Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:48, реферат

Описание работы

Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.

Работа содержит 1 файл

УМК по ОЭТ.doc

— 1.30 Мб (Скачать)

Айырбас құны (тауардың өз құны) – тауардың басқа тауарларға айырбасталу қабілеттілігі. Тауардың мұндай  қасиеттері оны  өндіруге жұмсалған еңбектің екі жақты сипатына байланысты:

Бірінші жағынан, еңбектің нақты түрі белгілі бір тұтыну құнын  өндірумен сипатталады. Яғни, нақты еңбек арнайы еңбек құралдарын  пайдаланумен, жұмыскердің мамандығымен, одан қалды нақты нәтижесімен көрінеді. Сондықтан тұтыну құнын жасайтын еңбекті нақты еңбек деп атайды. Адамның жұмыс күші шығындары тұрғысында барлық еңбек біркелкі және оның нақты түріне тәуелсіз. Мұндай еңбек абстрактылы еңбек. Нақты және абстрактылы еңбек – бұл тауарды жасайтын бір еңбектің екі жағы.

Құн заңы - өндірушілер арасындағы  байланыстарды, сондай-ақ  қоғамдық еңбекті бөлу мен ынталандыруды реттеп отырған  экономикалық заң. Бұл заңның мағынасы: тауар өндіру мен айырбастау оның қоғамдық қажетті  шығындарымен  (ҚҚЕШ) өлшенеді.

Құн заңы нарықта баға заңы ретінде көрінеді, немесе баға – құн заңының көрінісі. Бағаның өзгеруі құн заңының өндіріс салалары арасында  өндірістік ресурстарды қайта бөлу қызметін атқаратынын  көрсетеді.

Қандай бір қоғамда болсын, ақшаның қажеттілігі тауар  өндірісі мен тауар  айналымынан  туындайды. Көптеген тауарлар  массасынан белгілі бір немесе бірнеше тауарлар айырбас кезінде делдалдық қызмет атқару мақсатымен бөлініп шығады. Мұндай  тауарлар ұлу  қабыршағы, аң терісі, мал мен алтын, тағы басқа да көптеген басқа тауарлар болуы мүмкін. Бірақ уақыт өте келе бұл құнның жалпыға ортақ формасының пайда болуына әкелді. Кез келген басқа тауарларға тікелей айырбастауға қабылеті бар тауар жалпылама эквивалент деген ат алды. Сонымен, бұл қызметі барлық жерде  дерлік үнемі күміс пен алтын атқаратын болды. Ақша айналыс құрамында шақа формасы ретінде көрініс  алады.

Монетаның отаны ретіндегі Лидия мемлекеті болып есептеледі. Онда монета алғашқы рет б.д.д. VII-ші ғасырда шыққан. Ал монета термині Юнон–Монета храмы атымен байланысты шыққан, себебі Ертедегі Римде алғашқы монета сарайы сонда болған.

Ақша дамуының өзі айырбаста асыл металдардан жасалған шақаның болуымен тоқталған жоқ. Бұл дамудың келесі қадамы – қағаз ақшаның, содан кейін несиелік  ақшаның пайда болуы. Қағаз ақша ХІІ ғасырда тұңғыш рет Қытайда басылып шықты. Қағаз ақшаның кең көлемде таралуы ХҮІІІ ғасырдан басталады. 1761 жылдан бастап Швециядағы ірі банк өзінің «банкнот» деп аталатын қағаз  ақшаларын шығара бастады.

Тауар айырбасының дамуына байланысты «ақша» теориясы дүниеге келді. Қоғамның құрылуының бастапқы сатысында айырбас кездейсоқтық сипатта болды, яғни бір тауар екінші тауарға еркін айырбасталды. Осылай бірте- бірте айырбас мөлшері қалыптасты. Екі тауарды айыртастауда бір тауардың құны екінші тауардың құнына  теңестірілді.

Өндіріспен еңбек бөлінісі дамыған сайын рынок көптеген тауарларға тола басталды. Сол себепті, бір тауардың құнын көптеген тауардың құнымен салыстыруға мүмкіндік туды. Айырбастың ұзақ тарихи дамуының нәтижесінде арнайы тауар пайда болды: ол ақшалық тауар. Ақша- бұл жалпы эквивалент рөлін атқаратын ерекше тауар. Бірнеше жүз жылдар бұрын көптеген халықта ақшаның рөлін мүйізді ірі қара мал атқарды. Біртіндеп жалпы эквивалент рөлін алтын атқарды. Оған оның мынадай қасиеттері әсер етті:

  1. Сапалық, біртектілік.

2.      Сандық бөлінуі.

3.      Қолайлылығы. Алтынның аз мөлшеріне көп жұмыс күш кетеді.

4.      Сақталуы.

Әдеттегі тауар ретінде алтын- тұтыну құнына және құнға ие.Алтыннан тұтыну құны өнеркәсіпте әшекейлі заттар, алтын жалату үшін қолданылады және т.б. Алтынның құны- еңбек құн теориясына сәйкес айтылды өндіруге кеткен қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Алтын құнының ақшалық материал ретіндегі ерекшелігін тікелей жалпы айырбастау формасына ие болуынан көрінеді.

Ақшаның осы заманғы концепциясы (XVII-XVIII) ғасырларда пайда болған теориялардан туындайды: яғни

      металдық

      номиналдық

      сандық теорияларна байланысты болады.

Ақшаның металдық теориясы- капиталдың қорлану кезеңінде пайда болды, яғни ақшаның рөлін алтын мен күміске теңестірді және қазына ретінде, әлемдік ақша ретінде таныды. Оның негізгі өкілдері «меркантелистер» мектебінің өкілі. Томас Мэн мемлекеттің монетаны бұзуына қарсы шықты. Ақшаны әлеуметтік қатынастар емес, зат ретінде қарастырды.

«Ақшаның номиналды теориясының - негізгі ерекшелігі мынадай деді- ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады және бағалылығын мемлекет бекітеді. Сондықтан белгісінің алтынмен ешқандай байланысы жоқ». Бұл теорияның негізін қалаушы ағылшын экономисті Кейнс және американ экономисті Пол Самуэльсон. Ақшаның сандық теориясының-негізін қалаушылыр ағылшын экономисті Дж. Локк пен Д. Рикардо. Олар ақшаның құндық негізін қорғады. Яғни ақша бірлігінің құны мен тауар бағаларының деңгейі айналыстағы ақшаның мөлшерімен байланысты анықталады деді.

Ең алғаш- қағаз ақша XII ғасырда- ақ Қытайда, Ресейде Екатерина II-ң кезінде 1769 жылы пайда болды.

Қандай бір қоғамда болмасын, ақшаның қажеттілігі тауар өндірісі мен тауар  айналымынан туындайды. Ақша бұл жылпылама эквиваленттік рөл атқаратын ерекше тауар. Кез келген тауар өзінің құнын ақшамен көрсетеді. Ақшаға бірнеше қасиеттер тән:

-         Біртектілігі және сапалылығы (жасанды ақша жасау өте қиынға соғады).

-         Пайдалануға өте ыңғайлы

-         Мүлтіксіз сақталынуы

-         Оның қандай да бір болсын  пропорцияда бөліне алатын ерекшелігі.

Ақшаның атқаратын қызметтері.

  1. Құн өлшемі – бұл ақшаның барлық тауарлардың құнын өлшеу қабылетінен тұрады. Кез келген тауардың түрін ақшалай түрде көрсету үшін, нақты ақшаны талап ету керек емес. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Баға сұраным мен  ұсынымға байланысты құннан ауытқуы мүмкін. Сондықтан тауар өз құнына да сұраныс пен ұсынысқа да тәуелді.
  2. Айналым құралы – осы қызметті ақша қолма- қол түрінде атқарады, себебі олар нақты тауар айырбасында делдалдық жасайды. Тауарды ешкім сатқысы келмейді егер оның, айырбасталуына нақты ақша ұсынылмаса. Бұл қызметті айналымдағы алтынды алмастыра отырып, ақша белгілері атқарады. Егер айналым шығындары өсіп кетсе және есептеулер баяуласа және де алтынның қоры шашыраса алтын айналымы тиімсіз болар еді. Алтын қоры мемлекет үшін әлемдік ақша, резервтік қор ретінде қажет
  3. Төлем құралы – бұл қызметті тауарды ақшаға (несиеге төлемді ұзарта отырып) сатқан кезде, ақшаны қарызға бергенде, салықты, жер рентасын, жалақылы, деведендті, пәтер төлемін және т.б. төлегенде атқарады. 
  4. Несие қатынастарының дамуына байланысты жаңа айналым құралы пайда болды: вексель, банкнот, төлем тапсырмасы, чек, пластикалық карточка, электрондық ақша. Несие ақшалардың болуы қолма-қол ақшаларды қатыстырмай-ақ қарызды жабудың өзара есептеу мүмкіндігін қарастырады.
  5. Қорлану несиеге қазына жинау құралы. Ақша айналысын тоқтатады және жиналады. Сөйтіп станок, машина, жабдықтарды немесе ұзақ мерзімге пайдаланылатын (теледидар, тоңазытқыш т.б.) тауарларды сатып алу үшін қорланады. Ақшаның қазына түрінде қорлануы әрбір тауар өндірушілердің белгілі ақша резерві болу қажеттілігінен туындайды, өзін нарық кездейсоқтығынан сақтандырады. Ақшаның бұл қызметі ақша айналымын реттеу үшін маңызды.
  6. Әлемдік ақша – бұл ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты  валюта болып табылады.

Әлемдік нарықта ақшаның айналым құралы емес, төлем құралының рөлі бірінші орында болады.

 

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

 

Айырбас құны

Ақша

Құн заңы

Натуралды шаруашылық

Тауар

Тауарлы шаруашылық

Тұтыну құны

 

 

Бақылау  сұрақтары

 

  1. Шаруашылық жүргізудің негізгі тәсілдері.
  2. Тауар өндірісінің негізгі даму сипаты.
  3. Тауардың негізгі сипаттары.
  4. Ақшаның пайда болуы.
  5. Ақшаның атқаратын қызметтері мен сипаттары.
  6. Ақшаның негізгі концепциялары.

 

 

 

 

6 тақырып.    НАРЫҚ  ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ.

 

1.      Нарықтың мәні және түрлері.

2.      Нарық механизімінің негізгі элементтері: сұраныс, ұсыныс, баға, бәсеке қабілеттілігі.

  1. Нарықтың атқаратын қызметтері. Нарықты экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктері.

 

Нарық айырбас айналыс-бұл категория бар өзара тығыз байлансты және тұрмыстық деңгейде жай теңестіріледі. Нарыққа бір ғана анықтама беру жеткіләксіз. Нарық – бұл экономикалық проблемаларды  тиімді шешуді қамтамасыз ететін тауарларды өндіру мен оларды ақша  көмегімен айырбастау процесінде туындайтын экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы, шаруашылықты ұйымдастыру формасы. Нарық- қоғамдық еңбек бөлінісімен келісілген және шаруашылық субъектілерімен шеттелген тауарлы өндіріс дамуының табиғи- тарихи процесі нәтижесі.

Тауар өндірісінің дамуымен қатар рынок та дамиды және күрделене түседі және оны экономистердің талдауы да тереңдейді.

Нарық көпжақты, оны әр түрлі жағынан зерттеуге болады сондықтан да экономикалық әдебиеттерде оның көптеген анықтамалары бар.

      сатып алу және сату көзқарасы бойынша нарық сұраныс пен ұсыныстың, өндіруші мен тұтынушының өзара әрекетін қарастырады.

      экономиканы ұйымдастыру формасына қарай – нарықты экономиканың іс- әрекет етуінің қоғамдық формасы деп атайды.

      рыноктық қатысушы позициясы бойынша нарықты шаруашылық тұлғаларының арасындағы қоғамдық формасы.

Рынок (нарық) – бұл ұдайы өндірістің барлық буынында: өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну және сатумен сатып алу арқылы жүзеге асырлатын ұйымдық- экономикалық қатыстардың жүйесі.

Нарықтың субъектілеріне  жататындар: сатушылар мен сатып алушылар (үй шаруашылығы, фирмалар, мекемелер мемлекет). Нарық  объектілеріне  жататындар: тауарлар мен ақшалар. Тауарларға  жататындар: өндірілген өнім мен қатар өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) мен  көрсетілетін қызметтер.

Нарық мынадай негізгі қызметтерді атқарады:

1.      Ақпараттық қызмет - нарық экономика жағдайы туралы  мәліметтер  таратады. Яғни нарық арқылы өнімді өндіруге кеткен шығындарды есептеу жүргізіледі. Егер өнім өндіру шығыны жоғары болса, онда оның бағасы жоғары болады,ал оны ешкім сатып ала алмайды және болашақта ол өндірілмейді, сондықтан нарыққа шығыстарын жабатын баға бойынша сатылытын өнімдер ғана түседі. Осы жағдайлардың барлығы ақпарат арқылы жүзеге асады.

  1. Делдалдық қызмет – нарық жағдайында тұтынушы өзіне қолайлы   тауар сатушыны тауып, өндіруші (сатушы) өзіне пайдалы тауарды алушыны таңдауға  мүмкіндік алады. Яғни нарық арқылы өндірушілер мен тұтынушылар байланысы бекітіледі. Нарықтың әр бір қатысушысы бір уақытта сатушы да сатып алушы да болып табылады
  2. Баға белгілеу қызметі – нарықтың өзі тек  қоғамға  қажетті шығындарды қабылдайды және соларды ғана төлейді. Нарық арқылы өнімдер мен қызметтерге баға белгілеуге болады. Баға ұсыныс пен сұраныстың әсерінен ауытқып отырады. Егер нарықта бір тауардың саны сұраныстан асып кетсе, оған баға түседі және керісінше
  3. Реттеушілік қызметі капиталдың пайдасыз салалардан пайдалы салаға көшуі арқылы болашағы мол салалардың дамуына жағдай жасайды. Яғни нарық арқылы қоғамдық өндірісті реттеуді іске асыруда нені, қалай, кім үшін деген сұрақтарға жауап береді.
  4. Санациялық қызмет – бәсеке  қоғамдық өндірісті әлсіз, икемсіз және қабілетсіз кәсіпкерлерден тазартатын  белсенділер мен тапқырларға жол береді.

Нарықтық жүйенің негізгі белгілірі мыналар:

      өндіріс құрал жабдықтарының жеке меншіктің қолында болуы;

      кәсіпкерлік еркіндіктің болуы;

      экономикалық байланыстарда тек соңғы пайданың көзделуі;

      экономикалық коньюктураға байланысты нарықтың өзін- өзі реттеуі;

      өндірушілер жұмысына мемлекет тарапынан мейлінше аз араласу.

Артықшылығы

      өзгеретін жағдайларға тез бейімделу және икемделу;

      шығындарды азайту және пайданы көбейту мақсатымен жаңа технологияларды оперативті қолдану;

      шешім қабылдауда, келісім жасауда өндірушілер мен тұтынушылардың тәуелсіздігі;

      әр түрлі қажеттіліктерді керекті мөлшерде және жоғары сапамен қанағаттандыру қабылеті.

Кемшіліктері

      нарық еңбек пен табысқа құқықтық кепіл бермейді;

      қоғамда теңсіздікті туғызады;

      тауарлар мен қызметтерді ұжымдасқан түрде өндіруге ынта тудырамайды;

      нарық әлеуметтік қажетті тауарларды өндіруге емес, ол ақшасы бар елдің қажетін қанағаттандыруа бағытталған.

Нарықтың маңызды элементтеріне нарықтық инфрақұрылым жатады. Нарық тауар биржаларының көтерме және бөлшек саудаларынан құралып, қызмет етуін талап етеді. Нарық экономикасының әрекеттерінің механизмі үш басты принциптерге негізделеді.

-         маржиналық (шекті) талдау

-         балама таңдау шығындарына

-         экономикалық рационалдыққа

Маржиналық талдау принципі негізінде нарық субъектілерінің іс қимылы жүріп отырады. Олардың әрекетіне әсер ететін орташа емес, шекті шамалар. Осының нәтижесінде нақты тауарлармен толық қамтылу, нарықтық бағаның өзгеруі, т.б. Яғни бұл принцип нарықтық ортаның үздіксіз қызмет етуін, сұраныс пен ұсыныстың көлемінің тұрақты сақталуын, өндіруші мен тұтынушы арасындағы тепе - теңдіктің орнауына жол ашады.

Баламалы таңдау шығынының принциптері - бұл тікелей және ресурстарды пайдаланудың, немесе,  кәсіптік әрекеттердің осыдан басқа, өзгеше әдістерінен бас тартудың салдарынан түспеген табыстың және шығындардың жиынтығы жатады.

Ерекшелігі барынша қолданылмаған мүмкіндіктердің ішінен ең тиімдісін және күмәнсіз орындай алатын вариантын таңдап алу. Экономикалық рационалды принципі - табыс пен шығындарды салыстыру негізінде қалыптасады. Рационалдық таңдау өзгеріп тұратын варианттардан тұрады, яғни ең аз көлемде пайда әкелетін варианттың жүзеге асуы. Аталған принциптер нарық болмысының тепе-теңдігіне қол жеткізуге жол ашады. Нарықтың құрамы өте күрделі, ол экономиканың барлық сфераларына әсер етеді.

Информация о работе Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі