Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі

Автор: Пользователь скрыл имя, 15 Марта 2012 в 18:48, реферат

Описание работы

Қазіргі заман талабына сай экономикалық өзгерістерге байланысты қандай да болмасын саладағы мамандықтар үшін нарықтық экономика негіздері туралы білімділікті жете меңгерудің маңызы өте зор. Сондықтан, білім берудегі мемлекеттік стандартқа сәйкес «Экономикалық теория негіздері» курсын оқыту барлық мамандықтарда жүргізіледі.

Работа содержит 1 файл

УМК по ОЭТ.doc

— 1.30 Мб (Скачать)

 

 

Масштаб  эффектісі ұзақ мерзім кезеңінде фирманың  іс-әрекет процесінде пайда болады. Бұл процесте орташа  шығындар мен өндірістің  қарқыны өзара байланыста болады. Өндірістің қарқыны өскен сайын белгілі бір кезеңге дейін орташа шығындар азая береді, яғни масштаб  эффектісі дегеніміз - өндіріс  қарқынының (күш, куаты) өсуі арқылы ресурстардың тиімділігінің артуы, яғни  үнемділігінің өсуі. Мұның мағынасы: өндіріс кеңейіп өсе бастағанда, барлық  факторлар іске кіріскенде өнімнің саны өсе бастайды да  шығындардың азаюына  төмендегі себептер әсерін тигізеді:

1.      Еңбектің мамандандырылуы. Өндіріс күрделенген сайын, жоғары деңгейлі кәсіптік жұмысшыларға қажеттілік өседі. Осы жағдайда еңбектің өнімділігі де өседі.

2.      Басқару аппаратының мамандандырылуы.

3.      Капиталды тиімді пайдалану.  Фирманың қарқыны өскен сайын, қымбат құрал-саймандарды  сатып алу мүмкіншілігі туады.

4.      Тәжірибелік жұмыстарға ғылыми зерттеу жүргізу қаржыландырудың  артықшылығы.

5.      Жарнаманы қаржыландырудың артықшылығы.

6.      Тауар  өткізуді (сатуды)  қаржыландырудың артықшылығы.

Сонымен, осы келтірілген факторлар бір данаға кететін шығындарды азайтуға мүмкіншілік береді. Бірақ та  өндіріс  қарқыны өсуінің шегі болады. Келесі бір кезеңде өндіріс  қарқыны баяулайды да,   шығындардың өсімі өндірістің өсуіне әсерін тигізе де алмайды, сонымен бір данаға шаққандағы шығындар өсе бастайды, себебі  кәсіпорын өзінің тиімді  қарқынының ең жоғары  деңгейіне  жеткеннен кейін, келесі кезеңдегі  өндірістің өсуі шығынға әкеледі де өндірістің жағымсыз жағдайы пайда болады.

Фирманың қысқа мерзімдегі тепе-теңдігі: қазіргі  кезеңдегі экономикалық теорияның дәлелдеуі бойынша  кәсіпорын  пайданы ең жоғары деңгейде (шығындардың ең төмен деңгейі)  шекті табыс шекті  шығынға тең болған жағдайда алады. (МR=МС).

Қысқа мерзім кезеңіндегі фирманың тепе-теңдігін 4 типке бөлуге болады:

1.      Өзінің орташа өзгермелі шығындарын ғана (АVС=Р) жаба алатын фирманы  шектеулі деп атайды.  Мұндай фирма аз ғана уақытта ғана  шаруашылығын жүргізеді.

2.      Баға  төмендеген  жағдайда фирма бәсекеге түсуге қабілетсіз болады, яғни ағымдағы шығындарын жаба  алмаған соң саладан кетуге мәжбүр болады. (АVС >Р) Бұл пайдасыз фирма деп аталады.

3.      Егерде баға  жалпы орташа шығындардан артық болса (АТС<Р), онда фирма  әдеттегіден тыс артық пайда алады.  Бұл артық пайда алатын фирма деп аталады.

4.      Баға өскен жағдайда фирма  ағымдағы  шығындармен қатар барлық шығындарын  жауып, орташа шамада пайда алатын болса, бұл әдеттегі пайда алатын фирма деп аталады.

Ұзақ мерзім  кезінде фирма орташа  шығындарын азайту арқылы өндірісін кеңейтуге ұмтылады. Өнімділіктің өсуімен орташа жалпы шығындар азаяды, керісінше өнімділіктің азаюымен орташа шығындар өседі.

 

Негізгі түсініктер мен терминдер

 

Өндіріс шығындары

Өзгермелі шығындар

Тұрақты шығындар

Шекті шығындар

Шекті табыс

Пайда

Жалпы табыс

Орташа шығындар

Орташа табыс

Масштаб эффектісі

Жалпы өнім.

Орташа өнім.

Шекті өнім.

 

Бақылау сұрақтары

 

1.      Өндіріс шығындарының классификациясы.

2.      Фирманың тиімділігінің көрсеткіштері.

3.      Масштаб эффектісі.

4.      Фирманың тепе-теңдігі.

 

 

 

 

 

 

 

11 тақырып. Өндіріс  факторлар  нарығы жӘне

факторлық табыстардың қалыптасуы.

 

1.      Еңбек нарығы және жалақы.

2.      Капитал және процент.

3.      Жер нарығы және жер рентасы.

 

Экономикада бөлу процесі өте маңызды рөл атқарады, ол өндірілген өнімдегі әрбір адамның үлесін, қоғам мүшелерінің табысы, әл-ауқат, тұрмыс дәрежесін сипаттайды. Бұл  тақырыпта меншікке сәйкес өндіріс факторлары – еңбек, капитал, жер, сондай-ақ табыс нысаны – жалақы, пайда мен  пайыз, жер рентасы.  Бөлу баға арқылы жүзеге асады. Сондықтан табыстардың  құрылуының экономикалық механизмін ұғыну үшін нарықтық  экономикада өндіріс факторлары қалай бағаланады, соны түсіну керек.

 

 

 

 

 

 

 

 

Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін  тауар ретінде сату - сатып алу  туралы  экономикалық  қатынастардың жүйесі. Нарықтардың басқа да түрлеріне сәйкес еңбек нарығында жұмыс күшіне деген ұсыныс пен сұраныс туады.

Еңбек нарығына  тән қасиеттер:

      жұмыс  орындарын ұсынатын  кәсіпорындардың санының мол болуы (жұмыс күшіне сұраныс);

      әртүрлі мамандықтағы  еңбеккерлердің санының мол болуы (жұмыс күшінің  ұсынысы);

      еңбек нарығында бірде - бір кәсіпорын  және бірде - бір еңбекккердің  күш ықпалының жүрмеуі;

      жұмыс күшінің жалақының  мөлшерімен бағалануы.

Қазіргі экономикалық теорияда  жалақыны кең және тар мағынада  түсіндіруге болады.  Кең мағынада жалақы  әртүрлі мамандықтағы  еңбеккерлердің жалпы еңбекақысы. Бұл жағдайда жалақы сомасына  еңбекақымен қатар сыйлықтар және басқа да ынталандырушылық  ақылары  кіреді. Тар мағынада,  жалақы –  пайдаланған еңбек  бірлігінің бағасы.

Жалақы номиналды және нақты түрінде  ажыратылады. Номинальды жалақы ақшаға шығарып берілетін жалақы, яғни еңбектердің өз еңбегі үшін алған ақша санасы.

Нақты жалақы  еңбеккердің алған ақша санасына өзі үшін және отбасы үшін қанша қажетті өмір сүру тауарларын сатып алуға  болатынын көрсетеді.

Нақты жалақы екі факторға тәуелді:

1.      Номиналды жалақыға.

2.      Еңбеккердің тұтыну және әл-ауқат тұрмыс дәрежесін сипаттайтын тауарлар бағасының деңгейіне.

Еңбектің бағасы ретінде жалақының жалпы дәрежесі графикте  сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысқаны арқылы көрініс табады. Еңбекке деген сұраныстың қисығы тауарға деген сұраныс қисығына ұқсас, ал жұмыс  күшінің ұсыныс қисығы – тауар ұсынысының  қисығымен ұқсас болады.

Жұмыс күшіне сұраныстың өсуі жұмыспен қамту деңгейіне  және жалақыны өсіруге  әкеледі, ал сұраныстың азаюы - жұмыспен қамту жағдайына  жалақыны  төмендетуге әкеледі. Сұраныс пен ұсыныстың қисықтарының қиылысуы  жалақының теңдік деңгейіне (Ре) әкеледі, Е нүктесінде жұмыспен толық қамту жағдайы орнайды: сұраныс ұсыныспен теңеледі.

 

11.1. график. Еңбек нарығы.

 

 

Р

 

                                                              S

 

 

                                        Е

                                

     Ре                       

P0                                                    

                                                              D

 

                             Qе                      Q

Егерде   жалақы Ре-ден төмен болса сұраныс  ұсыныстан  артады, яғни еңбеккерлердің саны кем болады.

Егерде жалақы Ре-ден жоғары болса, ұсыныс сұраныстан артады, яғни жұмыс күші саны                                          артық болады.

Р - жалақының мөлшері;

Q - жұмыс орнының саны.

 

                                       

П.Самуэльсонның  теориясы бойынша қоғамдағы жұмыс күшінің жиынтық ұсынысы төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

-         халықтың жалпы саны;

-         жалпы халық санының ішіндегі еңбекке қабілеті бар халықтың үлесімен;

-         белгілі бір мерзімдегі жұмыс уақытының орташа санымен (апта, ай, жыл);

-         халықтың сапалық  құрамымен, яғни мамандық дәрежесінің құрамына сәйкес.

Осы  көрсетілген факторлармен қатар, керісінше әсерін тигізетін  теорияда екі фактор бар. Бұл  алмастыру эффектісі - жұмыс орнын қамту тиімділігі мен табыс эффектісі (тиімділігі).

Алмастыру эффектісінің пайда болу себебі жалақының өсуімен байланысты. Жалақы өскен кезде әрбір  атқарған сағатқа көп ақы төленеді. Яғни ысырап болған бос уақыт пайда болады. Осы пайда болған бос уақыт шығынды ұлғайтады, сондықтан еңбеккер бос уақытты қызметке жұмсаудың қажеттілігін түсініп, ол бос  уақытын қосымша жұмыспен алмастыруға тырысады. Бұл жұмыс күші ұсынысының өсуіне әкеледі.

Табыс эффектісінің әсері алмастыру тиімділігіне  қарсы бағытта қызмет атқарады. Жалақының өсуіне  еңбеккер  өзінің бос уақытын  өсіру мүмкіндігі ретінде қарайды, яғни  жалақы өскен кезде еңбекті қысқарту көрінеді. Бос уақытының өсуі еңбек  ұсынысының  төмендеуіне әкеледі.

 

Нақты тәжірибеде жалақының әр түрлі формалары  кездеседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Жалақыны екі незгізгі формаға бөлуге болады:

-         мерзімдік жалақы еңбектердің нақты  атқарған жұмыс уақытының  шамасына байланысты  төленеді;

-         келісімдік жалақы  еңбеккердің қажетті сапада өндірген өнімінің мөлшеріне  байланысты  төленеді.

Осы көрсетілген жалақының формалары өз кезегінде бірнеше жүйеден  құралады.

 

                                 Жалақының формалары

 

 

 

 

 

 

 

 

       Қоғамда табыстар біркелкі бөлінбейді, табыстың біркелкі бөлінбеуі деңгейі графикте Лоренц қисығымен көрсетіледі.

 

11.2. график. Лоренц қисығы.
 

табыс%

100                                               С

 

 

80

 

60

 

                                                              В

40

 

 

20

                                   

                                                       D      отбасы%

0    

   А         20         40         60       80        100  

АС - түзу сызықта абсолюттік теңдік көрсетілген, яғни 20% отбасы 20 % табыс алады.

АВС - табыстың  нақты бөлінуі. Табыстарды бөлудегі теңсіздіктің  нақты деңгейі  “Джинни коэффициентімен”  есептеледі. Коэффициент өскен сайын табысты бөлу  теңсіздігі де өседі.

 

Кдж= АВС ауданы

                       АДС ауданы

 


 

Капитал  - көп мағыналы ұғым: ол материалдық  игіліктердің қоры, ол сонымен қатар  материалдық емес элементтерді де қамтиды, атап айтқанда адамның қабілеті,  білімі. Капиталдың  екі негізгі формасын айтуға болады: өндіргіш капитал-өндіріс құрал - жабдықтары, ақшалай капитал – ақша капитал тиімді пайдалану арқылы ол иесіне табыс  әкеледі, Капиталдың өсімі – пайызы деп аталады.

Нарықтағы сатушылар мен сатып алушылардың арақатынастарының объектісіне байланысты, капитал нарығы деген түсінікке анықтаманың екі түрлі болуы мүмкін.

      Өндіріс факторлары нарығында капитал деп олардың құндық өлшеміндегі физикалық капитал түсініледі. Бұл жағдайда капиталдар нарығы өндіріс факторлары нарығының бір бөлшегі болып табылады.

      Қаржы нарығында капитал дер ақша капиталы түсініледі. Сондықтан капиталдар нарығы қарыз капиталдар нарығының құрамды бөлігі болып табылады.

Қарыз капиталының нарығы деп ақша капиталы объектісінің қызметін атқаратын және осы капиталға сұраныс пен ұсыныс қалыптастыратын, өзара қатынастардың жиынтығы аталады. Қарыз капиталдарының нарығы ақша нарығына және капиталдар нарығына бөлінеді. Ақша нарығы мерзімді бір жылға дейінгі банк операцияларын жүргізумен байланысты болады. Капитал нарығы банктің орта мерзімді және ұзақ мерзімді операцияларына қызмет етеді.  

Капитал нарығындағы сұраныс – бұл өздерінің инвестициялық жобаларын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін фирмалардың физикалық капиталға сұранысы. Ақшалай салым түрінде капиталы бар үй шаруашылықтары бизнеске материалдарына сұраныс түрінде қолнадуға өз капиталын береді. Бұл үшін олар салынған қаражаттарға процент түрінде табыс алады. 

Несие проценті – белгілі бір мерзімде капитал иесіне оның  құралдарын  пайдаланғаны үшін төленетін бағасы. Несие проценті капиталға деген сұраныс пен ұсыныс арқылы  қалыптасады. Капиталға деген сұраныс келесі факторларға тәуелді:

      инвестицияның пайдалылығына,

      экономиканың дамуына,

      мемлекеттің сұранысына,

      салым  мерзіміне,

      салым салу саласына тәуекелге және басқа да факторларға.

Несие пайызы  номиналды және  нақтылы  мөлшері болып бөлінеді.  Номинальды процент ставкасы – инфляцияның  өсімін есепке алмайтын, ағымдағы  нарықтық пайыздың  мөлшері.

Нақтылы несие процент мөлшерлі номиналды мен алдағы болатын  инфляцияның өсімі арасындағы айырмашылық.

 

π

Мұнда: r – нақты процент ставкасы;

Информация о работе Бағалы қағаздар эмиссиясының тәртібі, эмиссия проспектісі