Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:48, реферат

Описание работы

Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.

Работа содержит 1 файл

УМК по ОЭТ.doc

— 1.30 Мб (Скачать)

Нарықтың экономикалық құрылысы мынадай жағдайлармен белгіленеді:

      меншік формалары бойынша: (мемлекеттік, жеке, ұжымдық, аралас);

      шаруашылық субъектілернің әр түрлі формаларының экономикадағы үлес салмағына байланысты тауар өндірушілердің құрылымы (мемлекеттік, арендалық, кооперативтік, жеке меншік кәсіпорындары);

      тауар айналымы сферасының ерекшеліктерімен;

      шаруашылықтың құрылымдық бөлімдерінің мемлекет иелігінен алыну және жекелендіру дәрежесімен;

      осы мемлекеттің қолданатын сауданың түрлерімен.

 

Құрылымы жағынан нарықты мынадый критерилерге бөлуге болады:

1.      Нарық қатынастары объектілерінің атқаратын экономикалық қызметі бойынша:

-         игіліктер  мен қызметтер нарығы;

-         өндіріс құралдарының нарығы;

-         ғылыми- техникалық құралдар нарығы;

-         құнды қағаздар нарығы;

-         жұмыс күші нарығы.

2.      Нарықтарды тауарлы топтар бойынша жіктеуге болады.

-         өндірістік қызметке бағытталатын тауарлар нарығы;

-         халық тұтынатын тауарлар нарығы;

-         шикізат пен материалдар нарығы.

3.      Кеңестік критериі бойынша мынадай нарықтар болады.

-         аймақтар ішіндегі;

-         аймақтар аралық;

-         республикалық;

-         республикааралық;

-         халықаралық (әлемдік) нарықтыр.

4.      Бәсекенің шектеулі дәрежесі бойынша мынадай нарықтар болады:

-         монополиялық;

-         олигополиялық;

-         салааралық нарықтыр.

5.      Нарық қатынастарының субъектілері бойынша мынадай                 нарықтыр болады:

-         көтерме сауда нарықтары;

-         бөлшек сауда нарықтары;

-         ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекеттік сатып алу нарықтары.

6.      Экономикада заңдылықты сақтау жағынан мынадай нарықтар болады:

-         заңды, ресми нарықтар;

-         заңды емес, көлеңкеленген нарықтар.

Нарықтың құрылымдық түрлеріне байланысты.

Тауарлар мен қызметтер нарығы

-         тұтыну тауарларының нарығы – азық - түлік және азық - түлік емес тауарларының нарығы;

-         қызметтер нарығы;

-         тұрғын үй және өндірістік емес ғимараттар нарығы.

Өндіріс факторының нарығы

-         жылжымайтын мүліктер нарығы;

-         еңбек құрылымдарының нарығы;

-         шикізат пен материалдар нарығы;

-         қуат ресурстарының нарығы;

-         пайдалы қазбалар нарығы.

Қаржы нарығы

-         капиталдар нарығы немесе инвестициялық нарықтар;

-         несие нарықтары;

-         құнды қағаздар нарығы (акция, облигация, т.б.);

-         валюта, ақша нарықтары.

Интелектуалды өнімдер нарығы - иновацияландыру, ойлап табудағы информациялық қызметтердің, әдебиет және еңбектерінің нарықтары. Жұмыс күші нарығы – бұл еңбек ресурстары қозғалысының экономикалық формасы. Бұнда нарық экономикасы заңдарына сәйкес жұмыс күші миграция жасап отырады. Аймақтық нарықтар - жергілікті, ішкі ұлттық, сыртқы, халықаралық нарықтар.

Экономикалық теориядағы жасырын экономика - әртүрлі себептермен ресми түрде статистика арқылы есепке және  бақылауға алынбаған өндіріс, айырбас және материалдық игіліктерді бөлу процестері. Нарықты өмірде жасырын экономика факторын есепке алмау қоғам мүддесіне қайшы келетін өте ауыр әлеуметтік экономикалық салаларға  лауазымдық  қызметкерлердің қылмысының өсуіне және басқа да әртүрлі қылмыстық істерге әкеліп соқтырады.

Нарық механизмінің негізгі элементтеріне жататындар: баға, сұраныс пен ұсыныс, бәсеке. Сұраныс пен ұсыныстың  ара қатынасының өзгерістеріне байланысты бағалар қалыптасады.

Бәсеке - нарықта реттеушілік қызметін атқарады. А. Смит – бәсекені нарықтың - «Көрінбейтін қолы» деп атаған. Бәсеке арқылы  нарықтық субъектілері өз пайдасына қарай әрекет етіп, тұтас болғанда қоғам үшін тиімділіктің негізін қалайды. Осы айтылған элементтердің өзара  қатынасы арқылы нарық қалыптасады. Бәсеке – нарық субъектілерінің  пайданы барынша  ұлғайтуға, яғни қойылған мақсатты жүзеге асыру жолында өндірістің аса қолайлы жағдайлары үшін  кәсіпкерлердің өзара күрес қатынастар  ретінде  көрінетін экономикалық жарысы.

Бәсекені  бірнеше  белгілері бойынша  мынадай тұрлерге бөлуге болады:

1.      Даму  масштабы бойынша:

1.1.           Жеке бәсеке – жеке бір қатысушы нарықтың аса қолайлы жағдайларын  таңдап алуға талаптанады.

1.2.           Жергілікті бәсеке – жергілікті қайсыбір территорядағы тауар иелерінің жарысы.

1.3.           Сала ішіндегі бәсеке – сала ішіндегі жарыс.

1.4.           Сала арасындағы бәсеке - әртүрлі сала субъектілерінің жарысы.

1.5.           Ұлттық бәсеке – ел ішіндегі жарыс.

1.6.           Ғаламдық бәсеке - әр түрлі мемлекет субъектілерінің жарысы.

2.      Жүргізу әсеріне қарай:

2.1.           Бағалық бәсеке – бағаны  төмендету арқылы

2.2.           Бағасыз бәсеке – тауар сапасы, жарнама, қызмет көрсету арқылы.

3.      Ниет тәсілдері бойынша:

3.1.           Адал ниеттілік бәсеке

3.2.           Ниетсіз бәсеке – нарықтық ережелерін бұзу, жалған жарнаманы қолдану және т.б. арқылы.

4.      Бәсеке даму сипатына қарай:

4.1.           Жетілген бәсеке

4.2.           Жетілмеген бәсеке (олигополия, монополия, монополистік бәсеке).

Осы айтылғандарға сәйкес нарық былай бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы және жетілмеген бәсеке нарығы.

Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас (бір-бірін ауыстыратын) тауарларды сататын сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамынан туады. Бірде бір сатып алушы мен сатушы жеке дара сұранысты, нарыққа тауардың түсуін немесе оның бағасын  бақылай алмайды. Сатушы бағаны нарықтық бағадан жоғары қоюға дәрмені жетпейді. Себебі, сатып алушы өзіне қажетті мөлшерде тауарды нарықтық бағамен еркін ала алады. Әрбір сатушы бір ғана тауар өнімін сатады. Бұл нарыққа кіру де шығу да жеңіл.

Жетілмеген бәсеке қандай да тауарлар мен қызмет түрін өндірудегі ерекше өндірушінің пайда болуы. Жетілмеген бәсекенің бірнеше түрлері бар: монополия, олигополия, монополистік бәсеке.

6.1.кесте

Нарық үлгілерінің сипаты

 

Жетілген бәсеке

Жетілмеген бәсеке

Таза бәсеке

Монополистік бәсеке

Олигополия

Таза монополия

Анықтамасы

Нарықта сатушы формалардың саны көп бір-тектес тауар, бірде бір фирма бағаға ықпалын жүргізе алмайды

Нарықта сату-шылардың саны көп, тауарлары әртектес

Нарықта бірнеше ірі фирмалар билік жүргі-зеді.

(егерде екеу болса дуополия)

Нарықта бір ғана сатушы билік жүргізеді, бағаға ықпалы өте күшті

Фирмалардың саны

Өте көп

Көп

Бірнеше

Бірғана

Тауардың түрі

Біртектес

Әртектес

Жеке дара

Алмастыратыны жоқ  біртектес

Бағаға бақылау

Болмайды

Орташа

Орташа

Мемлекет тара-пынан бақылау болады.

Салаға кіруге кедергілер

Ешқандай қиыншылық жоқ

Ешқандай  қиыншығы жоқ

Салаға кіруге  кейбір қиын-шылықтар болады

Кіру өте қиын

Бағалық бәсеке

Болмайды

Өте жоғары деңгейде болады

Орташа деңгейде болады.

Болмайды

 

Монополия – ерекше тауардың бір  ғана сатушысы, монопсопия – тауарды бір ғана сатып алушының болуы. Сипатына және пайда болу себептеріне байланысты  монополияны бөлуге болады:

1.       Табиғи монополия – сирек кездесетін және  өндірілмейтін өндіріс факторына биіктеу жағдайында пайда  болады  (тұтынушыларға – су отын, энергия қуатын, газ беру және т.б. фирмалар).

2.       Жасанды монополия  - фирмалардың бірігу және келісу  нәтижесінде  пайда болады.

3.       Кездейсоқ монополия -  өз шеңберіндегі  тұтынушылардың  сұраныстының ұсыныстан уақытша артуы жағдайында пайда болады.

Монополияның пайда болуының басты себебі- өндірістің және капиталдың шоғырлануы.

 

Шоғырланудың бағыттары

Көлденең                                Тікелей                              Диверсификация

Бір саладағы ком-паниялардың бірігуі немесе әлсіз кәсіп-орындарды  күшпен тартып алу.

Ортақ технология арқылы әртүрлі саладағы фирма-лардың бірігуі.

 

Технология жағы-нан байланысы жоқ әр түрлі саладағы фирмалардың бірігуі.

 

 

Монополияның   ұйымдастыру формалары:

1.      Картель - өндірістің көлемі туралы, бағалар туралы келісу

2.      Синдикат – кәсіпорындардың тәуелсіздігі сақталып, бірлесіп тауар өткізу мақсатымен ұйымдасқан бірлестік.

3.      Концерн - бірнеше бағыттағы формалардың бірыңғай қаржы орталығына бірлесуі.

4.      Конгломерат – шаурашылық іс-әрекетіне байланысы жоқ компаниялардың бірлесуі .

Монополияны шектеуге және тыйым салуға монополияға қарсы

заңдылықтар қолданылады.

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

Бәсеке

Картель

Конгломерат

Концерн

Монополия

Монопсония

Олигополия

Синдикат

 

Бақылау  сұрақтары

 

1.      Нарықтың мәні мен түрлері.

2.      Нарықтық механизмнің негізгі элементтері.

3.      Нарықтың артықшылықтары мен кемшіліктері.

4.      Жетілмеген және жетілген бәсекелердің сипаттамасы.

5.      Көленкелі экономиканың негізгі сипаты.

7 тақырып.  Сұраныс пен ұсыныс теориясының негіздері.

 

1.      Сұраныс заңы. Сұраныстың қисығы

2.      Ұсыныс заңы. Ұсыныс қисығы

3.      Сұраныс пен ұсыныстың бірөбіріне әсер етуі.

4.      Нарықтық тепе-теңдік.

5.      Икемділік түсінігі.

6.      Икемділік коэффициенті.

 

Өндірісті  ұйымдастыру  кезеңінде  туатын негізгі мәселелер:

-         Нені өндіру қажет?

-         Қалай өндіру қажет?

-         Кім үшін өндіру қажет?

Бұл аталған мәселелер тауарларға сұраныс пен ұсыныстың тікелей әсер етуімен шешіледі.Осыған байлансты сұраныс пен ұсынысты талдау міндетті.

Сұраныс пен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері. Сұраныс  ақшалай камтамасыз етілген тұтынушының қажеттілігі немесе сұраныс төлем қабілеттілігі бар қажеттілік. Құндық тұрғыдан сұраныс осы қажетті  тауарлардың санасын құрайды.

Сұраныс заңы – тауар бағасы мен сұраныс көлемі арасындағы кері қатынастың көрінісі, яғни тауарға баға  төмендегенде  тұтынушы оны көп  мөлшерде сатып алады. Егер тауарға баға өссе, оған деген сұраныс азаяды.

Сұраныстың қисығы – бұл сұраныс  заңының графиктегі көрінісі, яғни бұл сызықтағы нүктемелер белгілі бір уақыттағы тұтынушының тауарды қандай бағамен және қанша мөлшерде сатып алатын мүмкіншіліктерін көрсетеді. 7.1. графиктегі  көлденең осьте сұраныс көлемі (Q), ал тікелей осьте (Р) – тауардың бағасы, сұраныстың  қисығы (Д).

Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен қалыптасады. Сұранысқа бағадан басқа да бағасыз факторлар әсерін тигізеді:

1.      Тұтынушылардың  табысы. Табыс өскен сайын  тұтынушылардың сұранысы да өседі.

2.      Тұтынушылардың саны. Тұтынушылар саны молайған сайын  сұраныс та өседі.

3.      Тұтынушылардың талғамы (ұнатуы, ұнатпауы, жаңа үлгідегі  тауарлар)

4.      Бірін бірі  алмастыратын және бірін - бірі  толықтыратын тауарлардың бағаларының өзгеруі.

      Егерде тауарлар бірін - бірі  толықтыратын болса (автомобиль және бензин), онда бір тауарлардың (автомобиль) бағасының өсуі екінші тауарға (бензин) деген сұраныстың азаюына әкеледі.

      Егерде  тауарлар бірін - бірі алмастыратын болса (май және маргарин), онда бір тауардың (май) бағасының өсуі екінші тауарға (маргарин) деген сұраныстың  ұлғаюына әкеледі.

5.      Келешектегі өзгерістерді күту: инфляциялық және топшылық жағдайдағы өзгерістер  бүгінгі күндегі сұраныстың өсуіне әкеледі.

 

7.1. графигі . Сұраныстың қисығы

7.2. графигі. Сұраныс қисығының жылжуы

 

    Р 

 

 

 

    Р1                         А

 

   Ро                                       В

                                                      D

 

 

 

 

      

                        Q 1        Qо             Q         

 

 

Р

 

                                       

 

                                                       D1

                                               

                                                     D  

 

                                                 Do

 

                                                 

                                                         Q

Бағаның өзгеру әсерінен сұраныс көлемінің өзгеруі сұраныс қисығының өз бойымен жылжуынан көрінеді.

Бағасыз факторлардың әсері сұраныстың өзгеруіне әкеледі,ол қисық сыздықтың орнынан жылжуынан көрінеді: оңға - жоғары (өсуі); солға – төменге (азаюы).

Информация о работе Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі