Бизнестің жол картасы 2020

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:41, реферат

Описание работы

Бағдарламаның мақсаты Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.
Бағдарламаның міндеттері
1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Работа содержит 1 файл

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.doc

— 229.00 Кб (Скачать)

     Осыған байланысты кредиттерге кепілдік беру және кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау сияқты құралдар айтарлықтай танымал және экономиканың қандай да бір секторын дамыту мен қолдау мақсатында қолданылады. Бұл құралдар коммерциялық банктердің кредиттік және ілеспе тәуекелдер себебінен экономиканың қандай да бір секторына салуға асықпай отырған едәуір қаржы қаражатын тартуға мүмкіндік береді.

     Шағын, орта және ірі кәсіпкерліктің теңгерімсіздігіне жол бермеу мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті, оның ішінде өңірлік кәсіпкерлікті дамыту есебінен мемлекеттік қолдауды күшейту қажет.

     Кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау көрсетудің бұл құралдары бюджет заңнамасын жетілдіру шеңберінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілген «Жеке кәсіпкерлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген.

     Жаңа өндірістерді дамытуда кәсіпкерліктің бірінші кезекте, шағын және орта кәсіпкерліктің бастамаларын тежейтін негізгі проблемалар:

      қаржыландыруға қол жеткізу және қарыз алу құнының жоғары болуы;

       индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;

       кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.

      Бұдан басқа, осының алдындағы жылдары құрылған  кәсіпорындарда  үлкен борыштық жүктемелер сақталып отыр, бұл олардың инвестициялық белсенділігін шектейді.

      Мемлекет  шикізат емес сектордың экспортына толық қолдау көрсетпейді, ал жаһандану және халықаралық қатаң бәсекелестік жағдайларында  экономиканың шикізат емес секторларында экспортқа бағдарланған кәсіпорындар құру, көбінесе, мемлекеттің ынталандыру шараларының көмегімен жүргізілетінін әлемдік тәжірибе көрсетіп отыр.

      Әлемдік тәжірибе нарықтық экономикасы дамыған елдерде  шағын және орта кәсіпкерлікке мемлекеттің барынша қолдау жасайтынын айғақтайды.

      Германияда  кредит берудің мынадай жеңілдікті шарттары көзделген:

      төмен пайыздық ставка (әдетте, кредит берудің бүкіл мерзіміне);

      кредит  берудің ұзақ мерзімі (көбінесе 10 жыл, оның үстіне кәсіпорын кем дегенде алғашқы екі жылда кез келген төлемдерден босатылады);

      алынған сомаларды кез келген уақытта қайтару мүмкіндігі (көпшілік жағдайда қосымша төлемдерсіз);

      үлестік қаржыландыру (мемлекет қаражаты есебінен инвестициялық жобаның белгілі бір бөлігіне ғана қолданылады, мысалы 50 %. Қалған жағдайда жоба  инвестордың өз қаражаты немесе басқа қарыз қаражаты есебінен  қаржыландырылуы тиіс).

      Шағын және орта кәсіпорындарды қолдау үшін Сингапурда бүкіл елге ортақ Spring агенттігі құрылған. Ол кәсіпкерлерге көмек көрсетудің 100-ге жуық әртүрлі бағдарламасын жүзеге асырады. Өз бизнесін жаңа бастап жатқан шағын және орта кәсіпорындарға ғана ерекше жеңілдіктер беріледі. Сингапурда шағын және орта бизнес кәсіпорындарына жеңілдікпен кредит берудің әртүрлі бағдарламалары әзірленіп, енгізілген. Бұл арнайы қарыздар беру, кредиттерді сақтандыру және субсидиялар бөлу.

      Жоғарыда жазылғандарға байланысты Бағдарламаны іске асыру шеңберінде кәсіпкерлерді қолдаудың субсидиялау және кредиттерге кепілдік беру, сервистік қолдау, өндірістік инфрақұрылым жүргізу және кадрлар даярлау сияқты құралдарын Қазақстан Республикасы жағдайына бейімдеу және пайдалану ұйғарылып отыр.  
 

     4. Бағдарламаны іске асырудың мақсаты, міндеттері, нысаналы индекаторлары мен нәтижелері 
 

     4.1 Бағдарламаның мақсаты 

     Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің тұрақты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.  
 

     4.2 Нысаналы индикаторлары 

     Нысаналы  индекаторлар:

     жыл сайын жалпы сомасы кемінде 400 млрд. теңге болатын кредиттерді  арзандату;

     2015 жылға:

     ЖІӨ құрылымындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесін кемінде 12,5 %-ға ұлғайту;

Информация о работе Бизнестің жол картасы 2020