Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:48, реферат
Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.
Меншік субъектісі
Адам,отбасы,әлеуметтік топтар, ұжым, халық, мемлекет, басқару орындары. | Жер,ғимараттар, табиғи ресурстар, өндіріс құрал-жабдықтары, мүлік, ақша, асыл заттар, ақпарат, жұмыс күші, білім, бағалы қағаздар. |
Меншіктің экономикалық мағынасы келесі қатынастармен сипатталады:
1. Иемдену – затты өз игілігіне пайдалану.
2. Жатсындыру – меншік объектісін иеліктен шығару
3. Жекелендіру - әр бір тауар өндіруші мамандығы бойынша белгілі бір тауар өндірісіне жекеленеді.
4. Қоғамдастыру – еңбектің қоғамдық сипатының дамуы.
5. Өндірістің материалдық және жеке факторының бірігу тәсілі.
6. Табысты бөлу әдістері.
Меншік, заң жағынан алып қарағанда, мүліктік қатынастарға жатады. Құқық нормалар мен актілерде материалдық байлық әр түрлі субъектілер арасында қалай иемделінетіні және бөлінетіні анықталады. Экономикалық теорияда жеке меншік құқықтың мынадай түрлерінде даму алады. (Оноре тізімі бойынша):
1. Иемдену құқығы, яғни игіліктерге міндеттелінген денелік (күш қуаттылық) бақылау құқығы.
2. Пайдалану құқығы, яғни игіліктің пайдалы қасиетін өзі үшін қолдану құқығы.
3. Басқару құқығы, яғни игіліктерді қолдануды кім және қалай қамтамасыз етуді шешу құқығы.
4. Табысқа деген құқық, яғни игіліктерді пайдалану нәтижесіне ие болу құқығы.
5. Егемендік құқығы, яғни игіліктерді жатсындыру, өзгерту, тұтыну немесе жойып жіберу құқығы.
6. Қауіпсіздік құқығы, яғни игіліктерді сыртқы ортаның зияндылығынан қорғау құқығы.
7. Игіліктерді мұрагерлікке беру құқығы
8. Игіліктерді иеленудегі мерзімсіздік құқығы.
9. Сыртқы ортаға зияны келтіретін әдістерді қолдануға тыйым салау құқығы.
10. Өндіріп алуға жауапкершілік құқығы, яғни қарыз үшін игіліктерді өндіріп алу құқығы
11. Қалдық сипатты құқық, яғни бұзылған құқықтарды қалпына келтіруді қамтамасыз ететін институттардың әрекет ету құқығы.
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің әр түрлі типтері белгілі. Ерте дүниенің өзінде ұжымдық, жеке еңбектік және мемлекеттік меншік түрлері қалыптаса бастады. Олардың ең бастылары: жеке және мемлекеттік меншік болып саналады.
Мемлекеттік меншік өзінің барынша дамуын әкімшілік-әміршілік экономикалық жүйеде, бұрынғы КСРО-да жүзеге асырылып, оның үлесі меншік түрінің жалпы құрылымында 88,6 % құрады, нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі көп болмайды. Экономикада мемлекеттік меншіктің басым болуы мемлекеттік монополиялардың пайда болуына алып келеді.
Жеке меншіктің дамуы XIX – ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты. Жеке меншіктің дамуы еркін бәсекенің дамуына, кәсіпкерлердің тиімділігін көтеруге, тұрғындардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға итермелейді.
Еңбек бөлінісінің даму деңгейіне байланысты меншік әр түрлі иемдену формаларына бөлінеді:
1. Жеке иемдену формасы.
2. Ұжымдық иемдену формасы.
3. Қоғамдық иемдену формасы.
Нарықтық экономикаға көшу меншік қатынастарын өзгертугі талап етеді. Меншікті мемлекет иелігінен алу мен жекешелендіру нарыққа көшу барысындағы өте күрделі, маңызды мәселе. Орталықтандырылған мемлекеттік экономиканы аралас экономикаға көшіру мәселесі мемлекеттік тікелей басқарудан құтылып, бәсекені дамытуды қарастырады.
Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру – бұл нарыққа бет алған шаруашылық құралдарын дамуына қажет жағдайларды қамтамасыз етуді, тиімді және жауапты меншік иелерін қалыптастыруды, нақты бәсеке ортаны қалыптастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің формалары әр қилы.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік объектілерін мемлекет иелігінен алу мен жекелендірудің төмендегідей түрлері қолданылады:
а) мемлекеттік кәсіпорын мүлігін жалға беру;
ә) жалға берілген мемлеметтік кәсіпорын мүлігін сатып алу;
б) мемлекеттік меншік объектілерін концессияға беру;
в) мемлекеттік кәсіпорынды акционерлік қоғам немесе серіктестік ретінде құру;
г) еңбек ұжымы мүшелерінің мемлекеттік кәсіпорын мүлігін сатып алуы;
д) мүліктері мемлекеттік меншіккке жатпайтын мемлекеттік кәсіпорын мүлігін заңды тұлға және жеке адамдарға байқаулар және аукцион арқылы сату.
1991 ж. бастап ҚР-ның Конституциясында жеке меншікке деген құқық белгіленіп және жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алудың алғашқы шаралары қолданыла бастады. Бұл шаралардың негізгі мақсаты: ол мемлекеттік меншіктің басқа формаларға өзгеруі мен нарықтық экономикаға көшуге жағдайлар жасау болып табылады. Меншікті мемлекет иелігінен алу кәсіпкерліктің дамуына, бәсекенің пайда болуына жағдай жасап, жекеменшік иелері топтарының қалыптасуына бағытталды.
1. Аукционда байқау бойынша сату және сатып алу. | 2.Кәсіпорын капиталы-ның үлесін сату (акцияларды) | 3.Жалға берілген кәсіпорынның мүлкін сатып алу.
|
Қазақстан Республикасында жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесі «Жекешелендіру және мемлекет иелігінен алудың Ұлттық бағдарламасына» сәйкес жүргізіледі. Жекешелендіру үш негізгі бағытта жүргізіледі.
1. Кіші жекешелендіру – еңбеккерлердің саны 200 адамға дейін.
2. Жаппай жекешелендіру – орташа және ірі кәсіпорындар (200-500 адам) және халыққа жекешелендіру купондарының бөлінуіне негізделді.
3. Жеке жобалық жекешелендіру – ірі кәсіпорындар мен мемлекеттің ерекше маңызды кәсіпорындары.
Қазақстан республикасындағы жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу процесін 4 кезеңге бөлуге болады:
1. 1991-1992 ж.ж.- мемлекет меншігінің реформасы кең көлемде нарықтық экономикаға көшуге жағдай жасау үшін жүргізілді. Бұл кезде мемлекеттік меншікті мемлекет иелігінен алу жекешелендіру жүзеге асырыла бастады. Негізгі мақсат өндірістік қатынастардың жаңа түрін қалыптастыру, меншік иелерінің жаңа тобын құру. Мемлекеттік меншікті азаматтарға бағалы қағаз түрінде мүлкін бөліп беруді көздеді. Бұл кезде ашық аукциондар мен конкурстар арқылы шағын, орта кәсіпорындар жекешелендірді.
2. 1993-1995 ж.ж. – мемлекет иелігіндегі мүлікті халыққа қайтару арқылы нарыққа көшу жағдайын жасауы. Бұл кезеңде шағын және жаппай жекешелендіру жүргізілді. Мұндағы негізгі мақсат нарықтық экономикаға өту жағдайын қалыптастыру, мемлекет иелігінен алу барысында әлеуметтік әділеттілікті сақтауға, жекешелендірудің тәртіппен, мемлекеттің бақылаумен жузеге асуын қамтамасыз ету. Жекешелендірудің әртүрлі бағыт бөлімінде халықтың меншік деген құқығы инвестиция тарту, оның ішінде шетелдік инвестицияларды мүмкіндігі жүзеге асуына жағдай жасалды.
3. 1996-1998 ж.ж. экономикадағы жеке сектордың басымдылығымен қатар мемлекеттің халыққа мүлікті қайтаруының аяқталуы. Бұл кезеңде басты мақсат жекешелендіру саясатын аяқтау, экономикадағы жеке меншік үлесін арттыруы және тұрақтандыру, осыған байланысты жаппай жекешелендірумен бірге жекелеген жобалар бойынша жекешелендіру жүргізілді.
4. 1999-2000 ж.ж. – мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендіру заңдылық негізін жетілдіру және басқарудың тиімділігін көтеру. Мемлекеттік үлеске қатысы бар кәсіпорындар белгіленді.
Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:
шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
бәсекелестік ортаны қалыптастыру арқылы, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;
шағын және орта бизнесты дамыту;
жеке бизнес басымырақ ұйымдық шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.
Негізгі түсініктер мен терминдер
Жекешелендіру
Иемдену
Меншік
Меншік объектілері
Меншік субъектілері
Меншікті мемлекет иелігінен алу
Бақылау сұрақтары
1. Меншіктің экономикалық мазмұны.
2. Меншіктің құқықтық мазмұны.
3. Қазақстан республикасындағы меншіктің формалары
4. Қазақстан республикасындағы жекешелендіру және мемлекет иелігінен алу процесі.
5. Жекешелендіру тәсілдері.
5 тақырып Қоғамдық шаруашылықтың түрлері.Тауарлы шаруашылық.
1. Шаруашылық жүргізудің тәсілдері: натуралдық және тауарлық.
2. Тауарлы шаруашылықтың мәні.
3. Ақшаның мәні мен атқаратын қызметтері.
Адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндіріс екі түрлі формаға бөлінеді: натуралды шаруашылық және тауарлы шаруашылық. Натуралды және тауарлы шаруашылық төмендегі келтірілген ерекшеліктермен сипатталады:
5.1. кесте
Натуралды және тауарлы шаруашылық сипаттамасы
Натуралды шаруашылық | Тауарлы шаруашылық |
1. Экономикалық қатынастар тұйық жүйелі түрде болады. | 1.Экономикалық қатынастар ашық жүйелі түрде болады. |
2. Еңбек бөлінісі дамыған негізінде қолмен жасалатын еңбектің түрі. | 2. Еңбек бөлінісі мен тауар айырбасы мамандарылған еңбек. |
3. Өндіріс пен тұтынудың арасында тікелей экономикалық байланыста болады. Өндірілген өнім айырбасқа қатыспай-ақ тікелей тұтынылады. | 3. Өндіріс пен тұтынудың арасындағы жанама экономикалық байланыс. Өндірілген өнім нарықта айырбасқа сатуға түсіп, кейін тұтынылады. |
Бұл қоғамдық өндірістің екі түріне қысқаша төмендегідей сипаттама беруге болады.
Натуралды шаруашылық - қоғамдық өндірісті ұйымдастырудың ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдағы адамның еңбек құрал сайманының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіншілік береді. Яғни натуралды дегеніміз – адамдар өнімді айырбасқа нарыққа шығаруға ұмтылмастан, тек өздерінің жеке бас қажеттіліктерін өтеу үшін өндірілетін шаруашылықты айтамыз. Олардың негізгі белгілері мыналар:
өндіргіш күштер мен оларды ұйымдастыру аса қарапайым;
өндірілетін өнімдер жиыны ғасырлар бойы өзгерместен жылдан- жылға бірдей көлемде өндіріледі.
Алайда «өндірдік- тұтындық»- приципі бойынша өмір сүру мүмкін емес екендігі кейінірек қоғамда дәлелдене бастады, яғни мұндай саясат елдің әлемдік рыноктан оқшаулануына экономикалық ғылымның артта қалуына әкелді, сондықтан экономикалық ұйымдастырудың бұл формасын қолдану мүмкін емес.
Осыдан кейін тауарлы шаруашылық қалыптасты. Мұның мәні мынада: Тауарлы деп- өнімдер сату үшін өндіріліп, ал өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы байланыс нарықтың көмегімен жүзеге асырылатын шаруашылық аталады.
Тауарлы шаруашылықтың пайда болуының қажетті шарты:
нақты бір өнім шығарушыға өндірушілердің мамандануын білдіретін қоғамдық еңбек бөлінісі, яғни тауарлы шаруашылық - өндірілген өнім айырбасқа (сатуға) түседі.
жекеменшіктің болуы;
тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы.
Тауарлы өндірістің шығу себебі жеке меншік және шаруашылық қатынастары арқылы өндірушілердің бір - бірінен оқшаулануы. Ол жеке меншік алғашқы қауымдық қоғамның ыдырау кезеңінде бой көтерді. Белгілері: Тауарлы өндірістің даму сипаты айырбас пен нарықтың дамуына байланысты.
жеке меншіктің пайда болуы;
тұтынушылар өз қажетін қанағаттандыра алу қабылеттілігі;
еркін кәсіпкерлікпен айналысуға жол ашылды;
қоғамдық өнімнің басым бөлігі тек жеке тұтыну үшін емес, нарық арқылы сатуға арналды;
экономикада мемлекеттік және жеке сектордың болуымен сипатталады.
Тауар – сатуға немесе айырбасқа түсетін өнім. К.Марстың ойынша, тауардың екі қасиеті бар:
адамның сұранысын қанағаттандыру, яғни тұтыну құны;
басқа затқа айырбастау мүмкіндігі, яғни айырбас құны (өз құны).
Тұтыну құны – тауардың пайдалылығы, адамның белгілі бір қажеттілігін қанағаттандыру қасиеті.
Информация о работе Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі