Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:41, реферат
Бағдарламаның мақсаты Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.
Бағдарламаның міндеттері
1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау
экспорттың жалпы көлеміндегі шикізат емес экспорт үлесін кемінде 40 % деңгейіне дейін ұлғайту;
шикізат емес экспорт көлемін өңдеу өнеркәсібінің жиынтық өндірісі көлемінің кемінде 43 %-ы деңгейіне дейін ұлғайту;
өңдеу өнеркәсібіндегі еңбек өнімділігін кемінде 1,5 есеге ұлғайту.
2020
жылға
дейін индикаторлардың сандық көрсеткіштері кейіннен
Бағдарламаға
толықтырулар
енгізіле отырып, Бағдарламаның бірінші кезеңін іске асыру нәтижелері бойынша айқындалады.
4.3
Міндеттері
Бағдарламаны іске асыру шеңберінде міндеттерді шешу мынадай үш бағыт бойынша жүзеге асырылады:
1) жаңа бизнес-бастамаларды қолдау;
2) кәсіпкерлік секторды сауықтыру;
3) экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау.
Қойылған міндеттерді шешу мақсатында уәкілетті орган нормативтік құқықтық базаны жетілдіру жөнінде шаралар қабылдайды.
Бағдарламаны іске асыру Бағдарламаға қосымша болып табылатын іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылатын болады.
Уәкілетті орган Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру мақсатында жергілікті бюджетке нысаналы трансферт беруді жүзеге асырады және әрбір облыс, астана, республикалық маңызы бар қала үшін халық санына барабар есептелетін қаржыландырудың жалпы лимитін айқындайды.
Жергілікті деңгейде Бағдарламаны үйлестірушілер Бағдарламаны іске асырудың бірінші және үшінші бағыттары бойынша қаржыландырудың жалпы лимитін бөледі және оны уәкілетті органмен келіседі.
Уәкілетті орган мен облыстар, Алматы және Астана қалалары әкімдерінің арасында мына:
өңірдің шикізат емес экспортының көлемін ұлғайту;
өңірде құрылатын жұмыс орындарының саны;
өңір экономикасының шикізат емес секторында еңбек өнімділігінің өсуі;
мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдердің ұлғаюы бойынша нәтижелер туралы үлгі келісімдер жасалады.
Бағдарламаны
іске асырудың екінші бағыты бойынша қаржыландыру лимиті өңірлер
бойынша бөлінбейді.
Бірінші бағыт: жаңа бизнес бастамаларды қолдау
Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағыты Мемлекеттік бағдарламаның басымдықтарына сәйкес экономиканың шикізат емес секторларында жобаларды іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау көрсетуді көздейді.
Бағдарламаны іске асырудың бірінші бағытының шеңберінде мемлекеттік қолдау мыналарды қамтиды:
жобаларды іске асыру үшін банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау;
банктердің жобаларды іске асыруға бағытталған кредиттері бойынша ішінара кепілдік беру;
өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту;
бизнесті жүргізуді сервистік қолдау;
кадрларды даярлау, жастар практикасы және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру (құрауыш 2011 жылдан бастап енгізіледі).
Бағдарламаның
бірінші бағытына қатысушылар
Бағдарламаға
1-қосымшаға
сәйкес
Экономиканың басым секторларында инвестициялық
жобаларды іске асыратын және іске асыруды жоспарлап
отырған
кәсіпкерлер
болуы мүмкін (Қазақстан Республикасы Индустрия
және
сауда министрлігінің Техникалық реттеу және методология комитеті
төрағасының
2007 жылғы 14 желтоқсандағы № 683-од бұйрығымен бекітілген экономикалық қызмет
түрлерінің
жалпы жіктегішіне (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) сәйкес).
Минералдық шикізатты өңдеуді жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1344 қаулысына сәйкес Мониторингке жататын ірі салық төлеушілердің тізбесіне енгізілген металлургия өнеркәсібінің кәсіпорындары Бағдарламаның бірінші бағытына қатыса алмайды.