Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:48, реферат
Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.
Ұсыныс – бұл өндірушінің белгілі бір уақытта, белгілі бір бағамен нарықта сатуға дайындаған тауарларының саны. Ұсыныс заңы – бұл баға мен сатылатын тауар санының арасындағы тікелей қатынас, яғни тауардың бағасы өскен сайын оның сатуға дайындаған саны да молаяды (басқа жағдайлар тұрақты болғанда) және де керісінше.
Ұсыныстың қисығы – бұл ұсыныс заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтың нүктелері бағалардың белгілі бір мерзімде өзгеруінен сатушылардың нарықта қанша тауар ұсынатынан көрсетеді.
Ұсынысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:
1. Ресурстардың бағасы. Ресурстар бағасының өсуі ұсыныстың азаюына әкеледі.
2. Технология. Технологияның жетілдірілуі ұсыныстың өсуіне әкеледі.
3. Бірін бірі алмастыратын және бірін бірі толықтыратын тауарлардың бағасы.
4. Келешекте инфляциялық және тапшылық жағдайлардың өзгерістерін күту.
5. Бәсекенің деңгейі
6. Салықтар және субсидиялар. Салық ставкасының өсуі ұсыныстың азаюына, субсидияның берілуі – ұсыныстың өсуіне әкеледі.
7. Ұсынысқа өндірістің даму барысында уақыт аралығы да әсерін тигізеді. Қысқа мерзім кезеңінде өндіруші ұсыныстың көлемін өзгерте алмайды.
Графикке ұсыныс қисығын салғанда тікелей осьте тауардың бағасы (Р), көлденең осьте ұсыныстың көлемі (S). Қисық сызық шығып келе жатқан бағытта болады.
7.3. графигі. Ұсыныс қисығы | 7.4. графигі.. Ұсыныс қисығының жылжуы |
Р | Р
|
Бағаның өзгеруінен ұсыныстың көлемінің өзгеруі ұсыныс қисығының өз бойымен жылжуынан қөрінеді. | Бағасыз факторлардың әсері ұсыныстың өзгеруіне әкеледі: ол қисық сызықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға – төменге (өсуі), солға – жоғары (азаюы). |
Баға механизмі және бәсеке арқылы сұраныс пен ұсыныс өзара байланыста болады. Бұл байланыс нарықта тепе-теңдік жағдайы орнауына мүмкіншілік әкеледі. Нарықтағы тепе-теңдік жағдайы сұраныс пен ұсыныстың теңдігінде орнайды. Бұл жағдайда теңдік баға мен теңдік көлем қалыптасады.
Теңдік баға – бұл сұраныс пен ұсынысты теңдестіретін, сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысуы арқылы пайда болған баға.
Егерде нарықтық баға – Р1 теңдік бағадан - Ре төмен болса, нарықта тауардың тапшылық жағдайы орнайды яғни сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен артады. Егерде нарықтық баға Р2 теңдік бағадан
7.5. графигі. Нарықтағы тепетеңдік. |
|
Р
Р2 Е PЕ Р1
QЕ Q | Мұнда: Е – сұраныс пен ұсыныс қисығының қиылысқан тепе-теңдік нүктесі; Ре- теңдік баға; Qе- теңдік көлем.
|
Бірінші жақтан, сұраныс пен ұсыныс арасындағы өзгерістермен екінші жақтан, теңдік баға мен тауардың теңдік көлемі арасындағы өзгерістер арқылы төмендегі байланыстарды анықтауға болады:
| Теңдік бағаның өзгеруі | Тауардың теңдік көлемінің өзгеруі |
Сұраныстың өсуі | Өсуіне | Өсуіне |
Сұраныстың азаюы | Төмендеуіне | Азаюына |
Ұсыныстың азаюы | Өсуіне | Азаюына |
Ұсыныстың өсуі | Төмендеуіне | Өсуіне |
Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы осындай өзара өзгерістерден туындайды.
Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
7.6 графигі. Икемді сұраныс. |
7.7. графигі. Икемсіз сұраныс. |
Р
Р1
Р2
Q1 Q2 Q
|
Р
Р1
Р2
Q1 Q2 Q
|
ЕPD > 1, баға төмендеген сайын сату көлемі өзгереді, ал жалпы түсім өседі. | ЕPD < 1, баға өскен сайын, сату көлемі азаяды және жалпы түсім азаяды.
|
7.8.Графигі. Бірлік икемділік. | 7.9. Графигі. Абсолютті икемді сұраныс. |
Р
Р1
Р2
Q1 Q2 Q
|
Р
P
Q1 Q2 Q
|
ЕPD = 1, бағаның әрбір 1 % өзгеруіне сұраныс көлемінде 1 % өзгереді, ал жалпы түсім өзгермейді. | ЕPD = ∞, баға өте аз көлемде өзгерсе де, сұраныстың көлемі шексіз көп өзгереді. |
| |
7.10 графигі. Абсолютті икемсіз сұраныс. |
|
Р
D Р1
Р2
Q Q
| ЕPD = 0, бұл баға көлемі өзгергенімен, сұраныстың көлемі өзгермейді. |
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1% өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемнің осы тауар бағасының өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады.
∆ Q%
∆ Р%;
∆ Q%
∆ Р%;
∆ Q%
∆ Р%;
∆ Q%
∆ Р%;
∆ Q%
∆ Р%;
∆ Q%
∆ Р%;
∆ Q%
∆ Р%;
∆ Q%
∆ Р%;
ЕPD = ∆ Q%
∆ Р%
Мұнда ЕPD – сұраныстың бағалық икемділігінің коэффиценті;
Q% - сұраныс көлемінің қатысты өзгеруі;
Р% - бағаның қатысты өзгеруі;
Сұраныстың табыстық икемділігі – бұл көрсеткіш тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың сапалылығын анықтайды.
ЕіD = ∆ Q%
∆ I %
Мұнда: ЕіD – сұраныстың табыстық икемділігінің коэффициенті,
Q % - сұраныстың өзгеруі,
І % - табыстың өзгеруі.
Егерде ЕіD > О бұл тауарлар сапасыз болады, себебі тұтынушының табысы өскен сайын қарастырып отырған тауарға сұраныс азаяды.
ЕіD >О - әдеттегі қолдануға жарамды тауарлар.
Егерде О< ЕіD < 1 – бірінші қажеттіліктегі тауарлар
ЕіD > 1 – қымбат жиһаздар, сән-салтанат тауарлары.
Көптеген тауарларға ЕіD – оң сан, бірақ та қайсы бір жағдайларда ол теріс санда болуы мүмкін яғни табыс өскен сайын сатып алынған игіліктердің саны азаятын болса.
Бірін - бірі алмастыратын және толықтыратын тауарлардың болғандығынан, бір тауардың бағасының өзгеруі екінші тауардың сұраныс көлемінің өзгеруіне әсер етеді. Бұл байланысты анықтау үшін сұраныстың қиылысқан икемділігі деген көрсеткіш қолданылады. Бұл көрсеткіш У тауарының бағасы 1% -ке өзгерген кезде Х тауарынан сұраныс көлемі қанша процентке өзгеретінін көрсетеді және төмендегі формула арқылы есептеледі:
ЕхуД = ∆ Qх%
∆ Ру%
Мұнда: ЕхуД – қиылысқан икемділік коэффициенті;
∆ Qх% - Х тауарына сұранысына қатысты өзгеруі;
∆ Ру% - У тауар бағасының өзгеруі.
Егерде қиылысқан икемділік коэффициенті оң сан болса, ЕхуД > О, онда Х және У тауарлары бірін - бірі алмастыратын тауарлар.
Егер ЕхуД < О теріс сан болса, онда бірін - бірі толықтыратын тауарлар.
ЕхуД = О онда Х және У біріне - бірі қатысы жоқ тауарлар болып анықталады.
Ұсыныстың икемділігі – бұл бағаның 1% -ке өзгеруі ұсыныс көлемінің қанша %-ке өзгеретінін анықтайтын көрсеткіш.
ЕРS = Qх%
Ру%
Мұнда: Ер S - ұсыныстың икемділігі,
Q% - ұсыныстың көлемінің қатысты өзгеруі
Р% - бағаның қатысты өзгеруі.
7.11. график. Икемді ұсыныс. | 7.12. график. Икемсіз ұсыныс. |
Р
Р1
Р2
Q2 Q1 Q
|
Р Р1
Р2
Q2 Q1 Q
|
Егер ЕРS >1, ұсыныс икемді. >> | Егер ЕРS <1, ұсыныс икемсіз. |
График 7.13. Бірлік икемді ұсыныс |
|
Р Р1
Р2
Q2 Q1 Q | Егер ЕРS = 1, ұсыныстың икемділігі бірлік деп аталады.
|
7.14. г рафик. Абсолюттік икемсіз ұсыныс | 7.15. график. Абсолюттік икемді ұсыныс |
Р
Р1
Р2
Q |
Р P
Q1 Q2 Q
|
ЕРS =0, бұл жағдайда бағаның өзгеруі ұсынысқа әсер етпейді. | ЕРS = ∞, баға көлемі өзгергенімен, ұсыныстың көлемі өзгермейді. |
Информация о работе Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі