Бизнестің жол картасы 2020

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2011 в 17:41, реферат

Описание работы

Бағдарламаның мақсаты Экономиканың шикізат емес секторларында өңірлік кәсіпкерліктің орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету, сондай-ақ қазіргі тұрақты жұмыс орындарын сақтап қалу және жаңаларын құру.
Бағдарламаның міндеттері
1. Жаңа бизнес-бастамаларды қолдау
2. Кәсіпкерлік секторды сауықтыру
3. Экспортқа бағдарланған өндірістерді қолдау

Работа содержит 1 файл

«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы.doc

— 229.00 Кб (Скачать)

     5. Субсидиялау бойынша ӨҮК-нің оң шешімі бар жобалар бойынша, банк, экспорттаушы және қаржы агенті арасында субсидиялау шарты жасалады, оның шеңберінде қаржы агенті мен экспорттаушы бойынша сыйақы ставкасының тиісті бөліктерін банкке төлейді.

     6. Экспорттаушы үш айда бір рет өнімнің экспорты бойынша есепті  тиісті растаушы құжаттарды қоса бере отырып қаржы агентіне жібереді.

     7. Қаржы агенті экспорттаушылардың есептерін ұсынылған деректерге растама алу үшін салық органдарына жібереді.  
 

     Бағдарламаға қатысушылардың өзара іс-қимылы және оны іске асыру мониторингі 
 

     Бағдарламаның бірінші және үшінші бағыттарын іске асыру шеңберінде уәкілетті орган, жергілікті деңгейдегі Бағдарламаны үйлестіруші Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген банктер арасында 2 келісім  (пайыздық ставканы субсидиялау және банктер кредиттері бойынша кепілдендіру жөнінде) жасайды, онда: 

     бағдарламаға қатысушылар арасында өзара іс-қимыл тәртібі айқындалады;

     пайыздық ставкаларды субсидиялау, сондай-ақ банктердің кредиттері бойынша кепілдендіру шарттары мен тәртібі айқындалады;

     банктердің кредиттері бойынша субсидиялау мен кепілдендірудің үлгі шарттары, құжаттарды, есептілікті тапсыру нысандары мақұлданады;

     қаржы агентінің функцялары айқындалады.

     Бағдарламаның екінші бағытын іске асыру шеңберінде уәкілетті орган, ҚҚҚ, Бағдарламаға қатысуға тілек білдірген банктер, қаржы агенті арасында келісім жасалады, онда:

     кредиттер бойынша өзара іс-қимыл тәртібі мен проценттік ставканы субсидиялау тетігі  айқындалады;

     банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау шарттары мен тәртібі айқындалады;

     қаржы агентінің функциялары айқындалады.

     Қаржы агентінің қызметіне ақы төлеуді уәкілетті орган жүргізеді.

     Бағдарламаның барлық бағыттарында банктердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.

     Қаржы агенті банкттердің кредиттері бойынша пайыздық ставканы субсидиялау және кепілдендіру  бөлігінде  Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген Келісімнің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді, оның ақпараты жеткіліксіз болған жағдайда Бағдарламаға қатысушылардан қосымша қажетті мәлеметтерді сұратуға құқығы бар.

     Жергілікті  деңгейде Бағдарламаны үйлестіруші өңірлерде өндірістік инфрақұрылымды дамыту, бизнесті жүргізуді сервистік қолдау, кадрлар даярлау  бөлігінде Бағдарламаны іске асыру мониторингін жүзеге асырады және уәкілетті органға жоғарыда көрсетілген келісімінің мақұлданған нысаны бойынша есеп береді. 
 

     4.4. Бағдарламаны іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері  

     Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде:

     индустриялық-инновациялық дамуға бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруды жеке сектор кәсіпорындары үшін қаржы ресурстарының қол жетімділігін арттыру;

     экономиканың шикізаттық емес секторындағы инвестициялық жобаларын іске асыру үшін жеке секторды, бірінші кезекте банктердің қаражатын тарту;

     жеке  сектор кәсіпорындарының, бірінші кезекте, шағын және орта бизнестің қаржылық-экономикалық тұрақтылығын арттыру көзделеді.

     Бағдарламаның негізгі сапалық және сандық нәтижелері болатындар:

     бірінші және екінші бағыттар бойынша: шикізат емес сектордың ЖІӨ құрылымындағы үлесін 12,5%-дейін  ұлғайту;

     үшінші бағыт бойынша: шикізат емес экспорттың жалпы экспорт көлеміндегі үлесін 40 %-ға дейін және шикізат емес экспорттың көлемін өңдеу өнеркәсібіндегі жиынтық өндіріс көлемінің 43 %- ға дейін ұлғайту.  
 
 

Информация о работе Бизнестің жол картасы 2020