Бизнестің жол картасы 2020

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:41, реферат

Описание работы

Бағдарламаның мақсаты Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.
Бағдарламаның міндеттері
1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Работа содержит 1 файл

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.doc

— 229.00 Кб (Скачать)

     Қаражат бөлу тек мынадай инфрақұрылымды салу мен қайта жаңартуға бағытталуы мүмкін: жолдар, кәріз, жылумен жабдықтау, су құбырлары, теміржол тұйықтары, телефон орнату, кіші электр станциялары, электр тарату желілері.

     Қаражат бөлу салуға немесе қайта құруға арналған  
техникалы
қ-экономикалық негіздеме немесе бизнес-жоспар негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

     Жеткіліксіз инфрақұрылымды жеткізу бірнеше жобаларды қамтамасыз етуге бағытталуы мүмкін.

     Инфрақұрылымды салу (қайта жаңарту) құны жеке жоба үшін инфрақұрылымды жақындатқан жағдайда жоба құнының 50 %-ынан аспауы тиіс.

     Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту  елді мекенді дамытудың бас жоспарына сәйкес келуі тиіс.  

      Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту бойынша қолдау көрсету тетігі

      Жеткіліксіз өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды қамтамасыз етуді қолдау мынадай тәртіппен көрсетілетін болады:

      1. Кәсіпкер инфрақұрылымды жақындату немесе жақсарту  қажеттігінің негіздемесін қамтитын өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым жобасын қамтамасыз ету туралы өтініммен бірге жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге жүгінеді.

      2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші қалыптастырған өтінімдердің іріктелген тізбесі ӨҮК-ге енгізіледі.

      3. ӨҮК өндірістік (индустриялық) инфрақұрылым салуды немесе қайта жаңартуды қаржыландыру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.

      4. ӨҮК шешімі Мемлекеттік бағдарламаның сәйкестігі тұрғысынан уәкілетті органмен келісіледі және жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестірушіге орындауға жіберіледі.

      5. Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды салу немесе қайта жаңарту қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүзеге асырылады. 

      Бизнес  жүргізуге сервистік қолдау көрсету

      Бизнес  жүргізуге сервистік қолдау көрсету шарттары

      Сервистік қызметтер Бағдарламаға енгізілген жобаларды іске асыруды қолдау үшін, сондай-ақ өңірдің кәсіпкерлігін жалпы қолдау үшін  көрсетіледі.

      Кәсіпкерге сервистік қолдаудың мынадай түрлері көрсетілуі мүмкін:

      бизнесті  жүргізу бойынша қызметтер көрсету (жұмыс процестеріне қызмет көрсету);

      өнім берушілер мен тұтынушылар кәсіпорындарының дерекқорын қалыптастыру;

      консалтингтік және маркетингтік қызметтер көрсету;

      жұмыс процестеріне қызмет көрсету: орталықтандырылған бухгалтерия және заң қызметі, ақпараттық технологиялар саласында қызмет көрсету, жұмыс процестерін, кәсіпорындар менеджментін реттеу бойынша қызметтер, өнімнің (қызметтің) нақты түрімен нарыққа кіру бойынша маркетингтік зерттеулер, өнімдерді (қызметтерді) жылжыту (брендинг) және айналдыру және басқалары;

      консультациялық қызметтер: бизнес құру және жұмыс істеп бизнесті оңтайландыру бойынша консультациялар, қаржы және заң консультациялары, сыртқы нарықтарда бизнес жүргізу бойынша  және мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстарына қатысу бойынша консультациялар;

      ӨҮК ұсынымы бойынша бизнеске арналған сервистік қызметтердің басқа түрлері. 

    Бизнес  жүргізуге сервистік қолдау көрсету тетігі

      1. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші кәсіпкерлердің ұсынысы бойынша қажетті сервистік қызметтерге мұқтаждықты айқындайды және олардың тізбесін ӨҮК-нің қарауына енгізеді.

      2. Жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші ӨҮК мақұлдаған тізбе бойынша сервистік қызмет көрсетуге бағытталатын қаржы көлемін айқындайды және конкурстық негізде сервистік қолдау бойынша операторды (операторларды) белгілейді және онымен (олармен) келісімдер жасасады.

Информация о работе Бизнестің жол картасы 2020