтін инфрақұрылымды жақындатудан тұрады және өндірістерді жаңғырту мен кеңейтуге бағытталған жобалар үшін, сондай-ақ жекелеген жобалар үшін де әрі өнеркәсіп алаңдары ұйымдары шеңберінде де жүзеге асырылуы мүмкін.

Информация о работе Бизнестің жол картасы 2020