Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:48, реферат

Описание работы

Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.

Работа содержит 1 файл

УМК по ОЭТ.doc

— 1.30 Мб (Скачать)

 

       Фо=

27 мың теңге

1,544

600 мың теңге

 

Осы көрсеткіштерді пайдалану салалық құрылымдарға, өндіріс сипатына және т.б. байланысты болады.

Қандайда болмасын кәсіпорын үшін өз капиталдарының қорланып отыруы өте маңызды.Капиталдың қорлану процесінде оның органикалық құрылымы немесе капиталдың құн бойынша (С:V) құрылымы өзгереді, яғни өндіріс құрал жабдығын (С)  алуға жұмсалатын капитал тезірек өседі. Ал, жұмыс күшін (V) сатып алуға жұмсалатын капитал үлесі азаяды, себебі, кәсіпкер бәсекелестік жағдайда кәсіпорынды техникалық жарақтандыруға барынша ұмтылады. Капиталдың техникалық құрылымы өзгеруінің нәтижесі-бұл С мен V арасындағы өзгеру, яғни өндіріс құрал жабдығы санының жұмыскерлер санына қатынасы.

Капиталдың қорлану процесі екі түрде жүзеге асады:

      Капиталдың шоғырлануы;

      Капиталдың орталықтануы.

Капиталдың шоғырлануы - бұл қосымша құнның есебінен капитал мөлшерінің өсуі. Капиталдың орталықтануы - дегеніміз бірнеше жолымен ірілену процесін айтамыз. Осы процесте бар капиталдың өзі жойылады немесе басқаларға қосылады.

Практикада қорлану күрделі қаржыны (инвестиция) тартумен жүзеге асады. Күрделі қаржы (инвестиция) –бұл жаңа құрлысқа, жабдықтауға. жұмыс жасап тұрған кәсіпорындарды ұлғайтумен техникалық қайта жабдықтауға , тұрғын-үй, мәдени тұрмысқ құрлысқа  кеткен шығындар.

«Инвестиция» кәсіпорынға (фирма) пайда табу мақсатында ұзақ мерзімге салынған капитал мөлшерін көрсетеді. Осы тұрғыдан инвестициялау  күрделі қаржыға қарағанда кең мағна береді.

Инвестицияның қайнар көзіне -өнеркәсіп кәсіпорындарының көптеген пайдасы, ірі банктердің еркін ақшалай қоры, тұрғындардың жинаған ақшалары, мемлекеттің ақшалай қоры, яғни мемлекеттің табыстарынан (салық, кеден салығы және т.б.) оның барлық шығындарын алып тастау.

Инвестицияның өсуі ұлттық табыстың ұлғайуына,өндіріске қосымша жұмыс күшін тартуға ықпал етеді,яғни жұмыссыздықты жояды.

Инвестицияның тиімділігін анықтау үшін оларды алынған нәтижемен салыстыру қажет. Күрделі қаржының тікелей нәтижесі болып негізгі қорды іске қсу табылады. Ал, инвестицияның түпкі нітижесі ұлттық табыстың ұлғайуына болмақ.

 

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

 

Капитал

Айнымалы капитал

Негізгі капитал

Қорлану

Тиімділік

Амортизация

Қор қайтарымы

Қор сиымдылығы

 

 

Бақылау  сұрақтары

 

1.      Капиталдың мәні.

2.      Капиталдың алғашқы қорлануы.

3.      Капиталдың қорлану процесі.

4.      Негізгі капиталдың тозуының түрлері.

5.      Қорлардын пайдалану тиімділігін көрсететін көрсеткіштер.

6.      Инвестицияның мәні.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 тақырып.  КӘСІПОРЫННЫҢ шығындары мен табысТАРы.

 

1.      Шығындардың мәні.

2.      Шығындардың түрлері.

3.      Табыс және пайда.

 

Тауар өндірісінде өндіріс факторларын (еңбек, жер, капитал, кәсіпкерлік қабілеттілігі) сатып алуға шығатын  шығындарды талдау қажеттілігі туындайды. Шығындар - нарықта құн формасынан алынған ресурстар шығындары. Яғни өнім өндіріп өткізілетін өндірістік ресурстарды пайдаланудың ақшалай көрінісі.

Өндіріс шығындары ұдайы өндірістің нәтижесі болып табылады. Бұл кәсіпорынның  өндірісте тұтынатын құрал-жабдықтары мен жалақы төлемдерінің шығындарын көрсетеді.

 

Өндіріс  шығындарының классификациясы

 

1.      Шығындарды есепке алу тәсілдері бойынша:

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

  

Жоғарыда келтірілген схемаға мынадай тұжырым жасауға болады. Бухгалтерлік шығындар - өнімнің белгілі бір мөлшерін өндіруге нақты жұмсалған өндіріс факторларының шығындары жатады. Онда факторлар сатып алынған бағамен көрсетіледі. Кәсіпорын шығындары бухгалтерлік және статистикалық есеп беруде өнімнің өз құны түрін алады.  

Экономикалық шығындар  ресурстардың сиректігіне және оларды балама  пайдалану мүмкіндіктеріне негізделеді. Тауар өндіру үшін алынған ресурстардың экономикалық шығындары, оларды өте қолайлы пайдаланып өндірген құнға тең болады. Бұлар айқын және айқын емес шығындар болып бөлінеді.

Айқын шығындар - өндіріс факторларымен жабдықтаушыларға айқын ақша формасындағы төлем түрінде жұмсалатын шығындар. Оларға ресурстарды сатып алу шығындар; жұмысшылар; қызметкерлерге жалақы төлеу, көлік шығындары т.б.

Айқын емес шығындар - өндірісте пайдаланылған фирманың өз иелігіндегі ресурстардың құнын айтады; ғимараттардың жалға берілмеу шығындары т.б.

 

2.      Өндірілген өнім көлемінің  өзгеруіне байланысты:

 

Тұрақты шығындар – (FC) белгілі уақыт аралығында өндіріс пен өткізу көлемінің өзгеруіне байланысты емес шығындарды атаймыз.  Тұрақты шығындардың графикалық бейнесін     бөлігіне паралельді түзу сызық көрсетеді.

 

              Tc

                  C

              Vc

 

 

              Fc

 

 

              Q

Тұрақты шығындарға: облигациялық заем, міндетті төлемдер, ренталық төлемдер; ғимараттар мен жабдықтардың амортизациялық төлемдерінің бөлшегі; сақтандыру жарналары, жұмысшылардың еңбек ақысы т.б. Олар старттық (бастапқы) және қалдық шығындар болып бөлінеді. Старттық шығындарға - өндіріс пен өткізудің қайта басталуымен байланысты жұмсалатын тұрақты шығындардың бір бөлшегі жатады. Бұл шығындарды координата осінде көруге болады.

 

              C

              Fc

              старттық

              шығындар

              -----------------------------------------------

              қалдық

              шығындар

 

Қалдық шығындар дегеніміз - өндіріс пен өткізу белгілі бір уақытта толық тоқтағанына қарамастан жұмсалатын кәсіпорындардың тұрақты шығындардың бір бөлігін жатқызуға болады.

Өзгермелі шығындар (VC) – белгіленген мерзімде өнімді өткізу мен  өндіру көлеміне тікелей байланысты шығындар. Оларға жалақы, шикізат отын, көлік қызметіне, электр жүйесіне шығындар. Ол шығындарды кәсіпкер өндіріс көлемін өзгерте отырып болжай алады. Өзгермелі шығындар 3 түрге бөлінеді:

  1. Пропорционалды өзгермелі шығындар -  егер көлемі мен шығындарының өзгерісіне пара-пар келсе қалыптасады.
  2. Дегерессивтік өзгермелі шығындар – шығындардың салыстырмалы өсуі өндіріс көлемінің салыстырмалы көбеюінен аз болған жағдайда қалыптасады.
  3. Прогрессивтік өзгермелі шығындар - өзгермелі шығындардың өсуі өндіріс көлемінен артық болған жағдайда орындалады.

 

                    a)                                         б)                                         c)

 

    C              C                            Vc              C                     Vc

 

 

              Vc

 

 

              Q                            Q                                  Q

 

 

 

3. Кәсіпорынның жалпы шығыны (ТС) деп тұрақты және өзгермелі шығындарының қосындысынан тұрады.

 

 

 

 

                                   

 

Өнімнің жаңа бірлігімен бірге, жалпы шығындар өзгермелі шығындардың сомасындай шамаға өсіп отырады. Кәсіпкер үшін өнімнің бір бөлігін өндіруге жұмсалған шығындардың маңызы зор. Ол орташа шығындар деп аталады.

4 Өндірістің тиімділігін және табыстылығын анықтайтын шығындар:

4.1. Өнім өндірісінде бір  данаға шыққан шығындарды білу үшін орташа  шығындар есептелуі:

-         орташа  тұрақты шығындар;

-         орташа  өзгермелі шығындар;

-         орташа  жалпы шығындар.

Осы көрсеткіштер арқылы фирманың пайдасын анықтауға болады:

1.      Егерде тауардың бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС)  кем болса, яғни Р<АТС, фирма шығынға қалады.

2.      Егер тауардың  бағасы (Р) орташа шығындардан (АТС) артық болса, Р>АТС, фирма әр бір тауардан осы айырмашылық көлемде пайда алады.

3.      Егер баға орташа  шығындарға тең болса, яғни Р=АТС, фирма нолдік жағдайда болады, пайда да алмайды, шығынға да  қалмайды.

4.3.           Өнім өндірудің ең жоғары  деңгейін анықтау үшін  шекті шығындар МС есептеледі.

Шекті шығындар  – бұл қосымша  өнімге шыққан қосымша шығындар. Өндіріс  көлемі бір өлшемге өскен немесе кеміген кезде жалпы шығындардың өсуі немесе азаюы. Шекті шығындардың  көмегімен  өндірістегі алынатын пайданың ең жоғары деңгейі анықталады. Ол үшін шекті  шығындар орташа  шығындар және тауар бағасымен салыстырылады.

Өндірістің қысқа мерзім кезеңінде кейбір факторлар  өзгермейді. Сондықтан өндірілген өнім көлеміне  байланысты шығындар тұрақты және  өзгермелі түрде болады.

Тұрақты (ҒС) шығындар - фирма өнім  өндірмеген жағдайда да  төленетін шығындар. Өзгермелі (VС) өнім көлемі өзгерген сайын өзгеріп отыратын  шығындар (шикізатқа, жұмысшылардың жалақысына т.б. кететін шығындар.)

 

1.      МС= ТС,    мұнда: МС-шекті шығындар,

                Q                   Q = өндірілген өнім саны.

 

3.  АС = ТС ,

                Q             АС – орташа жалпы шығындар.

  

4.      АҒС = ҒС .       АҒС- орташа тұрақты шығындар.

                 Q

 

5.      АVС = VС    АVС – орташа өзгермелі шығындар.

                   Q

      

Фирма  тұрақты  шығындарын өтеген соң қысқа мерзімнен ұзақ мерзім кезеңге ауысады.  Мұндай жағдайда кәсіпорын іс-әрекетін жалғастыратын болса, фирманың барлық шығындары өзгермелі болады.

Егер өнімнің қосымша бірлігін өндіру шығыны сату бағасынан арзан болса, онда шекті шығындар фирманың өнімінің бағасымен теңескенше, фирма өндірісті кеңейте береді.

Қысқа мерзімде шекті шығындардың қисығы   U формада болады, бұл қысқарманы табыстылық заңымен байланысты еселеп өсіп отыратын қосымша күш шектелген немесе тіркелген өндіріс факторларында қолданылады. Оны төмендегі қисықтан көреміз

 

 

              C              MC

 

                  P

              AC

 

              Pmin              AVC

           

 

 

 

 

              Q

              Qmin              Qont             

 

Бастапқыда шекті шығындар азаюы мүмкін, бұл өндіріс масштабының өсуі табыстылықты өсіретін масштабының эффектісімен байланысты. МС, АС және АVС қисық сызықтарының тәртібі шекті-орташа деп аталатын ережеге бағынады. Осыған сәйкес, шекті шығындар орташа шығындардың барынша төмен мағынасына тең болады. 

 

Яғни MC=minAC

 

Егер нарықтық баға (Р) фирма белгісімен және оған өндіріс көлемі сәйкес деп есептесек, онда ол өнімді Qont оның бағасы шекті шығындармен теңескенше өндіруге болады. Одан ары өндіру тиімсіз.

Өнімді өндіруге жұмсалған шығындар жанды еңбек шығындары мен өндіріс құрал жабдықтарының шығындарынан тұрады. Фирма өндіретін өнім бірлігі – зат немесе құн түрінде өндіріс нәтижесін, яғни оның тиімділігін құрайды.

Фирманың басты мақсаты - пайда табу. Пайда дегеніміз –  табыс пен шығындардың  арасындағы  айырмашылық. Табыс  дегеніміз -  сатқан өнімнен түскен түсім. Шығындарға  сәйкес табыстардың бірнеше түрі болады:

 

1.      Жалпы табыс – ТR = PxQ

2.      Орташа табыс – АR = TR = P

                                            Q

3.      Шекті табыс – MR =  ТR

                                           Q

 

Өндірісті ұйымдастыру кезінде әдетте  кәсіпкер өндірістік процестің тиімді болуын қалайды. Сондықтан өндірістегі өзгермелі фактордың ықпалын анықтау үшін тиімділік  көрсеткіштері қолданылады: жалпы, орташа және шекті өнім. Жалпы өнім (Q) –   өзгермелі факторлардың белгілі бір көлемін  қолданғандағы  өндірілген  өнімнің саны.

Орташа өнім (АР) – көрсеткіш жалпы өнімді (Q) өзгермелі фактордың санына бөлумен анықталады:

 

АР =

мұнда  Ғ1-өзгермелі  факторлар

Шекті  өнім (МР) – бұл көрсеткіш жалпы өнімнің (Q) өзгеруін  өзгермелі фактордың (Ғ1) өзгеруіне бөлумен анықталады:

Информация о работе Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі