Бағалы қағаздар (Ациялар), олардың түрлері

Автор: Пользователь скрыл имя, 09 Марта 2013 в 12:02, доклад

Описание работы

Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айыр-машылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капита-лына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алу-шысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім-шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер АҚ-ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды.

Работа содержит 1 файл

Документ Microsoft Word.doc

— 41.00 Кб (Скачать)

Бағалы қағаздар (Ациялар), олардың түрлері

Ноябрь 21, 2011 · Экономика

Бағалы қағаздар (Ациялар), олардың түрлері. Акция акционерлік қоғамның капиталына қаражат қосқандығын куәландыратын жазбаша куәлікті, меншік нысанын білдіретін бағалы қағаз. 
 
Акция өз кезегінде, оның иесіне тиісті акция сомасына сәйкес салынған капиталына белгілі бір дивидент алуға құқық береді. Акцияны иеленуші акционер деп аталады. Оның тұрақты табыс әкелетін бағалы қағаз иесінен айыр-машылығы, ол акцияны сатып алу барысында қоғам капита-лына қатынасады, ал өнеркәсіптік облигацияны сатып алу-шысы болса, онда белгілі бір тұрақты пайыз төлеуге келісім-шарт жасайтын кредитор болып табылады. Акционер АҚ-ның несие берушісі болып саналмайды және сондықтан да ол қоғамнан өз акциясына тұрақты дивидент төлеуді және акция бағамы түскен жағдайда оны сатып алуды талап етуге құқысы болмайды. Акционерлердің жылдық табысының (дивиденттері) шамасы баланста көрсетілетін пайдаға тәуелді. Акционерлердің жалпы жиналысында бұл пайданы пайдалану, сондай-ақ дивидент нысанында пайданың үлесін анықтау және төлеу сұрақтары шешіледі. 
Егер акционерлік қоғам тиімді жұмыс істеп отырса, онда акционерлерлік капиталды ұлғайту үшін мүмкіндік жасалады. Бірақ акция иелері акционерлер санын ұлғайтуға ұмтылмайды, себебі әр акционердің жаңадан шығарылатын акцияларды сатып алуға құқықтары бар. Кез келген акционер өзінде бар «ескі» акциялар шамасына тең мөлшерде жаңа акциялар сатып ала алады. 
Бағалы қағаздар нарығында, бірінші кезекте қор бир-жасында бір кәсіпорынның акциялары бір уақыт ішінде компанияның нақты қорларында ешқандай да өзгеріссіз қалуына қарамай-ақ әр түрлі бағаға (бағамға) ие болуы мүмкін. АҚ пайдасы келесідей түрде бөлінеді: оның бір бөлігі акционерлер арасында бөлінеді, екіншісі – акционерлік компанияның резервіне бағытталып және оның капиталын ұлғайту үшін немесе өндіріс құлдырауға не дағадарысқа ұшыраған кезде дивидент төлеуге қызмет етеді. 
Әдетте АҚ, резервтер немесе «заемдық резервтер» деп аталатын қорды құру саясатын жүргізеді. Сөйтіп, жинақтал-ған қор таусылғанда ғана акционерлік компания дивидент-терді қысқартады. Бұл акционерлік қоғамның жақын арадағы құлдырауы туралы белгісін білдіреді. Акцияны иеленушілер болса, аз дивидент әкелетін акциялардан құтылуға тырысады. Сөйтіп, барлығының сол қоғамның акцияларынан құтылуға тырысуы, акция бағамының төмеңдеуіне жол береді. Егер акционерлік қоғам қызметін толық тоқтатса, акция иелері акционерлік қоғамға қосқан қаражаттарын толығымен жоғалтып, акция ешкімге қажетсіз жай қағазға айналады. 
Акционерлік қоғамның бірқалыпты жұмыс жасауы бары-сында акцияның иелері өздерінің акцияларына тиісті диви-денттерді алады. Мысалға 50 теңгелік акцияның табысы 6 теңгені құрасын делік. 1 акцияға келетін 6 теңге дивидент бұл акционерлердің акцияеы бойынша 12% жылдық табысын білдіреді. Акцияньщ номиналдық бағасы бойынша акционерлік қоғамның қалыптасуы негіңде сатылып, кейіннен олар біршама жоғары бағаммен сатылады. Бұл жағдайда табыстың нақты деңгейі (рендит) мына формула бойынша есептеледі: 
Дивидент 
Рендит = ———————— 100. 
Сатып алу бағасы 
Егер де 50 теңгелік номиналдық құны бар акция 250 теңге бағамы бойынща сатып алыңса және ол бойынша 10 теңге дивидент төленетін болса, онда жылдық табыс көрсеткіші келесідей болады: 
100 
10 ————– = 4% 
250 
Бірақ бұл көрсетілген акция табысын салым иесі үшін тартымды деп айту қиын. Ол үшін акция бағасының өсуін тосу бұл маңызды себебі, ондай акцияны сату, ол акция бойынша біршама табысты (пайданы) қамтамасыз етуі мүмкін. Демек, екінші бір сәт – бұл акция бағамының өсуін тосу, салымшыға ең күшті ықпал етеді. 
Бағалы қағаздар 343 
Қор биржасындағы жәңе банктердегі акцияның сатылу және сатып алу бағасы акцияның бағамы деп аталады. Ол негізінен екі факторға: дивидент мөлшеріне және қарыздық пайыз деңгейіне байланысты. Акция бойынша төленетін дивидент қаншалықты жоғары болса, солғұрлым акция қымбат немесе оның бағамы жоғары келеді. 
Акцияны сатып ала отырып, қаражат иесі одан алатын дивидент бойынша табысты, өз капиталын банк немесе өнеркәсіп компаниясының тұрақты табысы кепілдендірген облигацияны сатып алу барысымен салыстырады. Банктегі пайыз деңгейі – акция бағамының жоғарлауы немесе төмендеуіне ықпал ететін фактор болып табылады. Банктік пайыз жоғары болса, қор биржасындағы акцияның бағамы төмен болады немесе керісінше. Айталық 100 теңгелік номиналдық құны бар акция жыл сайын 12 теңге мөлшерінде дивидент алып келіп отырсын делік, ал қарыздық пайыз деңгейі – 4% болсын. Онда бұл акцияның биржадағы бағамы 300 теңге, себебі осындай соманы банкіге 4% жылдық мөлшерде салатын болсақ, одан 12 теңге сомасында табыс аламыз. 
Демек, акция бағамының формуласын төмендегідей формула көмегімен анықтайды: 
Дивидент 
Қарыздық пайыз 
Бұл шамалар мәнінде акция бағамы сұраныс пен ұсыныс арсындағы шекті қатынасты өзгерістерге байланысты бір-қалыпты ауытқып отырады. Мұндай ауытқулар әсіресе өндіріс құлдырауы мен дағдарыс кезінде қатты байқалуы мүмкін. Дағдарыс кезінде, дивиденттердің мөлшерінің азай-ған кезінде қарыздық пайыз мөлшері өзінің жоғары шегіне жетіп акция бағамы күрт төмендейді. Осындай ауытқулар механизмін биржалық мәмілелер процесінде өндіріс актив-терін иеленушілер кеңінен қолданады. 
Акция бағамы әр түрлі бағыттардан туындайтын көпте-ген факторлардың әсер етуінен құралады. Бір жағыңан, ол қарыздық пайыз шамасына тәуелді, себебі акцияонерлік қо-ғамның акциясын сатып алуға жұмсалған қаражаттың несиеге берілетін ақшалай қаражатпен өзара ұқсастығы бар. Сондықтан да пайыз нысанындағы сыйақы экономикалық негізделген болып саналады. Екінші жағынан, дивидент шамасына, сол акционерлік қоғамның кәсіпкерлік қызметінің жетістіктері де ықпал етеді. Мұндай жағдайда дивидент акционерлік қоғамда түзілетін пайда сомасына тікелей тәуелді. Аталған акция бағамының шамасына әр түрлі бағытта әсер етеді. 
Акция бағасына ықпал етуші факторлардың ішінде, ак-цияны ұстаушылардың арасында бөлінетін пайда шамасын және сол акционерлік қоғамға жататын кәсіпорындардың әр түрлі қорларын құруға бағытталған қаражат ретінде, акционерлік қоғамда қалатын пайданы бөліп қарауға болады. 
Акция бағамының деңгейіне, сондай-ақ бағалы қағаздарға сұраныс пен ұсыныс сияқты қуатты факторлар да ықпал етеді. Мұнда дүрбелеңді сұраныс және сұраныс пен ұсынысқа басқа түрлі ыкпалдардың болуы мүмкін. Бұл жақтардың әрқайсысының артында тиісті «қаржылай» ой-пікірлерді қамтыған қоғам мүшелерінің көптеген тиімді және пайдалы іс әрекеттері тұрады. 
Қазіргі тәжірибеде акцияның бастапқы құнын анықтау барысы дивидент деңгейіне ғана емес, бір акцияға есеп-телетін барлық таза пайда, оған бөлінген пайданы қосқан-дағы шамасына да сүйенеді. Акцияның нарықтық құны мұндай жағдайда мынадай формуламен анықталады: акция бағамы тең бір акцияға есептелетін таза пайда шамасы, көбейтілген бағам / бөлінген акцияға келетін таза пайданың орташа қатынасына. 
Акционерлік қоғам акционерлерге түрлі артықшылықтар беретін акцияларды айналысқа шығарады. Акцияның мәлімдеуші және атаулы түрлері болады. Мәлімдеуші акция – бұл оның иесіне компанияның акционері екендігін заңды түрде куәландыруды білдіреді. Атаулы акцияларды шығару барысында акционерлік қоғамды иеленушілер ретінде тек компанияның акционерлік кітабына енген акцияны ұстаушылар бола алады. Әрбір елде акционерлік қоғамның қызметін реттеп отыратын әр алуан құқықтық актілер қызмет етеді. Кейбір елдерде мәлімдеуші акцияларға көңіл аударатын болса, ал басқа бір елдерде атаулы акцияларға мән береді. 
Акциянын әр түрінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. 
Мәлімдеуші акциялар біршама қарапайым және сауда операцияларына өте колайлы. Мұндай жағдайда компания оларды иеленушілердің аттарын білмейді. Бұл кезде ондай акцияны сату және сатып алу фирманың акционерлері, оның ішінде акционерлік қоғам құрылтайшылары үшін көзге көрінбейтін зардаптар мен әр түрлі қолайсыздықтарға әкелуі мүмкін. 
Сондай-ақ, акциялар жай және артықшылығы бар акцияларға бөлінеді. Жай акциялар оны иеленушілерге қарастырлған акционерлік құқық негізінде акционерлік коғамның табысына сәйкес дивидент алып отыруға құқық береді. Артықшылығы бар акциялар жай акциялар мен салыстырғанда оның иеленушілер үшін әр түрлі нысанда болатын белгілі бір артықшылықтарды қарастырады. Олардың біріне артықшылығы бар акциялар бойынша кепілденген түрде белгілі бір табыс нормасы, яғни акционерлік қоғамның барлық акцияларына келетін табыс шамасы белгілі болғанға дейін төленеді. 
Өз кезегінде артықшылығы бар акциялар екі түрге бөлінеді. Біріншісіне, акционерлік қоғамның қызметінің нәтижесіне байланыссыз алдын ала жоспарлы табыс төленетін тіркелген дивидент акциялар жатады. Артықшылығы бар акцияның бұл нысанының өзінің мәні жағынан облигациядан айырмашылығы жоқ. Мұндай акциялар біршама сенімді, сондай-ақ олар дивиденттің өсуіне жол бермейді. 
Артықшылығы бар акциялар үшін компаниялар оларды сатып алуда тұрақты баға қояды. Бұл жағдайда, олардың бұрынғы иелері биржадағы бағам бойынша акцияларды сату арқылы пайданы бөлуге қатынаса алмайды. Артықшылғы бар акциялар ішінде, яғни тұрақты табысты, басқа да шектеулі мөлшерде қосымша табыс әкелетін түрі де бар. Мысалға 10% дегейінен асқан жай акциялардың дивидентінің әр пункті үшін артықшылығы бар акциялар бойынша 0,5%-дан дивиденттің ең жоғары деңгейі 20%-ға дейінгі мөлшерде қосымша төленеді. Артықшылығы бар акцияны иеленушілердің келесі бір артықшылғы, ол акционерлік қоғам жойылу барысында, оның мүлкін 
346 Акша, несие, банктер 
бөлісуде артықшылық құқтарды иелену мүмкіндігімен сипатталады. 
Жай акцияны өтеуден бұрын артықшылығы бар акциялар иелеріне, олардың номиналдық құнынан жоғары шамадағы сома төленеді немесе олардың нарықтық бағамдары бойынша өтеледі. Сонымен қатар, артықшылғы бар акцияны иеленушілер үшін АҚ жойылуы барысында орын алатын жағымсыз жақтары да бар. Акционерлік қоғамда жай акцияларға бөлуге тиісті заңды түрде құрылған жасырын резевтері болады, соның нәтижесінде жай акциялардың бағамы олардың номиналдық құнынан біршама жоғары мөлшерде өтеледі.


Информация о работе Бағалы қағаздар (Ациялар), олардың түрлері