Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:48, реферат

Описание работы

Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.

Работа содержит 1 файл

УМК по ОЭТ.doc

— 1.30 Мб (Скачать)

1.      Бизнестің барлық төрт деңгейінде: өтпелі экономиканың барлық сфераларында  ғылыми-техникалық  жетістіктердің ашу мен енгізу жолдарында ішкі және  сыртқы мемлекетаралық кәсіпкерлік  қызметтің (шағын, орта, ірі және мемлекеттік) қалыптастыру мен ынталандыру саясатын жалғастыру.

2.      Экономикада салалық, құрылымдық қайта құруды жүзеге асыру.

Қазақстан ғалымдары атап  көрсеткендей, Қазақстанда өз уақытында  жүргізілген индустриализация – ірі экономикалық іс-әрекет қалыптастыруға жол ашты. Бірақ та, республикадағы индустриализация процесінің өзі, егер оны  экономикалық  техникалық  құрылымының  өзгерістерімен байланыстырғанда  -  ол аяқталады, оның себептері:

-         технологиялық базистің үштен  екісі төменгі ескішеге негізделген  алғашқы  машиналы технологияларды құрайды;

-         автоматтандырылған және кешенді  механикаландырылған өндіріс техникалық базистің үштен бірін құрайды;

-         кибернетикалық техника мен ақпараттық технология технологиялық базисте жекеленген  ошақтармен берілген.

1997 жылдың қараша  айындағы  ел Президентінің Қазақстан халқына  Жолдауында өтпелі кезеңдегі әлеуметтік – экономикалық қорытындының шығарылуы, тежеуші факторлары айқындалып, 2030 жылға дейін жүзеге асыруға көзделген жеті ұзақ мерзімді  мақсаттар мен олардың мерзімдері көрсетілді.

 

Ұзақ мерзімді жеті басымдық:

1.      Ұлттық қауіпсіздік.

2.      Ішкі саяси  тұрақтылық пен қоғамның топтасуы.

3.      Шетел инвестициялары мен ішкі  жинақталымдардың деңгейі жоғары  ашық нарықтық экономикаға негізделген – экономикалық өсу.

4.      Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі мен әл-ауқаты.

5.      Энергетика ресурстары.

6.      Инфрақұрылым. Әсіресе көлік және байланыс.

7.      Кәсіби мемлекет.

Қойылған мақсаттарды жүзеге асыру  үшін мына  үш кезеңде болуы қажет:

-         1998-2000 жылдар,

-         2001-2010 жылдар,

-         2011-2030 жылдар,

2000 жылдың 21 ақпанында Республика Үкіметімен кездесуінде Қазақстан республикасы Президенті ұзақ мерзімді стратегияда анықталған реформалардың  І кезеңі аяқталғанын атап көрсетті:

-         әлеуметтік ахуалды жақсарту және кәсіпкерлік қызметті одан әрі дамыту;

-         басқарудың  тиімділігін арттыру;

-         өндіріс секторына несие беру;

-         экономикалық шикізат бағдарын өзгерту;

-         аймақтық диспропорцияларды жою

Президент  әлеуметтік ахуалды жақсарту деп ең маңызды мәселе  халықты жұмыспен қамту мәселесі екенін атап көрсетті. Жұмыспен қамту мәселесін шешуде шағын  кәсіпкерлікке маңызды рөл берілді. Осы мәселелер туралы  дайындалатын бағдарламаларда шағын және орта  бизнесті одан әрі дамыту, олардың өкілдері Қазақстан шикізатын өндеуді кеңейтуге негізделген өндірістерді құрауға және дамытуға  атсалысу қажеттілігі көзделеді.

Экономикада шикізат бағдарын өзгерту мәселесі шешумен байланысты кешенді құрылымдық саясат жүргізу, яғни отандық шикізаттың жаңа, бірінші, екінші, үшінші және  төртінші  сатыларын құруда, ауыл шаруашылығын өңдеу  өнеркәсібін құру мен дамытуда айқын белгіленген стратегия, импортты алмастыру  бағдарламасын құру.

Мұнай өңдеуді ұйымдастыру, мұнай химиясының басқа да  өнімдерінің  өндірістерін ұйымдастыру, мұнай өңдеу мен мұнай өндіру үшін машина жасау өнеркәсібін дамыту міндеттері қойылды.

Осы жұмыстың негізгісі – бәсекеге қабілетті баға мен технология сапасын қамтамасыз ету, яғни  бәсекеге қабілетті  өңдеу  өнеркәсібін құру.

Экономикалық саясаттың тағы бір бағыты  аймақтар дамуындағы диспропорциялар әсіресе, оңтүстік пен солтүстік аудандардағы  диспропорциялар, оңтүстік аудандарда солтүстік аудандармен салыстырғанда жұмыссыздықтың басымдылығынан болатын төмен табыстар мен кедейлік деңгейі бойынша халықтың  жіктелуінен көрініс табады. Осындай  диспропорция салдары халықтың елдің ең қолайлы аудандарына қоныс аударуынан көрінеді.

Ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіптің әлі  іске жаратылмаған әлеуетінде жаңа жұмыс  орындарын құруды, шағын және орта бизнесті дамытуда  қарастырылатын көші - қон саясатын жасау міндеті қойылды.

 

Экономиканы реформалауда меншіктің орны

Реформалау дегеніміз экономикалық жүйе үлгісінің бір түрінен басқасына өту болып табылады. Бұл процесс үстемдік ететін меншік формасының өзгеруі қалайда қажет деп тілемейді. XX ғ. Басына қарай нарық механизмдеріне негізделетін және еркін нарықпен реттелетін экономикалық үлгі өзін өзі жоюға мәжбүр болды. Еркін нарық механизмінің орнына реттелген нарық механизмі келді.

Меншік формасы экономикалық бағыттың өзгеруінің қатал жүргізілуіне кедергі етпейді. Белгілі жағдай, монополияда, бюрократияда экономикалық өкіметтің тоталитарлық синатына икемділігін білдіреді. Осылай, XX ғ. 30-шы жылдарының ортасында КСРО-да қоғамдық меншік жағдайында әкімшілік экономика орнады, ал Германияда, жеке меншік негіздерінің мықтылығына қарамастан, бұйрық экономикасы орнады. Кейін осы жағдай Франко тұсындағы Испанияда, Пиночет тұсындағы Чилиде қайталанды. Бұлардың барлығында тоталитаризмнің келуіне үлес қосқан, сол мерзімде осы елдерде орын алған, экономикалық және саяси шешімдердің үстемдігі болды.

Өндірістің шоғырлануы мен бәсеке меншіктің орталықтануына ат салысады. Бұл процесс шаруашылық субъектілері болып табылатын меншік иелерінің санын біршама төмендетеді. Мысалы, меншік иелерінің (акциялар иелері) санына қарамастан, акционерлік қоғам нарықта келісім жасасатын бір ғана заңды тұлға болып танылады.

Ал экономикалық жүйелердің өздеріне тән айырмашылықтары сақталады: тауар өндірісі мен тауар айналымының даму дәрежесі; экономикалық өкіметтің типі және оны жүзеге асыратын формалар; осы қоғам жүйесіндегі байлық деп түсінетін экономикалық әрекеттердің орны, рөлі. Реформа жүргізу сырттан қарағанда субъективтік акт болып көрінеді. Оны жүргізудің дүниежүзілік тәжірибесі осы процестерді анықтайтын бірсыпыра құбылыстарды ашты.

   

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

 

Аралас экономика

Ашық экономика

Ғылыми-техникалық прогресс

Дәстүрлі жүйе

Жабық экономика

Индустриалдық жүйе

Әкімшілік-әміршілік экономика

Нарықтық экономика

Экономикалық жүйе

Экономикалық реформа

Экономикалық үлгілер

 

 

Бақылау  сұрақтары

 

1.      Экономикалық жүйе және оның түрлері.

2.      Экономикалық жүйедегі аралас жүйенің негізгі үлгілері.

3.      Экономикалық жүйелерді ұйымдастыру үлгілеріне жалпы сипаттама.

4.      Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономикаға өтуінің ерекшеліктері

5.      Нарықтық экономикаға өту кезіндегі Қазақстан Республикасындағы басты міндеттер.

6.      “Қазақстан – 2030 стратегиясының” басым бағыттары.

7.      Экономиканы реформалаудағы меншіктің орны.

 

 

 

 

2 БӨЛІМ. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ФУНДАМЕНТАЛДЫҚ НЕГІЗДЕРІ.

 

4 тақырып.  Меншік қатынастары, олардың

экономикадағы рӨлі.

 

1.      Меншіктің экономикалық және құқықтық мазмұны.

2.      Меншік   обьектілері мен   субьектілері.

3.      Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру:  кезеңдері, формалары, әдістері мен мәселелері.

     

Меншік – қоғамдық құрылыстың негізі – қоғамдық бастаулардың негізіне  жатады. Меншік экономикалық категория ретінде  өндіріс құрал – жабдықтарын және  өндірілген өнімдерді иемденуге байланысты адамдар арасында туындайтын қоғамдық қатынастар.

Меншік қатынастарын дұрыс түсіну үшін, оны иемдену қатынастарымен салыстыру қажет. Иемдену – затты меңгеріп алудың нақты қоғамдық әдісі. Иемдену осы берілген меншіктің және оның нақты түрлерінің негізі, тамырлы белгісін құрайды. «Меншік» және «иемдену» деген түсініктерді ажыратып, әрқайсы жеке танып білу қажет: бұлардың жеке ұғымдар және экономикалық қатынастар жүйесінде өздерінің жеке орындары болады.

Иемдену – шаруашылық өмірдің жүйесімен сәйкестікте болады және сонымен бірге дамиды. Алғашқы заманда адамдар көбінесе табиғат сыйларын жинап,  аң мен балық аулап иемденген. Бара-бара екі типті шаруашылық қалыптасады – иемденуші (табиғаттың дайын сыйларымен айналысатын) және өндіруші шаруашылықтар.

Иемденудің ең бастапқы кезеңін, қоғамның мақсаттарымен және оның ынталарымен байланысты болатын, өндіріс құрайды. Халықтың әр түрлі әлеуметтік топтары үшін еңбек өнімдерін иемдену және табыс алу, осы жүйенің жекелеген жүйелері арқылы, иемденудің нақты формалары арқылы, орындалады: аңшылық, балық аулау, өндіріс, айырбас және бөлу арқылы. Ал, табыстың өзі өнім, жалақы, зейнетақы, пайда т.б. түрін алады.

Иемденудің әдісі және оның формалары болады. Иемдену әдісіне, өндіріс әдісіне және айырбас пен бөлудің дамуында жүріп отыратын өзгерістер тұрақты әсер етеді. Ал иемденудің формаларының, иемдену әдістерімен салыстырғанда, өзгерістерге икемділігі төмен болады. Кейбір  жағдайда иемдену формалары, дамуы төмен сатыдағы өндіріс әдісінің дәрежесінде жасанды түрде тоқтап қалуы мүмкін. Иемдену әдісі меншіктің нақты түрімен сәйкес келуі мүмкін. Осындайда меншіктің объективтік заңдары мен иемдену заңдары әрекет етеді. Санкт-Петербургтың мемлекеттік экономика және қаржылар Университетінің ғалым-экономистерінің көзқарастары бойынша, меншіктің екі заңы және иемденудің екі заңы болады. Бұлар   жұбымен, тығыз байланыста бола отырып әрекет етеді. Өзінің еңбегінің өніміне меншік заңы, меншіктің бірінші заңы болып табылады. Осыған сәйкес келетін иемденудің заңы : еңбек – иемденудің тұңғыш әдісі. Бұл меншікті және оның бағасын жасайды. Меншікті бірінші заңының негізінде натуралдық және жабайы тауар өндірісі әрекет етеді. Бұнда иемдену екі жақты жүріп отырады: тікелей еңбек арқылы және нарықтағы өз еңбегінің өнімінің айырбасы арқылы. Иемденудің осындай жағдайында, жасалған өнімге меншік, иеленушінің тікелей еңбегінен туады. Бұл еңбектік (еңбек жасаған) меншік болып табылады. Осы замандағы нарық шаруашылағының пайда болуы жалдама еңбек пен және капиталдың әрекеттерімен байланысты болады. Еңбектік жеке меншіктің капиталистік жеке меншікке айналуы, меншіктің бірінші заңының екіншісіне – бөтен еңбектің өніміне меншік заңына – көшуінің негізінде өтеді. Енді бұған – екінші заңға – иемденудің басқа, екінші заңы сәйкес келеді: тауар айналымы – ең бастапқы иемдену әдісі. Ірі қоғамдық өндіріс осы заңдарға негізделеді. Бұндағы иемдену екі жақты жүреді, бірақ ол басқа формалар арқылы – тауар айналымы және табыстарды бөлу арқылы жүреді.

Меншіктің екінші заңы еңбектің меншіктен шектелуіне негізделеді. Осы жағдайда жасалған өнімге меншік мәселесі қалай шешілмек?

Экономикалық бағыттан (әңгіме еңбекке экономикалық күштеу туралы) бөтен еңбекті иемдену тек тауар мен ақша ағымдарының айналыс сферасы арқылы мүмкін болады. Сұраныс ұсыныстан артық болса, немесе, тауарлар мен қызметтердің бағасы жасанды түрде жоғары белгіленсе, эквиваленттер еместер айырбасталуы мүмкін. Осы жолмен өсімқорлық капиталы пайда болған. Айналым шығындары беталды жоғарылатылса, алыпсатарлық жағдайлар көпес капиталынан орын алады. Жалдама еңбекті өндіріс сферасында қолдану, қосымша өнімді, тұңғыш рет экономикалық заңдарды бұзбай, осылардың негізінде, иемденуге мүмкіндік берді.

Тауар айналымы заңдарында сәйкес, өнімді жасаған жұмыскердің тауар нарығында болуы міндет емес: нарықтың субъектері тауарлардың меншік иесі болады. Иемдену шарттары өзгереді. Алғашқы кезде өнімге иелік етудің негізін еңбек және өндіріс шарттарына өзіндік меншік болуы құрайтын еді. Енді өндіріс шарттарының иемденушісі болудың өзі жеткілікті болады: шеттелген жұмысшы күші капиталға жататын құрылымға айналып, жасалған нім соның (капиталдың) туындысы ретінде қаралатын болады.

Тауар өндірісіндегі айналым иемденудің жалғыз формасы болмаса да, негізгісі болып табылады. Бұл индивидуалдық және жалпы жеке меншік болуымен белгіленеді. Егер өндірісте жалпы, біріккен капитал пайдаланылған болса, онда айналым арқылы иемденген қосымша өнім, капиталға меншігі барлардың арасында бөлінеді. Қажетті өнім, жалақы түрінде жалдамалы жұмыскерлердің қарамағына түседі. Бұдан әрі табыстан екінші, үшінші, т.т. бөлінуден өтеді.

Жалпы меншіктің субъектері бір-бірімен иемденушілер болып қатынасқа түседі. Бұл жағдайда жеке иемденудің негізгі формасы бөлуге көшеді. Бірақ осы процеске меншіктің формасы өзгешелік енгізеді. Егер бұл жеке меншік болса, онда айналым  арқылы иемделініп қойған қосымша өнім бөлініске түседі. Бөлудің өлшемінің қызметін капитал атқарады: субъектінің жалп табыстағы үлесі, оның индивидуалдық капиталының салымының мөлшері мен белгіленеді.

Қоғамдық меншіктің субъектерінің осы меншікке құқықтары тең болады. Осы жағдай табысты бөлу принціпін белгілейді. Бұнда бөлудің өлшемі қызметін еңбек атқарады. Бөлудің мына принципі жүзеге асырылады: еңбек адамдар өмірінің негізі, сондықтан бөлу еңбекке сәйкес жүргізілу керек. Бұнда айналым арқылы жүзеге асырылатын иемдену, иемденудің екінші дәрежелі, туынды формасы болып табылады.    

Меншік ол зат емес, меншік – заттарға байланысты адамдар арасындағы қатынастар, яғни меншік объектісін пайдаланудағы субъектінің құқығы.

Информация о работе Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі